Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Басқосу

Басқосу (24)

Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:09

ҰЛТТЫҚ ГУМАНИЗМ МҰРАГЕРІ

| Автор: 

       Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың сана­сы сәуле болар мазмұнды шы­ғар­малар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, айдай әлемге Абай арқылы та­ныл­ған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Бірінші қазақ драматургі, аударманың алыбы, замана суреткері Мұхтар Омар­ханұлының терең толғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Әдебиет майданындағы елеулі еңбегі, ұлт мұраты жолындағы қызме­тін жас ұрпақ жадына жаңғырту мерейлі мереке кезінде де жалғасын тапты.

    Көп болып бірігіп, жұрт болып жұмылып жүрген рухани жаң­ғырудың бір жолы - қа­заққа еңбегі сіңген ақын-жазушыларды ұлықтау. Ұлылардың көшін бастаған Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы Қазақстанның әр қиы­рында өз сән-салтанатымен ата­лып өтілуде. Қазақты қазақ ет­кен жазушының мол мұрасын өткенге насихаттау мақсатында Сыр елінің ұстаздары да қалыс қалмады. Рухани жаң­ғы­руға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс. Бұл ізгілікті жұмысты М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі ұстаздары алғаш болып бастады. Қызылорда об­лыс­тық білім басқармасы мен қалалық "Нұр Отан" партиясы қол­дау білдірген шарада "М.Әуезов қазақтың рухани мәдение­тінің көрнекті тұлғасы" тақырыбына арқау болды.

   М.Әуезовтің мұралары мен жазған шығармалары, дерек ретінде сақталған қолжазбалары ар­найы кітап көрмесі ретінде қойылды. Рухани мұраларды ұр­пақ жадына жаңғыртуды мұрат еткен қалалық кітапханалар жү­йесі тағылымды шараға үлес қо­сып, Әуезов әлемінен сыр шертті.

    Колледж қабырғасында өткен шара 7 бөлімнен тұрды. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұ­ра­сын өз баяндамасына арқау ет­кен колледж оқытушысы Кенжеш Оралова студенттерге жазушының әр жылдары жа­зылғ­ан, бүгінде классикалық шы­ғармаларға арналған туындылардың тақырыбы мен мән-маңызын баяндамасына өзек етіп алыпты. "Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен Мұхтар Әуезовтің шы­ғармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық. Болашақта қаламгердің шығармашылық мұрасы ұлт мүддесі мен болашағы үшін қызмет ете бермек",- деп, К.Шәрібекқызы баяндамасын қорытындылады.

      Бүгінгі алған білім - ертеңге азық. Бұл үнемі жолда жүретін, көпшілік ортаның пікірін біліп, ел ішіндегі мәселеге мойын бұратын журналистерге аса қажет. Әрбір айтылған ой мен тәжірибе жур­на­лист жұмысын жеңілдетіп, кәсіби бағыттағы жұмысына ақпараттық "багаж" бола алады. Жақында Қы­зыл­орда облысында журналистерге арналған жоба жайында айтқан болатынбыз. Тілшілердің тілдік білімін арттыруға ден қойған "Руха­ниятты жаңғырту" қоғамдық қоры­ның "Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын арттыру" жобасы аясында өңір журналистері үш күндік оқыту курсынан өтті. Енді міне, өткен жұмада журналистерге моти­вация беретін, білімін көтеру­ге бағыт нұсқайтын оқытудың жал­ға­сы ретінде "Тілдік сауаттану. Жур­на­листің ақпарат алу еркіндігі" та­қы­рыбындағы семинар-тренингі ұйымдастырылды.

