Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дидар

Дидар (64)

   

    Ақша десе бизнестегілер барын береді. Әлемнің бай-манаптары жиған-терген, қорға сақтаған қаржыларын батыс Еуропадағы Швейцария банктеріне сақтайды. Мұның себебі Швейцария жаһанның "менмін" деген жуандарының байлығын құпия түрде ұстайтын қауіпсіз банктері арқылы миллиардерлерді өзіне тартып әкелген елдің бірі. Ақпарат құралдарында асып-тасқан, мол мұрасын өз жерінде емес, дәл осы Швейцария банктерінде сақтаған магнаттардың барын көп жазады. Сондықтан болар, Швейцария кәрі құрлықтағы ең ауқатты адамдардың тіршілік ететін ортасына айналған. "Алуан түрлі әлем" айдарының бұл жолғы саны бірнеше елдің мәдениетін бір арнаға тоғыстырған Швейцария республикасына арналмақ.

    Швейцария - солтүс­тігінде Германиямен, ба­тысында Франциямен, оңтүстігінде Ита­лия­мен, шығысында Аустрия және Лихтенштейнмен шектесетін тау­лы ел. Тарихы әріден тамыр тартады. Швейцария тұрғындары туралы алғашқы деректер б.з.б ІІ ғасырдан бастап кездеседі. VІІ ғасырда Швей­ца­рия жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұр­ғындар жаппай  хрис­тиан дінін қабылдады. Ке­йіннен Швейцария Рим империясының құ­рамында болды. 1798 жы­лы елге француздардың басып кіруі әсерінен Швейцарияда Гельветия қуыршақ республикасы құрылды. Арада уақыт өте келе, яғни 1814 жылы Швейцария егеменді кантондардың тә­уелсіз конфедерациясына айналады.

 Астанасы - Берн қаласы.

Негізгі қалалары - Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель

Халқының саны -

8 530 118

Жерінің көлемі - 41,284 км2

Билік түрі - парламенттік республика

Ресми тілі - неміс, француз, италиян, романш

Валютасы - швейцария франкі

     Дүниенің төрт бұрышында шағын ғана арал атанған, ұланғайыр жерді алып жатпаса да, өркениет жолына із қалдырған Ирландия бүгінде көпті өзіне еліте алатын мемлекетке айналды. Туристерге кең құшағын ашқан ел тұрақты даму жолын аса бір жарнамалай бермейтін Еуропадағы ерекше елдің бірі. "Алуан түрлі әлем" айдары ескі қалашықтарымен, бай тарихымен танымал Ирландияға аялдайды.

   Ирландия - 800 жыл ағылшындардың үстем­дігін көріп келген ел. Тек ХХ ғасырдан бастап ел тәуелсіздікке қолы жетеді. Отар елдің ойындағысынан шыға алмаған Ирландия екі бөлікке бөлініп кетеді. Елдің солтүстік бөлігі Ұлы­британия қарамағына кі­реді. Себебі халықтың көп бөлігі солтүстікті британ би­лігінің қол астында болғанын қалады.

     Ирландия жұрты әлі күнге дейін мұсылман хал­қының жақсылығын ұмыт­­пайды. Өткен ғасырда елде аштық жайлап, күн көруге мүмкін болмай, елден береке кеткен кезде Осман империясының би­лігі көмек қолын созып, дағ­­дарысты еңсеруге мүм­кіндік береді. Бұл ел тарихында ойып жазылатын детальдің бірі ретінде ирландиялықтардың санасында сақталады. Қазақтың "аштықта жеген құй­қа­ның дәмін, тоқтықта ұмытпа" деген тәмсілін ир­лан­диялықтар жақсы түсі­неді. Елдегі таршылықтың белгісін бейнелейтін, алақан жайған әйел мүсіндері көшелер бойында көрініс береді. Қазір бұл елге мұ­сылмандар да тұрақтай бас­­тады. Тіл үйренуге ниет­теніп келген мұсылман жас­­­тары мұнда қалыпты әрі қауіпсіз тіршіліктің барына көзі жеткен соң қо­ныс аударуды құп көреді.

