Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дидар

Дидар (64)

   Қазақ халқында күнделікті тұ­ты­натын сәндік бұйымдарды, тұр­мысқа қажетті заттарды, түрлі ою­лармен өрнектелген сыйларды қол­өнершілер жасаған. Қазақ қол­өнерінде зергерлік бұйымдар, кесте тігу, құрақ құрау, өрмек тоқу, ағаш­тан және темірден бұйымдар жасау ерте кезеңнен бастау алып, кең да­мыған. Қазіргі кезде осы бұйым­дар­дың жасалуын дәл көрсете оты­рып, оның заманауи үлгіде кәде­сый ретінде ұсынуға бола­тынын оқу­шы­ларға технология сабағы ғана үйрете алады.

    Технология пәнінің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі - инте­гративті білім беру мүмкіндігі болып табылады. Технология пә­нін оқыту барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әде­биеті, Қазақстан тарихы, матема­тика, бейнелеу өнері, сызу, ин­фор­матика пәндерімен бірге пән­аралық байланыстар жүр­гі­зі­леді. Пәнаралық байланыстарды жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы пәнге деген қызығушылықтары, бел­сен­діліктері артады, оқушы­лар­дың эстетикалық қабылдаула­рын, шығармашылық ойын дамы­тады. Ой-өрісі кеңейіп, стиль үй­ле­сімділігін сезінуі қалып­та­сады.

   Тәрбиелік маңызы зор тех­нология пәні еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелейді және бала қиялдай білуге, өзгеше ше­шім қабылдауға дағдыланады. Пән оқушының қолөнердің кез кел­ген түріне қызығушылығын ояту арқылы қазақтың өнеріне баулиды, ерекше көркемдік тал­ғамға тәрбиелейді. Технология - қазақтың ұлттық құн­ды­лық­та­рын, яғни қазақтың қолөнерін, мә­дениетін, дәстүрін өз бойында сі­ңіріп, жанымен ата-бабасының тәлім-тәрбиесін, өнерін, өрке­ние­тін, шеберліктің қыр-сырын әрбір оқушыға сіңірте алатын өте маңызды пәндердің бірі.

   

    Балаға "жақсы нәрсені ойлап, армандап өссең, ол міндетті түрде орындалады" деп сендіріп, санасына сіңіретініміз рас. Әрине, мұның барлығы оның келешегіне жақсы әсер етіп, саналы ұрпақ қалыптас­тыру ниетінен туатыны анық. Деген­мен, баланың көңілі ғажа­йып­ты күтетіні де жасырын емес. Алға мақ­сат қойғаны, дұрыс дүниені арман­да­ғ­аны жақсы. Жаңа жыл басталып, газеттің жаңа нөмірін баспаға әзір­леп отырып, редакциямызға Елба­сы­­ның атына жолдаған хатын көзі­міз шалды. Бала көңіл басылым бе­тіне жарияласам, хаты Елбасының қо­лына жедел түседі деп сенсе ке­рек. Тіпті оның жауабын күтетінін де жеткізіпті. "Болам деген баланың бе­тінен қақпа, белін бу" деген қазақ да­налығы бар емес пе?! Алдына үлкен мақсат қойған Нұрайдың Нұрсұлтан атасына жолдаған хатын басылымға жариялауды біз де жөн көрдік.

ЕЛБАСЫНА ТІЛЕГІМ...

    Сәлеметсіз бе, Елбасы! Мен хат жол­даушы №39 "Қызылөзек" орта мектебінің 5 "А" сынып оқушысы Нұрай Асқармын. Мен - оқу үздігі­мін. Нұрсұлтан ата, мен сізге өмір­дегі бар жақсылықты тілеймін. Мен де келешекте сіз секілді Елбасы бо­луы армандаймын. Сіздің ұстан­ған саясатыңыз, алға қойған бағдарла­маңыз маған ұнайды. Сіздің білім алу жолында қойған "Болашақ" бағ­дарламасымен шетелде оқығым ке­леді. Денсаулық саласына, бала са­нын көбейтуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөліп жатқа­ны­ңыз қажырлы еңбеңіздің нәтижесі. ЭКСПО-2017 көрмесі ойдағыдай өтуіне тілектеспін. Елімізде дағда­рыс болмасын, жұмыссыздық азай­сын деп тілек білдіремін. Ауылға жас­­­тарды, жас мамандарды тарту, ауыл­ды көркейтуге назар аударуы­ңыз сіздің көрегенділігіңіз деп бі­лемін.

