Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 08 Тамыз 2017 10:50

Мәдени мұраларға мемлекеттің қолдауы керек

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    

      Қазақылықтың исі аңқыған, ою-өрнекті бұйымдарға аңсарымыз ауып тұратыны жасырын емес. Қолданыс аясы тарылып, пайдаланудан қалып бара жатса да, қазақтың әр бұйымы өзінше құнды. Тарихи жәдігерлеріміз алтынға бергісіз бағалы. Сондықтан да қолы алтын қазақтың шеберлері ойлап тапқан тұрмыстық бұйымдар нарық әлемінде брендке айналса, ұлттық өнімдер өңірлерге кеңінен таралар еді. Ұсталар, шеберлер, зергерлер, тігіншілер де қазақтың болмысын ашатын дүние жасап шығарып, ұлттық бұйымның пайда болу тарихын түсіндіріп отыру да маңызды. Осы орайда ең бірінші Қармақшы ауданындағы этноауыл еске түседі.

 

      Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде "ЭКСПО-2017" ма­ман­дандырыл­ған халықаралық көрмесі ая­сында ашыл­ған этноауылға көп­ші­лік қы­зығушылық танытып отыр. Ауылдың ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың өзі қатысып, ұлттық өнерге жанашырлығын танытқан-ды. Оған қоса, Байқоңыр қа­ласы әкімшілі­гінің басшысы Конс­тантин Бусыгин және бірқатар мәртебелі меймандар қатысып, Қорқыт ата мемориалдық кешенін және суретшілер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, этноауылда қолөнер бұйымдарын көріп, түрлі ұлттық ойын­­дар мен жыршы-терме­ші­лердің өнерлеріне баға беріп кеткен. Ашылған күн­нен бері демалушылардың қатары бір үзіл­меген кешен ел тарихының танымын тануға ықпал етіп келеді.

     "ЭКСПО-2017" көрмесі барысында  Қызылорда облысының  кәсіпкерлік және туризм  басқармасы  мен «Са­мұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталы­ғы" қо­ғам­дық қорының жұ­мы­сы нәтижесінде этнографиялық ауыл қонақтар үшін қызметін аяған емес. Қазіргі таңда этноауылда жетекшілер, гидтер, шара ұйымдастырушылары жұмыс жасауда. Жалпы саны 11 қолөнерші, 12 қызметкер арнайы бекітілген ауысым бойынша қызмет көр­сетеді. Әр ауысымның уақыты 15 күннен.

       Ауылдың көркін ашатын ең бірінші киіз үйлер. Ағаш үйлердің мұнда түр-түрі тігіл­­гендіктен қызығушылық та мол. Қараша үйлердің атаулары да ерекше. Атап айтар болсақ, "киіз үй бұйымдар үйі", "саз бұйымдар үйі", "кі­лем бұйымдар үйі", "хан киіз үйі", "былғары бұйымдар үйі", "зергерлік бұйымдар үйі", "иі­рі­лген жіптен жасал­ған бұ­йымдар үйі". Осы үйлерде облысымыздағы қолөнер шеберлері шеберлік сыныптарын көр­сетіп, өз өнімдерін туристерге ұсынуда. Ең ерекше киіз үй 16 қанатты хан киіз үйі. Келушілерді таң қалдырып, ұлт­тық құндылықтың қасиетін сез­діретін дүние осы үй болып отыр. Ақшаңқан киіз үйлер  ауыл көркін ашып тұр.

      Дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап отырған ауыл үс­тіміздегі жылдың 15 қазанына дейін жұмыс жасай беретін болады. Мұндағы алтыбақанның тербелісін сезініп, далада жа­йылып жүрген төрт түлікке көз жүгіртсеңіз ғасырға кері шегін­гендей боласыз. Ал, соңғы үл­гідегі бекітілген ережелер бойынша асық ойнап жүрген балаларға қарап, ұлттық ойынның ізі өше қоймағанына көңі­лің бір марқайып қалады. Барынша ұлттық киімде қызмет көр­сетіледі. Ағарғаннан дәм тат­қыңыз келсе де еш кедергі жоқ.

      Әр киіз үй іші бір музей іс­петті. Бірақ, барлығы дерлік су жаңа қолдың бұйымдары. Сіз мұнда кесте тоқып, көрпе көк­те­ген қыздарды, ою-өрнек қиып, оған жан бітірген қазақ аналарын және бір жерде сабаумен жүн сабап, ұршық иірген әжелерді кезіктіре аласыз. Және де тас диірменді айналдырып, тарыдан талқан жасаған апаларға да таңданыстың оянбауы мүм­кін емес. Ал, ер азаматтар темірден түйін түйіп, ағаштан үй бұйымдарын жасап шыққан. Астау, түрлі сандықтар, кесе мен табақтар, қасықтарға дейін ағаштан жасап, оған ою­мен көрік беріп келушілерге керемет көңіл күй сыйлауда.

      Кілем бұйымдар үйі де ерекше. Әр түрлі алашаны өздері тоқиды. Кілемдер де көздің жа­уын алып тұрады. Иірілген жіптен жасалған бұйымдар үйін­де қол бұйымдарының іші­нен іздегеніңді табасыз. Салт-дәстүр сабақтастығы сақталған орында ұмытылып бара жат­қан өнеріміз қайта жаңғыру үс­тінде.

     Осы кезге дейін этноауылға Германия, Жапония, Ирландия, Румыния, Франция, Өзбекстан мен Қырғызстаннан туристер келген. Олар көбіне сәйгүліктерге мініп, балуандар күресіне мән берген. 800-ден астам туристер келіп үлгерген ауылда қолөнер бұйымдарын үйренгіңіз келсе, тегін шеберлік сабақтары да өткізіледі. Тек қызығушылығыңыз болса болды.

     Кешегі мен бүгінді үйлес­тіре білген этноауылға қарап тұрып, қазақтың барлық ауылдарында осында ынтымақтың қазаны қайнап жатса екен деп тілейсің. Қолдан жасалған ауыл уақыты келгенде өз жұмысын тоқтатады. Ал, халық осы үрдісті үзбей өзі әрі қарай жал­ғап әкетсе жөн. Әйтпегенде, салт-дәстүрлерімізге арнап бір «Қызыл кітап» жазып шығу­ға болады бүгінде. Барымызды бағалап, жоғымызды жандандыруымыз керек.

      Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, өре, шідер, кісе, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұ­ғыл­данды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ жасайды.

     Ал, мүйіз бен сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дү­ние-мүлік, домбыра, қобыз, сы­бызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын соғып шықса, темірден, мыстан қы­лыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құралдар мен қару-жарақтар жасайды.

      Қазақ халқының қолөне­рін­де киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сыр­ға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұ­йымдар жасау көшпелілерге күнделікті тірліктің бірі ғана болған. Этноауылда жоғарыда айт­қандардың бәрі дерлік қо­йылмаса да, бірсыпырасы орын тепкен. Заты түгілі аты ұмытылып бара жат­қан ұлттық бұйымдарымызды ұлықтап, ұмыттырмайтын шараларға қолдау білдіру билік тарапынан тоқтамауы шарт. Мемлекет өз қолына алғанда ғана мәдени мұраларымыз мәдениет төрінде тұрмақ.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Оқылды: 170 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Асыл бейнесі жадымыздан кетпейді

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C