     Дүниенің төрт бұрышында шағын ғана арал атанған, ұланғайыр жерді алып жатпаса да, өркениет жолына із қалдырған Ирландия бүгінде көпті өзіне еліте алатын мемлекетке айналды. Туристерге кең құшағын ашқан ел тұрақты даму жолын аса бір жарнамалай бермейтін Еуропадағы ерекше елдің бірі. "Алуан түрлі әлем" айдары ескі қалашықтарымен, бай тарихымен танымал Ирландияға аялдайды.

   Ирландия - 800 жыл ағылшындардың үстем­дігін көріп келген ел. Тек ХХ ғасырдан бастап ел тәуелсіздікке қолы жетеді. Отар елдің ойындағысынан шыға алмаған Ирландия екі бөлікке бөлініп кетеді. Елдің солтүстік бөлігі Ұлы­британия қарамағына кі­реді. Себебі халықтың көп бөлігі солтүстікті британ би­лігінің қол астында болғанын қалады.

     Ирландия жұрты әлі күнге дейін мұсылман хал­қының жақсылығын ұмыт­­пайды. Өткен ғасырда елде аштық жайлап, күн көруге мүмкін болмай, елден береке кеткен кезде Осман империясының би­лігі көмек қолын созып, дағ­­дарысты еңсеруге мүм­кіндік береді. Бұл ел тарихында ойып жазылатын детальдің бірі ретінде ирландиялықтардың санасында сақталады. Қазақтың "аштықта жеген құй­қа­ның дәмін, тоқтықта ұмытпа" деген тәмсілін ир­лан­диялықтар жақсы түсі­неді. Елдегі таршылықтың белгісін бейнелейтін, алақан жайған әйел мүсіндері көшелер бойында көрініс береді. Қазір бұл елге мұ­сылмандар да тұрақтай бас­­тады. Тіл үйренуге ниет­теніп келген мұсылман жас­­­тары мұнда қалыпты әрі қауіпсіз тіршіліктің барына көзі жеткен соң қо­ныс аударуды құп көреді.

Бейсенбі, 26 Қазан 2017 06:41

ФРАНЦИЯ

| Автор: 

 

 

Астанасы - Париж

 

Халқының саны - 65 447 374

 

Жерінің көлемі - 674 685 км2

 

Билік түрі - унитарлы республика

 

Тілі - француз

 

Ақша бірлігі – еуро

     "Франция" дегенде көз алдыңа бірнеше атрибуттар оралады. Париж, "Эйфель" мұнарасы, "Лувр" мұражайы, тіл үйірер тәтті круассандары... Тізім кете береді. Бұл ел жұмыр жерге осындай көптің аузынан түспейтін орындарымен ерекше, сонысымен құнды. Парижге бір аяғым жетсе екен деп армандайтын жастарды бұл ел өз мәдениетімен, романтикалық қалаларымен баурап алады. Ішкі аурасы, бір-біріне ұқсамайтын мәдени орындары, өзіндік ұстанымдары Францияны Еуропа елдерінен бөле-жарады. Балет пен киноматографтардың, шансонның отаны саналатын әлемдегі бірден-бір ел Франция туралы айтылар әңгіме де, жазылар дерек те көп. "Алуан түрлі әлем" айдарында біз мұнай мен газ өндірмесе де, туризм арқылы төрге шығып отырған француздардың тіршілігін сөз етпекпіз.

