Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 11:46

Білімді ұрпақ – егеменді ел ертеңі

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Президент Н.Ә.Назар­баев: "Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек",-деп айтқандай, қазіргі мектеп мұғалімдеріне үлкен жүк артылып отыр.

    ХХІ ғасыр - бәсеке ға­сыры, сондықтан да бұл бә­секеге қабілетті ма­мандар қажет. Сол маман иесі - ұлттық құндылықты әлем­дік деңгейге шығару­ға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу қазіргі білім ордаларының негізгі міндеті. Ол үшін оқу­шы­лардың белсенділігін арт­тыру, ізденімпаздыққа үй­рету және білімді өз бетін­ше алатын және қолдана білетін  дарын иесін тәр­бие­леу керек. Демек, ұс­таздар қауымы оқушы­лар­дың шығармашылық қабі­ле­тін дамытуға, ғылымды на­сихаттау бағытында ин­тел­лектуалды дамуына жол ашуға, ғылыми-та­ным­дық қызығушылығын қолдай отырып, дарынды оқушылар мен жұмыс жа­сауды басты мақсат ретін­де алға қоюы керек.

     Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. "Да­рын­ды­лық" термині "да­рын" сөзінен шыққан, адам­ның ерекше қолайлы ішкі алғышарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұ­мы­сының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүш­терін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

   Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - та­лабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал, мақсаты - тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, саяси са­уатты, өресі биік азамат­тарды тәрбиелеу.

    Құрдастарына қара­ғанда оқуға деген жоғары зеректігі анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала "дарынды бала" деп саналады. Педа­го­гикалық энцикло­пе­дия­да мынадай анықтама бе­ріл­ген: "Дарындылық - іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетіс­тікке жетуге жағдай жа­сай­тын, адам қабілеті да­муының жоғарғы дәре­жесі".

    Сондай сабақтардың бірінің жоспарын жария­лауды жөн көрдім.

    Тақырыбы: "Ондық бөл­шектерге амалдар қолдану"

    Мақсаты:

   1.Қазақтың сана-салт­тық байлығын қолдана отырып, математика пә­нінен білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.

   2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге бау­лу, танымдық қабілетін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

    3.Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу; Халық­тың ауызекі мұрасын жан-жақты түсіне білуге үйре­ту; Оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру;

    Оқушылардың көзқа­расын кеңейту.

    Түрі: Топтық сайыс.

    Типі: Ойын түрінде.

     Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы мате­риал­дар, нақыл сөздер, суреттер.

     Жоспары:

    1.Таныстыру, сәлем­десу рәсімі. 2.Бапкерлер жарысы. 3.Шабандоздар жарысы. 4.Көкпар. 5.Та­қым тартыс. 6.Салма көк­пар.

     Барысы:

     Талай жырлап, сан ға­сырлар дастанын,

     Кең даламнан естіледі асқақ үн.

     Талай талант сенде шың­далып, сенде өсті.

     Талай ғылым сенен алды бастауын.

     Көкпар тарту - сайыс. Бұл қазақтың ұлттық ойы­ны. Көкпарда екі команда тартысқа түседі. Әр ойын­шы көкпарға берілген сер­кені ат үстінен іліп алып, белгілі бір мәреге немесе сыйлы үйге әкеліп түсіреді. Осылайша сый алуды мақсат етеді.

      Абай атамыз "Тегінде адам баласы адам баласы­нан ақыл, ғылым, ар, мі­нез деген нәрселермен озады" деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпа­ған­мен, білімімізді жарыс­қа саламыз.

      1.Таныстыру, сәлем­десу рәсімі.

      Адам алып, таңғажа­йып ісімен,

      Көкпар ойын, ой тас­таған түсімен.

       Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

       Математикалық заңды­лық­тар күшімен.

      Көкпарға қатысатын "Тұлпар" және "Сәйгүлік" топтарын ортаға шақырып, топ мүшелерінің таныс­ты­руына кезек берейік. (топ мүшелері өздерін таныс­тырып өтеді).

       2.Бапкерлер жарысы.

     Балалар, көкпар ойы­нын өткізу үшін бапталған аттар және шабандоз жі­гіттер болуы керек. Ал, бап­таушыны "бапкер" деп атайды. Топ жетекшілерін "Бапкер" деп атаймыз. Олай болса ойынымыздың келесі кезеңі "бапкерлер жары­сына" көшсек.

       Қай топтың бапкері бе­рілген есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұл­пар­лары жақсы бапталған болады.

     3. Көкпар.

     Құлагерін ел қалай елемесін!

     Көлік мінсең, гүл-жырға бөленесің.

     Қоздырады ат жарыс мына жұртты.

     Сол, секілді, жұрт аттың делебесін.

     Балалар, көкпар тар­тысты бастайық. Қойылған сұ­раққа қай топ бірінші жа­уап берсе, сол бірінші қа­зан­дыққа салған болып есептеледі.

     4.Дода.

    Көкпар кезінде жерге түс­кен серкеге жаппай та­ласу дода деп аталады. Ен­деше екі топ додаға түс­сін. Берілген тапсырмаға кім бұрын жауап берсе, сол серкені іліп алды деп есептейміз.

      5.Тақым тартыс.

   Ең мықты деген жігіт­тердің жекпе-жегін тақым тартыс дейді. Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқандарына қарата, айқаса тұрып, серкені та­қымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тарты­сады.

     (Әр топтан екі адам шы­ғып, тапсырманы орын­дайды).

     6.Салма көкпар

    Салма көкпарда аты мық­ты шыққан жігіттер өнер­лерін көрсетеді. Олай болса ребус шешу арқылы өз білімімізді ортаға салайық.

     "Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал біл­ге­німен ұтады", - деп Белин­с­кий айтпақшы, жеңістерің құтты болсын, - деп сабақ­ты аяқтаймыз.

Бейсенгүл Жүсіпбекова,

Қ.Мұхамеджанов атындағы

№1 мектеп-гимназиясының

математика-информатика пәнінің мұғалімі

Қызылорда қаласы

 

Оқылды: 535 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Инерция заңы

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C