     Нұрсұлтан ата, ешқашан ауыр­ма­ңызшы. Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын биік ұстап тұру сіздің ғана қолыңыздан келеді. Елімде мәңгілік бейбітшілік орнаса екен! Нұрсұлтан ата, мен сізді жиі-жиі түсімде көре­мін. Ал, өңімде көрер болсам, бар жақ­сы тілегімді өзіңізге арнап, ауы­лыма шақырып, өзім білім алып жүр­­ген мектебіммен таныстырар едім.

    Мектебімізде бізге білімді ұстаз­дар сабақ береді. Алтын белгі ие­гер­­лері мектебіміздің мақтаныш­тары. Ата, міндетті түрле менің ауы­лыма келіңізші! Сізді төрге шыға­рып айран мен құрт ұсынар едім. Ме­нің де арманым Сіз секілді мық­ты азамат болу.

     Мен - еркін елдің, жас Қазақс­тан­ның болашағымын! Осы тілек­те­рім орындалса екен деп үнемі іш­тей тілеп жүрем. Әрине, орында­ла­ты­нына сенімдімін! Ата, мен сізден жауапты асыға күтемін!

Нұрай АСҚАР,

№39 "Қызылөзек" орта мектебінің

5 "А" сынып оқушысы

Қараөзек ауылы

     Қазақ даласының қай жеріне көз жү­гір­тіп қарасақ та, тарихы тереңнен сыр шер­теді. Әр аймақтың өзіне тән ерекше сипаты мен тарихи құндылығы тек сол өңірдің өзіне ғана жарасып тұрғандай. "Өткен тарихыңды білмей, келешекке дұ­рыс қадам баса алмайсың" деген әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің өзі кейінгі ұрпағын тарихты құрметтеуге шақырып кет­кен еді. Ра­сы­мен де, бүгінгі буын үл­кен­нен қалған өсиет­ке құлақ асып, асыл мұрасын сақтап қалуға, оның құндылығын зерттеп-зерделеуге құштар.

   Сырлы өзеннің бойында орналасқан Қызылорданың да тарихы тұлғаларымен жа­зылған. Елге белгілі көптеген ақын-жы­раулардың осы өңірден шығуымен "Сыр елі - жыр елі" атанып кеткен еді. Осынау Сыр сүлейлерінің қалыптастырып кеткен мәдениеті мен төл өнерін жаңа ұрпақ жаңғыртуды мақсат етеді. Сөзімізді дәлелмен жеткізер болсақ, қызылордалық әлеу­меттік желі­лерді қолданушы белсенді жастары өт­кен аптада "Сыр сүлейлері" аллеясында "Дом­быра-думан" кешін ұйымдастырды.

   - Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - Сыр елінен шыққан жыршылар мен термешілеріміздің туындыларын халыққа таныстыру. Осы арқылы "Сыр сүлейлері" аллеясын жаңғыртып, қаламыздағы кө­рікті демалыс орындарының біріне айналдыру. "Домбыра-думанды" осыған дейін қаламыздағы өзге демалыс орындарында, ха­лық көп жүретін аумақтарда бірнеше рет өткізген болатынбыз. Кейін неге осы "Сыр сү­лейлері" аллеясына қала тұрғындары мен қонақтарын тартып, демалыс орнын таныс­тырмасқа деген ойға келдік. Әрі көптеген тарихта өзіндік орны бар тұлғаларымызды және олардың өсиеттерін көпшілік қа­уымға насихаттағымыз келді,- дейді ұйымдас­тырушы жастардың бірі Фархад Абжаппаров.

