Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 05:33

Жаңа әліпбидің жайы талқыланды

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелерін талдау мақсатында "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" тақырыбында идеологиялық актив отырысы болды. Жиын Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың "Студенттер сарайында" өткізілді.

   Бүгінгі күннің өзекті мәселесін тал­қы­лауға облыстық ішкі саясат, мәде­ниет басқармаларының басшылары, қа­ла, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ау­­дан­дық білім, ішкі саясат, мәдениет жә­­не тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, филолог-ға­лымдар, білім саласының қызметкерлері, зия­лы қауым өкілдері, ардагерлер, үкі­­меттік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қа­тыс­ты. Жиынды облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов жүргізіп отырды.

   Латын әліпбиіне көшу күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Соған сәйкес облыстағы тіл мамандары аталмыш отырыста сөз сөйлеп, ой бөлісті. Ұсыныстар талқыланды. Атап айтар болсақ, Қор­қыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Сәдуақасұлы, "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов, "Сыр Медиа" ЖШС-ның директоры А.Оңғарбаев, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева, облыстық "Славяне" қоғамдық-мәдени орталығының жетекшісі Г.Шербакова, №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі А.Шайхутдинова көтеріліп отырған мәселе аясында сөз сөйледі.

  Латын әліпбиінің жобасын Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың әдістемелік орталы­ғы­ның ғалымдары әзірлеген жаңа алфавитте барлығы 25 таңба болады, қосымша 8 диграф қолданысқа енгізу ұсыныл­ған. Оны дайындауда ғалымдар, сарап­шы­лар шетелдік тәжірбиелерге қарап, осы жобаны да­йындаған. "Қазіргі қазақ тіліндегі ки­рил­лица алфавитіндегі қолданбайтын әріптерді алып тастаймыз. Қазақтың фо­не­тикасына сәйкестендіреміз. Бұл ті­ліміздің әрі қарай жаңғыруына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Латын қарпіне көшу - үл­кен мүмкіндік. Зор жауапкершілік жүк­теледі", - деп жаңа әліпбиге зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді.

   Тарихи шешімнің қабылданары, халыққа ұнары немесе ұнамасы әзірге бел­гісіз. Тек жаңа әріптер халыққа талқы­лау үшін ұсынылып отыр. Елдің сөзі бір ар­нада тоғысса, жаңа әріппен жаңа тарихты жазатын шақ туады. Әйтсе де әлеумет­тік желілерде латын әріптерімен жазу тиім­­сіз деп есептейтіндер де жетіп артылады.  Қай кездегідей жаңаша шешім қа­былданар тұста ел пікірі екіге бөлінеді. Тек басым тараптың дегені болады. Ерікті түр­де латын әріптерімен жазып жүргендер де бұл жазу түріне бой үйретіп қалды. Бірақ әлі нақты ресми алфавит қабылданған жоқ. Соның өзінде дау көп. Осындай келеңсіз жағдаяттарға жауап ретінде өткен актив жиын латын әріптерінің тиім­ділігін түсіндіріп беруге тырысты. Жаңа әріптер қолданысқа ене ме, енбей ме, ол уақыт еншісінде. 

Айдар САЙЛАУОВ

 

Оқылды: 174 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C