Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 09 Желтоқсан 2016 05:14

1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Мақсаты:

    "Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының се­беп­­тері, салдары туралы түсінік беру;

    "Желтоқсан оқиғасының қа­зақ халқының шынайы ұлт­тық санасының оянуы мен тә­уел­сіздікке қол жеткізудегі та­рихи рөлін көрсету. Желтоқсан құр­бан­дарын еске ала отырып, ха­лық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарау­ға тәрбиелеу;

     "Желтоқсан оқиғасының қа­зақ халқы тарихында бұдан бұ­рын ұлт-азаттық көтерілістер­мен са­бақтастық байланысын және алып империя Кеңес Одағының күй­реуіне тигізген ықпалын түсіндіру.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Топтық жұмыс.

    Сабақтың әдісі: Өзара белсен­ділігін, шығармашылық ізденісін арттыру әдісі, топпен жұмыс.

    Ұғымдар: Тірекжариялылық, плюрализм, пленум, мораторий, президиум.

    Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, қоғамтану, әдебиет.

    Көрнекілігі: Қазақстан карта­сы, интерактивті тақта, сызба­лар, тарихи құжаттар, электрон­ды оқулық.

    Сабақтың барысы:

   

І. Ұйымдастыру (3 минут).

     Оқушыларды топқа бөлу мақ­­сатында "Тобыңды тап" ойы­ны жүргізіледі. Әр топ басшысын шақырып, топ парақшалары та­ра­­тылады. Онда тарихи ұйым ат­тары жазылған. Әр топ бас­шысы парақшадағы ұйым атта­рына қысқаша мәлімет беріп, өздері­нің топтарының аты етіп алады.

    І топ. "Жас тұлпар"

    ІІ топ "Қазақ халқын қорғау­шылар одағы"

    ІІІ топ "Жас ұлан"

    ІV топ "Сары Арқа"

    Топ аттарына анықтама береді.

     ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

     1. "Тәуелсіздік баспалдағы" ойыны (3 минут).

     2. Үйге берілген тапсырма бо­йынша тарихи тұлғалар, тер­мин­дермен жұмыс, сандармен жұ­мыс. Әр топқа үлестірме парақта­ры таратылады (5 минут).

    III. Жаңа сабақ.

    Тақырыпты түсіндіріп өту. Та­рихи тұлғалармен таныстыру. Та­қырыптың мазмұнын ашу (7 минут).

    ІV. "Ғылыми зерттеулерге жол ашық" (10 минут).

    І топ. Желтоқсан қозғалысы­ның себептерін сарала (сызба).

    ІІ топ. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын 1916 жылы ұлт-азат­тық көтерілістің тарихи ма­ңы­зы мен салыстыр (Венн диаграм­масы).

     ІІІ топ. 1986 жылдың 17-18 жел­тоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп, үзінді келтіру. Бұр­қасын-86 операциясын түсіндір.

    ІV топ. Желтоқсан оқиғасы­ның мазмұнын сатымен көрсет.

    V. Даталармен жұмыc (3 минут).

     І  топ. 22.09.1989 жыл.           Ж: 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған бо­латын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекі­тіл­ген еді.

     ІІ топ. 25.10.1990 жыл            Ж: 1990 жылы 25 қазанда Қазақс­тан Жоғары Кеңесі егемендік туралы декларация қабылдады.

     ІІІ топ. 10.12.1991 жыл Ж:1991 жыл 10 желтоқсан Н.Назар­­баев Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті болып сайланған кезі.

      ІV топ. 16.12.1991 жыл   

      Ж: ҚР Тә­уел­сіздігі жариялан­ған күн.

      VІ. Тарихи тұлғаны таны 3 минут.

       І топқа сұрақ. «Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостан­дығынан айырылсын және жаза­ның ең ауыр түрі өлім жазасына ке­сілсін» деп кімге айып тағыл­ды?     

       Ж: Қ.Рысқұлбеков.

        ІІ топқа сұрақ. Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқ­санда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы кім?

        Ж: М.Шаханов.

         ІІІ топқа сұрақ. 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің, Республика партия ұйымының басшылығында болып, КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне де­йін көте­рілген кім?

        Ж: Д.Қонаев.

        ІV топқа сұрақ. КОКП-ның Ульяновск обко­мының 1-хат­шы­сы болып істе­ген, республи­ка­да еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс кім еді? Ж:Г.В Колбин.

        VІІ. Тарихи көмбе зертха­на­лық жұмыс (3 минут).

        Терминдік сөздердің мағы­насын айтып, жылдарда қандай оқиға болғанын айту.

        І топ. Жариялылық

        ІІ топ. Плюрализм

        ІІІ топ. Пленум

        ІV топ. Мораторий

        VІІІ. Қорытындылау (3 ми­нут).

        Бүгінгі сабақта не білдік? Не біл­гім келеді?

        Мұғалімнің сабақты қоры­тын­­дылауы.

        IХ. Үйге тапсырма (5 минут).

       №1. Мен елімнің болашағын қа­лай елестете аламын? Эссе жа­зып келу.

       Тапсырма №2. Тақырыпты бас­шылыққа ала отырып, тарихи есеп құрау.

        Тапсырма №3. Тарихи тұлға­лармен жұмыс (реферат жазу).

Гүлназ ТӨЛЕГЕНОВА,

№261 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Оқылды: 706 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 09 Желтоқсан 2016 05:25

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C