   

     Сырдың аптап ыстығына шыдас бе­ру - қиынның қиыны. Шаңқай түсте ты­нымсыз тірлікті кәсіп ететін жұмыр бас­ты әрбір пенде кешқұрым жанға сая бо­латын демалыс орындарын іздейтіні анық. Жұмыстан қол үзіп, отбасымен бір­ге кешкі Қызылорданың келбетін та­машалау үшін қызылордалықтар ша­һар­дың шырайын келтіріп тұрған мәдени демалыс орындарына барып бой жа­зып қайтады. Талғамға тоқтау жоқ, бірі демалыс паркіне барып серуендейді, ендігі бірі орталық алаң маңына топтасады. Қызылорданың көрікті келбетін алыстан айшықтап, өзіне менмұндалап тартып тұратын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев атындағы саябағы да күн батысымен жайдары жұрттың жайлы демалыс орнына айналғаны қашан. Самал жел­дің аясында қос ғашық, бір-бірін қуалаған балғын балалар мен жас отбасылар саябаққа кеш қарайғанға дейін таза ауа­ны тыныстауға асығады. Расында, Ел­­басы атындағы саябақтың кешкі көрі­нісі тіптен бөлек. Аспалы шамдардан сәуле шашатын түрлі-түрлі түстері келген жанның көзін жаулайды. Таза ауасы, жасыл бағы, хош иісті гүлдері қы­­зылордалық тұрғындардың көңілін кө­теруге қызмет жасап тұрғандай әсер береді.

     Кешкі Қызылорданың көркін кел­тіріп, сырттан келген меймандардың назарын аударып тұрған Президент атын­дағы саябақты күтіп ұстап, оны гүлдендіру, көркейту жұмыстарымен "Зеленстрой" ЖШС айналысады. Таңнан кешке дейін саябақ басында гүл­дері суарып, аула маңын күл-қоқыстардан тазартып жүрген 40 маман осы саябақты қаз-қалпында ұстауға еңбек етіп келеді. Үш жылдан бері парк директоры қызметін атқарып келе жат­қан, қалалық мәслихат депутаты Әжібек Мампаев Тұңғыш Президент атын­дағы саябаққа келушілердің қатары жыл санап артып келе жатқанын жә­не демалыс орнын өз деңгейінде ұстап, баптауға мемлекеттен қомақты қара­жат­тар бөлініп жатқанын қаперге салды.

   Өткенге көз жіберсек, осыдан 8 жыл бұрын Сыр аймағына мемлекеттік сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың басты демалыс орнына айналған ҚР Тұңғыш Президенті саябағын салтанатты түрде ашып берген еді. Демалыс орнын салуға 264 млн. теңге қаржы жұмсалған. Содан бері, міне, Сыр елінің көрікті мекені бол­ған демалыс орны ел игілігі жолында қызмет етіп келеді.

    25 гектар жерді алып жатқан саябақта бұрындары 25 мың түп ағаш отыр­ғызылған, қазірде бұл 38 мың түп ағаш­қа жетіп, саябақ жасыл желекке айналды. Отырғызылған ағаштардың дені қылқанжапырақты, жеміс ағаштары мен теректер. Саябақтың директоры Әжібек Алғашбекұлының айтуына қарағанда, биылғы жылы демалыс нысанына 30 млн. теңге бө­лін­ген. Жауапты мекеме ретінде "Зеленстрой" ЖШС ма­ман­дары күн-түн демей көрікті жер­­ді кү­зетуде.

 

       Сырлы өзеннің жағасындағы қызыл шаһар күн өткен сайын ажары әрленіп, келбеті гүлденіп, көркейіп келеді. Жаңа демалыс орындары, сәні келіскен ғимараттар, биік бағаналы шамдар қаланы нұрландырып, әсемдігін айшықтап тұр. Соңғы жылдарда олардың қатарына түрлі архитектуралық формалардың орналастырылуы көпшілікті тамсандырып, таң қалдыруда. Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп, облыстың бас қаласында ұлттық нақыштағы оюларды өрнектейтін әсем гүлдер егіліп, жасыл желекті ағаштар отырғызылып жатыр.

