Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 03:33

ТІЛШІЛЕР ТРЕНИНГТЕ ТІЛ ҮЙРЕНІП ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Бүгінгі алған білім - ертеңге азық. Бұл үнемі жолда жүретін, көпшілік ортаның пікірін біліп, ел ішіндегі мәселеге мойын бұратын журналистерге аса қажет. Әрбір айтылған ой мен тәжірибе жур­на­лист жұмысын жеңілдетіп, кәсіби бағыттағы жұмысына ақпараттық "багаж" бола алады. Жақында Қы­зыл­орда облысында журналистерге арналған жоба жайында айтқан болатынбыз. Тілшілердің тілдік білімін арттыруға ден қойған "Руха­ниятты жаңғырту" қоғамдық қоры­ның "Қазақ тілді журналистердің кәсіби тілдік сауатын арттыру" жобасы аясында өңір журналистері үш күндік оқыту курсынан өтті. Енді міне, өткен жұмада журналистерге моти­вация беретін, білімін көтеру­ге бағыт нұсқайтын оқытудың жал­ға­сы ретінде "Тілдік сауаттану. Жур­на­листің ақпарат алу еркіндігі" та­қы­рыбындағы семинар-тренингі ұйымдастырылды.

  "Өрлеу" біліктілік арттыру инс­ти­тутында өткен семинар жұмы­сы­на жиырмаға жуық журналист ша­қырылып, ағылшын тілінде ақпарат алмасудың бүгінгі тәсілдері ортаға салынды. Жаһандық форматта ойлай алу, шетелдік тәжірибелерді түсініп, халыққа жеткізу - журна­лист міндеті. Бұл үшін журналист бі­лімінің дайындығы керек. Аудар­ма арқылы жеткен жаңалықты қазақ тіліне аударып беру ең әуелі ақпа­раттың бір бағытта қалып қоюы, екін­ші жағдайда уақыт жағынан ұты­­луға алып келеді. Сол себепті ха­лықаралық қатынас тілі ретінде мо­йындалып қойған ағылшын тілінде ақпараттарды біліп түйсіну, одан ой қорыту үшін тілдік база керек. Осы жақын арада мәселе ретінде күн тәртібіне келетін дүние­ні ертерек қолға алсақ, ұтылмасы­мыз анық. Аталған үш күндік оқыту мен үш сағаттық семинар да осы жағ­дайға ертерек үн қатуды көз­дейді. Семи­нар тренері Сағира Уә­лие­ва аталған семинардың журна­лист жұмысына берері мол екенін қаперге салды.

   "Руханиятты жаңғырту" қоғам­дық қоры бастаған семинар-тренинг­ті Қызылорда облыстық Ішкі саясат бас­қармасы мен "Қазақылықтың Атамекені" қоғамдық қоры ұйытқы болды. Оқыту семинарында журна­лис­­тер ағылшын тіліндегі кәсіби тер­миндердің қолдану аясын үйреніп, халықаралық тәжірибелермен та­ныс­­ты. Сондай-ақ, шет тіліндегі соң­ғы саяси, экономикалық, мәдени жа­ңа­лықтардың берілу формасын ше­телдік БАҚ арқылы тамашалады.

   Журналист үнемі жолсапарда жүреді. Бұл ретте тілшілердің жаһан­дық саясаттан хабары болғаны ар­тық­тық етпейді. Демек, ақпарат көзі - ағылшын тілінде таратылады. Се­минар барысында журналистер ақ­паратты тұтынатын аудиторияға ба­ғытталған мәтіндермен жұмыс жүр­гізіп, ортаға тасталған тақырып­ты өзара ойласып, пікір білдірді.

  Тілшілердің тілдік сауатын көте­руді мақсат еткен семинарда журна­лис­тер ағылшын тілінде еркін сөй­леу­­ге бағыт сілтейтін сайттармен танысып, шетелдік посттарды оқып, пікір қалдырды. Ағылшындар­дың ақпарат берудегі ұстанымдары да сөз болды. Ұтымды сөз, сенімді де­­рек кө­зімен жұмыс істей білу де жур­­­на­листер назарынан тыс қал­мады.

   Семинарға ниет білдіріп келген жур­­налистер оқыту жұмысынан ал­ған әсерімен бөлісіп, ашық пікір­ле­рін ортаға салды. Шешімді қажет ете­тін ойындар мен тілдік қорды қа­лып­тастыратын фильмдерді тамаша­лаған журналистер үш сағат ішінде же­ке-дара, топтық жұмыстарды бір­лесе орындап, бірлікте әрекет етті. Тре­нинг соңында өз ұсыныс-пікір­лерін білдіріп, естелік суретке түсті.

   Түпкі мақсат - журналистердің бә­­­се­­кеге қабілеттігін арттыруға бір қа­дам жа­сау, шетелдік дерек­көз­дер­мен жұ­мыс істеудің жолын білу. Се­­ми­нар­дың өз уақытынан бір са­ғатқа артық созылуы да біл­мекке ұмтылған тілші­лерге серпіліс беріп, тіл үй­ренуге деген тал­пынысын ту­дыр­ғаны­на көзіміз жетті.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 450 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C