Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дидар

Дидар (64)

   Психолог мамандар ата-аналар балаларының кішкене кезінен бастап қолынан жетектеп, олардың бір-біріне жақын жандар екенін сезіндіріп жүргені дұрыс деп санайды. Себебі, есейгеннен соң бала өзі де ата-анаға қол созуын қояды және ата-анасынан сезінгенін кейін кері қайтарады екен. Егер отбасында сенімділік атмосферасы қалыптасқан болса, есейе келе бала да қоршаған ортасына сеніммен қарайтын болады. Егер ата-ана баланың дегеніне құлақ тосып, оған әрдайым кө­мек қолын созуға дайын тұрса, онда бала да мейірімді және өз отбасы мүшелері мен айналасына жәрдемдесуге дайын жүреді. Адамның көңіл-күйі ауа райы секілді құбылмалы екені рас. Кей сәтте баланың айтар ойына аса мән бермей ата-аналар елемеуі немесе ашумен оның бетін қайтарып тастауы мүмкін. Мұндай сәтте баласының жанына қандай жара қалдыр­ғанын түсінбейді де.

   Сонымен ата-ана баласын қалай өкпелетіп алады?

   Түсінбестік. Сіз жай ғана өзіңіздің де бір кездері бала болғаныңызды ұмытып кетесіз. Солайша балаңыздың айтқан мәселесі түкке тұрғысыз екеніне сенім­дісіз. Оның әр ісіне "Мен сенің орныңда болғанымда ғой" дегенді жиі айтасыз. Алайда, баланың өз әлемінде қамқорлықты сезінуі, сіздің ересектер арасындағы мәселелерден де маңызды екенін түсін­бейсіз.

    Қолдаудың жоқтығы. Қандай да бір жағдай болмасын, бала ата-анасына сенім арта алатынын, әрқашан олардың қолдауына ие бола алатынын сезіне білуі керек. Ата-ана тарапынан қолдау көрмейтінін түсінген бойда, баланың мінезі тұйықталып кетуі мүмкін. Ал, іштен тынудың соңы ата-ана үшін де, бала үшін де күтпеген үлкен мәселеге айналып кетуі ғажап емес.

Сейсенбі, 22 Тамыз 2017 06:28

ЖҰМЫР ЖЕРДІҢ ЖАҚҰТЫ

| Автор: 

Астанасы - Доха

Жерінің көлемі - 11400 км2

Халқының саны - 2 415 588

Тұрғындары - катарлық арабтар, пәкістандықтар,

үнділер мен ирандықтар

Билік түрі - абсолютті монархия 

 Ақша бірлігі - Катар риалы

 

   Әр елдің бағына біткен тарихы, өзіне тиесілі мұрасы болады. Туырлықтай жерді жау қолына бермес үшін, ішкі тәуелсіздігін сақтап қалу жолында әр ұлт өзінше тер төгеді. Жер шарында алпауыт мекенді алып жатқан мемлекеттердің бел астына шоғырланса да, ұлтарақтай жердің өзінде өркениет орнатып, гүлденіп келе жатқан мемлекеттер аз емес. Соның бірі - Батыс Азиядағы Катар мемлекеті. Мұнай мен газ арқылы байлыққа белшеден батып отыр­ған ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің көшін бастайды. Ал, маржан жақұты тіптен бөлек әңгіме. "Алуан түрлі әлем" айдары үш жағынан су қоршап жатқан тоқымдай жерде жұмақ орнатып, жұмыр жердің жақұтына баланған Катар еліне аялдайды.