    Қала тұрғындарының қуанышын еселеген қаламыздағы жаңа нысандардың бірі Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан. Қала орталығындағы "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің аумағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта абаттандырудың нәтижесінде мұндағы алаңда биыл мамырдың бірінен  заманауи талапқа сай жұмыс жасайтын субұрқақ іске қосылған-ды.

    Субұрқақтың сыртқы беті гранит тастармен қапталған. Жалпы ұзындығы 50 метрді құрайтын субұрқақтың өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Қаламыздағы бұған дейінгі болған субұрқақтарға ұқсамайды. Биіктігі 9 метрге жететін қашықтыққа су шашып, қас-қағым сәтте 70-ке жуық түске ауысатын жарықшамдармен көмкерілген және оның бойын ерекше сәулелендіріп тұрады. Талайлардың таңдасын тудырып, қиял ғажайып әлемге жетелеген бұл нысанның құрылысы облыстық бюджеттен қаржыландырылған. Ал, жауапкершілігі жоғары деңгейдегі осындай жаңа жобаны мердігер "Техоснастка-РемСервис" ЖШС жүзеге асырды.

    Қала халқының игілігі үшін жасалған жаңа тынығу орны бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әуелде мұнда тек осы аймаққа жақын тұратын тұрғындарды ғана кезіктіруге болатын. Ал, қазіргі күні қаланың шет аймақтарынан да келушілердің саны артып, "тұрақжайларға көліктер сыймай кететін күнге жеттік" деп қуа­ныштарын жасырмады. Тіпті, демалушылар оны "Биші субұрқақ" деп атап кеткен екен.

    - Осы демалыс орнын жасаған азаматтарға халыққа қалтқысыз қызмет етіп жатқандары үшін алғыс айтамыз. Сол кісілердің жұмысының нәтижесінде бір мезгіл отбасымызбен осында келіп демалуымызға мүмкіндік туғызып, жағдай жасап отыр. Енді, міне, күнделікті кешкі салқынмен осында балаларыммен келіп демалуды әдетке айналдырдым. Бұл демалыс орны мен үшін ұлттық бол­мысымыздың бір бөлшегі іспетті. Бір жағында үлкенді де, кішіні де дұрыс жолға шақыратын мешіт, екінші жағында адам жанына жайлылық сыйлайтын субұрқақ. Әртүрлі түске көмкеріліп, жарықтармен жарқырап су шашып тұрған субұрқақты көргенде бөлек әлемде жүргендей сезімді кешіремін,- дейді жергілікті тұрғын Нұргүл Нұрділдәқызы.

    Демалыс орнында бүгінде тек субұрқақ қана жұмыс жасамайды. Сонымен қатар, мұнда балалардың көңілін көтеріп, көңілді демалыстары үшін қызмет ететін түрлі аттракциондар да бар. Қала тұрғындарымен тілдесіп, пікірлерін білгенімізде көпшілігі оларға оң бағасын беріп жатты. Бірінің ата-анасы, енді бі­рінің жұбайы Алла үйіне құлшылық жасауға кіргенде, заманауи алаңқайда оларды күтіп, уақытын қызықты өткізуіне болатындығын жеткізді.

    - Субұрқақ іске қосылған кезден бастап анам және бауырларыммен мұнда тек түрлі түсті су шашқанын көру үшін келетінбіз. Ал, қазір бұл жер қалалық парктен кем емес. Жазғы демалысым қызықты өтіп жатыр деп толық айта аламын. Көрші мөлтек аудандарда тұратын өзіммен қатар көптеген достар таптым,- дейді қаламыздың жас тұрғыны Аяна Тынымбай.

