Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 13 Мамыр 2016 11:32

ХИМИЯНЫҢ ӨНДІРІС ПЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

         Сабақтың мақсаты:

      Білімділік: Химияның тір­ші­лік үшін маңызы, хи­миялық зат­тардың адам ден­саулығына әсері, гигие­на­лық және косме­ти­калық хи­миялық заттар жай­­­лы, хи­миялық экология жә­не хи­мия­ны дамытудағы қа­зақ­стан­дық ғалымдардың ең­бек­тері жайлы түсінік беру, бі­лім алушылардың алған білім­­де­ріне сүйене отырып баяндау.

     Дамытушылық: Білім алу­­шы­­лардың ой-өрісін же­тілдіру жә­не тақырыптың ғы­лымилы­ғын дәлелдеу арқылы мазмұ­нын ашу.

       Тәрбиелік: Білім алушы­лар­ды Отансүйгіштікке, пат­­рио­тизм­ге, отандық өнім­­дерді жар­на­малау арқы­лы сұраныста тұ­ты­нуға ша­қыру, ұжымдыққа, өзара тү­сіністікке, сыйлас­тық­қа тәр­биелеу.

        Сабақтың әдісі: Сөздік, иллюс­тративтік, пробле­малық оқыту әдісі.

        Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

        Сабақтың типі: Аралас са­бақ, компьютерлік техно­логия.

    Көрнекілігі: Тұрмыста қол­­да­нылатын химиялық өнімдер көр­месі (ацетон, бояу­лар, же­лім, сірке қыш­қылы, жасанды уыл­­дырық­тар, жасанды су­сын­дар, пар­фюмерлік, косме­ти­калық заттар, темекі, дәрі-дәрмек­тер), "Темекі түтінінің орга­низмге тигізетін зар­дап­та­ры", электронды оқулық, Б.А.Жұба­­нов, Е.Е.Ерғожин порт­реттері, слайд, интер­бел­сенді тақта.

       Пәнаралық байланыс: Био­ло­гия, медицина, тарих, геог­ра­фия, экология.

       Сабақтың барысы:    

       Ұйымдастыру:

       Үй тапсырмасын сұрау.

       Материя қозғалысының хи­мия­лық формасы;

1.        Көзқарасты қалыптас­ты­ру­дағы рөлі;

2.        Қоғамда адамдардың әл-ау­қатын арттыруда химия­ның тигізер пайдасы.

      Жаңа материалды баяндау: "Химияның  өндірістегі, ша­руа­­шы­лықтағы және күн­делікті өмірдегі маңызы"

      1.Химияның тіршілік үшін маңызы:

      А)Тарихқа үңілсек: Адам­зат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын табиғи шикі­зат­тарды мұқ­та­жына сай өң­деп, қажетіне пай­далана біл­ген.

       Ә)Химиясыз ғылыми-тех­ни­ка­лық прогресс болуы мүм­кін бе?

      Химияның және химия өнер­­кә­сібінің өркендеуі шар­уа­шы­лық­тың барлық сала­ла­рының дамуына, жалпы ҒТП-тің же­дел­­деуіне әсер етеді. Химия жә­не оның жетіс­тік­тері егеменді елі­міздің эконо­ми­касы мен мә­дениетінің өсуіне, халықтың әл-ауқаты­ның артуына ықпал етеді. Хи­мия­сыз ҒТП болуы да мүмкін емес. Машина және аспап жа­сау сияқты өндіріс салаларына химиялық конструкциялық ма­­териалдар қандай қажет бол­са, қара және түсті метал­дар­ды, құй­маларды, ағашты, шы­ны­ны ал­мас­тыратын берік, ыс­тыққа тө­зім­ді, оптикалық мөл­дір, электр­­о­қшаулағыш, жемі­ріл­мейтін, қасиеттері бар поли­мерлер сондай қажет.

...химиясыз жасанды жер серік­тері, зымырандар, плане­та­ара­лық станциялар болмас еді. Сон­дай-ақ, адам жер тұң­ғиығына үңі­ліп, теңіз бен мұ­хит терең­дік­те­рін зерттей ал­маған болар еді.