   Катар - Парсы шығанағындағы шағын ғана мұсылман мемлекеті. Сауд-Арабиясы, Ирак, Иран, Біріккен Араб Әмірліктерімен шектесіп жатыр. Әлем картасын ашып қарасаңыз, Оңтүстік-батыс Азияда­ғы елдердің ішінен Катарды табу қиын. Себебі 1989 жылға дейін елдің шекарасы шетелдіктерге жабық болды. Катар халқы тарихқа бай ел емес. Мұнда халықтың қашан қоныстанғаны туралы мардымды мәліметтер жоқ. Туристердің түртіп алар тарих таппай, ізденіп жүретіні де осыдан. Ел-жұрттан тараған деректерді алға тартсақ, Катар тарихы 17-18 ғасырлардан бас­тау алады. Десе де, Катар түбегін адамдар біздің заманымыздан бұрын 2-3-мыңжылдықта қоныстана бастаған деген ақпараттар кездеседі. Алғашында елді ирандықтар, кейіннен арабтар жаулап алып, Араб ха­лифаты құрамына енгізеді. Кейінгі жылдары араб халифаты ыдырап, елдің аумағы түгелімен карматтар мемлекетінде болады. Мұнан кейін ұлтарақтай жерге Бахрейн әмірлігі өз әмірін жүргізеді. Осы жылдар ішінде Катарға португалдар, Осман сұлтандығы үстемдігін құрады. Арада уа­қыттар өтіп, түрлі саяси жағдайлармен ка­тар­лықтарды ағылшындар басып, жеке Британия протектариатына айналдырады. Ел аумағынан мұнай қоры табылып, Катар өз алдына дербес мемлекет болудың жо­­лын іздестіріп, халық көтерілістерін ұйым­дастырып, билік басында отырғандар қызметтен кетіп, ұлттық қозғалыстар күшейе түсті. Тәуелсіздік тарихына дейін Катар небір қиыншылықтар мен өзгеріс­терді өн бойынан өткізді. Тек 1971 жылы ға­на Катар өз қолы аузына жетіп, тәуелсіз ел атанады. Аяғын еркін созып, тірлік ете бастайды.

   Қазақ қазақ болып жаралғалы қай заман. Сонан бері ұлы даланың ұлтарақтай жері мен сүттей ұйы­ған санаулы ұлтын жан-жақтағы сұғанақ көз­дерден сақтап қалу ата-бабалардың абзал борышы са­налыпты. Сонан да шығар бесіктен белі шықпай жатып ұрпақтарын әскери шеберлікке бау­лып­ты. Мысалы, найзаласу, қылыштасу, атқа мі­ну, жамбы ату, теңге ілу ойындары жаңағы әскери шеберлікке баулудың алғашқы шарттары болатын.

    Ежелгі римдіктердің екіталай жерде жеңіске жетуінің бар құпиясы сол спорттық ойындарды әскери жоғары дәрежелі шеберлікке ұштастыра білуінде жатса керек. Жанып тұрған оттан, ағып жатқан асау өзеннен жасқанбай өтуге жастай машықтанған олар туралы дүниежүзілік тарих пен әдебиетте аңыздар әлбетте жетіп артылады.

   Бұны бұл жерде біз неге айтып отырмыз. Себебі, қадым кезеңнен бастап қазақ қазіргі түсі­нікпен айтқанда ұлттық спорт дегенде ішкен асын жерге қоятын болыпты. Тіпті кешегі келмеске кеткен кеңестік қоғамның тұсында да бәсеңдемеген спорттың сан түрі тәуелсіздікпен бірге қайта жасарып, жаңғырып келеді. Бұған дәлел, көкпар тарту, аламан бәйге, тоқ бәйге, тай бәйге, керек десе­ңіз, тоғыз құмалақ, асық ату сияқты ұлттық спорттың кейбір түрлері әрбір өңірде тұрақты өткізіліп отырылады. Бұған жанашырлық, қамқорлық көрсететін федерация, комитеттер ұйымдастырылып, Астана, Алматы, облыс орталықтарында ойда­ғыдай жұмыс жүргізіп жатқанынан мерзімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дер кезінде қанығып отырған жайымыз бар. Республикалық ат спорты федерациясының төңірегіндегі Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан тәрізді айтулы азаматтар бұл салада біраз жетістіктерді бағындырып одан әрі жемісті жұмыс жүргізіп келеді.