    Расымен де бұл жерге келе қалсаң, парк дерсің. Баласының жүзінен тек қуанышты көріп, оларға көбірек уақыт бөлгісі келетін ата-аналардың мұнда қарасы қалың. Шылым мен шараптың, зиянды әдеттердің орын алмауын қадағалап отыратын тәртіп сақшылары да демалыс орнында қала халқының қуанышы үшін тыныштықты күзетіп жүргендігін байқадық.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

Дүйсенбі, 04 Шілде 2016 09:09

ҚЫЗ БАР ЖЕРДЕ – ҚАЛЫҢ МАЛ БАР

| Автор: 

      Күн сайынғы құбылмалы қаржы нарығы қалың малды да қармап алды. Сондықтан да болар ел арасында қыздың қалың малын бизнеске балап жүргендер көп. Алайда... Бүгінде «қыз бергеннің назы бар» деген мәтелдің мазмұны жаңарған секілді. Қыз бергеннің "қарызы" бар. Расында, қыз бергеннен, алған тиімді дейді той басқаратын асабалар. Ойланып қарасаңыз, асабаның айтар ойы орынды. Тек қазақ қана емес, әлем елдері де қалың малдың қадірін біледі. Тек салт-сана басқа, әдет бөлек. Біз ескере бермейтін жаһандағы жұмыр басты пенденің той-думандағы ерекшеліктерін мен қағидаларын назарға алып, тізбелеп көрдік.

 


Алма беріп, орамалды сыйға ал

     Қазақтар секілді түріктерде де құда түсу салтында қыздың келісім беруі жігіт үшін сынақ саналады. Сол себепті жігіт қыздың ойын білу үшін алма беріп жауап ретінде қыздың орамалын сыйға алады. Алайда екі жастың қосылуы тікелей әкенің қолында. Түріктер арасында қыз жағы іштей келіскенімен, әдеп сақтап, бірден келісе салмай, "қызым тым жас" дегенді желеу етеді. Жігіт жағы үш рет келгенде ғана келісіп, батасын береді. Ризалық белгісі ретінде жаңа құдаларға сый-сияпат көрсетіп, дастарханға палау, пахлава, шербет, бөрек қояды. Ас соңында қалың мал мәселесін шешіп, үйлеріне тарқасады. Ұзатылу тойына дейін жігіт қызға жүзік, сақина, орамал тағы да басқа сыйлықтар жібереді. Атастырылған қыз жігіттің жүзігін саусағына салып, "нишанлы", яғни некесі қиылған болып саналады. Ұзатылар алдында қалыңдықтың қол-аяғын бояп, қыз "хналы"атанады. Сол күні жігіт қалыңдығына айна мен тәтті тарту етеді. Тәттіні сыйлауы алдағы өмірі тәтті болсын дегені, ал айнаны ұсынуы қалыңдықтың қуаныштан нұрланған ақ дидары әрдайым сұлу қалпын сақтасын дегенді білдіреді.

 

70 адамға 5000 АҚШ доллары

   Жапония елінде тойға дайындық белгілеген күнге дейін алты ай бұрын басталады. Күйеу жігіттің әке-шешесі қалыңдықтың әкесінің алдынан өтіп, рұқсат сұрайды. Қалыңдық пен күйеу жігіт бір-біріне сақина кигізіп, екі жанұя өзара құдалық сый-кәдесін тарту етеді. Салт бойынша, күйеу қалыңдыққа бағасы 5 000 АҚШ долларынан аспайтын гауһар тастармен әшекейленген алтын сақина сыйлауы қажет. Ұзатылу тойдың басты ерекшелігі "кимано" болғандықтан оған аса қатты мән беріледі. Себебі кимоно Жапония елінің ұлттық киімі және оны арнайы тапсырыспен немесе сапалы дүкен сөрелерінен сатып алады. Үйленетін жастардың әрқайсысының кимоносы тойға кеткен шығынмен бірдей болуы мүмкін. 70 адамға арналған орта деңгейдегі той үшін қалыңдық ата-анасы 5000 АҚШ долларына дейін жұмсайды.

