Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 10:27

Жалынды жастар Ұлы Жеңісті жырлады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

           Жеңіс жеңіл жолмен келмегені белгілі. Мұны тарих деректермен нақ­тыласа, ақындар жырына сыйғызып жырлайды. Қанды майданда қару асы­нып, жауға қарсы шық­­­қан ержүректерді қаншама ақындар өлеңдеріне қосты, әлі де қоса бермек. Олай деуге де негіз бар. Өткен аптада қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №271 мектепте "Ұрпағына үлгі болған ғұмырлар" тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Оған қаладағы 30-ға жуық мектептен 6-10 сынып аралығында оқушылар бақ сынады.

     Бүгінгі күні ақындардың көбейгендігі, алайда олардың арасында мәні мен мазмұны жағынан өлеңдері ақсап жататындығы қоғамда айтылып жүрген мәселе. Тақырыбына Ұлы жеңісті арқау еткен жыр додасының негізгі мақсаты - қолына қаламды серік етіп жүр­ген жас ақындардың талантын шыңдау және оларды ынталандыра оты­­рып дұрыс жол нұс­қау, айтысқа шығатын суы­рып салма дарыны бар жасты анықтап, оны үл­кен өнерге даярлау. Шараның алғы сөзін қа­лалық білім бөлімі әдіс­те­мелік кабинет меңгерушісі Рита Мұқашова сөз сөйлеп ашты.

    Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр­ған мүшәйра үш кезеңді қамтыды. Бірінші бөлімінде мектеп жасындағы жас ақындар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс тақырыбы аясындағы ізденістерінің нәтиже­сін­де туындаған жыр шумақтарын оқыды. Ал, екінші кезең бойынша жеке шығармашылығындағы кез келген еркін тақырыпта шығарған өлеңдерін мәнерлеп жеткізді. Қазылар алқасының шешімімен қатысушы 30 оқушының ішінен үздік деп танылған 11 жас ақын үшінші кезеңге өтіп, олар­ға арнайы тапсырма берілді. Қорытынды бө­лім­де іріктеліп шыққан қатысушылар 10 минут уақыт ішінде берілген тақырып бойынша өлең шығарды. Дәл осы кезеңде жастардың шынайы қабілеттері айқындалып, мүшәйраның мақсаты да орындалды.

    Кеш соңында қазылар алқасы қатысушылардың өлеңдеріне қатысты сын ескертпелерін, мақтау-мадақтарын жеткізді. "Өз өлеңім" деп сахнаға шыққан оқушылардың арасында көшірмелердің бары екендігі және оларға оқытушыларының мән беріп, қадағалап отыруын ескертті. Сайыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен Алина Мұратова, Ағжан Үрмеғали, Жанель Совет, Дильназ Мансурова және Мадина Әбді­кәрім есімді 5 оқушы ІІІ орынға лайықты деп танылды. Ал, Асхат Ибрагим мен Мақсат Қосымбаев ІІ орын дипломымен марапатталды. І орынды қалалық, облыстық жас ақындар мүшәйраларында бақ сынап, жырсүйер қауымға танылып жүрген Ерасыл Байментаев ие­лен­­ді. Ал, бас жүлдеге қа­зылар тарапынан жақсы пікірлер мен оң бағасына ие болған №11 мектептің 6-сынып оқушысы Анель Амангелді иелен­ді.

   Жыр додасына қатысқан барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға арнайы диплом мен кітаптар сыйға берілді. Жас ақындар мүшәйрасының қорытынды сөзін сөйлеген қалалық білім бөлі­мінің әдіскері Гүлнұр Жылқайдарова осы шараға қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

М.ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ

 

Оқылды: 431 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 10:38

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C