Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дидар

Дидар (64)

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:50

Азияның Еуропасы

| Автор: 

      Кешегі кедей ел - бүгінгі қуатты мемлекет. Тақыр жерге жұмақ ор­нат­қан, әлемдегі бақуатты тұрмыстағы адамдардың мекеніне айналған мемлекеттің бірі - Сингапур.

  "Алуан түрлі әлем" айдарының бүгінгі санында Азияның ауқатты елі, пайдалы қазбалары жоқ, әлемдегі ең таза, ең тығыз орналасқан мемлекет Сингапурға тоқталамыз.

  Географиялық ор­на­ла­суына келсек, Син­га­пур - экватордан 137 км солтүстікте, Малай­зия­ның оңтүстігінде, Индо­не­зияның солтүс­тігінде орналасқан мем­лекет. Сингапур сөзі ма­лай ті­лінен аударғанда "арыс­тан қала" деген ма­ғына бе­реді. 5 миллионнан аса халқы бар.

  1867 жылы Сингапур Ұлыбританияның отар елі болып келгендіктен, ағылшындар Сингапур­ды Қытайға баратын ма­ңызды жол ретінде мән берген. Сол себептен де бұл елді "әлемдік базар" ала­ңы деп те атайды. Үнді мен Тынық мұхи­ты­ның ұштасқан шека­ра­­сында Еуропа мен Азия, Австралияға ерсілі-қарсылы кемелер өтіп жататын теңіз жолының бойында орналасқан. Тоғыз жолдың тора­бын­да тұрған Сингапур Азия­­­дағы ең ықпалды әрі қуатты мемлекетке айналып үлгерді.

  Тарихтан тамыр тарт­сақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапо­ния­ны жеңіп алған ағыл­шын­­дар Малайзия мен Сингапурды 1945 жыл­дың қыркүйегіне дейін басып алып, үстемдік еткен. 1959 жылдан бері Сингапур Англияның құ­рамындағы өзін өзі басқару құқығына ие мемлекет болды. 1963 жылы Малайзия феде­ра­циясының құрамына кірді. 1965 жылы қай­шы­­лық туындап, өзінің тәуелсіздігін жариялады. Мұның себебі Синга­пурде қытайлар, үндіс­тер мен арабтар болған­дықтан проблемалы арал ретінде малайзиялықтар елге дербестік береді. Алайда, бүгінгі күні Ма­лай­зия бұл саясатына өкі­неді. Себебі Малай­зияға қарағанда Синга­пур­­дың даму қарқыны әл­деқайда қарыштап кетті.

Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 10:15

Тоқымдай жерде тоқсан миллион

| Автор: 

   

    Жұмыр жерді мекен еткен әр халықтың өз ұстанымдары мен тұмар етер байлықтары бар. "Алуан түрлі әлем" айдарының екінші санында біз еңбекқор халық, әлемдегі ең тығыз орналасқан мемлекеттің бірі - Вьетнам туралы ой қозғаймыз. Ұлтарақтай жерде ұлт болып ұйысып отырған вьетнамдықтар күні кешеге дейін соғыстың тауқыметін көрген ел ретінде экономикасын қайта түзуде тырмысып еңбек еткен халық екені жақсы таныс.

   Географиялық ау­мақ­та қарайтын болсақ, Вьетнам - Оңтүстік Шы­­ғыс Азияда ор­на­ласқан мемлекет. Тоқ­сан мил­лионға жуық хал­қы бар бұл елдің басым көп­шілігін жер­гі­лікті вьеттер, монг, таи, хмер, тхай сын­ды ұсақ ұлттар құрайды. Жерінің аумағы - 330 мың шаршы шақырым.

    Тарихтан белгілі, Вьетнам халқы кезінде соғыс пен аштықтың зар­­дабын тартқан. Оған се­беп бұл ел ІІ дүние­жүзілік соғыстан кейін фран­цуз­дармен 9 жыл, америк­а­лық­тармен 18 жыл со­ғысқан. Бір сү­йем жер үшін жан беріс­кен халық өз алдына дер­бес ел ре­тінде таны­лу­ды көздеп, тынымсыз тірлік етті. Алып мемле­кет­тердің қыспағында қалған вьет­намдықтар талай жылғы соғыс нәти­жесінде жеңіп шығып, өз ұлтын сақтап қалған. Бұл әрбір вьетнам­дық­тардың санасында сақ­талған кішігірім тарих.

