Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 12:35

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРМЕН ҚҰМЫРАНЫ БЕЗЕНДІРУ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сыныбы: 4

Пәні: Еңбекке баулу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға гео­ме­триялық фигуралармен құмыраны бе­зендіруді жасату, газеттерден күн­де­лік­ті тұрмыста қолданып жүрген ыдыс­тар­дың үлгісін жасату арқылы дизай­н­дық және көркемдік тұстарын көре бі­луге баулу.

Білімділік: "Бүгу", "бүктеу", "қайыру" ұғым­дарын ажырату, әртүрлі қағаз­дар­дың иілгіштігін анықтау. Акварель бояу­лар­мен жұмыс жасау дағдыларын қа­лып­тастыру. Аппликация   фонға қағаз­ды үйлестіріп, біріктіріп желімдеуді үй­рету. Газетпен жұмыс жасау тәсілде­рі­нің ерекшеліктерін түсіндіру және жап­сыр­малау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін арт­тыру, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану ар­қылы пәнге деген қызығушылығын, бел­сенділігін арттыру, шығармашылық ойды, оқушылардың эстетикалық қа­был­дауларын дамыту. Ой-өрісін ке­ңей­ту. Стиль үйлесімділігін сезінуді дамыту. Қол қимылының үйлесімін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштік пен ұқып­тылыққа тәрбиелеу; қиялдай білу­ге, өзгеше шешім қабылдауға ынталан­ды­ру. Қолөнердің осы түріне қызы­ғу­шы­лығын ояту. Қазақтың өнеріне қызы­ғу­шылығын тудыру. Көркемдік тал­ғам­ға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практи­ка­лық, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Тақтаны безендіру: Сабақтың тақы­ры­бы жазылған: "Геометриялық фигу­ра­лармен құмыраны безендіру".

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Мұғалім үшін: Көрсетуге арналған дайын бұйымдар. 3 мысал берілген. Оқу-көрнекі құралдарының жиын­ты­ғын (суреттер, үлестірме материалдар).

Оқушылар үшін: Шай қорабы, су­сын­нан босаған пластмасса бөтелке, қай­мақтан босаған пластмасса ыдысы, газет, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қыл­­қалам, сызғыш, қарандаш, өшір­гіш, қол сүртетін орамал, қатырма қағаз­дар, акварель бояулар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бей­­нелеу өнері, әдебиеттік оқу, ма­те­матика, дүниетану, дене шынықтыру.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу. Оқушылар, бәріміз сабақ­қа белсенділікпен қатысайық.

2.Оқушылар назарын алдағы жұ­мыс­қа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа дайын­ды­ғын, құрал-жабдықтарының түгел­дігін тексеру.

4. Қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ере­жесін қайталау.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Жұптасып тексеру әдісі арқылы ұйым­дастырылады. Дұрыс жауап бо­йын­ша бір-бірінің жұмыстарын тек­се­реді, бағалайды.

III.Жаңа сабақты даярлау.

Коллаж - негізге әртүрлі ұсақ мате­риал­дарды желімдеу арқылы жасалған көр­кем тәсіл. Ол француз тілінен ау­дар­ғанда "ұсақ материалдарды желімдеу" де­ген мағынасын білдіреді. Коллаж тех­ни­касы сәндік қолданбалы өнердің эс­киз­деу түрінде сәтті қолдануда. Бей­не­леу жазықтығына түрлі материалдар мен қа­ғаз түрлері жапсырылады. Әдетте, бұл қағаздың әркелкі түрлері, мысалы: бір не­­гізгі түске боялған қағаз немесе полиг­рафтық әдіспен жасалған яғни, газет­тен жасалған қағаз қиындылары.

Әртүрлі геометриялық фигураларды (төрт­бұрыш, үшбұрыш, шеңбер, түзу және сынық сызықтар) түрлі-түсті қағаз­дан әр алуан көлемде қиып алып, шай қо­рабы, сусыннан босаған пластмасса бө­телке, қаймақтан босаған пластмасса ыды­сын безендіреміз. Газет кесіндісін алып, бүктегіш арқылы қолданып, жұ­мыс істейміз. Жұмсалған күшті алып тас­та­ғаннан кейін материалдың пішінін сақ­тау қабілеті иілгіштік деп аталады. Біз бүгін газеттен кесінділерінен "бүгу", "бүк­теу", "қайыру" технологиясын мең­гереміз.

Бұл сабақтың негізгі ерекшелігі қол­же­тімді материалдармен жұмыс істеудің жа­ңа тәсілдерін ұсынамыз: шай қорабы, сусыннан босаған пластмасса бөтелке, қай­мақтан босаған пластмасса ыдысы. Материалдарды дайындауға байла­ныс­ты тақырыптар оқушылардың қажетсіз материалдарды кәдеге жарату арқылы қор­шаған ортаны қорғауға жәрдем­де­се­ді. Ұсынылған жұмыстар шығарма­шы­лық ізденісті, қиялды дамыту негізінде өз бетінше орындалады. Әр жаңа та­қырып сайын жасалу жолдары бір-бірі­нен ерекшеленіп, күрделене түседі. Төр­тін­ші сыныптар үшін жаңалық - кол­лаж тәсілімен танысу.