  "Өрлеу" біліктілік арттыру инс­ти­тутында өткен семинар жұмы­сы­на жиырмаға жуық журналист ша­қырылып, ағылшын тілінде ақпарат алмасудың бүгінгі тәсілдері ортаға салынды. Жаһандық форматта ойлай алу, шетелдік тәжірибелерді түсініп, халыққа жеткізу - журна­лист міндеті. Бұл үшін журналист бі­лімінің дайындығы керек. Аудар­ма арқылы жеткен жаңалықты қазақ тіліне аударып беру ең әуелі ақпа­раттың бір бағытта қалып қоюы, екін­ші жағдайда уақыт жағынан ұты­­луға алып келеді. Сол себепті ха­лықаралық қатынас тілі ретінде мо­йындалып қойған ағылшын тілінде ақпараттарды біліп түйсіну, одан ой қорыту үшін тілдік база керек. Осы жақын арада мәселе ретінде күн тәртібіне келетін дүние­ні ертерек қолға алсақ, ұтылмасы­мыз анық. Аталған үш күндік оқыту мен үш сағаттық семинар да осы жағ­дайға ертерек үн қатуды көз­дейді. Семи­нар тренері Сағира Уә­лие­ва аталған семинардың журна­лист жұмысына берері мол екенін қаперге салды.

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:33

Жаңа әліпбидің жайы талқыланды

| Автор: 

   Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелерін талдау мақсатында "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" тақырыбында идеологиялық актив отырысы болды. Жиын Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың "Студенттер сарайында" өткізілді.

   Бүгінгі күннің өзекті мәселесін тал­қы­лауға облыстық ішкі саясат, мәде­ниет басқармаларының басшылары, қа­ла, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ау­­дан­дық білім, ішкі саясат, мәдениет жә­­не тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, филолог-ға­лымдар, білім саласының қызметкерлері, зия­лы қауым өкілдері, ардагерлер, үкі­­меттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қа­тыс­ты. Жиынды облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов жүргізіп отырды.

   Латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Соған сәйкес облыстағы тіл мамандары аталмыш отырыста сөз сөйлеп, ой бөлісті. Ұсыныстар талқыланды. Атап айтар болсақ, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Сәдуақасұлы, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов, "Сыр Медиа" ЖШС-ның директоры А.Оңғарбаев, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева, облыстық "Славяне" қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Г.Шербакова, №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі А.Шайхутдинова көтеріліп отырған мәселе аясында сөз сөйледі.

   Жыл он екі ай ой еңбе­гі­мен айналысып, қағаз тол­ты­ра­тын ұстаздар қауымы жаз­ғы дема­лысқа шыққа­ны­на біраз уақыт болып қалды. Оқу жылын аяқтап, арқаны кеңге салған мұғалімдердің де­малысы әрқа­лай өтуде. Бірі өзге аймақтарға барып қыдырып, ендігі бірі жайлы демалыс орындарында ты­ны­ғып жүр. Ұстаздардың дема­лысын қызықты өткізуді қолға алған облыстық кәсіп­одақ комитеті байыпты баста­ма бастады. Облыстық кәсіподақ ко­мите­тінің төрайымы Райкүл Бай­на­зарованың қол­дауымен 2017 жылдың 8-10 шілде аралығында Арал ауданындағы "Қам­баш" көлінің жағасында орналасқан "Нау­рыз" шипажайына демалуға Қы­зыл­орда қаласының 15 мұғаліміне жол­дама берілді.

   Айту керек, мұғалімдердің жазғы демалысына ұйымдастыру үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы­ның облыстық комитеті 500 жолдама әзірлеген. Ұстаздар лек-легімен Қамбаш көлінде қызықты серуен құра алады.

 

   «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының жанынан ашылған «Сөз құны» журналистер клубы 7 маусым күні журналистердің төл мерекесі қарсаңында семинар-тренинг ұйымдастырды. Облыс бойынша 20-дан аса журналисті қамтыған тренингті тележурналист, КСРО Телевизия және радио қызметінің үздігі, АҚШ-та өткен «Northern lights» телефестивалінің «Әлемдік деңгейдегі жоғары дәрежелі адамгершілік тақырыпты көтергені үшін» авторлық номинациясының бас жүлдегері, қазіргі кезде «Тұран» университетінің оқытушысы Ұлдай Ибадуллаева жүргізді.

