Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 16 Ақпан 2017 11:56

Топтық жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - та­рих­та­ғы ең ұлы істің бірі", - деп, белгілі қаламгер Жүсіпбек Ай­мауытов айтқандай, өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейім­делетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мә­дениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұс­таз­дар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мем­ле­кеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәй­кес келетін және білім сапасын көтеруге болатын тиімді бағыттардың бірі топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс болып отыр.

   Топтағы бірлескен ұжымдық жұмыстың маңызды­лы­ғы - мұғалім мен оқушы арасында бір-біріне деген сенімде. "Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ",- деп оқымысты Ларошуфенко айт­қандай, мұғалімдер оқушыға сенім білдіруі керек, тек сол жағдайда ғана оқушы да мұғалімге сенеді.

   Мұғалімдер топтағы бірлескен және ұжымдық жұ­мысты ұйымдастыруды жүйелі жоспарлап алуы тиіс. Бе­рілетін тапсырмалар мен қойылатын сұрақтарға аса мән бе­руі қажет.

     Топтық жұмысты ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі қандай?

   Топтық жұмысты ұйымдастыру, топтардың тиімді жұ­мыстарына қолдау көрсету, әр түрлі ой тастау, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ықпал ету, топтағы жұмыс үрдісі, нәтижелері жайлы ойлану үшін оқушыларға түрткі болу.

   Топтық жұмыс пен ұжымдық жұмыстың қандай тиімді жақтары бар? Бірлесе жұмыс жасау топ мүше­ле­рінің жауапкершілігін арттырады, бір-бірін сыйлауға, бір-біріне тірек болуға үйретеді, өз ойын ашық айтып, өз мүм­кіншіліктерін, қабілеттерін, шеберліктерін көрсетуге то­лық жағдай жасалады, бірінің ойын бірі толықтыра алады.

    Менің мектеп тренер есебінде өткізген алғашқы са­бағым "Бірлескен және топтық жұмыс", "Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі" тақырыбында болды. Бұл бағытта өткізілген сабақ қатысушы мұғалімдердің қызығушылы­ғын оятып, үлкен әсер қалдырды. Бірлесе жасалған топ­тық жұмыстардың нәтижесінде өзара жақсы қарым-қаты­нас жасап, бірлескен жұмыстарды тез меңгеріп алды.

   Топпен бірлесе жұмыс жасай отырып, бір-бірін сый­лау­дың, пікірімізді тыңдаудың, топтық шешім қабыл­дау­дың, нәтижеге жетудің, ортақ пікірге келудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Барлық мұғалімдер топпен жұмыс жасауда өз ой-пікірлерін ашық айтып, басқалар­дың пікірін тыңдап, сұрақ бойынша өз тәжірибеммен бө­лісіп, бірлесе шешім шығаруға қатысып отырды. Осы уа­қытқа дейін жүргізген жұмыс тәжірибелеріндегі жіберген кемшілік тұстарымды да байқап, саралағандар да болды. Алдағы уақытта осы бағдарламадан үйренген жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолданғысы келетіндіктерін білдірді.

 Лена ЕЛУБАЕВА,

№39 "Қызылөзек" орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқылды: 633 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C