Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Басқосу

Басқосу (24)

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2016 10:54

РОБОТОТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ

| Автор: 

     Соңғы жылдары робототехника саласы қарқынды да­мып келеді. Сондықтан қазіргі таңда білім кеңістігіне робо­тотехника ғылымы саласын енгізу өте маңызды мә­селе болып отыр. Робототехника оқушылардың сын тұрғы­сы­нан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырма­лар­ды шеше білуге ық­пал етеді, сонымен қатар бұл жас­тарды ғылым, техника, физика, математика арқылы жаңа­шылдыққа шабыттан­ды­ра­тын, бүгінгі күннің мәсе­ле­лерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды тал­дауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды ғылым.

      Жақында Қызылорда қалалық қосымша білім беру оқу-әдіс­темелік орталығында қала мектептерінің инфор­ма­тика жә­не физика пәні мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақ­сатында "Робототехника негіздері" атты  семинар өткізілді.

      Семинар қалалық білім бөліміне қарасты 50 мектептен 57 мұғалімді қамтыды. Мектеп мұғалімдері "Роботехника" және "Робоконструктор" үйірмелері оқушыларының жаса­ған жұмыстарын тамашалады. Семинарда қалалық қо­сым­ша білім беру оқу-әдістемелік орталығының "Робо­то­тех­ника" үйірмесінің жетекшісі Раушанбек Сариев "Робо­то­­техника негіздері" тақырыбында шеберлік сабағын көр­се­тіп, үйірмеде оқушылармен жұмыс жасау әдіс-тәсіл­дерін таныстырды.       "Робоконструктор" үйірмесінің жетекшісі Серікбол Ералиев "Arduino" жиынтығымен түрлі электрондық құрыл­ғы­лар жасау тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті. Оқу­шылармен бірге электрондық құрылғыларды компьютер­лік программа арқылы құрастыру және пультпен басқару үрдісін таныстырды.

    Ахметов Серік - Назарбаев зияткерлік мектебінің инфор­ма­тика пәнінің мүғалімі. "LEGO Mindstorms EV-3" жиын­тығымен түрлі оқу бағдарламаларын жасау тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.

      Қатысушылар семинар соңында робототехника ғылымы туралы ойларын дөңгелек үстел басында ортаға салды.

К.Утепова, С.Қожантаева,

Қызылорда қалалық қосымша білім беру

оқу- әдістемелік орталығының қолданбалы қолөнер бөлімі

   Жуырда "Руханиятты жаң­ғыр­ту" қоғамдық қоры мен Қы­зылорда облыстық "Азаматтық Альянсы" қауымдастығының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - мәңгілік ел мұраты" тақы­ры­бында "Болашақ" университе­тін­­де дөңгелек үстел өткізілді. Аға буын мен жастардың басын қосқан жиынның мақсаты - ши­рек ғасыр ішінде Қазақ елінің әр саладағы жеткен жетістік­те­рін баяндау, тақырып аясында ке­ңесу, ой-пікір айту. Кеш мо­дераторы, қоғамдық қор төра­ғасы Нұрлан Нұрмаханов алды­мен кешті алғысөзімен ашып, бағ­дарлама барысымен таныс­тырып өтті.

     - Аға буын дегенде біздің көз ал­дымызға со­нау кеңес дә­­уірінің кө­зін көрген, мұ­нан соң тә­уелсіздік ал­­ған жыл­дардан бергі кезеңді де бі­летін жан­дар елес­тей­ді. Мұнан соң орта буын, тә­уелсіздік алып, ел болуға бар күш-жігерін жаныған жандар және жас буын алды сол тәуел­сіздікке қол жеткізген кезде дү­ниеге келген, келешек елді бас­қаратын жаңа толқын. Міне, осы үш буынның басын қосқан жиында біз "Тәуелсіздікті қандай деңгейге көтердік? Осы 25 жыл ішінде қандай жетіс­тіктерге жеттік?" деген сауал­дарға бүгін жауап алатын бо­ламыз, - деді Нұрлан Нұрмахан.

    Мұнан кейін тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі уақытта Қазақс­тан­ның көтерілген белестеріне көз жүгіртетін бейнематериал көрсетілді. Кездесуде Сыр бойы діни-ағартушылардың зерт­теушісі Қабдеш Шағыров, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай, Болашақ универси­тетінің аға оқытушысы, фи­лология ғылымдарының кан­дидаты Сара Тайманова, жел­тоқсаншы Гүлнар Ысқақова және жастық оты жалындаған тәуелсіз елдің талантты жастары тақырып аясында баяндама оқыды. Сонымен қатар, ел азаматтары Қазыбек Әшірбек­ұлы, Жүзбай Таңрықбаев, Сұлтан Әшімов, Азаматтық Альянсы қауымдастығының төрайымы Ақтолқын Сунгур, Болашақ университетінің ка­федра меңгерушісі Надежда Шумейко және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері басқосу кешінің қонақтары болды.

