Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 19 Қаңтар 2017 13:20

Мұғалім мен ата-ана ынтымақтастығы

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    №39 "Қызылөзек" орта мекте­бін­де Тәуелсіздік мерекесі аясында "Мектеп пен ата-ана ынтымақ­тас­тығы - білім сапасын арт­тыру кепілі" тақырыбында қала­лық ашық есік күні ұйымдас­ты­рыл­ды. Тәуелсіздік­тің тұтқасы білім мен тәр­биеде бол­ғандықтан, негізгі мақ­са­тымыз - қо­ғамдағы білім беру үде­рі­сінің да­муына отбасын, ата-ана­лар­ды тарта отырып, жеке тұлғаның білім сапа­сы­ның артуына ықпал ете­тін педа­гог­тық қызметте иннова­ция­лық тех­нологияларды қолдану ар­қылы педагогтар мен оқушылар қызметін түрлендіре отырып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа­уап­­кер­шілік­те­рін арттыру. Елба­сының: "Ел бай­лығы деген не, ол - білім, ол - жаңа технология, ол - бәрі­нен бұрын Отан­шылдық сезім" деп айтқанындай, оқушы бойында пат­риот­тық сезім­дер қалыптастыра оты­рып, білімді жастарды дамыту­да­ғы іс-тәжірибе­лерімізбен қала мектептері арасында мұғалімдермен өзара тәжірибе ал­масу мақсатында өт­кізілген ашық есік күніне қала­мыздың 28 мекте­бінен 33 мұ­ғалім 3 топ­қа бөлі­ніп, 15 іс-шараға қатысты.

    Семинарға кел­ген ұстаздарға №39 "Қы­зыл­өзек" мектеп ди­рек­торы Ж.Кул­га­зиев жұ­мыстарына шығар­машылық табыстар тілеп, Тәуел­сіздіктің 25 жылдығымен құттық­тады. Содан кейін семинар мектеп мұра­жайын аралаумен, үйірме және көрме жұмыстарын тама­ша­лаумен жалғасты. Топтарға бөлінген қо­нақ­тар ашық сабақ­тар­ға, тәрбие сағаты, коучингтерге, түрлі сайыс­тарға қаты­сып, жоғары деңгейде өтілгенін ай­тып, ризашы­лығын білді­рісті. Атап айтар болсақ, Л.Әбі­лова­ның қазақ әдебиеті пәнінен 10"А" сыныбында өткен "Ыбырай - шағын әңгіме ше­бері", Г.Қыстау­байды 9"А" сыныбын­дағы Қазақстан тарихы пәні­нен "Мәдениет пен өнер", музы­ка пәнінің мұғалімі Ә.Есболов­тың 5"А" сыны­бын­дағы "Киелі ас­пап", 10"Б" сыны­бына өткен инфор­матика пәнінен Г.Қайырбекованың "Жоба­ның интерфейсін құру", 4"Б" сыны­бында әдебиет пәнінен Ә.Каса­нова "Құр­ман­ғазы" атты сабақта­рын­да жаңа технологияларды тиімді пайда­ланды. Дінтану пәнінің мұғалімі Б.Қайырбе­ков­тің 9"А" сыныбында "Христиан дінінің бағыттары" тақы­рыбында өтілген сабағы қызықты болды, өмірмен тығыз байланыс­тырылды.

     Ж.Сапаржанованың 8-сыныпта орыс тілінен өтілген "Обобщенно личные предложения" тақырыбын­да­ғы сабағы мен ағылшын пәнінің мұғалімі А.Өмірғалиеваның 3 "А" сыныбындағы "School schedule" атты сабағы тілдің үштұғырлығын қам­ты­ды. Технология пәнінің мұғалімі Л.Тұяқбаеваның ұйымдас­ты­руы­мен 11"А", 11"Б" сынып оқу­шы­ла­ры­ның қатысуымен болған "Арман керек адамға ..." атты ток-шоуы оқу­шы­лардың үміттеріне қанат қақ­тыр­ғандай әсерлі болды. Математика пәнінің мұғалімі Л.Сарманованың 10"Б" сыныбын­да­ғы "Менің елім - мәңгілік ел" атты тәрбие сағаты Қазақс­танның Тәуел­сіз­дігіне 25 жыл толу мерейтойына арналып, оқушылар елдің тарихына шолу жасады, патриоттық сезімде­рі­мен бөлісті. "Оқушыларды оқы­туда кездесетін кедергілерді шешу жол­дары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Елу­ба­ева мұғалімдермен коучинг өткіз­се, бастауыш сынып мұғалімі Д.Тұр­ғанбаева "Ата-ананың бала тәр­биесіндегі жауапкершілігін арт­тыру" атты коучингті ата-аналармен бір­лесіп өткізді. Ж.Сапаржанованың "Отбасы - бақыт мекені" атты семи­нары, М.Қайырбекованың "Сала­уат­ты отбасы" спорттық сайысы, "Ақ-ерке" шағын орталық тәрбие­ші­лері - Э.Досжанова мен Б.Ахмето­ва­ның "Біз - бақытты отбасы" атты отбасылық сайысы ата-аналардың белсен­ділік танытуымен, ұйым­шыл­дығымен қызықты өтті.

     Мектеп психологтары С.Қал­ма­ғанбетова мен А.Әбілованың "Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек" атты тренингі ұстаздар қауы­мын бір серпілтіп тастады. Семинар соңында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Боранбаева қатысушыларға алғыс білдірді.

Жанна ОМАРОВА,

№39 "Қызылөзек" орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Оқылды: 734 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C