Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 12:43

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СҰРАҚ ҚОЮ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жалпы мақсат: Мұғалімдерге сабақ ба­ры­сында зерттеушілік әңгіменің тиімді тәсіл екенін түсіндіру, сұрақтың түрлерін тиімді қолдануға және зерттеушілік әң­гімені ұтымды пайдалануды үйрету.

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұс­қаулық. Үлестірмелі материал. П.Дадли "Оқыту мен оқудың белсенді әдістері".

Оқу нәтижесі: Мұғалімдер оқыту мен оқу­дағы әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады. Сабақтың кезеңдеріне бай­ла­ныс­ты сұрақтардың мазмұнын түрлендіріп тиім­ді қоюды, қолдануды және жаңа әдіс-тәсілдерді сабаққа еңгізуді үйренеді.

Ресурстар: А4 парақтары, стикерлер, маркерлер, "Түймедақ" суреті, тақы­рып­тық суреттер, тапсырма жазылған па­рақтар, слайдттар.

Оқыту әдістері: "Блум түймедағы" топ­тық жұмыс, "Ашық сұрақтар" бейне­жаз­басы, таныстырылым арқылы жұмыс, ашық сұрақтар, "Екі жұлдыз, бір тілек" өза­ра бағалау, өзін-өзі бағалау.

Негізгі жұмыстар.

Мұғалімдерге психологиялық жағым­ды ахуал туғызу.

1.Мұғалімдерді ортаға шақырып, екі қатарға бөліп, бірінші қатардағылар оң қо­лын, екінші қатардағылар сол қолын кө­те­ріп алақандарын жұптасып ұстап тұрады.

Коучингке қатысушылар жұптасып, екі қатарға колдарын көтеріп ұстап тұ­рады, қатардың ішінен бір адам жүріп өтеді, сол кезде қатарда тұрғандар оның құ­лағына жағымды сөздерді арнап ай­тады, барлығы жүріп болғанша жалғас­тырады.

Мұғалімдер жақсы сөздер естігенде, қатарласып бірге тұрғанда бір команда болып сезінгендерін айтады.

Топқа бірігу.

Мұғалімдерге "М", "Қ", "Ж" бас әріп­тер­­ден басталатын сөздерді таратамын. Сөздерге қарап, белгілі бір шарт бойынша топтарға бірігуін сұраймын.

Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып, "Бас әріппен басталатын сөздер" арқылы топқа бірігеді. Тапсырманы орындау барысында мұғалімдер ойланады.

Негізгі бөлім.

1.Ортаға рөльдерді ойнайтын екі мұғалімді шақырамын. Біреуіне курортқа келіп, бассейн жанында демалыстасыз деп түсіндіремін, екінші мұғалімге әңгіме айтып демалыстағы адамды ресторанға шақыруыңыз керек.

Сұрақтар қоямын: не көрдіңіздер? нені байқадыңыздар? Ресторанға шақырушы не істеді, қалай болды?

1."Курорттағы бассейн басындағы әң­гіме" рольдік ойыны арқылы екі мұғалім әңгімелеседі, бір-біріне сұрақ қояды, қа­рым-қатынасқа түседі, еліктеушілікті, се­зімдерді байқайды, осы көрілген жағ­дай бойынша топтар кезектесіп пікір­лерін айтады.

2.Ой қозғау үшін үш топқа әңгіме, де­бат сөздері беріледі. А-4 қағазына әр мұ­ғ­алім осы сөздерді сипаттайтын сөз­дерді жа­зады, жұптасып тиімді және тиім­­сіз жақ­тарын ажыратады, топ болып себеп­терін дәлелдейді.

3."Тауарға жарнама жасау", "Банан ту­­ралы әңгіме" рольдік ойындарды түсін­діремін. Мұғалімдер білетін ақпарат­та­ры­мен бөліседі, идеялар тудырады, сұрақтар қоя­ды, әңгіме тыңдаудың тиімділігіне байланысты әр топ түйін жасайды.

4."Сұрақтар түймедағы" тәсілі ар­қылы топ­­тық жұмыс орындалады. Топтарға ерін далабы, емізік, аяқ киім, балаларға ар­налған үшкіл жаялық салынған су­рет­тер беріледі. Осы суреттерге байланысты топтар түймедаққа 6 түрлі сұрақты құ­растырады. Орындалған топтық жұмыс­ты қорғайтын болады. Мұғалімдер са­бақ­тың әр кезеңінде сұрақ қою маңызды­лы­ғына назар салады, сұрақты қою тех­ни­­касымен танысады, сұрақтардың түр­ле­рін ажыратады. Мұғалімдер сұрақ қою техникасында бастама - жауап - кейінгі әрекет, түрткі болу, сынақтан өткізу, қай­та бағыттау болатынын түсінеді, тәжіри­бесіне енгізеді.

Талдау, жинақтау.

5.Тәжірибе ретінде "Ашық сұрақтар" бейнежазбасы көрсетіледі.

Не көрдік? Сұрақтар қалай қойылды? Әң­гіме қалай жүрді? Таныстырылым "Блум түймедағы".

Мұғалімдер ашық сұрақтарды қою техникасына назар аударады, оқушы­лар­ды қызықтыру үшін өздері ойланып, жа­уап іздеуге ұмтылдыру мақсатында сұ­рақ­тарды орнымен қолданады.

Қорытындылау.

Бағалау.

Кері байланыс.

6."Бүгінгі коучинг Сізге ұнады ма?", "Коу­чинг не туралы болды?" деген сұрақ­тар қойылады.

Мұғалімдер өткізілген коучинг тура­лы пікірлерін айтады, стикерге жазады.

Несибели КУСАИНОВА,

№2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директорының

бейіндік ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі пәнінің мұғалімі

Арал ауданы

Оқылды: 2941 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 12:49

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C