Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017 10:19

«Наурыз шапағаты» ұстаздардың шығармашылығын шыңдады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

     Қай кезде де адам ба­ла­сының барлығы ұстаз деген ұлы тұлғаның ал­ды­нан өтіп, хат танып, сауат ашады, мұғалімнің нұс­қау­лығымен бола­ша­ғын бағдарлайды. Әрбір істің басында тұратын ұлағатты ұстаздар қа­уы­мына жа­ңа­ру мен жан­дану кезеңінде артылған жауапкер­ші­лік­тің жүгі мен міндеті көп екені белгілі. Осындай та­лап­тың үдесінен шыға бі­ле­­тін де бүгінгі білім са­ла­­сы қызметкер­лерінің бо­­йынан айрықша да­рын­­ды байқауға болады. Бала бойына сапалы бі­ліммен қатар саналы тәр­биені сіңіріп жүрген ға­лым да, шахтер да бас ие­тін ұстаздардың бо­йында ерекше қасиеті ба­ры рас. Ал, олардың мұн­дай қа­білеттерін көпші­лік ал­дына шығып, таны­т­уы­на мүмкіндік сыйлау үшін жыл сайын Қызыл­ордада "Наурыз шапаға­ты" өнер фестивалі дәс­түр­лі түрде ұйым­дасты­ры­лып тұра­ды.

    Аталмыш фестиваль үстіміздегі жылы 14-28 наурыз аралығында қа­лалық білім бөлімі және қалалық кәсіподақ ко­митетінің ұйымдас­ты­­руы­мен 5 аймақта өткі­зіл­ді. Оған Қызылорда қа­ла­лық білім бөліміне қа­рас­ты 50 мектептің шы­ғар­машыл ұстаздары, кә­сіподақ мүшелері қатыс­ты.  Фестивальдің негізгі мақ­саты - жеке өнер­паз­дардың өнерін халық ара­сында кеңінен наси­хат­тау, олардың орын­дау ше­берлік деңгейінің ар­туына ықпал жасау. Сонымен қатар, музы­калық шы­ғар­машылықтың әртүрлі жанрларын да­мыту және ұстаз­дардың арасында танылмай кел­ген тың есімдерді анық­тау.

    Еліміздің басты құн­ды­лығы жас ұрпаққа тәр­бие мен білім беруден бөлек, шығарма­шы­­лық­ты қатар алып жүрген Қызылорда қаласы білім қызметкерлерінің "Нау­рыз шапағаты" өнер фес­тивалінің қорытын­ды гала концерті қала­лық қосымша білім беру ор­талығында өтті. Ша­ра­ның ашылу салтанаты наурыз-көктемнің келіп жеткенін білдіретін әсем әуен, көркем қо­йы­лым­ды бимен көрініс тапты. Мұнан кейін қа­ла­лық білім бөлімі бас­шының орынбасары Рахымжан Кемаладинов пен қала­лық кәсіподақ комитеті­нің төрайымы Орынша Алимбетова фестиваль­дің өткізілу барысына қо­рытынды жасап, сөз сөйледі.

    Рахымжан Қошқар­байұлы өз сөзінде облыс көлемінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл сайысқа қала мек­теп­тері түгел қатысқа­нын жет­кіз­ді.  Өнер фес­тивалінің жоғары дең­гейде жақсы өтуіне жар­қын көңіл-күймен бел­сене атсалыс­қан мек­теп басшыла­рына, кәсіп­одақ комите­ті­нің төраға­ла­ры мен тө­райымда­ры­на, кәсіподақ мүшеле­рі­не алғысын біл­діріп, шы­ғар­машылық та­­быс тіле­ді. Ал, кәсіп­одақ коми­те­тінің төра­йы­­мы Орынша Міржа­қып­­қызы "Наурыз шапа­ғаты" өнер фестава­лі­нің жыл са­йынғы өткі­зілу барысын­дағы ерекше­ліктеріне тоқталды.

    - "Наурыз шапағаты" өнер фестивалі өзінің бас­тауын осыдан жиырма жыл бұрын алған бола­тын. Міне, содан бері әр жыл сайын көпшілік біз­ден бір ерекшелікті кү­те­ді. Бір жылда өнер фес­ти­валі өтсе, бір жылда көңіл­ді тапқырлар клубының сайысы болады. Ұйым­дас­­тыру барысында біз ұс­таздарымызға таң қа­ла­мыз. Мұғалімдеріміз шә­кірт­терге білім беріп, олар­ды олимпиада, Ұлт­тық бірыңғай тестілеу, ғы­лыми жобаларға да­йын­дайды. Аса мол жа­уапкер­ші­ліктерге қара­мас­тан бар­лығына да үл­геріп жа­тады. Олар мек­тепте жұ­мыс жасап жүрген жергі­лік­ті біздің сазгер­ле­ріміз, ақындар және әнші-биші ұстазда­ры­мыз да бар ара­мызда. Өйткені біздің ұ­с­таз­да­рымыз - бесаспап. Олар бі­лім мен тәрбиені бе­­ру­мен қатар өз өнер­ле­рі­мен балаларды жақсы­лық­қа баулып, бойына ру­ха­ни қасиеттерді сіңіре­ді,- деді ол сөзінде.

    "Наурыз ша­пағаты" өнер фестива­лі­нің шең­берінде өнері­мен ерек­ше­ленген білім саласының қызметкер­ле­рі­нен құрал­ған фольк­лор­лық ансам­­­бль­дер қалалық білім бө­лімі және қалалық кәсіп­одақ комитетінің дип­лом­дарымен мара­пат­т­алып, арнайы сыйлық­тарға ие бол­ды. Шара үздік шық­қан ұстаздардың шы­ғар­ма­шылық концертімен жал­ғасып, қорытын­ды­лан­ды.

 Майра БОЛАТОВА

 

Оқылды: 494 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C