    Ат спорты демекші, кезінде ауыл-ауылдарда Қамбар ата тұқымының сырына құлынынан қанық, ойы жүйрік, көзі қырағы ат сейістері аз болған жоқ. Жарықтық, олар баптап бәйгеге қосатын жүй­рік­тердің жерге тастаған тезегінен бастап жаратып жүргенде қия басқан қылығына дейін жазбай тану­шы еді. Өзім білетін, кейбірін көзім көрген Арал ау­данындағы Бөген елді мекеніндегі жорға аттардың сейісі Омар, аламан бәйгенің шапқанында жа­лынан дауыл ұйытқи соғатын жүйріктерінің сейісі Зияда, Қарақұмдағы Қыпшақ ақсақалдарды қайтіп ұмытарсың. Өкініштісі, қазір солардың ізба­сарлары - білікті ат сейістердің аты беймәлім, оларың тірлігінен, жасап жатқан жұмысынан ел- жұрт бейхабар тәрізді. Әлде бұрынғыдай қызығушылық жоқ па бұған?

     Кезінде ұлттық спорттың бірден бір жанашыры, журналист ағамыз марқұм Өмірзақ Жолымбетов болғанын исі қазақ ұмытпаған болар. Өмекең тоғызқұмалақтан бастап қазақтың ұлттық спортының түр-түрін жіліктеп шағып, оның тарихы мен қа­зіргі хал жағдайы және оны дамыту мәселесін жан-жақты жазып, қалың оқырманға бірнеше танымдық кітап ұсынғаны аян.

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұлттық спорт­ты дамытудың бастауы балабақшада, жалпыға бірдей  білім беретін мектептерде жатса керек. Міне, ұлтымыздың ұландарын керек болса тал­бесіктен бастап осы бір пайдалы іске баули біл­сек, ойымыздың орындалғаны деп ұғарсың, оқырман!

Т.Бөгенов

Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 10:49

Көкпарға көп ел көз салуда

| Автор: 

        Өзін "Нағыз қазақпын" деп жүр­гендерден ұлттық ойынның мән-жайын сұрасаң түк білмей абдырап қалып жатады. Онда да айтатыны көкпар. Көк алаңды көк шаң етіп көкпар тартып ойнап жат­қан жігіттердің сұлбасын еске түсіріп айтып бере салады. Оның ішіне еніп, идеологиясы мен тарихын түсіндіріп беретіндер бірен-саран. Қазақтың қазақ болып қалыптасып, ел болып ұлан-асыр той жа­сағанынан бастап, тарихтың тажалынан аман өтіп тәуелсіздік дейтін "тәңір берген тәтті сыйға" жетемін деген аралықта көкпар ойыны бір ұмытылған емес. Елмен бірге емін-еркін жасасып келеді.

  Ұлттық ат спорты ойындарының біріне жататын - көкпар көп қазақтың қанын қыздырып әкете­тін қызықты да тартысты ойын. Көпті көрген көнекөздерден "көк­пар" сөзі қайдан шыққан деп сұрасаң "көк бөрте" сөзінің бірігуінен пайда болған деп жауап қата­ды. Шынымен де бұл шын­дық­қа жанасады. Себебі дәс­түрлі қазақ қоғамында көкпар ойынына жүні жылтыраған, бір жасты ең­серген, арнайылап семіз серке ма­лы таңдалынып алынады. Терісі ты­ғыз, әрі мықты болатын серкенің сал­мағы да 20-30 килодан төмен бол­мауы шарт. Ал, өзге түліктің терісі алпамса жігіттердің тартқылауына шыдас бере алмай жыртылып кетеді. Қазақ сол үшін де көк­пар­ға ең қонымдысын іздеп тап­қан.