Бейсенбі, 04 Мамыр 2017 11:26

Сахара төскейіндегі шаһар

| Автор: 

   

   Әрбір ұлт адамзат дамуына үлес қосады. Бүгінде жер бетінде 193 мемлекет бар. 3500 ұлт пен ұлыс бір планетада мекен етіп келеді. Әр мемлекеттің өз ішіне бүккен сырлары мен жұмбағы бар. Біз бүгіннен бастап "Алуан түрлі әлем" атты жаңа айдар ашып, жаһанға жайылған жұрттың өмір салтын оқырман қауымға баяндайтын боламыз. Ел жадында үнемі айтылатын, туристер жиі баратын мемлекеттердің өткені мен бүгінін таразылаймыз. Сонымен, алғашқы мемлекет - Біріккен Араб Әмірліктері. Елдің ресми астанасы - Абу-Даби болғанымен, туристер жиі табан тірейтін, әрі сауда орталығы саналатын Дубайға тоқталамыз.

    Географиялық тұр­ғы­дан қарайтын болсақ, Біріккен Араб Әмір­лік­те­рі Арабия түбегінің солтүстік-шығысында, яғ­ни Таяу Шығыста ор­наласқан мемлекет. Ка­тармен, Сауд Арабия­сы­мен, Оман сұлтана­ты­мен шектесіп жатыр. ХVI ғасырларда Пор­ту­галияның қарамағында, кейіннен Ұлыбрита­ния­ның боданы болған мемлекет бүгінде әлем­дегі ең ықпалды елдер­дің біріне айналды.

    Әдетте, Біріккен Араб Әмірліктері де­генде бай манапты араб­тар көзге елестейді. Алай­да, тарихтан қа­райтын болсақ, алға­шында арабтардың көп­шілігі балық аулаумен, інжу тастар терумен, түйе өсірумен күнелт­кен. Десе де, көптеген деректерде арабтар мұ­най арқылы ауқатты тұрмыс жасап жатыр де­ген түсінік қалып­тас­қан. Қазіргі статис­ти­калық өлшеммен сана­сақ, әмірлік астанасы Абу-Дабидегі әрбір 15-ші тұрғын - миллионер.

Жұма, 28 Сәуір 2017 11:25

Кім қайда отыр?

| Автор: 

      Жылт еткеннің бәрі жаңалық емес. Әйтсе де, бүгінде әлеуметтік желі көзге ілінгеннің бәрін салатын платформаға айналды. Қызық іздегендер де, қызыққа батқандар да "желіні жарып" жұлдыз болып жүр. Осыдан болар, белді блогерлердің өзі де қазіргі әлеуметтік желінің жағдайына алаңдайтын күйге келді. Себебі желіні қолданушылардың басым бөлігі ақпаратты пайдаланудың мүмкін­дік­терін толық меңгере алмай келеді. Жалпы, адамдардың әлеуметтік желіні қолдану мақсаттары әр­түр­лі. Қолдану деңгейіне талдау жасаған блогер Аршат Ораз желідегі жазармандарды үш үлкен топқа бөледі.

   Бірінші, байланыс. Олар маркетингтік, сараптамалық, зерттеу­лік немесе жай ғана дос-таныстармен хат-хабар алмасу үшін қолданады. Әлеуметтік желінің басты функцияларының бірі де осы.

  Екінші, ақпарат. Ақпаратты алу, бөлісу, тарату, жарнама жасау, құлақтандыру, хабарландыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, пікірталас жүргізу тұрғысын көз­дейтіндер бар. Әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген сайын мұның да маңызы артып келе жатыр. Өйткені, желілер түрлі мақсаттағы ақпараттарды қоғамға тез жеткізудің тиімді жолы. Бұған пайдалы да, арандату мақсатындағы ақпарат та кіреді.

  Үшінші, психология. Бұл адамның ішкі қажеттілігін, яғни эгоны қанағаттандырудың ең қолайлы әдісі. Қоғамда өз орнын таба алмай, ойларын ашық жеткізуге шамасы жетпей, тұйық күйінде қалыптасқан жандар үшін керемет құрал. Лайк жинау, пікір жазу, селфи жасау немесе құнды деп санайтын ойларын бөлісу арқылы ішкі эголарын қанағаттандырады. Оффлайн өмірде жасай алмағанын онлайнда жүзеге асырғысы келеді.