    Алдымен, геогра­фия­­лық орналасуына мән берсек. Франция - Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет. Ұсақ аралдары бар ел солтүстікте Бельгия, Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оң­түс­тік-шығыс­та Италия жә­не Монакомен, оңтүс­тік-батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Ел тарихы өз алдына жеке тақырып болғандықтан, аса бір тереңірек үңілмеуді жөн көрдік. Француздар мақ­тан ететін көрікті жерлері мен тұмар етер байлықтарына аса көп тоқталмаймыз. Себебі жұмыр жерде мекен еткен әрбір санасында сәу­ле бар адам Фран­ция туралы азды-көпті деректер біледі.

   Франция - туристерге құшағын айқара ашатын бірден-бір ел. Тіп­ті туристер­дің келу көр­сеткіші елдегі ха­лық санынан да асып жығылады. Па­риж­дің өзіне жылына 9 мил­лионға жуық турист табан тірейді екен. Ал, елге 70 млн. турист келеді деген дерек бар. Әл­бетте, табыстың қайдан ке­ліп тұрғанын жақсы түй­сінетін француздар сая­хатшылар­ға барын тосады, жай­лы орын мен түрлі қызметтер ұсынады. Қал­­таны қағып түсер қымбатшылық болса да, жиһанкездер фран­­цуз мәдениетімен жақынырақ танысу үшін барын береді, қалтасындағы соң­ғы тиынын да жұм­сап қалады. Тағы бір ерекше­лікті айтпай кетпесе болмас. Жұмыс көзі болмай, пана іздеп келген мигранттар француздарды қолайлайды. Африка мен Азиядан ағылып келген олар мәдениетті түрде қайыр сұрайды. Тиынға зар болған олардың тіршілігі бө­лек, әркімнен қа­рыз сұрап, қоғамдық орындарда алақан жайып жүреді. Әлбетте, мұн­дай миг­рант­­тардың қо­лына қаржы қыс­ты­ратындар шетелдік туристер ғана, жер­­гілікті француздар көбіне "мәдениетті қа­йыр­­шылар­ға" мей­ірім танытып, иіле қой­майды.

Бейсенбі, 19 Қазан 2017 10:58

Еркін елдегі ерекше Еуропа

| Автор: 

Астанасы  -  Амстердам

Жерінің көлемі - 41 543 км2 (әлем бойынша 131 орын)

Халқының саны  - 17 061 415

Билік түрі - конституциялық монархия

Тілі - нидерланд, ағылшын, француз

Ірі қалалары - Амстердам, Роттердам, Гаага

 

    Көздің жауын алатын қызғалдақтар, сан түрлі ірімшік, салқын сыра. Бұл Еуропадағы еркін елдердің көшін бастайтын Нидерланд Король­дігінің басты байлығы. Тоқымдай жерді алып жатқан өркениетті елдің халқы Нидерланды патшалығын "Еуропаның ер­теңіне" балайды. Себебі алдағы 10-20 жылда кәрі құрлық елдерінің келешегі қандай болады деген сұраққа осы Ни­дер­ланды жауап бере ала­ды. "Алуан түрлі әлем" айдарының бұл жол­ғы сапары технологиясы төрге шыққан, өн­дірісі өркендеген, дамыған елдің бірі - Голлан­дияға ат басын бұрады.

   Нидерланд немесе Голландия - Еуропаның батыс бөлігінде орын тепкен, Бельгия, Германия елдерімен шектесіп жатқан шағын ғана мемлекет. Өмір сүру деңгейі өзге елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары Голландияның табысын арт­тырып отырған қызғалдақ гүлдері деседі. Алқы­зыл гүлдерді арнайы алдырып, сыртқы экспорт­қа шығаратын голландтықтардың гүлдерден түсетін табысы халықтың экономикалық қуа­тын арттырады. Жылына 2 миллиардтан астам қызғалдақ түйнектерін өзге елдерге саудалайды. Негізі Нидерланд эскпортқа өнім өндіруден алдына жан салмайды. Тіпті жылына әрбір адам 74 литр сыра ішеді деген деректер кездеседі. Сондай-ақ, еуропалықтар кофе іш­кенді қатты қалайды. Мұнда жылына әрбір тұрғын 140 литр кофе іше­ді екен.