   Қазақтың ойыны дейміз-ау. Ұлт­тық ойынды өзге елдерде "өз еліміздің, тарихымыздың күретамыры" деп өздеріне еншілеп алғысы бар. Көкпар Орталық Азия елдеріне кең таралған спорт түрі бол­ған­нан соң қай елдің ойы­ны екенін дөп басып айту қиын. Мы­салы, қырғыз тілінде "көк бөрү", "улак тартыш" (тарту) десе, тәжік тілінде "бузкаши" деп атайды. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да көкпарға ұқ­сас ат спорты ойы­ны әлі күнге ойналып келеді. Құй­рық жа­лын шарт тү­йіп, тұлпардың төзім­дісін, сәйгүліктің сайыпқыранын таңдап алатын қазақ көк­паршылары ұлт­тық ойынның тізгінін өзгенің қолына ұстатып қоймасы хақ.

Астанасы - Иерусалим

Жерінің көлемі - 22 145 км2

Халқының саны - 8 351 802

Тұрғындары - еврейлер, арабтар

Билік түрі - парламенттік республика

Ақша бірлігі - Израиль шекелі

 

      

    "Әлемді еврейлер билейді" деген әңгіме жер жаһандағы халықтар арасында кең таралып еді бір кездері. Мұның сырын сол ұлттың еңбекке епті, іске бейім, талапшыл еврейлердің ұстанымынан іздеген дұрыс шығар. Рас, көпшілік еврейлерді жоқтан бар жасайтын, қара судан қаймақ алатын пысық ұлтқа теңейді. Сондықтан болар еврейлер туралы ел арасында түрлі әңгімелер мен көзқарастар бар. "Алуан түрлі әлем" айдарының бұл саны еврейлердің мекеніне айналған Израильге аялдайды.

    Географиялық ауқымда қарасақ, Израиль - Азия мен Африканы қосып тұрған мемлекет. Солтүстік шығысында - Сирия, Иордания, оңтүстігінде Мы­сырмен шектессе, батысын Жерорта теңізі шайып жатыр. Жасыл-желекке көмкерілген, тарих пен дінді тоғыстыра алған, кәсіпкерлік саласында өзін­дік қолтаңбасы бар, медицина ба­ғы­тында біраз елдің алдын орайтын Израиль елінің тарихы өз алдына бір тақырып болады. Дегенмен, әріден тамыр тартпай-ақ, еврейлердің қазірге дейін айтып жүретін тарихына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік. Көне деректерден белгілісі, Израиль израиль халқына мұраға қалған ежелгі мә­де­ниет гүлденген жер. Бұл аймақ Иисус­тың дүниеге келіп, мұсылман дінінің ел­ші­сі Мұхаммедтің көкке көтерілген жері саналады. Сол себептен де Израиль көп­­­шілік жұртқа қасиетті мекен ретін­де белгілі. Негізінде, Израиль та­рихы небір тарихи оқиғалар мен кезеңдерге толы. Арабтардың жау­лап алуы, Наполеонның жорығы, тә­уел­­сіз­дік жолындағы күрестен кейін­гі Ұлы­британия, Франция мен Египетке қар­сы соғыстар кешегі тарих. Елордасы Иерусалимнің бір бұрышын жау қолына бермеген еврейлер арабтармен талай жыл соғысып, ақырында 1980 жылдары  Иерусалимді біртұтас астана етіп, Сирияның бір аймағын өзіне қаратып алады. Жалпы араб-израиль арасындағы әскери соғыстар 1948 жылдан 1982 жыл­ға дейін жалғасты.        Израиль үстем­дік еткен жерлер мен мұнайдың саясат құралына айналуы соғыс отын тұтан­ды­рып, талай жылғы текетіреске ұласты. Әлбетте, саяси сипаттағы жанжал кім­ге де болмасын қиындық келтіреді. Қазірде Израиль елі тыныштық құшағында тұр, жағдай тұрақты. Десе де со­ғыс­тың сұсын көрген халықтың әрбі­рі­нің үйінде жарылғыш заттардан қорғанатын жерлер бар деседі. Мұны елге аял­даған туристердің жазбасынан оқи оты­рып сезінуге болады.