    - Қазақстан 25 жыл ішінде қалай дамып келе жатқан­дығын біз көзімізбен көріп жүрміз. Сонымен қатар қоғамда алар орны ерекше "Азаматтық Альянсы" қауымдасығы да 10 жылдан бері өркендеп бірге жасасып келеді. Бүгінгі шара­ның мақсаты қайта қалпына кел­тірілген мемлекетімізді ны­ғайту және де дүниежүзілік қа­уымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұрғандығын жастар санасына сіңіру, - деді Ақтолқын Шереханқызы.

    Шарада тәуелсіздік алған жылдарда мемлекетімізде ат­қарылған жұмыстар сара­ланып, алдағы уақытта елді дамыту жолында жасалуға тиісті жұ­мыстар төңірегінде әңгімелер қоз­ғалды. Жиналған қауым өза­ра пікір алмасып, ой бөлісті. Қо­ғамдық қор ұйым­дастырған бұл кездесу де тә­уелсіздік жетістік­те­рін наси­хаттауға қосқан үлесі болып табылады.

 Майра Болатова

 

 

   "Төртінші билік иелері" мәртебесі журналистика са­ласында аянбай тер төгіп жүргендерге берілген баға іспетті. Дегенмен, халық пен билік арасындағы "ал­тын көпір" бола білген осы кәсіп иелерінің қыз­ме­тіне бүгінгі күні қалың көпшіліктің берер бағасы бас­қаша. Рас, халыққа ақпаратты тарату үшін жур­на­лист әуелі оның дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Осы тұста көбіне ақпарат алуға деген қолжетімділік ке­дергісін келтіретіні тағы бар. Мұндайда құқықтық сауаттылықтың жетіспейтіндігін байқаймыз. Осын­дай олқылықтардың орнын толтырып, әріп­тес­тер ара­сындағы байланысты күшейту жолында "Руха­ният­ты жаңғырту" қоғамдық қоры жуырда облыстық ішкі саясат және "Азаматтық Альянсы" қауым­дас­ты­ғының қолдауымен "Ұрпақтар сабақтастығы. Жур­налист құқығы мен әдебі" тақырыбында кез­десу өткізген болатын. Кездесуді "Руханиятты жаң­ғыр­ту" қоғамдық қорының директоры Нұрлан Нұр­ма­ханов жүргізді.

   Жоба аясында ұйым­дас­тырылып жатқан шара журналистердің құқықтық сауат­тылығын арт­тырып, ашық пікір алмасуға үйре­туге бағыт­талған. Кездесуге қолдау білдірген қауым­дас­тық төрайымы Ақтолқын Сунгур де басқосудың басы-қасында болды.

   - Кездесудің негізгі мақсаты - Сыр бойы жур­на­лис­тикасының қоғамдағы белсенділігін, кәсіби білік­ті­лігін, өңірде азаматтық журналистиканың деңгейін кө­теру, осы арқылы Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға қолдау білдіру. Саланың сырына қа­нық аға буынның, ортадағы ойын анық жеткізе ала­тын орта буынның және ақпарат саласына енді ғана қалам тербеп келе жатқан жас буынның басын бірік­ті­ріп, саладағы түйткілді мәселелерді, журналис­тер­дің ой-пікірлерін өз ауыздарынан тыңдағымыз келді. Соның негізінде алға нақты жоспарлар құрып, жұ­мыс жасайтын боламыз,- дейді қоғамдық қор дирек­торы Нұрлан Көбегенұлы.

   Жиынды ұйымдастырушылар Сыр өңірі жур­на­лис­тері арасындағы құқықтық сауаттылық төңі­ре­гін­дегі пікірлерін жеткізген ойын білу мақсатында "Жур­налист ретінде өз құқығыңызды қалай пайда­ла­нып жүрсіз?", "Журналист әдебі және оның шегі де­генді қалай түсінесіз?" деген сауалнама жүргізіпті. Бас­қосу барысында жолданған сауалдарға өзінің ойын боямасыз жеткізіп, кездесетін кемшіліктерді ашық айтқан пікірлер топтастырылып, лэд-экран ар­қылы көпшілікке таныстырылды.

   Мұнан кейін шара тақырып аясындағы мәселе­лер­ді кеңінен талқылау үшін салада қызмет етіп жүр­ген алдыңғы және орта буын журналистердің баян­да­маларымен жалғасын тапты. Сыр бойына белгілі жур­налист Айжарық Сәдібекұлы "Ұрпақтар сабақ­тас­тығы: тәжірибе мен тәлім" тақырыбындағы баян­да­масында өмірлік практикаларымен бөліссе, "Сыр бойы" газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев "Құқықтық сауаттылық және журналист мәр­тебесі" тақырыбындағы баяндамасында көптеген мы­салдар келтірді. Ал, тележурналист Айнұр Тұң­ғыш­баева "Журналист әдебі және ар-ұят өлшемі" мәсе­лесінде саладағы кездесетін кем-кетік тұста­рына тоқталды. Журналистика саласында айтары бар, тәжірибесі мол мамандардың баяндамаларынан кейін қатысушылар жас толқын журналистердің пікірлері тыңдалды.