IV.Сарамандық жұмыс. Мұғалім қауіп­сіздік ережесін еске түсіреді.

Үлестірмелі материалға оқушы­лар­дың назарларын аударып, жұмыстың ре­тін түсіндіреді. Жабыстыру тәсілдерін тү­сін­діріп, үлгісін көрсетеді. Бұйым жа­сауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.

"Газетті бүктейміз.

"Газетті бүгеміз.

"Орап желімдейміз.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Шай қорабын, сусыннан босаған плас­тмасса бөтелкені, қаймақтан боса­ған пластмасса ыдыстын бір қабат газет қиындысының түзу және сынық сы­зықтарды спираль бойынша айналдыра желімдейміз.

2. Шай қорабына, сусыннан босаған пластмасса бөтелкеге, қай­мақтан босаған пластмасса ыды­сы­на газетті желімдеп болғаннан ке­йін, акварель бояуымен алуан түрлі гео­метриялық түзу сызықтар су­ретін салып безендіреміз.

3. Сәндік безендіру.

 Бұйымдарды сурет, нобай тү­рінде безендіреміз. (Ою-өрнек, жа­пырақ, гүл, жұлдыз).

Негізгі түсті таңдап, композиция құрыңыз.

ПВА желімін пайдаланып, компози­ция­ны газетке жапсырыңыз.

4. Бұйымдардың үстінен аппликация (ою-өрнек, жапырақ, гүл, жұлдыз) түрлі-түсті қағаздан әртүрлі көлемде өлшеп белгілейміз, оларды қиып аламыз және дереу желімдей бастамыз.

5. Дайын бұйымдар.

V.Қорытынды жасау, атқарылған жұмысты бекіту.

Сабақ аяқталғанда оқушылар жасал­ған бұйымдардың бәрінен көрме жасау керек және бұйымның мақсатқа сәйкес пішіні мен өлшемін, оны безендіру нұс­қау­ларын талқылауға қайта оралу қажет. Сонымен қатар ортақ стильмен бі­рік­тірілген заттар жиынтығы дайын­да­ла­ты­нын естеріне түсіреді.

Қандай геометриялық фигура­ларды біле­сіңдер? (Шеңбер, үшбұрыш, бес­бұрыш, төртбұрыш, түзу және сынық сы­зықтар т.б.).

Геометриялық фигуралармен тағы нені безендіруге болады? (Шыны бөтел­ке, қобдиша т.б.).

Сендер бүгінгі сабақта қандай тех­но­ло­гиямен таныстыңдар? (Біз бүгін газет кесінділерінен "бүгу", "бүктеу", "қайыру" технологиясымен таныстық).

Жаңа жұмыстың қандай ерекшелігі бар? (Бұйым жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз. Газетті бүк­тейміз. Газетті бүгеміз. Спираль бойынша айналдыра желімдейміз). 

VI.Үйге тапсырма.

1.Суретке қарап отырып, құмыраны безендір.

2.Геометриялық фигуралармен басқа ыдыстарды әшекейле.

VII. Бағалау.

Сабақ тапсырмасын орындаудың дұрыс­тығы тексеріліп баға қойылады.

Сабақтың тақырыбы "Геометриялық фи­гуралармен құмыраны безендіру". Жұмыс кезінде оқушылардың оқулықта ұсы­нылған тапсырмалармен жеке шы­ғар­машылық қабілетінің дамуына көңіл бөлінеді. Бұйымды құрас­ты­руға, шеберлікке үйретуге, сән­деуге және өндіріске қажетсіз заттар мен мате­риал­дарды пайдалануға сеп­ті­гін тигізер әдіс-тәсілдер енгізілген.

Сонымен бірге, әртүрлі еңбек түр­ле­рі­нен жан-жақты мағлұмат алып, оларды іс­керлікпен жасай білуге тәрбиелейді.

Тақырып бойынша акварельмен сурет салу барысында заттың пропорциясын, көлемін, кеңістіктегі орнын, түр-түсін нақ­ты бейнелеу дағдылары жетіліп, бекітіледі.

Қызылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы Дихамбаеваның пікіріне назар аударайық:

"Сурет салу кезінде балалардың көр­кем­дік талғамын жетілдіру маңызды. Се­бебі, берілген сурет мазмұнымен танысу арқылы олар әдемі құбылыстарды тама­ша­­лайды және оған тамсанады. Соның әсе­­рінен қоршаған ортадағы әсемдік пен әде­мілікті сезінуге мүмкіндік алады. Бояу түс­­терін үйлесімділікпен таңдай білу іс­кер­­ліктері дамиды".

Бұл сабақта оқушылар қазақ ұлттық өне­­ріне қызығушылықтарын дамыту, ұлт­тық ою-өрнектің түрлерімен танысу және оған түсіретін оюдың жасалу жол­дарын үйренеді.

Жаңа сабақтың тапсырмаларының басым бөлігі бұйымды дайындауға шы­ғар­­машылық тұрғыдан баста­ма­шыл­дық­қа, тапқырлық көрсете білуге қалып­тас­тырады.

Баян БАЙМБЕТОВА,

№136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейінің

 технология пәнінің мұғалімі

Қызылорда қаласы

Оқылды: 1906 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 12:43

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C