   Нидерланд тарихы тым әріде. Алғашында б.з.б. 1-мыңжылдықтың екінші жартысында кельт тайпалары қоныс теуіп, мекендеген. Ел аумағындағы жердің біраз бөлігі римдіктердің қол астына өтеді. Осы кезеңде Нидерландтың оңтүстік бөлігін франктер, солтүстігін фриздер, шығысын сакстер басып алады. Кейіннен ұсақ бөліктерге бөлініп барып, 16 ғасырда Бельгия, Люксембург, Франция, Испанияның құрамына өтіп кетеді. Алайда ел ішін­­дегі революциялардың ықпалынан, испан үс­темдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар құрылады. Тек 1813 жылға дейін Нидерланд жерін басып алып, араға екі жыл салып Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі құрылады. Уақыт ағымымен жылжыған кезең бү­гін бар дүниені жоққа шы­ғарады. Екінші дү­ние­жүзілік соғыс кезінде Нидерланд халқын немістер басып алады. 1989 жылдан бастап билік хрис­тиан-демократиялық партия мен Еңбек пар­тиясынан құрылған коалициялық үкімет қо­лына көшеді.

   Бұл Еуропа! Еркіндіктің лебі ескен, мәдениет пен стильдің өзіндік аурасы сабақтасқан кәрі құрлық елдері көпке осындай атрибуттарымен белгілі. Өркениетке ертерек мойын созған дәл осы Еуропаның қақпасы Бельгиядан бастау алады. Себебі ел аузында Бельгия Еуропаның алтын қақпасы аталып кеткен. Бір кездері дамыған елдің көшін бастап, дүйім жұртқа өзіндік мәдениетімен танылған шағын елдің шартарапта алатын орны ерек. "Алуан түрлі әлем" айдары Еуропа елдеріне із басады. Алғашқы аялдама - Бельгия.

   Бельгия Корольдігі - Батыс Еуропада орын тепкен, оңтүстігінде Франция, шығысында Алмания және Люксембург, солтүстігінде Нидерланд, батыста Солтүстік теңізбен шектесетін кішігірім ел. Еуропа елдерінің маңызды мәселелерін шешетін, түйін шығаратын ЕуроОдақ пен НАТО-ның мүшесі.

   Бельгия жерінде екі ұлттың валлондар мен фламандардың мәде­ние­ті қабысқан. Сол себептен де бұл елде көптілді, алуан түрлі көзқарастарды айқын аңғаруға болады. Тарихы да өз алдына бір тақырып. Сонда да, қысқа қайыра кетейік, Бельгияда ерте кезден белг тайпалары өмір сүрген деседі. Кейіннен сол тайпаларды Рим империясы басып алып, жаңадан провинция құрады. Бельгия жеріне көз тіккен герман тайпалары көшіп келіп, орнығады. Осылайша, Бельгия бірнеше уақытқа дейін Франк мемлекетінің құрамында болып, тек 16 ғасырда ғана Еуропаның бірқатар мемлекеттерімен бірігіп Солтүстік Францияның бір бөлігі саналып, Нидерланд атауына ие болады. Бертін келе, Бельгия испандардың қол астына өтіп, испан билігінің ықпалымен жүреді. Әйтсе де, бұл көпке ұзамайды. Елде өнеркәсіптің тамырына қан жүгіріп, елдің біраз бөлігі Нидерланд корольдігіне бірігеді. Ел ішіндегі соғыстардан кейін 1831 жылы Бельгия басыбайлы отарлық санадан айырылып, тәуелсіздігін алады.

   Қыркүйек айының 11-13-і аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай ауданында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың шығарма­шылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін да­мыту мақсатында XVIII республикалық Абай оқулары өткізілді. Байқауда елі­міздің әр өңірінен 90-ға жуық оқушы бақ сынады.