   Рас, интернетке тәуелділік, оның ішінде әлеуметтік желі адамды магниттей тартып, желімдей жабысты. Алуан түрлі ақпарат ішкі сүзгінің қажет екенін көзге ұрып тұр. Жақында АСТ Қазақстан компаниясы әлеуметтік желіде отыратын халықтың көрсеткіштеріне талдау жасапты. Дереккөзге сүйенсек, халықтың 70% әлеуметтік же­ліні қолданады. Салыстырмалы талдауға сүйенсек, желіден көз алмайтындар қалалардың көш басында Астана тұрғындарының 88%-ы, шым­кенттіктердің 61%-ы желіні пайдаланады.

  Қоғам шындығын көптеген ақын­дар өлең өзегіне айнал­ды­рып жүр. Онысын мына бір шу­мақ­тардан анық байқауымызға бо­лады: "Жүр­міз-ау жүзді білмей бір­ді біліп, Қа­зақтан шығып жа­тыр түрлі қылық". Шынында да со­лай. Өмірдегі өзекті мәселе­лер­ді өз сөзіне ақын былай өрбіте жө­нелген: "Қаймағы бұзыл­ма­ған қайран жастар, Қайда кетіп бара­ды мың құбылып". Мұхамед­жан Та­забековтің таза шындық айтып, көпті шулатқан өлең шумақта­ры­ның үзіндісі ғана бұл. "Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық" деп айт­қан ақын­ның сөзінің жаны бар. Соның ішінде жастардың жа­т қылық­тары, батыс мәде­ние­ті­не еліктеп, ерсі істерді дағ­ды етіп алуы - күн тәрті­бін­дегі бас­ты мә­селе. Ұлттың тұтқа­сын ұс­тай­тын азаматтар осы жастар болады болашақта. Бірақ, бүгінгі жастар мәдениеті болашақта қазақ­тың қазақылығына қауіп ту­ды­рып отырғандай көрінеді. Қара­пайым деп ойлап жүрген кішкентай дүниелер­дің өзі үлкен мәдени апат­тардың алғышарт­тары еместігіне кім кепіл? Мы­салға алып қараңызшы, суретке түсу әр адамның өз мәселесі екені рас, алайда, жартылай жа­ла­ңаш­танып, жігітпен қыз­­дың құшақ­та­сып түскен сурет­тері желіні кезіп жүр. Жарайды, оны қоз­ға­­май-ақ қоялық делік. Қылықты қыз­­­дарымыздың түрлі жан-жан­уар­лар бейнесіне еніп, суретке түсуі тіпті жиіркенішті дүние. Су­реттеп берейін. Қа­зақ­тың қара­па­йым әп-әдемі қызы, өзінің әлеу­меттік парақшасына кезекті рет суретін жүктеді. Қарап оты­рып таң қалдым, шекесіне доңыздың екі құлағын, мұры­нын өз мұрыны үстіне қойған, ең сора­қысы доңыздың қып-қызыл ті­лін ұзар­тың­­қырап өз тілінің ор­нына шы­ға­рып қойған. Ол өзіне әдемі көрініп тұр­ғандай көрінеді. Өзге суреттерін өзге жануарлар­дың тыныс алу, дәм сезу, есту мү­ше­лерін өзінікінің ор­нына қо­йып қойған. Төбеттердің де дәу­рені жүріп тұр. "Иттің баласы" деп қазақ кезінде тауып айтқан ба деп қала­мыз осы сынды суреттерге қарап отырып.

   Ұлттың ұранына айналып жүрген "Мен жастарға сенемін" деген жалынды өлең бар. Шы­нында да қаныңды қыздырып, жаныңа қанат бітіріп жіберерлік жігерлі сөз. Бұл өлең әр тармағы тамырыңмен қоса бүлкілдеп, жастардың тәрбие мен мақсатын айқындайтын қасиеті бар сөз құдіретінің көрінісі еді. Бірақ, бүгіндері аға буынның сеніміне селкеу түсіріп жүргендері жас­тардың ойына кіріп шықпайтын да секілді. Неге дейсіз бе? Бүгін­гі­нің жас­тары бұ­рын­ғының қа­ді­рі­не жете ал­май,  ессіз қы­лық­тарға жол бе­ріп, білген­де­рін жасауға шебер бо­лып ал­ды. "Кө­се­уі ұзын­ның қо­лы күй­мейді" деп, бірі көкелерінің кө­ме­­гімен көтере ал­майтын шоқ­парды беліне бай­лап жүрсе, енді бірі түтіннің бу­да­­ғы­нан айнала­сын­дағыларды көру­ден қалған. Бүгінде ессіздік­ке басы айналған жастар улы тү­тін­нің түр-түріне құмартып барады.