    Негізінде, былтырдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Сөз құны» журналистер клубы Қызылорда облысы бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасына іспен үн қатқан алғашқы ұйым болып отыр. Себебі Ұлдай Ділімбетқызы – Қызылорда облысының тумасы. Әр кез туған жерін мақтан тұтып, «төркінім» деп еркелеп жүретін ол бұл жолы клуб басшысы Нұрлан Көбегенұлының ұсынысын құп көріп, жерлестерімен емен-жарқын әңгімелесіп, көрген-түйгенін айтып, тәжірибесін бөлісуге келіпті.

 

    "Бүгінгінің балалары бесік­тен белі шықпай жатып барлығын біледі" деген сөзді сіз де жиі еститін шығарсыз?! Расында да солай. Жаңа ғасыр балаларының жаңашылдыққа бе­йім болуы ол - уақыттың талабы. Бала ба­лабақша жасынан бастап қор­шаған ортасын танып білуге, жаңа нәрселерді үйренуге, ойын ортада анық жеткізе алуға дағдылануы қажет. Сол себепті де балабақша бағдарламаларына нақты тапсырмалар беріліп, пе­дагогтарға қойылатын талап та күшейтілген. Жасалынып жат­­қан жұмыстың нәтижесі де көңіл қуантады. Өткен жұмада Қызылорда қаласында орна­лас­қан "Ер Тарғын" балабақшасында өткен "Жаңартылған мек­­­тепке дейінгі тәрбие мен оқы­ту мазмұны бойынша білім беру салаларын кіріктіру" тақырыбында өткен облыстық семинар сөзімізге дәлел бола алады.

    Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығы және қалалық білім бө­лімінің ұйымдастыруымен өт­кен семинарға Сырдария, Шие­лі, Жаңақорған аудандары мен қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 60-қа жуық педагог қа­тыс­ты. Семинарға келушілер алдымен балабақша педагогтарының шығармашылығынан даяр­ланған "Инновациялық идеялар", тақырыптық "Ақпарат айнасы" атты және "Ең үз­дік..." деп аталатын шығар­ма­шылық көрмелерімен танысып шықты. Ұйымдастырушылар мұнда мектепке дейінгі кезеңде балалардың кешенді да­му динамикасын қамтамасыз ету жолдарын насихаттауды көздегендерін айтады. Шара ән-әуез залында балабақша тәр­биешісі Г.Смаилованың ұйым­дас­ты­р­уымен "Мәңгілік ел­дің ұрпағымыз" атты таңертеңгі жиынмен бастау алды. Қы­зылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Ди­хамбаева семинардың ашы­лу сөзін сөй­леп, мақсатына тоқталды.

           Жеңіс жеңіл жолмен келмегені белгілі. Мұны тарих деректермен нақ­тыласа, ақындар жырына сыйғызып жырлайды. Қанды майданда қару асы­нып, жауға қарсы шық­­­қан ержүректерді қаншама ақындар өлеңдеріне қосты, әлі де қоса бермек. Олай деуге де негіз бар. Өткен аптада қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №271 мектепте "Ұрпағына үлгі болған ғұмырлар" тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Оған қаладағы 30-ға жуық мектептен 6-10 сынып аралығында оқушылар бақ сынады.

     Бүгінгі күні ақындардың көбейгендігі, алайда олардың арасында мәні мен мазмұны жағынан өлеңдері ақсап жататындығы қоғамда айтылып жүрген мәселе. Тақырыбына Ұлы жеңісті арқау еткен жыр додасының негізгі мақсаты - қолына қаламды серік етіп жүр­ген жас ақындардың талантын шыңдау және оларды ынталандыра оты­­рып дұрыс жол нұс­қау, айтысқа шығатын суы­рып салма дарыны бар жасты анықтап, оны үл­кен өнерге даярлау. Шараның алғы сөзін қа­лалық білім бөлімі әдіс­те­мелік кабинет меңгерушісі Рита Мұқашова сөз сөйлеп ашты.

    Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр­ған мүшәйра үш кезеңді қамтыды. Бірінші бөлімінде мектеп жасындағы жас ақындар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс тақырыбы аясындағы ізденістерінің нәтиже­сін­де туындаған жыр шумақтарын оқыды. Ал, екінші кезең бойынша жеке шығармашылығындағы кез келген еркін тақырыпта шығарған өлеңдерін мәнерлеп жеткізді. Қазылар алқасының шешімімен қатысушы 30 оқушының ішінен үздік деп танылған 11 жас ақын үшінші кезеңге өтіп, олар­ға арнайы тапсырма берілді. Қорытынды бө­лім­де іріктеліп шыққан қатысушылар 10 минут уақыт ішінде берілген тақырып бойынша өлең шығарды. Дәл осы кезеңде жастардың шынайы қабілеттері айқындалып, мүшәйраның мақсаты да орындалды.

    Кеш соңында қазылар алқасы қатысушылардың өлеңдеріне қатысты сын ескертпелерін, мақтау-мадақтарын жеткізді. "Өз өлеңім" деп сахнаға шыққан оқушылардың арасында көшірмелердің бары екендігі және оларға оқытушыларының мән беріп, қадағалап отыруын ескертті. Сайыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен Алина Мұратова, Ағжан Үрмеғали, Жанель Совет, Дильназ Мансурова және Мадина Әбді­кәрім есімді 5 оқушы ІІІ орынға лайықты деп танылды. Ал, Асхат Ибрагим мен Мақсат Қосымбаев ІІ орын дипломымен марапатталды. І орынды қалалық, облыстық жас ақындар мүшәйраларында бақ сынап, жырсүйер қауымға танылып жүрген Ерасыл Байментаев ие­лен­­ді. Ал, бас жүлдеге қа­зылар тарапынан жақсы пікірлер мен оң бағасына ие болған №11 мектептің 6-сынып оқушысы Анель Амангелді иелен­ді.

   Жыр додасына қатысқан барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға арнайы диплом мен кітаптар сыйға берілді. Жас ақындар мүшәйрасының қорытынды сөзін сөйлеген қалалық білім бөлі­мінің әдіскері Гүлнұр Жылқайдарова осы шараға қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

         Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Бір­лік болмай, тірлік болмас. Қазақ халқы бірлікті насихаттап, ел мүддесі үшін, бір­тұтастық мақсатында бір ұранда болған. "Жұмыла кө­терген жүк жеңіл" деп, бар елді бірлікке шақыратын аталы сөздері де аз емес. Тіп­ті 1 мамыр күні үлкен кө­лемде тойланатын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелік шара ретінде аталып өтеді. Осы мейрамның аясынан Қызылорда жұрт­шылығы да шет қалмады.

   Қазақстан халқының бірлігі кү­ніне арналған "Достық үйі" ғи­мараты алдында "Болашағы біртұтас ұлт Қа­зақстан" атты форум өтті. Ғи­ма­раттың фасады алдын-ала бекітілген суретші эскизі бойынша безен­ді­рілген. Сахнаның екі жанында ақ футболка киген белсенді жастар, сон­ымен қатар сахна төріне өз ұлт­тық киімдеріндегі форумға қаты­су­шы этно-мәдени орталықтарының өкілдері ерекше реттілікпен ор­на­ластырылған. Аталмыш шара бас­таламын дегенше дыбыс күшейткіш аппаратурасынан патриоттық ән­дерден радиоконцерт беріліп тұрды. Және жастардан құралған 100 бел­сенді студент, 100 жасұландық "Ырыс, Бақыт, Береке! Бірлігі жарас­қан! Жасасын Қазақстан!" деген ұранды сөздер айтып тұрды. Қонақ­тар арнайы орындарға жайғасқан соң, мерекелік көңіл күймен шара басталып кетті.