   Расында, бала санасында әдебиетке деген құш­тар­лық­ты бүгіннен бастап қалыптастыру керек. Оның үсті­не, өскелең ұрпақты Абай Құнанбайұлының мұраларына қызықтыру, поэзияға баулу кезек күттіретін мәселе емес. Мұны облыстың әр ауданынан келген үміткерлер де жете түсінсе керек, олар бойындағы барлық өнерлерін ортаға салып, қазыларға өздерінің осал еместігін дәлелдеуге ты­рысты. Байқауға қатысушыларға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ филологиясы факультетінің деканы, филология ғылым­да­рының докторы, профессор Айбар Қабекенұлы Қады­ров төрелік етті. Байқауды ашқан басқарма басшысы Талғат Шәкенұлы: "Абай әлемі бізді жеті түнде адас­тыр­мас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұ­рысын сараптай аламыз. Өз халқын өсіп, өркендесін дей­тін әр азамат әуелі Абайды оқысын, Абайға құлақ ас­­сын деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін жан жүре­гі­мен түйсінген азаматтар қатары жыл сайын Абай оқу­ла­рына қатысқан саналы ұрпақпен толығып келеді" деген пікір білдірді.

   Абай оқулары төрт бөлім бойынша сарапқа салынды. Айтар болсақ, оқушылар "Өлең-сөздің патшасы, сөз сара­сы" атауымен Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқыса, "Көңілім әнді ұғады" аталыммен Абай әндері мен күй­лерін орындады. Ал, "Жүйріктен жүйрік озар жа­рысқанда" атты жас дарындар байқауы бойынша оқу­шы­лар өз шығармаларымен сынға түссе, "Ұлылар әлемі" бай­қауында оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазды.

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 06:20

ЕУРОПАҒА ЕЛІКТЕЙТІН ЕЛ

| Автор: 

       "Алуан түрлі" әлем айдары арқылы жер-жаһандағы елдердің тыныс-тіршілігін оқырманға таныстырып келеміз. Жиырмаға жуық мемлекетттің әлем алдындағы орнын, адамзат дамуындағы жолын айтуға ты­рыс­тық. Оңтүстік-батыс Азия елдерінің соңын Армениямен аяқтауды жөн санадық. Аста-төк байлығы жоқ, кішігірім мемлекеттің өркениетте ойып алар орны бар.

    Армения Кавказдың оңтүстігін­де орын тепкен, Грузия, Түркия, Иран, Әзербайжан елдері қоршап жатқан шағын ел. Айдай әлемге тамырлы тарихымен, мыңжылдық мәдени мұраларымен де таныс. Ел ішінде христиан дінінің ықпалы жүріп, христиандар елі деп аталған бір кездері. Елдің тарихы тым әріде. Белгілісі, орта ғасырларда Армения сауда мен өнер орталықтарының ор­дасы саналады. Дегенмен, мұн­дай қызу тірлікті көре алмаған көр­ші мемлекеттер Арменияға көз алар­тып, басып алуды мақсат етеді. Солай да болды. Елдің оңтүстік бө­лігі Византия иелігіне өтсе, кейін­нен мемлекетті Түркия мен Иран бө­ліп алады. Уақыт өте келе Арменияның шығысы Ресей империя­сының құрамына өтіп кетеді. Саяси өзгерістер мен ықпалды мемлекеттердің шешімімен Армения КСРО құрамына одақтық республика ретінде кіреді. Тек 1991 жылы ғана тәуелсіздігін алып, еркін қимылдай бастайды.

   Армения мұнай мен газдың игі­лі­гін көріп отырған жоқ. Тиі­сінше, қа­зынаға құйылатын қаржының көлемі де айтарлықтай емес. Бұл экономиканың тұрақсыздығына, халықтың жұмыссыздығына алып келді. Есесіне, радиотехника мен электротехника салалары жақсы дамыған. Армяндар ауыл шаруашылығы бағытында жеміс өсірудің жолын жақсы біледі. Табыстың бір бө­лігі де осы салалардан түседі.

