Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 09 Желтоқсан 2016 03:44

«Тәжірибе алмасу» шеберлік сабақтары Таңдаулы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   "Ақтөбе облысы күндері" аясында қа­­ла­лық қосымша білім беру орталы­ғын­да Ақтөбеден келген мұғалімдер мен оқушыларға тәжірибе алмасу мақса­тын­да шеберлік сабақтар өткізілді. Қолөнер бөлімі үйірмесінің оқушылары Ақ­тө­беден келген меймандарға өз­дерінің жасаған бұйымдарынан ұйымдастыр­ған көрмесімен таныстырды. Көрмеге қол­­­дан тоқылған кілемдер, жұм­сақ ойын­­шықтар, жүннен басылған киіз, киім түрлері, моншақтан жа­сал­ған ал­қа­лар, құрақ көрпешелер, ұлт­тық киім­дер, матадан және батик, біз­кесте техни­каларымен жасалған панолар қойылды.

    Шеберлік сабақтарды қолданбалы қолөнер бөлімінің мұғалімдері: "Жас модельер" үйірмесінің жетекшісі К.Утепова "Сән журналын пайдалану ар­қы­лы киім тігу техникасы", "Асыл мұра" үйір­ме­сінің жетекшісі С.Қожантаева "Кілем то­қу текникасы", "Әсем мон­шақтар" үйір­­месінің жетек­шісі Ф.Құлмаханова "Ұлт­тық бас киімдегі ою­лар­ды бисермен кестелеу", "Батик" үйір­ме­сінің жетекшісі А.Бердеева "Батик тех­никасының тұр­мыс­та қолданылуы" атауында және "Құм ани­мациясы" үйір­месінің жетекшісі Е.Сер­манов "Құм­мен сурет салу тех­ни­касы" тақырыбында шеберлік сабақтарын өт­кізді. Шеберлік сабақтарға жетекші мұ­ғалімдермен бірге үйірме оқу­шылары қа­тыс­ты. Оқу­шы­лар үйір­ме­де өздерінің тік­кен киімде­рін, тоқыған кілемшелерін, мон­­­шақпен кес­телеген ұлттық киімдерін көрсетті.

    Меймандар мұ­­ғалімдермен бірге өз­дері киім тігу, мата бояу, құммен сурет са­лу, кілем тоқу, бисер тігу техникасын игеріп, бірге жасады.

Фарида ҚҰЛМАХАНОВА,

қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының педагог-ұйымдастырушысы

 

Оқылды: 1097 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 09 Желтоқсан 2016 05:26

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C