Жұма, 21 Шілде 2017 13:23

Талантымен тәнті еткен

| Автор: 

  Мемлекеттің келешегі, оның өзге елдердің алдындағы абыройы өскелең ұрпақтың тәр­биесі мен біліміне тікелей байланысты екен­дігі бүгінде дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналып келе жатқандай. Байқап отырсақ, ғылыми ізденістің жолындағы жаңашыл жас­­тардың тың туындылары әлем елдерін аузына қаратып, көпші­ліктің таңданысын тудыруда. Яғни, бұл білімді ұрпақтың әр кезде де бәсекеге қабілетті бола алатындығын біл­діреді. Ал, келешек тек білім­мен қаруланған, із­денісі жоғары сауатты жас­тардың қолында екен­дігін бүгінгі ұрпақ ерте жас­тан-ақ жадына сіңіріп өсуде.

   Расымен де, білімі мен ғылымы жан-жақты дамыған мемлекет әлем­дік бәсекеде есесін жі­бер­мейтіні анық. Себе­бі, кез келген елдің табысы адам мүмкіндікте­рінің сапасына сүйенетіндігін мемлекет басшысының өзі Қа­зақстан халқына Жолдауында шегелеп айтқан болатын. Жаңашылдыққа ұмтылған жаңа дәуірде мемлекеттің қарыштауы жолында дарындылардың орны ерекше екенін бү­гінде әлем мойындап отыр.

   "Жас дарынның" бү­гінгі кейіпкері үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арнал­ған "Мұрагер" мектебінің 2017 жылғы жас түлегі - Жансая Сәкенқызы Әбді­ғани. Мектепті 11 жыл бойы үздік бағаға оқыған Жансая мектептегі қо­рытынды аттестацияда жазбаша және ауызша емтихандарын "өте жақсы" деген бағаға тапсырып шықты. Мұнан ке­йін, көптің көңілін тол­қыт­қан жаңа форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеу­де де тыңғылықты дайындығының нәтижесінде жо­ғары көрсеткішке қол жеткізді. Ме­ктептің озат оқушысы осылайша "Алтын белгі" иегері атанып отыр. Сонымен қатар, жуырда аймақ басшысының қа­тысуымен өткен кездесуінде жас дарындылардың қатарында Жансая да болғанын айта кеткеніміз жөн.

        Еңбек демалысына шығып, отбасымен қыдырып, еркін тыныстап қайтуды жоспарлайтындар үшін қолайлы мекен Мальдив аралдары болып тұр. Қалтаға қонымды деп айта алмаймыз, әйтсе де жайлы демалыс аймағына келетіндердің дені Мальдивке тартып тұрады. Туристік компаниялардың саудасы дәл осы Мальдив аралдары арқылы қызып отыр. Қазақстандық бірнеше компаниялардың өзі қызметкерлерін дәл осы Мальдив аралдарына демалысқа жібереді. Бұл ел ерлі-зайыптылардың бал айын өткізуге, жер-жерді аралап жүретін туристерге таптырмайтын демалыс аймағы. "Алуан түрлі әлем" айдарында туристер арасында "жердің жұмағы" атанып кеткен Мальдив Республикасын сөз етпекпіз.

