Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Сәуір 2017 12:42

Рәміздер аллеясындағы рухты шара

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Сәуір айының 15 жұлды­зында Мамандан­дырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен "Рәміздер аллеясында" мемлекеттік ма­ңызы жоғары мерекелер атап өтілді. Аталмыш шараның өткізілу барысын бақылаған біз бұл күні бірнеше салта­натты қуаныштың куәсі болдық.

   Салтанатты шараның алғашқы бөлімі Маман­дандырылған күзет қызметі басқармасы Қазақстан Рес­пуб­ликасы рәміздерінің бекі­тілгенінің 25 жылдығы, Қа­зақс­тан полициясының құ­рыл­ғанының 25 жылдығы ая­сында жазғы киім нысанына көшуге байланысты және жас мамандардан ант қабылдауға салтанатты сапқа тұрғызы­­­-луымен басталды. Қызылорда Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы аппара­тының және 1 полиция ба­таль­о­нының жеке құрамы 4 қатардан 3 қорапта сап түзел­ді. Мұнан соң, жалпы саптық байқауды бастаушы С.Абуба­киров жеке құрамның дайын­дығын басқарма бастығы П.Нәлібаевқа баяндады.

  Рәміздер аллеясындағы шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, мұнан әрі қарай қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті күзетіп, қыл­мыстың алдын алу жолындағы қызметінде қылмыскер қолы­нан қаза тапқан Ішкі істер органдарының қызметкер­лерін бір минуттық үнсіздікте еске алумен жалғасты.

   Аталмыш салада қызмет ететін мамандардың қыз­мет­тік формалары ауа райының кеш жылынып, ерте суыт­қанына қарай емес, арнайы ереже бойынша жылына екі мезгіл ауысып отырады. Осы күні жазғы киім нысанына көшуге байланысты саптық байқауда басқарма бастығы П.Мәш­бекұлы бастаған топ, қызмет­керлер мен ардагерлер қорап­тарды аралап, жеке құ­рам­­ның сырт келбетін, қыз­мет атқару үшін қажетті жарақ­тарын, қызметтік куәлік­терін тексеріп шықты. Тексеру бары­сында мамандардың қыз­метке деген жауапкершілік­терінің жоғары екендігі анық көрініп, еш­қандай кемшілік­тер бай­қалмады.

   Онан кейін, Мамандан­дырылған күзет қызметі бас­қар­масына салада адал еңбек етіп, ел үшін қызмет етуге 30 жас маман ант қабылдады. Сонымен қатар, 1 офицер, 4 сержант марапатталып, 7 қызметкерді зейнетке шыға­рып салды. Марапаттау салта­натынан соң басқарма бастығы Пазылбек Мәшбекұлы Нәлі­баев сөз алды.

   - Бүгінгі таңда Елбасының назарындағы негізгі басымдық­тардың бірі - егемен еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы орайда жүктелген міндет зор. Ант қабылдау ішкі істер органдары қызметіндегі ма­ңыз­ды қадамдардың бірі. Ішкі істер органдарының қатарына қосылған жас қызметкерлерге қызметтерін адал орындауға және ішкі істер органдарының беделіне кір келтірмей, алға қойған міндеттерді мінсіз орындауларына тілектеспін,- деді құттықтау сөзінде.

   Мұнан кейін, сөз алған басқарманың ардагерлер ке­ңесінің төрағасы Төребек Рысқұлов қатарға қосылып жатқан мамандардың қызмет жолына сәттілік тіледі. Қоры­тынды бөлімінде жеке құрам салтанатты түрде саппен жүріп, жас қызметкер мамандар естелік суретке түсті.

 М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

Оқылды: 410 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C