Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 05 Мамыр 2017 06:46

«Болашағы біртұтас ұлт Қазақстан» қызылордалықтар бірлік мерекесін атап өтті

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

         Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Бір­лік болмай, тірлік болмас. Қазақ халқы бірлікті насихаттап, ел мүддесі үшін, бір­тұтастық мақсатында бір ұранда болған. "Жұмыла кө­терген жүк жеңіл" деп, бар елді бірлікке шақыратын аталы сөздері де аз емес. Тіп­ті 1 мамыр күні үлкен кө­лемде тойланатын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелік шара ретінде аталып өтеді. Осы мейрамның аясынан Қызылорда жұрт­шылығы да шет қалмады.

   Қазақстан халқының бірлігі кү­ніне арналған "Достық үйі" ғи­мараты алдында "Болашағы біртұтас ұлт Қа­зақстан" атты форум өтті. Ғи­ма­раттың фасады алдын-ала бекітілген суретші эскизі бойынша безен­ді­рілген. Сахнаның екі жанында ақ футболка киген белсенді жастар, сон­ымен қатар сахна төріне өз ұлт­тық киімдеріндегі форумға қаты­су­шы этно-мәдени орталықтарының өкілдері ерекше реттілікпен ор­на­ластырылған. Аталмыш шара бас­таламын дегенше дыбыс күшейткіш аппаратурасынан патриоттық ән­дерден радиоконцерт беріліп тұрды. Және жастардан құралған 100 бел­сенді студент, 100 жасұландық "Ырыс, Бақыт, Береке! Бірлігі жарас­қан! Жасасын Қазақстан!" деген ұранды сөздер айтып тұрды. Қонақ­тар арнайы орындарға жайғасқан соң, мерекелік көңіл күймен шара басталып кетті.

   Алаңда халық көп, ине шаншар жер жоқ. Бәрі де мерекелік көңіл күйдің кереметтілігін сезініп, бірлік күнін бірлікпен атап өтуде. Түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдері­мен жарасып, ұйыған мемлекетте өмір сүріп отырғанын танытқандай. Қазақстан - достық шаңырағының, берекелі тірліктің берік тұғыры. Сүт­тей ұйыған достығымыз бен бірлі­гі­міздің ақ ордасы Қазақстанның гүл­дене беруін тілеп келген қала жұрт­шы­лығы алдында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев сөз сөйледі. 1 мамыр Қазақстан халқы­ның бірлігі күні мерекесімен қызыл­ор­далықтарды құттықтап, елді бір­лік­ке, ынтымаққа шақырды.

   Елдің жарқын болашағы оның - тұ­тастығы мен татулығында екені рас. Қазақстан азаматтары да, бола­шағы біртұтас ел - Мәңгілік елді құру жолында бірлігінен ажырамақ емес. Ал, Мәңгілік ел қашанда - бірлік, бей­­бітшілік, келісімнің үдесіндегі дү­­ниелер. Сахнада өнер көрсету­ші­лер­­дің басты ұраны да "Алға, Қазақ­с­тан" болды. Осыншама биікте желбі­реген бірлік туын төменге түсір­меу - қазақстандықтардың басты па­рызы.

  "Достық үйі" ғимараты алдында өткізілген форумда Қазақстан Жазу­шы­лар Одағының мүшесі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Мах­мұт­бай Әміреұлы, №198 мектебінің ұстазы Надежде Ярынюк, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Сәбит Ибадулла сөз сөйлеп, халықты мерекелерімен құттықтады.

  "Елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің ынтымағы мен бірлігі, тату­лығы және дархан достығы, дария пейілі жасасын" деп жүргізушілер де қонақтарды жігерлендірді.

  Әнші Ж.Жүсіповтің орындауында "Атамекен" әні шырқалып, әннің қа­йырмасын қатысушылардың барлығы қосылып орындады. Әсем әуен аяқ­талар тұста сахнаның екі жанынан "ЭКСПО-2017"; Қуатты Қазақстан, "Бірлік, ынтымақ, бейбітшілік" деген жазулары бар лента байланған шар бумалары мен қатысушылардың қо­лын­дағы шарлар көкке ұшырылды. Сонымен қатар "Сыр сандуғаштары" вокальды тобының бүлдіршіндері қол­да­рымен ақ кептерлерді әуеге сам­ғатты. Осылайша бірліктің ны­ша­ны­на баланған көгершіндер Қазақ елі­нің көк аспанында тілекші болып, сам­ғай жөнелді.

   1 мамыр Қазақстан халқының бір­лігі күні аясында "Мақсаттар бірлігі - рух бірлігі" атты этно-мәдени орта­лық­­тарының өнер фестивалі өтті. Түрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін ор­таға салды. Ән де, би де биленіп, көрер­мен­дердің көңілінен шығып жатты. Қала тұрғындары дән риза.

    "Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле" демей ме қазақ на­қылы. Берекелі еліміздің бірлігі той­лана беруі - ынтымағы берік бірлігі­міздің арқасы. Саусақ бірікпей, ине ілікпейтіні секілді бірліксіз, дос­тықсыз, татулықсыз тыныш ел болып отыру қиын. "Бола­шағы біртұтас ұлт Қазақстан" атты форумның да басты мақсаты осы.

 Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 393 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 05 Мамыр 2017 06:58

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C