   Ереван - Арменияның 12-ші астанасы. Елдің мәдени тынысын ашып тұрған қала. Сырттан келушілерді де өзіне баурап алатын тарихи шаһар. Мұнда жаз айларында шаруа қызады. Туристер үшін таптырмас мекен, ашық аспан астындағы кө­ңіл­ді кештер жиһанкездерді осында жи­найды. Таулы жер болғандықтан, жергілікті жұрт қысқы туризмнен тең­ге құрап отыр. Татев монастры, Норванк, Агарцин, Ахпат, Гегард, Грани храмы сынды басты байлық саналатын орындар алыстан келу­ші­лерді өзіне тартады. Туристер жиі табан тірейтін жердің бірі - Арарат тауы. Қазір бұл тау түріктердің қарамағында. Солай бола тұра армяндар бұл тау­ды өздерінікі сезінеді.

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 03:09

БАЙЛЫҚҚА БАСТАҒАН БАХРЕЙН

| Автор: 

Астанасы - Манама

Жерінің көлемі - 766 км2 (әлем елдері арасында 184 орын)

Халқының саны - 1 435 821

Билік түрі - конституциялық монархия

Тілі - араб, ағылшын, парсы, урду

Ақша бірлігі - Бахрейн динары

   

     Оңтүстік-батыс Азияда кезінде отар ел ретінде күштінің қол астында күн кешіп, көлеңкесінде қалып келген елдер аз емес. Мұнайы ар­қы­лы мол байлыққа кенеліп, аузы аққа жеткен мұсылман елдерінің кешегісі бұлыңғыр болса да, бүгіні берекелі. Алайда, сол қиындықта көрген құйқасының дәм тоқтықта ұмытпай, өткенін еске алып отыратын мұсылман елдері санаулы. Соның бірі - Бахрейн әмірлігі. Бір сәтте Бахрейн десе, еске ештене түспеуі мүмкін. Батыс Азиядағы мұнай ар­қылы күн көріп отырған шағын мемлекеттің әлемдік өркениеттен өз орнын табуы бұл елдің оқшау ел екенінен емес, мәдениеті мен менталитетінде жат­қан сынайлы. "Алуан түрлі әлем" айдары Бахрейн әмірлігіне ат басын бұрады.

   Бахрейн - Сауд Арабиясына жақын орналасқан шағын аралдары бар мем­лекет. Бахрейн Сасани билігі тұсында Иранның құрамына енген кішігірім ел. Кейіннен Бахрейн жеріне португалдықтардың көзі түседі. Бірақ та бұл ел Иранның біразға дейін бақылауында болады. Ирандықтардың он төртінші облысы аталып кеткен Бахрейн кейін келе Парсы шығанағындағы дербес ел ретінде танылады. Бахрейн жұртының 20 пайызын осы елде көнеден ірге көтерген ирандықтар мен араб емес азаматтар қоныстанған. Елде мұнай көзі табылған бетте елге АҚШ капиталы ене бастайды. Уақыт өте келе сая­сат­тың ықпалымен Бахрейн әмірлігі ағыл­шындардың отарына айналады. Ұлыбритания билігі екінші дүние­жү­зілік соғыс жылдарында әскери күш ұс­тап, ел астанасы Манама қаласын Пар­­сы шығанағындағы Британ әкім­ші­­лігінің резиденциясы есебінде пай­да­­ла­нады. Отар елдің үстемдігін Бахрейн жұрты араб халықтарының ұлт-азат­тық қозғалысы нәтижесінде 1971 жылы Бахрейін тәуелсіздігіне қол жеткізеді.