   Алаңда халық көп, ине шаншар жер жоқ. Бәрі де мерекелік көңіл күйдің кереметтілігін сезініп, бірлік күнін бірлікпен атап өтуде. Түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдері­мен жарасып, ұйыған мемлекетте өмір сүріп отырғанын танытқандай. Қазақстан - достық шаңырағының, берекелі тірліктің берік тұғыры. Сүт­тей ұйыған достығымыз бен бірлі­гі­міздің ақ ордасы Қазақстанның гүл­дене беруін тілеп келген қала жұрт­шы­лығы алдында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев сөз сөйледі. 1 мамыр Қазақстан халқы­ның бірлігі күні мерекесімен қызыл­ор­далықтарды құттықтап, елді бір­лік­ке, ынтымаққа шақырды.

       Сәуір айының 15 жұлды­зында Мамандан­дырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен "Рәміздер аллеясында" мемлекеттік ма­ңызы жоғары мерекелер атап өтілді. Аталмыш шараның өткізілу барысын бақылаған біз бұл күні бірнеше салта­натты қуаныштың куәсі болдық.

   Салтанатты шараның алғашқы бөлімі Маман­дандырылған күзет қызметі басқармасы Қазақстан Рес­пуб­ликасы рәміздерінің бекі­тілгенінің 25 жылдығы, Қа­зақс­тан полициясының құ­рыл­ғанының 25 жылдығы ая­сында жазғы киім нысанына көшуге байланысты және жас мамандардан ант қабылдауға салтанатты сапқа тұрғызы­­­-луымен басталды. Қызылорда Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы аппара­тының және 1 полиция ба­таль­о­нының жеке құрамы 4 қатардан 3 қорапта сап түзел­ді. Мұнан соң, жалпы саптық байқауды бастаушы С.Абуба­киров жеке құрамның дайын­дығын басқарма бастығы П.Нәлібаевқа баяндады.

  Рәміздер аллеясындағы шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, мұнан әрі қарай қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті күзетіп, қыл­мыстың алдын алу жолындағы қызметінде қылмыскер қолы­нан қаза тапқан Ішкі істер органдарының қызметкер­лерін бір минуттық үнсіздікте еске алумен жалғасты.

     Қай кезде де адам ба­ла­сының барлығы ұстаз деген ұлы тұлғаның ал­ды­нан өтіп, хат танып, сауат ашады, мұғалімнің нұс­қау­лығымен бола­ша­ғын бағдарлайды. Әрбір істің басында тұратын ұлағатты ұстаздар қа­уы­мына жа­ңа­ру мен жан­дану кезеңінде артылған жауапкер­ші­лік­тің жүгі мен міндеті көп екені белгілі. Осындай та­лап­тың үдесінен шыға бі­ле­­тін де бүгінгі білім са­ла­­сы қызметкер­лерінің бо­­йынан айрықша да­рын­­ды байқауға болады. Бала бойына сапалы бі­ліммен қатар саналы тәр­биені сіңіріп жүрген ға­лым да, шахтер да бас ие­тін ұстаздардың бо­йында ерекше қасиеті ба­ры рас. Ал, олардың мұн­дай қа­білеттерін көпші­лік ал­дына шығып, таны­т­уы­на мүмкіндік сыйлау үшін жыл сайын Қызыл­ордада "Наурыз шапаға­ты" өнер фестивалі дәс­түр­лі түрде ұйым­дасты­ры­лып тұра­ды.

    Аталмыш фестиваль үстіміздегі жылы 14-28 наурыз аралығында қа­лалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ ко­митетінің ұйымдас­ты­­руы­мен 5 аймақта өткі­зіл­ді. Оған Қызылорда қа­ла­лық білім бөліміне қа­рас­ты 50 мектептің шы­ғар­машыл ұстаздары, кә­сіподақ мүшелері қатыс­ты.  Фестивальдің негізгі мақ­саты - жеке өнер­паз­дардың өнерін халық ара­сында кеңінен наси­хат­тау, олардың орын­дау ше­берлік деңгейінің ар­туына ықпал жасау. Сонымен қатар, музы­калық шы­ғар­машылықтың әртүрлі жанрларын да­мыту және ұстаз­дардың арасында танылмай кел­ген тың есімдерді анық­тау.

Page 1 of 2

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер