Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 26 Мамыр 2017 12:38

Балабақша болашақтың дарындыларын даярлайды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

 

    "Бүгінгінің балалары бесік­тен белі шықпай жатып барлығын біледі" деген сөзді сіз де жиі еститін шығарсыз?! Расында да солай. Жаңа ғасыр балаларының жаңашылдыққа бе­йім болуы ол - уақыттың талабы. Бала ба­лабақша жасынан бастап қор­шаған ортасын танып білуге, жаңа нәрселерді үйренуге, ойын ортада анық жеткізе алуға дағдылануы қажет. Сол себепті де балабақша бағдарламаларына нақты тапсырмалар беріліп, пе­дагогтарға қойылатын талап та күшейтілген. Жасалынып жат­­қан жұмыстың нәтижесі де көңіл қуантады. Өткен жұмада Қызылорда қаласында орна­лас­қан "Ер Тарғын" балабақшасында өткен "Жаңартылған мек­­­тепке дейінгі тәрбие мен оқы­ту мазмұны бойынша білім беру салаларын кіріктіру" тақырыбында өткен облыстық семинар сөзімізге дәлел бола алады.

    Қызылорда облыстық білім басқармасы, облыстық оқу орталығы және қалалық білім бө­лімінің ұйымдастыруымен өт­кен семинарға Сырдария, Шие­лі, Жаңақорған аудандары мен қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 60-қа жуық педагог қа­тыс­ты. Семинарға келушілер алдымен балабақша педагогтарының шығармашылығынан даяр­ланған "Инновациялық идеялар", тақырыптық "Ақпарат айнасы" атты және "Ең үз­дік..." деп аталатын шығар­ма­шылық көрмелерімен танысып шықты. Ұйымдастырушылар мұнда мектепке дейінгі кезеңде балалардың кешенді да­му динамикасын қамтамасыз ету жолдарын насихаттауды көздегендерін айтады. Шара ән-әуез залында балабақша тәр­биешісі Г.Смаилованың ұйым­дас­ты­р­уымен "Мәңгілік ел­дің ұрпағымыз" атты таңертеңгі жиынмен бастау алды. Қы­зылорда облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Ди­хамбаева семинардың ашы­лу сөзін сөй­леп, мақсатына тоқталды.

   Таңертеңгі жиыннан соң семинарға қатысушы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері "Ер Тарғын" балабақшасындағы "Күншуақ", "Бал­­дырған", "Балауса" ортаңғы топтарының және "Ботақан", "Қуаныш", "Айгөлек" ересек топтарында өткен мотивациялық кезеңдер шеруін тамашалады. Семинар дене тәрбиесі залында "Күштілердің күштісі" деп аталатын спорттық шоумен жал­ғасын тапты. Мұнда дене тәрбиесі маманы Л.Қуатова мен хореограф А.Сексенбаева ата-аналармен байланыс жасап, дене жаттығулары барысын үш тілде ер­кін жүргізді. Ал, балабақша тәр­биеленушілері заманауи ырғақты әуенге сәйкес дене қи­мыл­дарымен би-жаттығуларын жасады. Бұл уақытта семинарға келген екінші топ ағылшын тілі маманы А.Жанахованың ересектер тобында өткізген "Білім­ді­лер марафонына" қатысты. Бұдан түйген ойлары мен сайыстағы ерекшеліктерді семинар соңында ортаға салды.

   Семинардың ерекше кезеңі тәрбиеші Б.Жомарттың "Дарындыларды даралаймыз" атты са­йы­сында көрініс тапты. Мұнда балалар өздерін журналист, суретші және аспазшы ретінде танытты. Бастысы, олар сайыс ба­рысында берілген тапсырмалар­ға қатысты ойларын ағылшын, орыс және қазақ тілінде таза жет­кізіп, қазылар алқасын таң қал­дыра білді. Аталмыш балабақша балаларының үш тілді меңгеруге қабілеттіліктері орыс тілі маманы Э.Сарманова және А.Жанахова өткізген "Дети будущего" атты үш тілдегі балалар қо­йы­лымында да анық байқалды. Көріністің мазмұны да бүгінгі балғындардың барлығының қабілетті, дарынды әрі ізденімпаз болып өсіп келе жатқанын көрсетуге негізделген.

  Ән-әуез жетекшілері Г.Тас­бер­генова мен М.Бақтыбаева өткізген "Шыбынның туған күні" атты мюзиклда эстрада бағытында шырқалып жүрген жаңа хит әндердің мәтіні тақырыпқа сай бала тіліне лайықталып жазылған. Мюзиклда шыбын досының туған күн кешіне жинал­ған жәндіктер келеңсіз жайға тап болып, өрмекшінің торына тү­сіп қалуға қорқады. Осы сәтте көмекке маса келіп, барлығы ауызбіршілікпен мерекелік кеш­ті керемет тойлайды. Әнмен әр­ле­ніп, бимен аяқталған аталмыш мюзикл семинарға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

   Баланың қай уақытта өзінің дарынды екенін байқатып, қа­білетімен даралана білгені жақсы. Алайда оның бойынан бала­лы­ғы байқалып тұрғаны да жөн. Асыр салып ойын ойнау бар­лық балаға тән қасиет. Семинарда балабақшаның тәр­бие­шісі Э.Сыздықова өткізген "Балалықтың бойына ойын азық" ұлттық ойындар тера­пия­сында ұмыт қалып бара жат­қан "Соқыр теке" және "Аш қасқыр" ойындары қайта жаңғырды.

  Қорытынды бөлімінде ау­дандардан және қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан келген педагогтар облыстық семинардан көргендерін, ойға түйгендерін ұсыныс-пікірлер арқылы талқылады. Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы семинардың ұсынымдарын қабылдап, балабақша тәрбиешілеріне сертификат табыстады. "Ер Тарғын" балабақшасының меңгерушісі Қарлығаш Қапашқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, семинарда түйгендері алдағы уақытта оң нәтижесін көрсетсін деп тілек білдірді.

Майра БОЛАТОВА

Оқылды: 604 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 26 Мамыр 2017 12:55

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C