Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:

   

   Қуаныш Шонбай есімі бүгінде бизнес саласында "Екінші болма" ұғымымен жақсы таныс. Екі жарым жылда 10-ға жуық ресторан ашып, бизнестің биігіне шыққан Қуаныш Шонбайдың тәжірибесінен туған ойлары бүгінде көп жасты бизнеске тартуда. Осы себепті де біз кәсіпкердің жақында жарыққа шыққан "Екінші болма" атты кітабынан үзінді келтіріп, оқырманға ұсынуды дұрыс көрдік.

   1. Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіпкерлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық проблемаларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды күтеді. Шындығында маркетинг - буклеттердегі сиқырлы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, компьютердегі жасырын программа емес. Бұл ең алдымен өз қолданушыларыңның қажеттілігін түсіну, сол қажеттілікті өтеу, олар­ға жақсы өнім беру жолындағы тынымсыз еңбек.

   2. Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын адамдарға қарап, солар сияқты киін. Егер бизнесіңді дамытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек. Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады. Біз алдымен көзбен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келгенге дейін-ақ бұл дәмхана екінші рет келетін-келмейтінің жайында шешім қабылдайсың.

Бөлім:  Білім

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C