Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 05 Қазан 2017 10:09

ҰЛТТЫҚ ГУМАНИЗМ МҰРАГЕРІ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

       Ұлт мәдениетін биік деңгейге көтеру, ел-жұрттың сана­сы сәуле болар мазмұнды шы­ғар­малар қалдыру тек ұлылардың қолынан келеді. Дәуір тынысын дөп басып, рухани азаттықтың туын желбіреткен, айдай әлемге Абай арқылы та­ныл­ған Мұхтар Әуезовтің туғанына биыл 120 жыл. Бірінші қазақ драматургі, аударманың алыбы, замана суреткері Мұхтар Омар­ханұлының терең толғанысты туындыларын бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Әдебиет майданындағы елеулі еңбегі, ұлт мұраты жолындағы қызме­тін жас ұрпақ жадына жаңғырту мерейлі мереке кезінде де жалғасын тапты.

    Көп болып бірігіп, жұрт болып жұмылып жүрген рухани жаң­ғырудың бір жолы - қа­заққа еңбегі сіңген ақын-жазушыларды ұлықтау. Ұлылардың көшін бастаған Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерейтойы Қазақстанның әр қиы­рында өз сән-салтанатымен ата­лып өтілуде. Қазақты қазақ ет­кен жазушының мол мұрасын өткенге насихаттау мақсатында Сыр елінің ұстаздары да қалыс қалмады. Рухани жаң­ғы­руға бағыт алған тұста қазақ зиялыларының өмірін өнеге ету - тағылымды іс. Бұл ізгілікті жұмысты М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі ұстаздары алғаш болып бастады. Қызылорда об­лыс­тық білім басқармасы мен қалалық "Нұр Отан" партиясы қол­дау білдірген шарада "М.Әуезов қазақтың рухани мәдение­тінің көрнекті тұлғасы" тақырыбына арқау болды.

   М.Әуезовтің мұралары мен жазған шығармалары, дерек ретінде сақталған қолжазбалары ар­найы кітап көрмесі ретінде қойылды. Рухани мұраларды ұр­пақ жадына жаңғыртуды мұрат еткен қалалық кітапханалар жү­йесі тағылымды шараға үлес қо­сып, Әуезов әлемінен сыр шертті.

    Колледж қабырғасында өткен шара 7 бөлімнен тұрды. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұ­ра­сын өз баяндамасына арқау ет­кен колледж оқытушысы Кенжеш Оралова студенттерге жазушының әр жылдары жа­зылғ­ан, бүгінде классикалық шы­ғармаларға арналған туындылардың тақырыбы мен мән-маңызын баяндамасына өзек етіп алыпты. "Саналы ғұмырында туған халқының руханиятын биікке көтеру жолында тер төге еңбек еткен Мұхтар Әуезовтің шы­ғармашылық мұрасы - қазақ ұлты үшін мол рухани байлық. Болашақта қаламгердің шығармашылық мұрасы ұлт мүддесі мен болашағы үшін қызмет ете бермек",- деп, К.Шәрібекқызы баяндамасын қорытындылады.

   - Негізгі мақсат - ХХ ғасыр жазу­шысының шығармашылық қайнарына бүгінгі ұрпақ назарын аудару, рухани байлығы­мыз­ды қадірлей білуге баулу, таным-парасатын саралау, арман-мүддесін түсі­ну, рухани тарихымызды тануға мүмкіндік жасау, алдыңғы толқынның жадында қалған оқиғаларды жаңғырту,-дейді колледж кітапханашысы Жарқын Ералина.

    Шара барысында Мұхтардың ғұмырнамасы сөз етіліп, жазушыға арналған арнау өлеңдер оқылды. Жазушының "Еңлік-Кебек" пьесасынан көрініс қойылды. Студенттердің сомдаған образдары танымдық кештің ажарын ашты. Басқосудың даралап тұрған тағы бір дүниесі - көпші­лікке Мұхтар Әуезовтің уақы­тын­да жазылып сақталған жанды дауысы тыңдалып, жастар жа­зушының жалынды сөзінен шабыт алды.

   Шараның соңғы бөлімінде мейман ретінде шақырылған Қызылорда қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Абдрахманов, Қызылорда облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру бө­лімінің басшысы Бақдәулет Дүрманов ой білдіріп, шараның маңыздылығын сөз етті.

    "Мұхтар Әуезовті болашақ ұрпақтар үшін әдебиетте айшықтаған қазақ мәдениеті тарихының "алхимигі" деп атауға болады. Ол ауызша мәдениеттің лү­пілін жазу әліппесінің формальды шеңберіне салған "кө­пір-адам", ауыл өмірінің алаңсыз тыныштығын қаланың бей­маза тіршілігіне жеткізген "өзен-адам", өз жұлдыздарына сы­йынатын қарапайым малшыларды сопылық руханилық­қа әкелген "жол-адам", өз хал­қының алдында бұған дейін жа­бық болған мәдени асыл қазыналарды айқара ашқан "қақпа-адам". Ол даланың кіндігінде, ұлы отырықшы өркениеттер ара­сында көпір және жол қиылысы бол­ған аумақта тұратын халықтың бай­лығы мен арман-мүдделерін өсиет етті.

    Дәл осы Катрин Пужольдің кезінде айтқан сөзі Мұхтар Әуе­зовтің қазаққа жасаған еңбегін сөзбе-сөз суреттейді. Берілген баға, халық ықыласы әдебиет әлеміндегі Әуезовтің ұлттық гуманизмнің мұрагері екенін тағы бір рет айғақтайды.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Оқылды: 226 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ТІЛШІЛЕР ТРЕНИНГТЕ ТІЛ ҮЙРЕНІП ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C