Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 08 Ақпан 2017 09:40

Инерция заңы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Сабақтың түрі: Ашық сабақ

     Сыныбы: 7 "Б" сыныбы

     Оқып-үйренудің негізгі мақ­саттары:

    1. Оқушылардың ойлау әре­кеттерін белсендендіре отырып, инерция туралы терең білімді меңгерулеріне жағдай жасау.

     2. Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағды­ларын, топтық жұмыстар кезін­де ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын да­мыту.

         3. Оқушыларды алға мақсат­тар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етуге тәрбиелеу.

         Сабақтың барысы:

        Ұйымдастыру кезеңі.

       Мұғалімнің іс-әрекеті:

       1.Психологиялық дайын­дық.

        2.Формулалар арқылы 3 топка бөлу.

       

       Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар бөлініп отырады.

/топқа бөлінгеннен кейін өзде­ріне берілген формулаларға түсініктеме береді/.

         Үй жұмысы

       "Миға шабуыл" сұрақ-жа­уап:

         1.Бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс

         A.Бірқалыпты

         B. Бірқалыпсыз  

         C. Бірқалыпты үдемелі

         2.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі

         А.Түзу   В.Қисық    

          С.Парабола

          3.Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын ба­ғыт­талған кесінді

          А.Түзу    В.Траектория     

          С.Орын ауыстыру

          4.Дененің жүрген траекто­рия­сының ұзындығы не деп аталады?

           A.Жол    B.Орын ауыстыру    

           C.Жылдамдық

           5.Төменде аталған бір­ліктердің қайсысы ХБЖ жүйе­сінде уақыт бірлігі?

           A.1 сағат    B.1 секунд   

           C.1 минут.

           6. 54 км/сағ жылдамдықты м/с-пен өрнекте.

            A.15 м/с    B.54000 м/с    

           C.540 м/с

           "Графикалық диктант"

         1.Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшем­дерін елемеуге болатын денені айтады.

     2.Дененің немесе материя­лық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдыр­ған ізі жол деп аталады.

       3.Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

         4.Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с.

         5.Сағат жылдамдықты өл­шейтін құрал.

         6.Жылдамдықты өлшейтін құрал спидометр.

         7.Уақыттың өлшем бірлігі метр.

        8.Қозғалыс теңдеуі.

        9.Уақыт векторлық шама.

        "Сәйкесін тап!"

        м, жылдамдық, механика, км/сағ, уақыт, динамика, тон­на, масса, оптика, мин, жол, термодинамика, C, темпе­ра­тура, электродинамика.

        Жаңа сабақ. Инерция заңы.

      Әр топқа тақырыптан 2 абзац беріледі. Оқушылар өздері оқып, кейін жұп болып түсінік айтады. Содан соң осы тақы­рыпты сұрақтар қою арқылы ашады.

       Мұғалім жаңа тақырыпты өмірдегі мысалдарды келтіре отырып, слайдпен (суретпен) түсіндіреді.

       Галилео Галилей өмірбаяны оқылады.

       Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. "инерция" сөзі - латын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес, әрекетсіздік.

       Инерцияның пайдасы:

     1)Кілем тазалағанда, кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орында инерция әсерінен қалып қояды.

      2)Велосипедшілер аяқта­ры­мен педальды баса бермейді. Оқ­тын-оқтын аяқтарын демал­ды­рады, бірақ велосипед тоқ­та­май­ды.

       3)Таулы жолдарда маши­на­лар жанармай үнемдейді.

       4)Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда балға инерция әсерінен сапқа енеді.

       5)Егер инерция болмаса барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді. Ай Жерге, Жер Күнге құлайды.

       Инерцияның зияны:

      1)Велосипедшілер жары­сында бір велосипедші құласа қалғандары инерция әсерінен тоқтай алмай үстіне құлайды.

      2)Автобус тежегіш басқанда адамдар инерция кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығы­сады.

    Постер қорғау: Инерция тақы­рыбына байланысты әр топ постер қорғайды. Әр топ "Инер­ция заңы өмірде" тақырыбына арнайылап плакаттарға жазады, бір оқушы қорғайды.

       Өткен тақырыптарға байла­нысты есептер шығару: Жыл­дам­дық тақырыбына байланыс­ты 3 есеп беріледі.

       Қорытынды: Оқушыларға стикер таратылады.

       Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?

       Не ұнамады? Маған сабақ ұнады.

       Бүгінгі көңіл-күйің.

      Үйге тапсырма: Инерция тақырыбына байланысты эссе жазу.

   Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды, араласып отырған оқушыларды арнайы бағалау қағазымен баға­лаймыз.

С.САҒАТОВА,

№ 5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің

физика пәнінің мұғалімі

 

Оқылды: 655 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C