     Мальдив Үнді мұхи­тындағы мемлекет. 700 мыңға жуық халқы, 2000-ға жуық аралы бар. Мальдив - арулар аралы. Еуро­палықтар алғаш жүзіп келгенде аралға осындай анықтама берген. Әйгілі Марко-Полоның экспеди­циясы негізінде Мальдив аралда­рының осыдан 3000 жыл бұрын пайда болғаны дәлелденген. Елге арабтардың келуімен ислам діні ене бастады. Бұл елді 13 ғасырда "ханшайымдар билеген" деген деректер де тарихтан сыр шертеді. Негізінде шағын аралға қожа­йындық жасағандар аз болмады. Алдымен португалдықтар, ке­йін­нен голландтықтардың қол ас­тын­да болған. ХІХ ғасырға дейін ағыл­шындардың отары болып, өз дербестігін 1965 жылы алады. Содан бері Мальдив еңсесін тіктеп, табиғат берген мүмкіндікті пайдаланып ең танымал туристік орынға айналады. Алғашында Мальдив тұрғындары туризмнен табыс таба алатындарына күмән­данған. Ел билігі жыл он екі ай тұрақты жаз мезгілін пайдаланып, сервистік қызметті жолға қойып, туризмге күш салған. Уақыт өте келе, бұл іс өзін ақтады. Қазір әлем­ді аралаған жиһанкездердің көбісі саяхатын Мальдивтен бастайды. Кәсіпті дөңгелетіп алуға мүмкіндік мол елдің бірі де осы Мальдив аралдары. Ел тұрғындары қиыр асып келе­тіндерден қаржы­ны қырып табады. Себебі елде туристерге арналған "жасыл салық" үлгісі бар. Бұл қаржы елдің экологиялық ахуалын жақ­сартуға жұмса­лады. Елде 50-ден аса туристік орталық қыз­мет етеді. Сау­да серіктестерін алыстан орағытпайды, Үндіс­тан, Шри-Ланка, Таиланд, Синга­пур сынды елдер­мен сенімді серіктес.

Жұма, 14 Шілде 2017 12:25

Шри-ланка – туризм тұрағы

| Автор: 

   Біле білсек, туризм - мұнай саласынан кейінгі табысты сала. Тек барды бағалай біліп, туристерді тартудың төте жолын тапсақ болғаны. Тарихи мұралар мен мәдени нысандар, сервистік қызметтің жоғары қарқында дамуы туризм саласына қан жүгіртеді. Біз айтпасақ та белгілі, әлемде туризм арқылы табысқа кенеліп отырған елдер аз емес. Ешбір табиғи байлықтары жоқ тек туризммен күнелтіп отырған мемлекеттердің қатарына қосыла алмай жатқанымыз өкінішті. Әрине, біздің елде де туризм саласынан шылқып байып отырмасақ та, енді-енді қалыптасып, көз үйретіп жатырмыз. Демек, сервис сапасын арттырудың жолдарын іздестіру қажет. Бұл ретте Оңтүстік Азия елдерінен үйренер үлгі көп. Жаһанда жанға жайлы демалыс мекеніне айналған елдердің бірі - Шри-Ланка. Әлбетте, Малайзия мен Сингапурды шаң қаптырып кетпесе де, шағын мемлекет ретінде туризмін төрге шығарып келеді. Ендеше "Алуан түрлі әлем" айдарында үнді мәдениетімен астасқан, мәңгі жасыл арал атанған Шри-Ланка жайында сөз қозғаймыз.

   Әдетте кез келген елдің басты байлығы, табыс түсірер саласы бо­лады. Бұл ретте Шри-Ланка шайдың отаны екені еске түседі. Шай экспорттаудан әлемде бірінші орынды иеленетін елдің тұрғындары дәл осы шай плантацияларында күні-түні тер төгеді. Бұл ел каучук өндіруден де алдына жан салмайды. Қажетін елге жаратады, артығын экспорттайды. Ал, үшінші байлығы - какос. Табиғат берген жемістің арқасында табыс тауып жүрген Шри-Ланка елінің тұрғындары еңбекқор келеді. Содан болар, әлемде Қытайдан кейін "ерте тұратын ел" атанып кеткен. Таң сәріден тұрып, еңбек майданында қызу тірлік етіп, отбасын асырайды. Халықтың басым бөлігі балық аулаумен айналысады. Әйелдердің көпшілігі жұмыс істемей, үй шаруасымен, балалармен айналы­сады. Орташа есеппен әрбір отба­сында екі баладан бар. Жан саны бүгінде 21 миллионға жетіп отыр.