    Ал, финдік елді мекенде ұзатылатын қыз өз жасауларын ерекше жағдайда жияды: олар көше көшені аралап, адамдардан жасауға қосатын зат берулерін сұрайды. Ал, адамдар одан бас тартса, қыз оларды қалағанынша жазалауға құқылы.

 

Өміріңді гүлдей көркем етемін...

    Үнді елінің қыз ұзату тойы сан түрлі рәсімге толы. Тойға келген қонақтар күйеу жігітті күтіп, аяқ жуу рәсімін орындайды. Рәсім біткен соң, қайын атасы келінге "баджубанг" деп аталатын білезіктің 44 данасын сыйлайды. Ұзатылып жатқан қыз какос жемісін жарып, ақ орамал артында екі жас бір-біріне мәңгілікке бірге болуға уәделеседі. Тойға қызыл "сари" киіп, маңдайына бинди белгісін салады. Бинди белгісі қыз "некелі" деген ұғымды білдіреді. Үндістанда қасиетті дақыл түрі күріш болып саналғандықтан, қыз бен жігіт бір-бірінің басына кезек-кезек шашады. Бұл басымыздан несібе, ырыс кетпесін деген белгі.

    Әлемдік континентте өмір сүріп жатқан әлем халық­тарының салт-санасы заман ағымына сай жаңғырып отыратының мақалаға бекер арқау еткен жоқпыз. Қазірде қаракөз қазақ қыздары өз тойын батыстық не шығыстық стильде тойлап жатқанын көз көріп отыр. Дәстүрден дара бұзып, "жаңашылдық" жасаймыз деп ұлтымыздың ұлылығынан айырылып қалмайық.

Баян ЖЕТКЕРГЕН

Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 12:49

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ

| Автор: 

"Білім - инемен құдық қазғандай". Білім­нің көзі мектепте. Оны үйретуші ұлағатты ұстаздар. Ұстаздың мәртебесі білікті де білімді шәкірт тәрбиесіне байланысты. "Ұстаздық еткен жа­лық­пас, үйретуден балаға" деген тәм­сіл осыдан қалса керек.

Бала тәрбиесі - кез келген жанның қо­лынан келе бермейтін іс. Мен де ба­ла кезімнен қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін осы ұлық мамандықты игеруді арман еттім. Мектепте жүргенде ұстаздарымның үйреткенін ұғы­нып, олардың ақыл-кеңесін әркез тың­дап жүрдім.

Ал, білім ошағын тәмамдап, үлкен өмір­ге қадам басар тұста мен де мұға­лім болуға асықтым. Мақсатыма қол жеткізу жолында 80 жылға жуық тарихы бар, еліміздің түрлі салалары үшін кә­сіби білікті мамандар даярлайтын ір­гелі оқу орны - Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік университе­тінің қазақ тілі мен әдебиеті маман­ды­ғы бойынша біліктілікті игере бастадым.

Десе де, алған білімді тәжірибемен ұш­тастыру - аталмыш мамандықтың негізгі критерийі. Бітіруші курста педагогикалық іс-тәжірибеміз Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектепте өтті. Бұл мектеп - облыс орталығындағы білімді ұстаздарымен, оқу жүйесіндегі өзгешелігімен ерекшеленетін білім ошақтарының бірі.

Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, балаларға деген сүйіспеншілік т.б. қасиеттер. Шынында да балалармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша, нағыз мұғалім болу мүмкін еместігіне көз жет­кіздік. Педагогикалық практика кезінде мен коммуникативтік құзыреттілікті игер­­дім. Әр оқушымен жеке дара жұмыс жа­сап, тікелей ата-анамен байланысты нығайту, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдіс­те­рін меңгердім.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжіри­бе­сін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқы­ту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін түр­лі әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқу­шыларға ықпалын сабақ беру арқылы бақылайды. Осы орайда бізбен бірге пе­дагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жүр­ген студенттердің тәрбие жұмыстарымен та­нысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзіміздің әдіс­термен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап отырдық. Оқыту әдісі - ди­дак­­тиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттері анықталады. Оқыту үде­рісінің нәтижелі және сапалы болуы оқы­ту әдістемесінің тиімді шығармашы­лық­пен жүзеге асырылуы десек, ол мұ­ғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқа­р­уы негізінде жүзеге асырылады. "Педаго­гикалық технология" дегеніміз не? Бұл жөніндегі В.П.Беспалько өзінің "Слагаемое педтехнология" деген еңбегінде былай дейді: "Оқу - тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның жүзеге асу жобасы". Демек, технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал, Безрукова оны мо­дель­деу, жобалау, конструкциялау амал­да­рымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше на­зар аударып, ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөз­дік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге тү­сірудің жолдарынан іздене отырып, оның өнімді білім берудегі орнына тоқталады. Педагогикалық технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа және нәтижелі ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылатындығын ескере оты­рып, өз сабақтарымызда тиімді қолдандық. Біз оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлдік.

Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пән­нің өзіне тән әдістері шығады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұ­мыстарын мынадай әдіс-тәсілдер арқы­лы жүзеге асырдық: сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс т.б. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, бейне материалдар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтармен қатар, "кубизм" әдісі, кластермен жұмыс, INSERT әдісі, мағынаны тану, ой толғау, СТО, АКТ, т.б. әдіс-тәсілдер қол­данылды. Сондай-ақ заман талабына сай көптілді білім беру мақсатында, индивидтік тілдік білім, білік және дағдылар­ға, тілдік және сөйлеу іс-әрекетіне жинақтал­ған адамзаттың әлеуметтік мәнді тәжірибесінің бір фрагменті саналатын бірнеше тілді бір уақытта меңгеруі негі­зінде көптілді тұлға етіп қалыптастырудың мақсатты бағытталған үштағанды оқы­туды да сабақ барысында тасада қалдырмадық. Өзіміз қосымша оқып жүрген "Speak Englisһ" курсының пайдасы орасан зор болды.

Біз өз тәжірибемізде оқушылардың дербес ізденісі мен жаңа білімді өз белсен­діл­іктерімен игеру іс-әрекеттерін ұйым­дас­тыруға ерекше көңіл бөліп, қызық сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзін­дік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қол­данған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алатындығына көз жеткіздік.

Мектеп түлектерінің де білім ордаларымен қоштасатын сәттері де таяп қалды. Менің университетім әлемдік рейтингте Азия мемлекеттерінің 718 жоғары оқу орындары арасында 68-орнын, еліміздегі 21 жоғары оқу орындары арасында 4-орын­ды иеленген оқу орнымды мақтан тұта отырып, біз таңдаған мамандық иесі болуға шақырамыз.

Жазира БЕКМАҒАНБЕТОВА,

ҚМУ-дің 4-курс студенті

Ұялы телефон - ел игілігі, байла­ныс­­тың тиімділігі үшін ойлап та­был­ған. Ал, біз­дің қазекеңдер, жасы­ра­ты­ны жоқ, осы­нау алақанға сыйып ке­тетін қал­­та­фон­ды есін білмейтін жас ба­ла­лар­ға ермекке бе­ріп қояды. Оны ұста­ған бала алдымен ау­зына сала­ды, жа­лай­ды. Ал, оның іші-сыр­тын­да бала ден­саулығына зиян кел­ті­ретін заттар жетіп артылады.

 

Телефон, ең алдымен, байланыс, яғ­­ни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екені бел­гісіз, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефон­мен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта­фон­мен өткізеді. Мектеп оқу­шы­лары­ның көбі, оны сабақ үстінде пай­да­ланады: музыка тыңдайды, клип кө­реді, кейде сондағы әуенге еліктеп, ұй­қы­лы-ояу маужырап отырады. Ал, сергек отырғандарының өзі бір-біріне "хат" жазып, сабаққа тіпті көңіл бөл­мейді. Бұл әдет, өкінішке орай, үйге кел­ген соң да қайталана береді.

Page 5 of 5

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C