Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016 12:31

Қазақстан – Еңбек қоғамы жолында

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Таяуда Қызылорда қа­ла­сын­да ел тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай Қызылорда Құ­рылыс және бизнес кол­леджінде "Қазақстан - еңбек қоғамы жо­лында" тақы­ры­бында аға буын мен жас­тар­дың басын қосқан қоғамдық тыңдау болды.

        Шараның мақсаты ай­қын. Жас ұрпаққа еңбектің қа­­дірін түсіндіру, еңбек са­ласында табанды еңбек ет­кен аға буын өкілдерінің тағы­лым­ды тәжірибесін наси­хат­тау.

     Қоғамдық тыңдауға қо­ғам қайраткері, Қызыл­орда қаласының партия, кеңес, өнеркәсіп мекемелері арда­герлер ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңе­сінің алқа мүшесі С. Әбішев, Қызылорда қалалық ардагер­лер кеңесінің төра­ға­сы, Қы­зыл­орда қаласының Құрметті азаматы А. Әбді­баев, респуб­ли­калық мүге­дек­тер конфе­де­­ра­ция­сы­ның Қызылорда об­лысы бо­йынша филиалы­ның төра­ға­сы Д.Қы­ры­мов, Еңбек ардагерлері М.Исмаи­лов, Қ.Жәрімбетов, об­лы­с­қа бел­гілі азамат, ҚР Журна­лис­тер одағының мү­шесі Қ.Әшір­­­бекұлы, тарих ғы­лымда­ры­­ның докторы Д.Сәтбай  жиналды.

      Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың Жалпыға ортақ Ең­бек қоғам 20 қадам бағдар­ла­масын негізінде, еңбек идея­сын ілгерілету бағытында қа­ла тұрғындарының алар орны зор. Жастарға еңбектің қадір-қасиетін ұғындыруға жинал­ған азаматтар еркін форматта кез­десу ашық ойларын айт­ты.

    Жүздесу екі буынның ара­сын жалғайтын, қоғамға қа­жетті мәселелерді ортаға тас­тайтын ашық алаң іспетті. Кол­леджде білім алатын сту­денттер өз көкейлерінде жүр­ген сауалдарын еркін білді­ріп, еңбек ардагерлерінен нақты жауап ала білді.

     Жасыратыны жоқ, қазіргі күні еңбек сұранысына қа­жетті мамандықтарды таңдау білу - маңызды іс. Жиынға жи­налған еңбек ардагерлері ке­шегіні бүгінмен жалғап, мамандыққа жастардың көз­қарасын қалыптастыру, ең­бек арқылы биікке жету ке­ректігін қаперге салды.

    "Еңбек адамы ретінде қалай биікке қол жеткізуге болады? Табанды еңбектің жемісі неде?" "Бүгінгі қоғамға көңілдеріңіз тола ма? Осын­дай сан салалы сұрақ­тар­дың тиегі ағытылды.

      Шара соңында алдыңғы толқын ағалар өткендерін еске алды, бүгінгі күнге жет­кен жетістіктерін тізбеледі. 

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 558 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C