   Тарихты айналып өте алмай­мыз. Шри-Ланка кезінде Ұлыбрита­нияның отары болып, 1948 жылы өз тәуелсіздігін алады. Әйткенмен де, 1972 жылға дейін бұл ел британ­дықтардың қас-қабағына қарап тіршілік еткен. Өз алдына шешім шығаруға келгенде отар елдің ойынан шыға алмай қалады. Бодандық бұғауы көпке дейін өз билігін жүргізді. Елдегі еті тірі жастың бірі Рохан Виджевир жастар арасында көтеріліс ұйымдастырып, Шри-Ланканың бостандық туын желбіретеді. Шри-Ланканың бұ­рынғы атауы Цейлон болған.

       Бұл елде тамыр-таныс салып жұмысқа кіру, қызмет үшін таласу деген мүлдем жоқ. Ата-бабадан қалған ата-кәсіпті бүгінгімен жалғап, мәдениеті мен салт-санасын берік ұстанып отырған жаһандағы ең тығыз орналасқан мемлекеттің бірі - Үндістан. Астанасы - Нью-Дели. Халқы саны бойынша әлемде екінші орынды еншілейтін Үндістанға ат басын бұрған әрбір саяхатшы бұл елдің сырын ішіне бүккен тарихы мен өзгелерге ұқсамайтын ұстанымын бірден байқайды. Тарихы тым әріде жатқан әлемге әйгілі елдің экономикасы қуатты ел деп айта алмайсыз. Халықтың көптігі, жұмыс орындарының жоқтығы қара табанды кедейлердің өмірін көз алдыңызға әкеледі.

   Картаны ашып, Азияға көз сал­саңыз, Оңтүстік Азиядағы жер көлемі жағынан 7 орынға ие Үндістанды көресіз. Ескі наным-сенімдермен өмір сүретін үнділіктердің басынан небір қиыншылықтар өткені рас. Үндістан мыңдаған жылдар бойы Еуропаға сыры жұмбақ ел болып келді. Себебі алғашында Үндістанның тарихы ескі поэтикалық шығармаларда кездесіп, әңгімеленеді. Ал, XV ғасырдың со­ңында Үндістанды Еуропа отаршыл­дары Португалия жаулап алған деседі. Араға екі ғасыр салып Үндістанда ағылшындық Ост-Үндістан мен голландтық Ост-Үндістан компания­лары құрылып, Үндістан жері бүтіндей Ұлыбритания отарына айналады. 1947 жылы үздіксіз қантөгіс соғыстардан кейін британдық Үндістан Үнді одағы мен Пәкістанға бөлініп тынады. Осылайша Үндістан көп жылдарды артқа тастап, өз тәуелсіздігін алып, мемлекет ретінде әлемге әйгіленді. Британияның отары болғанның пайдасы болар, үнді балалары ағыл­шын тілінде еркін сөйлейді. Ресми тілі - хинди және ағылшын.

  Салт-сананы сақтай білетін Үндістанның бүгінгі келбетіне қарап, көз алдыңызға әлі де орта ғасырлық өмір сүру қалпы сақталған деген көзқарас келеді. Бұл елде брахмандар, кшат­риялар, вайшьялар, шудралар сынды құл иеленушіліктің 4 каста түрлері қалыптасқан. Бай мен кедей арасында алшақтық басым. Дені - кедейшілікте күн кешеді. Халықтың 30-40 пайызы тапшылықта өмір сүреді. Сондықтан нәпақа табу үшін үнділіктер түрлі қыз­меттерді кәсіп етеді. Мамандық деп астын сызып айтқанымызбен, Үндіс­тан азаматтары таңның атысы, күннің батысы тер төгіп, аз-маз тиынға күнел­теді. Мұнда біздегідей емес, 12 сағат­тық жұмыс кестесі бойынша жалақы төленеді.

