Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 14 Шілде 2017 11:54

Мұғалімдер Қамбаш көлінде демалды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Жыл он екі ай ой еңбе­гі­мен айналысып, қағаз тол­ты­ра­тын ұстаздар қауымы жаз­ғы дема­лысқа шыққа­ны­на біраз уақыт болып қалды. Оқу жылын аяқтап, арқаны кеңге салған мұғалімдердің де­малысы әрқа­лай өтуде. Бірі өзге аймақтарға барып қыдырып, ендігі бірі жайлы демалыс орындарында ты­ны­ғып жүр. Ұстаздардың дема­лысын қызықты өткізуді қолға алған облыстық кәсіп­одақ комитеті байыпты баста­ма бастады. Облыстық кәсіподақ ко­мите­тінің төрайымы Райкүл Бай­на­зарованың қол­дауымен 2017 жылдың 8-10 шілде аралығында Арал ауданындағы "Қам­баш" көлінің жағасында орналасқан "Нау­рыз" шипажайына демалуға Қы­зыл­орда қаласының 15 мұғаліміне жол­дама берілді.

   Айту керек, мұғалімдердің жазғы демалысына ұйымдастыру үшін Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы­ның облыстық комитеті 500 жолдама әзірлеген. Ұстаздар лек-легімен Қамбаш көлінде қызықты серуен құра алады.

 

   Аптап ыстық қызылордалықтардың мазасын қашырды. Тұрғындардың жанына сая болған "Наурыз" шипажайы бүгінде демалыс орнына айналып үлгер­ді. Мұнда келген халықтың қарасы қалың. Суға сүңгіп, күнге қыздырынып, еркін демалуға мүмкіндік алған мұға­лімдер мүмкіндікті бос жібермей демалысқа аттанды. Үш күнге созылған демалыста ұстаздар бір-бірімен байла­ныс орнатып, ортақ тақырып аясында ойларымен бөлісіп, шығар­машылық жұмыстарын сөз етті.

  Ұстаздар шипажайда түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, ойын ойнап, іс-шараларға белсенді қатысып, өнерлерін ортаға салды. Таза ауада тыныстаған ұс­таздар қауымының бір-бірімен байланысын арттыруға сеп болған демалыс уақыты бір сәт күнде­лікті тіршілікті ұмыттырып, жайлы дема­лыс мекеніне айналдырды.

  Педагогтар спорттық сайыстарды да ұйымдастырды. Топтық бөлініс жасап командалық ойын өрнегін көрсетіп, көңіл көтерді. Белсенді мұғалімдерді арнайы сыйлықтармен марапаттады.

   Мұғалімдердің жазғы демалысының сәтті ұйымдастырылуына себепкер болған облыстық кәсіподақ ұйымы әлі де мұғалімдерді апаруды жалғастыра бермек.

Гүлнұр ЖЫЛҚАЙДАРОВА,

қалалық білім бөлімінің әдіскері

Оқылды: 249 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C