Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 17 Ақпан 2017 09:52

Сенатор адами капитал сапасын жақсартуға көңіл бөлді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Ақпан айының екінші сәрсенбісінде "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Мұхамедов пен институт қызметкерлері, оқытушы­лар және курс тыңдаушылары институттың мәжіліс залында бас қосты.

   Жиын барысында депутат М.Бақтиярұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелері турасындағы ойымен бөлісті. Мұнымен қоса, ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Үкімет пен Парламентте атқарылған жұмыстарға, шығарылған заңдарға тоқталды.

  Депутат басқосудағы сөйлеген сөзінде жолдау­дағы төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту мәселелеріне тереңірек талдау жасады. Білім беру жүйесінің рөлін өзгертіп, оны экономи­калық өсудің жаңа моделінің орталық буынына ай­нал­дыру, оқыту бағдарламаларын балалардың ойлау қабілетін өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет екенін көрсетті.

   Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап, 10-11 сынып­тарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді кезең-кезеңімен енгізу қажет. Кездесуде ол діни экстремизмге қарсы қабылданатын заң, зейнетақы жүйесіндегі айырмашылықтар, орта және шағын бизнесті дамытудағы көпшілікті толғандыратын мәселелерге қатысты тақырыптарды айналып өтпеді.

    Жиын қорытындысында депутат институт қызметкерлері мен тыңдаушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

  "Ұстаз-ақпарат"

Оқылды: 485 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C