Жұма, 14 Шілде 2017 11:22

Тегінде бар тектілік

| Автор: 

          












     Көпшілік ортаға енді та­ны­лып, білімі мен талабы арқылы көрініп жүрген жас дарынды­лар­ды қолдау қа­шан­да қажет. Табиғат берген талантты ба­лаларды уақы­тында демеу тек білім сала­сы­ның мамандарына ғана қажет дүние емес. Осы себеп­ті "Ұстаз мәртебесі" ре­дак­циясы жаңадан "Жас да­рын" деген айдар ашып, игі бастама көтеріп отыр. Білім мен ғы­лымды қатар ұстап, биікке шығып жүрген жастарды қолдауды мақсат еттік. Жас дарынның алғашқы санын жырға құмар та­лантты жастан бастауды жөн көрдік. Төл әдебиетке бала кезден қаныққан Алмас Аппазовтың есімі бүгінде Сыр еліне танылып қалды. Жақында аймақ басшысымен болған басқосуда дарынды балалардың атынан сөз сөйлеп, Сыр дарындыларының дарабозы бола білді.

   Шығармашылыққа шабыт керек. Ал, шабыт екінің біріне қо­на бермейді. Қармақшыда кіндік қаны тамған Алмас Аппазовтың бала кезден әдебиетке әуестігі өз кезегінде оны ойын балаларынан өзгеше етті. Үшінші сыныптан бастап өлең жаттауды әдетке айналдырып, шағын шығармалар мен дастандарды оқып, рухани азық жинай бастайды. Алмастың өлең-жырға деген құмарлығына әжесінің ықпалы болған. Мұны Алмас әрбір кездескенінде жиі айтады. Көз тоқтатып қарайтын шығармаларының да шоқтығы биік. Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтан бастап Ш.Құдайбердиев, М.Өтеміс­ұлы, Ш.Жарылғасұлы, М.Мөң­ке­ұлы, М.Мақатаев сынды бел­гілі ақындардың өлең­дерін жаттайды. Әсіресе, ұлттық рухқа дем берер батырлар жырлары мен патриоттық өлеңдерді оқығанды ұнатады. Соң­ғы күндері Александр Бектің атақты батыр Бауыржан Мо­мыш­ұлы туралы жазылған "Арпалыс" кі­та­бын оқып шығып­ты. Кітап демекші, бүгінгі жастардың кітап оқу мәдениетіне деген көзқарасын сұрай кеттік.

   - Қазір оқушылардың әдебиетке құштарлығы төмен емес. Олардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтары төмен. Шетелдік жазушылардың кітаптарын оқиды. Оған себеп батыстық өркениеттің бойда барлығы. Мұхтар Ша­хановтың "батыстың цивилизациясына түсеміз деп, кана­лизациясына түсіп кетпейік" дегені бүгінгі өмірді дөп басады,-дейді ол.

    №3 мектеп-лицейде білім алатын Алмас Аппазовтың көп­тен даралайтын қасиеті де осы жырға құмарлығы. 500-ге жуық ақын­ның өлеңдері мен эпостық жырларды жадына тү­йіп, Абайдың 200 өлеңін, "Қобыланды батыр" жырының 3000 жолын жат­қа айтатынын естіп те, көріп те жүрміз. Түрлі әдеби жиын­дар­дың құрметті қонағы болатын Алмастың жан­ға азық жыр­лар­­ды ерекше пафоспен айтып, көпті өзіне қа­рата алатын қа­сиеті бар. Мұны дарындылық қасиет деген дұ­рыс шығар. «Жал­пы дарынды болудың түптамырында не жа­тыр?» деп сұрақ қой­­дық. Алмас: «Әрбір адамның бойынды бір нәрсеге бейімі бо­­­ла­ды. Ұлы Абайдың қарасөзінде "кез келген бала туыл­ған сәтінде дарынды болып туылады, оны жетілдіру керек, әйт­­песе келе-келе ол жойылып кетеді» дейді. Ал оны байқай­тын, ең алғашқы бағыт беретін әрине - ұстаз" деді бізбен әңгімесінде.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C