     Б)Биотехнология жетіс­тік­тері: Соңғы кезде биотехно­ло­гиялық әдіс­терді пайдаланып, микро­био­ло­гиялық синтездер көмегімен та­ғамдық мақсатқа пай­да­ла­на­тын өнімдер өндіру ісі дамып ке­леді. Биотехно­ло­гия­лық әдіспен қа­зіргі күні қара уылдырық, ал­бырт еті, сор­палар, мармелад­тар­дың әр­түрлі сортын, шырын­дар­ды алып, көпшілікке ұсынып үлгерді.

   В)Тұрмыста қолданылатын хи­миялық препараттар мен дәрі-дәрмектер: оларды қол­да­нылу сипатына қарай былайша топ­тас­ты­руға болады: жуғыш заттар, та­зар­т­ушы, зарарсыз­дан­дырушы зат­­тар, жиһаз бен еденді сүртуге, пестицидтер, ағар­тушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі бояу­лар мен лактар, т.б.

   2.Химиялық экология. Өн­ді­ріс тарапынан болатын зардап­тар­ды 3 топқа бөлуге болады: эко­но­микалық - бұл ластаушы қал­дық­тардың әсе­рі­нен ауыл­ша­­руа­шы­лық өнім­де­рінің аза­юы; әлеу­мет­тік - тұрғындар ден­сау­­лы­ғы­ның на­шарлауы, ем­деу­ге жұм­са­­латын қосымша қар­жылар мен зақымдалған ай­мақ­тардан ха­лықты көшіруге жұм­са­латын шығындар; моральдық  - өн­ді­ріс­тің қолайсыздық туды­ра­тын са­нитариялық-гигие­на­лық жағ­дай­ларына байла­ныс­ты маман­ның тұрақтамауы және т.б.

      3.Химиялық заттардың адам ден­саулығына әсері. Те­мекі түті­ні­нің организмге ти­гізетін зар­даптары.

    4.Гигиеналық және косме­ти­калық химиялық заттар (ги­гиена - "денсаулықты ны­ғай­татын", кос­метика - "өзіңді әдемілейтін өнер").

    А)Шашты, тісті күтуге ар­нал­ған заттар: Ағартқыш зат­тардан каль­ций карбонаты СаСО3, каль­ций фосфаттары СаНРО4,­Са3(РО4)2, Са2Р2О7 және поли­мер­лік натрий метафосфаты (Nа­РО3)n қолданылады, т.б.

       Ә)Дезодоранттар және жа­ғым­сыз иісті болдырмайтын заттар.

      5.Химияны дамытудағы қазақ­стандық ғалымдардың үлестері: Қазақстанда ең алғаш 1945 жылы ашылған - химия ғылымдары институты. Оның ди­ректоры атақты химик-ға­лым, академик Ә.Б.Бектұров бол­ды. 1940 жылы академик С.Р.Рафи­ков талшық түзетін поли­амидтерді синтездеді. Поли­мер химиясының дамуы­на өзін­дік үлес қосқан ғалым­дар қата­рына Б.А.Жұбанов, Е.Ерғожин, Е.Шай­хут­ди­нов, т.б. атауға болады.

     Т.Қ.Шомбалов пен М.Го­ряев елімізде табиғи өсімдіктер хи­мия­сы­ның негізін салды. Г.Бура­шева мен Ж.Ә.Әбілов түйе жантағынан Алхидин негі­зінде қабынуға, ісік­ке, күйікке қарсы қолда­ны­ла­тын дәрі­лік препараттар син­тездеп, өнді­ріске енгізген.

      Бекіту сұрақтары:

     1.Қазақстанда органикалық хи­мияны дамытуға өз үлес­те­рін қосқан ғалымдарды атаң­дар.

     2.Адамзаттың ғаламдық қа­жеттіліктері қандай?

     3.Химияның моральдық зар­дап­т­ары неден туындайды?

     4.Қазақстанда органикалық химияның қандай саласы жоғары дәрежеде дамып келеді?

     Қорытынды: Өскелең ұрпақ­тың ендігі  міндеті - егеменді елі­міз­ді дамытуға, химия ғылымы­ның деңгейін арттыруға бар күш-жігерлерін жұмсап, алдыңғы буын ағалар ісін жалғастырады.

     Білім алушылардың білімін бағалау.

     Үйге тапсырма.

Ұлжан ЕСПАНОВА,

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің  биология және химия пәнінің мұғалімі

Оқылды: 3140 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 13 Мамыр 2016 11:42

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C