Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 25 Мамыр 2016 12:34

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МАЛ ЖӘНЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сабақтың мақсаты:

а) Білім алушыларға қазақтың дәстүрлі мал және егін шаруашылығының қай жер­лерде, қай ғасырдан бастап дамы­ған­ды­ғы, мал шаруашылығы мен егін шаруа­шы­лығының түрлері, егілетін дақыл түр­ле­рі, егіншілік құрал түрлері туралы жал­пы мәлімет беру.

ә) Білім алушылардың сабаққа деген қы­­зы­ғушылығын, ой-өрісін, есте сақтау қабі­леттерін дамыту.

б) Білім алушыларды адамгершілікке, иман­дылыққа, Отансүйгіштікке, еңбек­сүй­­­гіштікке, заман талабына сай жауап­кер­­шілікке бәсекеге қабілетті патриотты азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тірек сыз­ба топтастыру аймағы, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география, биология.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақ.

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылы­ғы­ның түп-тамыры сонау қола дәуірінен бас­тап пайда болып, темір дәуірі кезінде қа­лыптасып, орта ғасырда әбден орнық­қа­нын білеміз. Дәстүрлі мал шаруашы­лы­ғы ХVІІ ғасыры мен ХVІІІ ғасырдың ба­сы­да қатты күйзеліске ұшырады. Жоң­ғар шапқыншылығы салдарынан қазақ­тың көп тайпалары жерінен ауды, малы­нан айрылды. Дегенмен, ХІХ ғасырда мал ша­руашылығы біршама бұрынғы қал­пы­на келді. ХІХ ғасырдағы мал шаруашы­лы­ғы көшпелі, жартылай көшпелі және оты­рықшы болып үш түрге бөлінді. 1868 жыл­ғы патша өкіметінің әкімшілік рефор­ма­сынан кейін қазақтардың отырық­шы­лық­қа қарай ауысуы күшейді, егіншілік пен мал шаруашылығының үлес салмағы арт­ты. ХІХ ғасырдың соңында көшпелі мал шаруашылығы біршама сақталды. Ал, Қазақстанның көпшілік аймақта­рын­да жартылай көшпелі мал шаруа­шы­лық­та­ры қалыптасты.

Қазақтар қой, жылқы, сиыр, ешкі, тү­йе өсірді. Түліктердің ішінде қазақтың тұр­мысында қой малы маңызды орын ал­ды. Қойдың еті мен сүті қорек, жүні мен те­рісі киім, үй тұрмысы заттарына пайда­лан­ды. Қазақтар қылшық жүнді, құрық­ты қой өсірді.

ХХ ғасырдың басында Солтүстік Қазақс­танда - сібірлік биязы жүнді қой, Қы­зыл­құмда қаракөл қойы өсіріле бас­тады.

Қазақ халқының мал шаруашы­лы­ғын­да жылқы малының алатын орны ерек­ше. Қазақ жылқысының тұрқы ала­са, кеудесі ауқымды, жүні ұзын, тарпақ тұқымдас жылқы болды. Ол мініске шы­дам­ды, тебіндеп жайылуға қалыптасқан, аса күй талғамайды.

 

Қазақ өсірген енді бір түлік - түйе. Оның екі түрі бар. Бір өкешті-нар, екі өр­кеш­ті- айыр. Дегенмен қазақтар екі өр­кешті айыр түйені көбірек өсірді. Оның жү­ні қалың, суыққа төзімді келеді.

Сиыр малы мен түйе қазақ тіршілі­гін­де маңызды орын алды. Екеуінің де еті, сүті тамаққа, терісі, жүні шаруашылыққа пай­даланылды.

Қазақ ешкіні аз ұстады. Ешкі негі­зі­нен отырықшы не жартылай көшпелі ша­р­уа­шылықтарда ғана өсірілді.

Қазақ жерінде ертеде-ақ суармалы егін­шілік дамыған. Оның екі түрі болған. Бірі көктемгі таситын өзендердің жаға­сын­дағы жайылмалар құрғаған соң, сол жер­ге егін егу түрі. Мұны егіншіліктің қа­йырлы түрі деп атайды.

Егіндікте өз бетімен арық, тоған ар­қы­лы ағып келетін суландыру жүйесімен қоса, суды биіктеу жерде орналасқан атыз­да көтеру арқылы суландыру әдісі болды. Оң­түстік өңірде кең тараған су көтергіш құрал шығыр болды. Шығырмен суару Сыр­дың бойында, Торғай, Ырғыз, Кеңгір, Са­рысу, Нұра өзендерінде, Қорғалжың кө­лінде, Алакөл өзендерінде пайда­ла­нылды.

ХІХ ғасырдың соңында қазақтар өсір­ген негізгі дақылдар - бидай, тары, арпа, сұлы, күріш, жүгері болды. Тек Шымкент жә­не Перовск уездерінде мақта, ал Вер­ный уезі темекі өсірумен айналысты. Оң­түс­тік аймақтарда бақшалық дақылдар-қа­уын, қарбыз, асқабақ, пияз, сәбіз, кар­топ, қияр өсірді. Оңтүстік аймақтар мен Же­тісуда алма, шие, өрік, қараөрік өсі­ріл­ді, кейбір қазақтар жүзім де өсірді. Би­дай­дың ақ бидай және қызыл бидай түрлері өсі­рілді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ба­сында қазқтарда жер өңдейтін негізгі құ­рал - соқа болды. Соқа қара ағаштан, жи­де­ден, аршадан жасалды. Қоныс аудару­шы­лардан қазақтар жер жыртатын жаңа құ­рал түрлері сабан, темір соқаны пайда­лан­уды үйренді.

Жыртылған жерді мала ағашпен те­гіс­теген. Кей жерлерде бұл құралды мала, тыр­ма деп те атаған. Бұл екі немесе бір­неше сырғауылды төртбұрыштап шегелеп, сырғауылдың астына темір немесе ағаш­тан тіс орнатқан қарапайым құрал. Егін ша­руашылығында  кетпен, күрек, орақ, шал­ғы, аша, тырма, ағаш күрек кеңінен пай­даланылды.

Егін піскен соң орақпен орып, бірнеше жер­ге шөмелеп жинайды. Баудағы егін бі­раз кепкен соң қырманға тасып, содан соң атпен, өгізбен түйемен бастыратын. Ке­йіннен егінді қазақтар шаңтаспен бас­ты­ратын болды. Шаңтасты қазақтың ше­бер­лері сұр, қызыл гранит тастан 8-6 қыр­лы етіп қашап жасайтын. Ұзындығы - 1 м, диаметрі 40-50 см болды. Біліктің екі жа­ғына кең шығыршық кигізіп, оған қайыс арқанмен дәрте байлап, тасты қыр­ман үстімен көлікпен сүйретеді. Содан соң осы­лай жартылай тазаланған дәнді жинап алып, ұшырады. Оны майқа деп атайды. Жи­налған бұл дәнді қызыл дейтін.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V.Қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіре келе оқушы­лар­дың сабақты меңгерулерін тексеру. Со­нау қола дәуірінен бастау алған ата-баба­мыздың кәсіптері мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы, балықшылық пен аң­шы­лық күн көрістің көзі болғандығын ба­ла санасына ұғын­дыру.

VІ.Оқушыны бағалау.

Сабақ барысында белсенділік көрсет­кен оқушыларды бағалау.

VII.Үйге тапсырма.

Салтанат АСАНОВА,

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жалпы пән мұғалімі

Оқылды: 1444 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C