   Мұсылман елдері арасында Бахрейн экономикасы ең еркін экономика саналады. Әрі араб елдері ішінен ірі қаржылық орталығы ретінде көпке таныс. Бұл елді ірі Ислам банкингінің орталығы деп те атайды. Шағын мемлекет мұнай мен табиғи газ арқылы жан санын асырап отыр. Керісінше, ауыл шаруашылығы айтарлықтай дамымаған. Сол себепті қажетті азық-түліктің біраз бөлігін сырттан алдырады.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:09

ИМАН ИІЛГЕН ИРАН

| Автор: 

Астанасы - Тегеран

Жерінің көлемі -1648 000 км2

Халқының саны - 81 332 140

Тұрғындары - ирандықтар,  әзербайжандар, арабтар мен еврейлер, түрікмендер

Басқару түрі - исламдық республика

Ақша бірлігі - Иран риалы 

        Иран. Әдетте, бұл ел туралы айтқанда көнеден керуен тартқан ескі парсы шығармаларының жауһарлары еске түседі. Шығыстың жұлдыздары саналатын Фирдоуси мен Рудаки, Хафиз бен һаям, Сағдидың табаны тиген, тарихы тұнық, кілем тоқу мен мата шығарудан көш бастайтын, кино саласында өзіндік қолтаңбасы бар Иран Республикасы көпке осындай байлығымен етене таныс. "Алуан түрлі әлем" айдары Оңтүстік-батыс Азиядағы құшағына бірнеше ұлттың жүрегін сыйғызған Иран Республикасына аялдайды.

   Иран географиялық орналасу жағынан қос ел Қытай мен Үндістан елін қолтықтай жат­қан, солтүстігінде Каспий теңізі немесе Мазендеран аймағы, оңтүстігінде Парсы және Оман шығанағы, батысында Иракпен, Түркиямен, солтүстігінде Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен, шығысында Ауғанстанмен, Пәкстанмен шектесіп жатыр.

    Иран тарихына көз жіберсеңіз, көптеген деректерге, сол кез­дегі елдердің ахуалын біле аласыз. Тарихтан белгілісі, Иран жеріне адамзат тым ерте аяқ са­ла бастаған. Біздің заманы­мыз­дан бұрын 3-мыңжылдықтарда Иранның оңтүстік-батысында алғашқы мемлекеттер ірге қадай бастайды. Кейіннен Орталық Азияның арий тайпалары қара жерді мекен етіп келеді. Сон­дық­тан кейбір зерттеушілер Иранды арийлердің жері деп санайды. Арғы-бергі тарихтан сыр шерту үшін бөлек тақырып қоз­ғау керек. Біз тек Иранның не­гізгі тарихына тоқталсақ. Талай елдің қатулы қабағын көр­­ген Иран халқы өз ұстанымынан таймай, ішкі дербестігін сақ­тап қала алады. ХІХ ғасырдың аяғында Иран Еуропа мемлекеттерінің жартылай қол астына өтеді. Иран жерінің солтүс­тігіне Ресей, оңтүстігіне Ұлы­б­ри­тания ықпалын жүргізді. Әйт­се де, отар елге айналдыруды мақсат тұтқан ағылшындар Иранды толықтай жаулап алады. Алайда, ел ішінде ағылшын үстемдігіне қарсы толқулар көпке дейін жүрді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран КСРО және Ұлы­британия мемлкеттерімен одақ­тас­тық келісімге келеді. Кейіннен ел ішінде соғыстар жүреді, Иран экономикасы тұралап қалады. Әйткенмен 1979 жылға дейін Иран халқы еркіндікті сезіне алмады. Тек 1979 жылы Имам Хомейнидің табандылығы арқылы тәуелсіздікке қол жеткізеді. Алайда Иранның республика болып қалануы көптеген елдерге ұнай қой­мады. Мұнан кейін де елде иран-ирак соғысы өрбіп, халықтың жағдайы нашарлайды. Жалпы Иран тарихы бізге осылай жетті.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C