Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 13 Мамыр 2016 11:57

САНАЛЫ ЖАСҚА САЯБАҚ БОЛҒАН

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Отыз жылдан астам педагогика са­ла­сын­да ұстаздық қызмет атқарып келемін. Ке­шегі өктем кеңестік дәуірде басталған пе­дагогикалық қызметіміздің тәуелсіз ел­дің төл перзенттерін тәрбиелеуге, оқытуға ұлас­қанына тәубе дейтін аға буын ұр­пақ­тың өкілінің бірімін. Өмірдің ағымымен өзім қалаған ұстаздық атты әлемнің есігін аш­қалы бері өзім де талай ұстаздың ал­дын көріп, теориялық-практикалық тә­жі­рибесінен үйреніп, өмірінен үлгі-өнеге ал­дым. Қазірде өзім қызмет етіп жатқан қала шетіндегі "Қызылжарма" ауылын­да­ғы сатира сардары Сақтапберген Әлжі­ков атындағы орта мектеп - 80 жылдан ас­там тарихы, 1800-ден астам шәкірті бар ір­гелі шаңырақ, қасиетті білім ордасы. Осы мектеп ұжымын ұстаздықтың ше­бер­ханасы, парасатты педагогтар мекені деп бағалаймын. Әрине, әдістемесі әлсіз, тео­­риясы төмен болып келген мұғалімді тәр­­биелейтін - ұжым, оның ішінде әдіс бір­лестіктері. Сондай мектептің әдіс­те­ме­лік, бейінді жұмыстарын қатар алып жүр­ген шебер ұйымдастырушы, әдіскер-пе­да­гог, үлгілі ұстаз Айнұр Шамбекова.

     Айнұр Чапайқызы Шамбекова 1977 жылы Қармақшы ауданында дүниеге кел­ді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетін тәмамдаған, ма­тематика және физика пәнінің мұ­ғалімі. Еңбек жолын 2000 жылдан бастап қа­­зіргі кезге дейін Қызылорда қаласы, Қызыл­жарма ауылындағы Сақтапберген Әлжіков атындағы №144 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, қазіргі уақытта мектеп директорының бейінді және ғы­лыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Адам өмір бойы өзгеден үйренеді, өнеге алады. Ұстаздар да солай. Үйретері көп адамды жас демей, жасамыс демей, оның бай тәжірибесін алуға тырысады. Ме­нің жас та болса, Айнұрдан үйренерім көп. Ол әділ, ескі мен жаңаның үйлесімін таба білетін жан. Осы заман адамы, ол - по­лиглот. Нағыз мемлекеттің педагог­тар­ға қойып отырған талабынан шыға ала­тын мұғалім. Өзінің әдістемелік жұмысын жүр­гізу бағытында бірнеше ашық шара­лар­ды ұйымдастырды: "Үздік ашық са­бақ-2015", "Жас маман - 2016", "Ізденіс" жас маман және "Ұлағат" озат тәжірибе мек­тебінің жұмыстары, т.б.

    Айнұрдың биылғы жылғы жұмы­сы­ның ерекше бір жаңалығы - мектеп мұға­лім­дерінің педагогикалық ізденістерін ар­на­йы жинақ етіп шығаруы. Бұл "Шығар­ма­шыл ұстаздар ізденіс жолында" деп ата­латын жинақ халықаралық білім мен ғы­лымды қолдау орталығы арқылы шы­ға­рылды. Мектепте осы жинақты шыға­ру­дың тұсаукесері өткізілді. Мұғалім үшін бұдан асқан құрмет болар ма? Сол жиынға қатысқан орталықтың жетекші ма­маны Дауылбай Мақсат бізбен әңгі­ме­сінде: "Айнұр апай өте іскер адам, ұқып­ты және ең бастысы өзім демей, өз­ге­лердің жұмыстарын көрсетуге, наси­хат­тауға ұйытқы болып отыр. Өте риза болдым", - деп, бағасын берді.

    Айнұр Чапайқызы 2015-2016 оқу жы­лында мектептің үлгілі ұстаздарының шығармашылық жұмыстарын халық­ара­лық, республикалық басылымдарда жариялануына әртүрлі деңгейдегі марапаттарға ие болуына үлкен еңбек сіңірді. Нәтижесінде мектеп директоры Л.Балатай, Ж.Алтынбаева, А.Сүлей­ме­но­ва, С.Жайсаңбаева, С.Мамбетова, Ғ.Бай­ниязова, А.Өтетілеу, Ш.Бисенова, А.Тұр­сынбаева, А.Райымбекова "Құр­мет" төсбелгісімен марапатталды. Айнұр фи­зика пәні мұғалімі ретінде үлкен жетістіктерге жеткен, оның шәкірттері ҰБТ-дан жоғары балл жинап, еліміздің ин­женер-техник мамандар қатарын то­лықтыруда.

   Айнұр Чапайқызы отбасында үлгілі ана, сүйікті келін. Көктемнің құбылмалы күні әп-сәтте өзгеріп, жаңбыр себелеп құ­йып берді. Мектептен асыға басып шық­қан Айнұр қолшатырын жедел көте­ріп, қасындағы әріптестеріне әлдене­лер­ді түсіндіріп бара жатты. Иә, оның тағы да бір тың идеяларды айтып, ой қоз­ға­ғаны анық.

Кенже Қадірова,

№144 орта мектеп директорының орынбасары

Оқылды: 1481 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 13 Мамыр 2016 12:02
Осы категориядағы басқа материалдар: Асыл бейнесі жадымыздан кетпейді »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C