Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017 09:51

Асыл бейнесі жадымыздан кетпейді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Уақыт шіркіннің көзіңді ашып-жұмғанша зы­мы­рап лезде өте шығатыны рас қой. Менің аса білікті ұс­тазым, қамқоршы азамат Тасберген Игенбаев ағамен қызметтес болғаныма тура 61 жыл толыпты.

    Тереңөзек ауданында Абай атындағы ұжымдық шаруашылық қазіргі Сырдария аудандық "Ақжарма" ауы­лының аумағында орналасқан. Сол Абай ауы­лын­дағы "Жаңаөріс" жеті жылдық мектебіне аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Уәйда Бисенбаев мені 1956 жылы оқу ісінің меңгерушісі және қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі етіп жіберді. Мектеп дирек­торы Оқас Дәрібаев. Орыс тілі пәнінен Фания Фай­зуллина, қазақ тілі пәнінен Сақтаған Есмаханов, тарих пәнінен Зікірия Тоқтамысова сабақ берді.

 

    Мектеп ұжымының мүшелері арасында көзге жылы ұшыраған Тәукең болды. Ол кісі бастауыш сыныптарға сабақ берді. Өз ісіне барынша мығым, аса ұқыпты жан еді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бір­лестігіне жетекшілік етті. Сабақтарына үнемі қаты­сып, ұжымның ортасында талдау жасағанымызда ылғи жо­ғары бағаланатын. Кейде жоғары жақтан, яғни ау­дан­дық, облыстық оқу бөлімдерінен арнайы брига­далар келетін. Олар бірнеше күн, апта бойы мекте­бі­міздің оқу-тәрбие жұмыстарының жайымен таны­са­тын. Әрине, сабақтарға қатысып, оқу процесін бақы­лай­тын. Сондай кездерде Тәкеңнің шәкірттерінің бі­лім деңгейі басқалардан оқ бойы озық екені ешқандай дау тудырмайтын.

     Тасберген ағай мектептің ата-аналарының ара­-сында да аса зор құрметке бөленді. Олардың қажетті әрбір сауалына ден қойып, тұшымды жауап беріп, жылы лебізін білдіретін. Баяғы ол заманда ауылда бір ғана дүкен бар еді. Асхана деген атымен жоқ болатын. Мектебімізге, тіптен кейде ұжымымызға іссапармен келген кісілерге Тәкең өз үйінен тұз-дәм татқызбай, қонақ етпей жібермейтін.

     Ол кісі барынша кішіпейіл, ізденімпаз, инабатты, ізетті, адамгершілігі жоғары жан еді. Өзіне сеніп тап­сырылған іске мейлінше жауапкершілікпен қарай­тын. Сол істі дәл мезгілінде және сапалы етіп орын­дамайынша ешбір тыным таппайтын. Ағайын-туыс, дос-жарандары және ұжым мүшелері арасында кездесіп қалатын алуан түрлі шараларды ұйымдас­ты­руға әрдайым атсалысып, қадағалап, басы-қасында жүретін. Баршасына қолдан келгенінше қамқорлық жасайтын, менменсімейтін, "болдым, толдым" де­мейтін. Әлдекімдердің әлдеқалай жасаған қате-кем­шіліктеріне, олқылықтары мен ағаттықтарына кешіріммен қарап, жоюға көмектесетін.

    Ол тұста үгітші, насихатшы, саяси хабаршы деген қосымша жүктемелер болатын. Республикалық "Білім" қоғамы деген тағы бар. Мұның өзі екінің біріне, кез келген адамға емес, қолынан нағыз іс келетін, білімді де білікті түрлі мамандарға, инте­ле­гент қауымға сеніп тапсырылатын. Әлбетте, қазіргідей теледидар, радио, т.с.с. дегендер атымен жоқ, түсімізге де кірген емес. Міне осы сияқты ақысыз қоғамдық жұмыстарды абыроймен адал атқаратындардың бірі Тәкең еді.

     Бұл күндері Тәкеңнен сапалы білім, саналы тәрбие алып, қияға самғаған мыңдаған шәкірттер бар. Олар еліміздің экономикасы мен мәдениетін, халықтың әл-ауқат дәрежесін көтеру жолында жемісті қызмет етіп жүр. Тәкеңнің өз халқына еткен абыройы еңбегі кезінде лайықты бағасын алды. Ол кісі мемлекеттік наградалармен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен, мақтау қағаздармен, ақшалай және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Тәкеңнің ұрпақтары да әрқайсысы өмірден өз орындарын тапқан. Қызы Рабиға әке жолын қуып, ұстаздық жолды таңдаған. Ол - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің белді де беделді ұстаз тәлімгерлерің бірі. Өз халқына қалт­қы­сыз қызмет етіп, абырой биігінен көрінуде.

    "Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет" деген болатын халқымыздың ұлы тұлғасы Б.Момышұлы. Тасберген Игенбаев ағай осындай биік талаптар дәрежесінен көрінген абзал жандардың бірі еді. Оның асыл бейнесі біздің жадымыздан кетпейді.

Абызбай МАХАНБЕТОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Қызылорда облысына айрықша

еңбек сіңген дербес зейнеткер, тыл ардагері,

Сырдария ауданының құрметті азаматы

Оқылды: 211 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C