     Бір тал жанып біткен теме­кі­мен бір тағдырдың таусылып бара жатқанын, есті кетіретін ессіз­дер­дің ермегі есірткінің үлкен қауіп екенін, одан қалды шөл­мекке шүйліккен жастар бөтел­кенің ішінде қалғандай шыны ғұмыры шытынап жоқ болуға айналғанын сезбесе керек. Бұны­сын білмейді емес, біледі. Тек, қатері бірден білінбей, бір сәттік ләззат сый­ла­йтын түрлі зиянды заттар­ды жан­дарына серік еткен соқыр жастарға бәрі бидай болып тұр. Ол былай тұрсын, жығыл­ған­ға жұдырық болып еріккендерге тағы ермек табылды. Үрлегенде будақ-будақ қоюланып, темекі шегетіні де шеге алмайтыны да сәнге айналдырып алған қорқор қолдану біздің өлкеде дендеп дамып келеді. Қорқордан шық­қан түйдек-түйдек бұлттай түтін­дер қала жастарын қызықтырмай қоймағаны сөзсіз. Сондықтан болар, көңіл көтеру орындарына кіріп қалсаң болды, ғимараттың ішкі иісінен-ақ ол жақта қорқор сатылатынын оп-оңай аңғаруға болады.

     Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның барлық облыстарындағы қор­қор сататын түнгі кешен­дер­ді түгендесек, шашымыз­дың түгі жетпес. Ал, Сырдың бас қаласында "Дувай", "Sa­bor", "12/10", "Bai street", "Мая-­Мая", "Фэшн", "Heaven" сынды көңіл көтеру орталық­та­рының бәрінде қорқор да­йындап беретін мамандар та­была кетеді. Қалағаның бо­йынша тапсырыс беріп, жаны­ңызға жақын қорқор түрін ғимарат ішінде отырып пай­да­лана бересіз. Ол жердегі қор­қор түтіні ғимарат ішін толық тұмандандырып, қорқорды пайдаланбайтындарға да кері әсерін тигізеді.

   Тіл құндылығы биігінен аласармас үшін таң­ғы шықтай тұнық тазалығына кір жұғып кетпеуі тиіс. Ал, біз сөйлеу мәдениетіміз нағыз қазақтың қа­лып­ты тілі деп айта аламыз ба? "Қазақ бауырмал ха­лық" деп ұрандатқандар елдің ділі ғана емес, тілі де ба­уырмал болып бара жатқанын сезсе керек. Себебі "ті­ліміз түрлі неологизмдерді өзіне тез енгізсе, ар­хаизмдеріміз рухани езгінің астында ұмытылып қалып жатыр" де­сек жалған емес. Сөздік қорымызға еніп жатқан түрлі терминдер де қазақшаға аударылмай, бір­ден қолда­нысқа енуі де қазақ тілінің аясын бір­тіндеп тарылтып келе жатыр. Әдетте бұрынғымен са­лыстырып жата­мыз. Орыс тіліне иммунитеті бар кез­де, бір жағы тілге құрметі болар, өткен ғасыр басында бабаларымыз тілге жаңа орыс сөзі енетін болса, оны сол күйінде бү­гін­гідей сайрай жөнелмей, қазақшаға аударып, "тіл сындырып", қазақша нақышқа келтіріп қол­данған. Мысалы, "бәтеңке", "самаурын", "тәрел­ке", "кереует", "жәшік", "мәшік", "бөтелке" деу арқылы тіл тазалығын сақтауға тырысқан.

   Бүгінде тіліміздің бүлінуі белең алып, тіл шұбар­ла­нуына орыс тілі аз болғандай, жаргон сөздер де жа­ға­дан алып барады. Негізі, жаргон әлеуметтiк диалект болып саналады. "Айналымдарды ерекше лексика­мен және фразеологиямен, экспрессия­лы­лық­ты әңгi­ме аралық тiлден және сөз жасау құрал­дардың ерек­ше қолдануымен айырмашылықтары бо­лады, алайда мен­шiктi фонетикалық және грам­ма­ти­калық жүйеге ие болмайды" - деп, ғылыми түрде түс­і­ніктеме беріліп жүр. Бірақ, жаргон сөздер - жастар ара­сында ауызекі сөй­­леуде жиі тараған әдеби мән-ма­ғынасы жоқ үй­ле­­сімсіз сөздер. Кейбірі құлаққа түр­підей тиіп, кейбірі тіпті дөрекі естіледі. Қынжыл­тар­лығы, қазақ жастары жаргон қосып сөйлеуді сән қы­лып алған. Өздерінің тілінде айтқанда, жаргон қо­сып сөйлемесең "кол­хозсың", қосып сөйлесең, қазақ­тың қара сөзі ала шұ­бар­ланады. Бұл ғана емес, осы се­кілді сөздер барлық сала өкілдерін дендеп келеді. Нақтырақ болу үшін жаргон сөздерді мынадай топтарға бөліп қарас­тыр­дым. "Әскери жаргон", "Журналистiк жар­гон", "Ком­пью­тер сленгi", "Жастар сленгi", "Радио­әуесқой жар­гоны", "Сленг нашақор", "Футбол бұзақыларының сленгi", "Қыл­мыстық жаргон". Осылардың ең көп та­ралғаны және ең қауіптісі болып тұрған осы - жастар сленгi.

