Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 26 Шілде 2016 05:57

ҚАЗАҚТЫҢ КЕСТЕ ӨНЕРІН ДАМЫТУ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың қолөнерінің бірі саналатын жіп салып тігу, көркем тігістерінің қолөнер туралы ұғымды қалыптастыру, кестеге сурет таңдау, суретті матаға дұрыс орналастыру, көшіру туралы білімдерін кеңейту.

    Дамытушылық: Оқушыларға қолөнер туындыларын өз бетінше зерделеуіне бағыт-бағдар беру, өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін дамыту.

    Тәрбиелік: Қолөнер бұйымын жасату барысында әдемілікті сезінуге, талғап таңдай білуге, жұмыс тәртібін сақтауға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтап, өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

    Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, іздену, білімді жинақтау, сарамандық жұмыс.

    Сабақтың көркемділігі: Тігіс түрлері, дайын кесте, бұйым суреттер, оқулық. 

    Қажетті құрал-жабдықтар: Мата, жіптер түрлі-түсті, қайшы, ине.

     Сабақтың барысы:

     І.Ұйымдастыру кезеңі

     ІІ. Жаңа сабақ.

   

 Кестеге тігу, қажетті аспаптарды таңдау. Істің сәтті бітуі үшін сіздің таңдап алған құралдарыңыз (мата, ине, оймақ, қайшы, жіптер, тоқыма жіп). Сіздің таптырмас көмекшілеріңіз.

   1.Инеге келетін болсақ тарихи деректерге сүйенсек, алғаш инелер балықтардың сүйегінен, өсімдіктердің тікенектерінен жасаған. Темірден жасалған инелер 100 жыл бұрын пайда болған. Кесте түрлеріне қарай инелердің де түрлері әртүрлі болады. 

   Жіптің жеңіл сабақталуы үшін ине көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді. Тегіс тоқылған және селдір матаны кестелеуге ұшы доғал ине пайдаланылады. Айтылған мұндай ине мата­ның жіптерін суырмайды, түтпейді.

    2.Қайшы. Кесте сәтті шығу үшін шебердің сапалы екі қайшы пайдаланғаны дұрыс. Көлемі шағын және ұшы өткір-жіптерді, арасы кесілетін тығыз кестелерді қиятын және үлкен тігінші қайшысы-матаны қиюға арналған.

    3.Түйреуіштер. Кестеге тігуді бастарда домалақ түйреуіштер қолданылады. Оларды матаға көшірген кезде жылжып кетпес үшін бекітуге, матаның оң терісін айыру және маталарды бір-біріне жалғаған кезде пайдаланады.

    4.Сантиметр. Матаны өлшеу және белгілеу үшін қажет.

    5.Кестеге пайдаланылатын маталар. Бүгінде кестеге қолданылатын маталарды таңдау қиындық тудырмайды, ол тек таңдаған тігіске және кестелен­ген бұйымның қолданылатын орнына байланысты. Кейбір маталар жуғаннан кейін отырып, немесе пайдалану барысында тез түтігіп кетуі мүмкін. Матаны таңдап, дайындау барысында осының бәрін ескерген жөн. Матаның қалыңдағы кесте жібінің пішініне, жуандығына және тігістің шаншытып жиілігіне сай келуі керек.

    6.Жіптер. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді: жіңішке мақта, жібек, жуан және жүн жіптер. Әр түрдің өзіне тән сипаты мен айырмашылықтары бар. Олардың кейбіреулері тек маталарды кестелеуге, екінші түрі конваны кестелеуге, үшіншілері кестенің барлық түрлеріне жарай береді.

      Кестеге арналған мақта жіп. Жұмсақ мақта жіп көбіне конва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.

   Ширатылған мақта жіп. Әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Конваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қолдана береді.

    7.Қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.

    1.Қайшы ұсынған кезде, ұшын өзің ұстап ұсыну.

    2.Қайшыны лақтырмау.

    3.Қайшыны партаның оң жағына қой.

    4.Инемен жұмыс кезінде жібін түйіндеу. 

    5.Инені ауызға салып ойнамау.

    6.Инені жоғалтқан жағдайда дереу тауып алу.

    7.Жұмысты аяқтағанда ине қадағышқа қадап қою.

    Инемен тігетін тігістер. Ине тігісі қарапайымнан көркем тігіске дейін жеткен. Жөрмеу, көктеу, тепшу, айқас, бүгіс тігіс, бүрме тігіс, қою тігіс, торлап тігу, жұмыршылап тігу, шарбақтап тігу, тышқан із тігіс, жіп тігіс. Және солардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Мысалға киіз сырмақ шетін көп қолданылмайтын тігіс түрі. Жөрмеудің шыраштап жөрмеу, сіргеше жөрмеу, асықша жөрмеу деген түрлері бар.

    ІІІ.Сарамандық жұмыс. Соның ішінде жіп салып тігу. Маталардың көлемі 30х40см. Алдымен матамызға табиғат немесе ою-өрнектің суретін салып аламыз. Әрине өлшеп. Жан-жағына белгі сызып, оның түсіне мән беріп, жіптің түсіне де мән беріп таңдап алып, салған суреттің бетіне тоқыма жіпті үстіне астынан инемен машина жібін сабақтап алып, бетіне шығарып жіпті тоқи іліп алып, 0,5-1см етіп көз өлшеммен тоқи бастаймыз. Оның аяғына дейін тоқып отырып жіптің бетіндегісін қырқып отырамыз. Ал теріс жағын иненің жібін түйіндеп отырамыз. Әйтпесе сөгіліп кетуі мүмкін. Сонымен бастаған туындымызды үйден аяқтап келу.

    ІV.Қорытындылау. Ою-өрнектеп кестелеу. Көрме бұйымдарын дайындау.

Райхан УТЕПОВА,

№239 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Жаңақорған ауданы,

Кеңес ауылы

Оқылды: 1753 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 26 Шілде 2016 06:17

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C