    Ертеден жаңару мен жасампаздықтың бастауы саналған, ырыс пен бере­кенің арқауы болған әз-Наурыз мерекесі жыл өт­кен сайын жанданып, жа­ңашылдықпен аталып өтілуде. Оған 22 наурыз күні Қызылорда қала­сының орталық алаңында өткен "Наурыз думан" мерекелік бағдарламасы дәлел. Аталмыш шара қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдас­ты­руымен кешкі 17:00-ден бастап ор­талыққа жиналған қа­уымның қуанышын есе­лей түсті. Жастар дом­быраның қоңыр дауысымен күм­бірлете күй тартып, әуе­лете ән салды. "Дом­быра думан­да" қошеметке бө­леніп, қанаттанған өнер­паздар осылайша ха­лықты қа­зақы үнмен сусындатты.

   - Қалалық жастар ре­сурстық орталығы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қала әкімінің қау­лысымен құрылды. Орта­лықтың негізгі мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жастар ара­сында мәдени көп­шілік шаралар ұйымдас­ты­ру, олардың жұмыспен қамтылуына, кәсіптік бі­лім алуына ықпалдасу. Сонымен қатар, жастар ұйымдарына жәрдемдесу де негізгі мақсаттың бірі. Ал, 22 наурыз мерекесіне орай кешкі мезгілде ор­талық алаңға келген жас­тар мен қонақтарға көңіл­ді кеш сыйлау үшін "Нау­рыз думан" атты мере­келік шара ұйымдас­ты­рып жатырмыз. Шара­ның негізгі мақсаты - жас­тардың Ұлыстың ұлы ме­рекесі Наурыз мейрамын сезінуіне ықпал жасау, осы мейрамды жастар арасында кеңінен наси­хаттау,- деді қалалық жастар ресурстық орталы­ғының директоры Жан­болат Досмаханов ұйым­дас­тырылып отырған ме­ре­келік бағдарлама тура­сындағы ойымен бөлісіп.

   Мұнан соң шара "Ба­уырсақ party" бөлімімен жалғасты. Жастар қауы­мы дәл осы сәтте қазан­ның астына от жағып, ма­йын қыздырып, қонақ­тарға ыстық бауырсақтан дәм татқызды. Жастар мен кешкілік орталық алаңға серуендеп шыққан отбасылар және қала қо­нақтары үшін мере­кенің ең қызықты бөлімі "Нау­рыз fest" болды. Мұнда жергілікті әншілер, рес­пуб­ликаға танылып жүр­ген жас өнерпаздар өнер көрсетті. Белгілі "Тұңғыш Астана" жайдарман ко­ман­дасының мүшесі Әлі­би Басаров кештің тізгінін ұстады. Кеш барысында көрермендерге интел­лектуалды сұрақтар қойы­лып, қызықты ойындар ойналды.

   Ал, "Әл-Фараби", "Қо­ға­лыкөл", "КГЭК" жайдарман командалары жиылған көпшілікті қа­ғытпа қалжыңдары, әдемі әзілдері арқылы күлдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сый­лады. Жергілікті әншілер мерекелік ән шашула­ры­мен барша жұртты би­летті. Шара соңында өткізілген кешке қатысты жастардың пікірін білмек болып әңгімеге тарттық. Барлығы дән риза.

   - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын биыл Қызылорда қаласында қарсы алып жатырмын. Орталық алаңда біз се­кілді жастардың уақытын мерекелік көңіл-күймен та­маша өткізу үшін жақсы шара ұйымдастыры­лып­ты. Жергілікті өнерпаз­дардың әні мен әзіліне қанық болдық. Сахнаға шыққан әрбір өнерпаз әнін жай орындап, бас иіп кетіп қалып жатқан жоқ. Жиналған халық­пен бірге байланыс жасап, ашық диалог құрып отырды. Шара осы жағынан ма­ған қатты ұнады. Күн бұлт­ты болса да, көңі­лі­міз көктем болып, енді мерекелік шарадан көңілді қайтып бара­мыз,- дейді қала қонағы Думан Әлжанов.

   Мейрам күні орта­лық алаңға келген қала тұрғындары мен қонақ­тары домбыраның сазды үніне құлақ түріп, ыстық бауырсақтан дәм татып, Наурыз думанның мере­келік шашуының куәсі болып тарқасты.

Майра БОЛАТОВА

   Қазірде атыс-шабыс кинолары, дабыра той, ән мен жыр, би кештері, ойын-сауық жастарға үйір болып барады. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргісі келетін жасөспірімдер жандарына жағатын дүниемен айналысқысы келеді. Қарны тоқ, көйлегі көк шақта ерігіп, ерсі қылықтарға барып та жатады кейбірі. Ал, алып ұшып жүретін, әзілдей алатын жастардың екінші бір тобы "Жайдарманды" жандарына серік қылған. Алайда үлкендер тарапынан сынға да ұшырап, мақ­тауға да ілігіп жүр бұл топтағылар. Сондықтан болар, мықтыларын ажыратып отыру үшін жарыстар өткізіп тұрады. Дегенмен, "Жайдарман" жастардың нағыз досына айналған. Ықыластары болғандығы жас­тар­дың сұранысында екенін де байқадық. Көрермені көп болған соң аяқтарын нық басып, сахналық қойылым­дарына шабытпен кіріседі.

   Әр топ өздері ойдан әзіл құрап, туындыларын халыққа ұсынады. Сондықтан да "Жайдарман" - шығармашылық жастардың ортасы. Осы күндері көрерменнің жастар әзіліне деген сұранысының өске­ніне қоса, әзілді қабылдау мәдениеті де қалыптасқан. Құр әзілдер, арзан күлкімен жеңіске жету бүгіндері қайталанар болса, көрермендер тарапынан үлкен сынға ұшырап отырады. Қазақ өзі қара сөзге келгенде қара жаяу халық емесі бесенеден белгілі, сөз саптағанда әңгі­менің түбін түсіріп, әзілді ауызекі сөйлеудің арасына сына етіп қағып, күлкіге қарқ қылып жатады.

   "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте". Бұл Қадір Мырза-әлінің ұрпағына нақыл еткен қанатты сөз­дерінің бірі. Өзге тілді үйрену тілін сатқандық емес, ке­рісінше, білім қақпасын ашқандығы емес пе?! Ендеше білім есігін айқара ашып һәм тіл әлеміне еркін аяқ басуға бізге не кедергі? Әрине, ешқандай кедергі алдымызда кесе-көлденеңнен жатқан жоқ. Керісінше, "оқимын, білім шыңына шығамын" деген адамға барлық жағдай жасалған. Тіпті, Елбасы тіл үйренуді алдымызға мақ­­сат етіп қойды, "Үш тұғырлы тіл" мәдени бағдар­ла­ма­­сын да енгізді. Мемлекет басшысы "Жаңа әлемдегі жа­ңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Қа­зақстан халқы бүкіл әлемдегі үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас ті­лі,  ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кі­­рігу тілі",- деген болатын. Осы сөздерден-ақ Елбасы­мыз­­дың алдына қойған мақсатының айқындығына көз жет­кізу қиын емес. Тағы айта кетерлік жайт, "Үш тұ­ғыр­лы тіл" мәдени бағдарламасы Президент Н.Назар­ба­­евтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама негізінде мектепте 2013-2014 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарға ағылшын пәні енгізілді. Оқу стандартына сәйкес аптасына 1-сыныптарға 1 сағат­тан, 2-4 сыныптарға 2 сағаттан бөлінген.

   Соңғы санақ бойынша Қазақстан халқының 93,5 па­­йызы өз ұлтының тілін ана тілі деп санайды. Ал, 74 па­­­йызы қазақ тілінде сөйлейді, жазады һәм түсінеді. Со­­нымен бірге 94,7 пайызы орыс тілін жетік игерсе, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Одан бөлек 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді игергендер қатары 95 пайызға жететініне кепілдік беріп отыр. Игі бастама өз жемісін көрсетуде.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C