   Ауқымды шара аясында айтылатын ой, тал­қы­ла­натын тақырыптың көптігі анық байқалды. Жур­налистиканың даму деңгейі талқыланған кездесуде ар­дагер журналистер мен жас журналистердің тәжі­рибе алмасуына жағдай жасау үшін кеңесу клубын құру­ға ұсысыныстар айтылды.

  Жиын соңында журналистердің құқықтық сауат­ты­лығы аясындағы тақырып қорытындыланып, айтыл­ған мәселелерді таразылай келе журналис­тер­дің басын біріктіру, саладағы ортақ тақырыптарды талқылау мақсатында "Сөз құны" атты кеңесу клубын құруға ортақ шешім қабылданды.

Майра БОЛАТОВА

 

 

    Оқушылардың жазғы демалысына шыққанына екі айдай мерзім болды. Бос уақытты тиімді өткізу бағытында балалардың басым бөлігі жазғы лагерьлерге барып тынығады, ендігі бірі ауыл өмірінің қызығына аттанады. Бәрі де ой еңбегінен алыстап уақыттарын тиімді өткізуді қалайды. 1982 жылдан бері өз жұмысын жасап келе жатқан қаладағы "Сырдария" балалар сауықтыру лагері балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында думанды шараларды ұйымдастыруда.

    №157 Сабалақ бағбандық серіктестігі жанынан ашылған "Сырдария" балалар сауықтыру лагері бүгінде балалардың алаңсыз демалуына жағдай жасап, оқушылардың танымдық қабілеті мен шығармашылық жұмыстармен айналысуына қол жеткізіп отыр. Соңғы кездері аталған лагерь бүгінгі күннің талаптарына жауап беретіндей жаңа мүмкіндіктерді қарастырып, мектеп оқушыларын көптеп тартуда. Сауықтыру лагерінің директоры Гауһар Құдайбергенованың айтуына қарағанда, осы мезгілде "Сырдария" тынығу лагерінде жазғы 7 ауысымында 1050 бала тынығады, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 450 бала демалуда.

   - Біздің лагерь балалардың алаңсыз демалуына, еркін түрде шығармашылықпен айналысуына барынша жағдай жасап келеміз. Атап айтқанда, сауықтыру лагерінде 80 орындық асхана, шығармашылық үйірмелер кабинеттері, ойын, спорт алаңдары, монша, ашық су бассейні балалардың өздерін сергек ұстауға септігін тигізеді,-дейді лагерь директоры Гауһар Құдайбергенова.

   Шығармашылықпен айналысу демекші, мұнда жастардың ой таразысын саралап, шығармашылығын шыңдай түсетін бірнеше бөлімдер жұмыс жасайды. Айталық, үш тілділік саясатын меңгерту мақсатында қол алған "Үйренейік, меңгерейік көп тілді" бағыты балалардың тілдік сауаттылығын арттыруға сеп болады. Ал, "Шынықсаң шымыр боларсың" бөлімінде балалар баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат сынды ойын түрлерін, сондай-ақ ұлттық асық ату, арқан тартыс ойындары арқылы ұмыт болған ойындарды қайта жаңғырта алады.

   Ісмерлікке баулитын "Шебердің қолы алтын" бағытында да балалар, әсіресе, қыздар қазақтың ою-өрнектерінен, ер балалар саз балшықтан түрлі туындылар жасап шығаруда. Мұның бәрі тәлім-тәрбиелік жұмыстардың бір бағыты ғана.

   Талантымен топты жарып жүрген оқушылар үшін де Сырдария лагері вокал, хореография, сахна мәдениеті, дикторлыққа даярлау жұмыстарын жүргізеді. Жалпылай айтқанда, таң сәріден кеш құрымға дейін балалар әрбір күнді қызықты да тәлімі мол шараларды өткізумен айналысады.

   Лагерьде еңбек ететін мамандардың сөзіне сүйенсек, сауықтыру лагеріне мемлекеттік бюджет есебінен қомақты қаражат бөлініп, сапалы қызмет көрсетуге жағдай жасайды. Бүгінде балалардың еңбек демалысының сәтті өтуіне 15 қызметкер тұрақты қызмет етеді.

    Лагерьдің жұмысына балалар дән риза. Жан-жақтан келген балалардың бір-бірімен тез тіл табысуының сыры лагерь жұмысының қай сапада жұмыс жасағанын аңғартса керек.

 А.ҚАРАКЕСЕК

    Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай орталықтың әртүрлі үйірмелеріне қатысушы оқушылар арасында "Жоқ, рахмет!" тақырыбында сурет сайысы және салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында тренингтер мен флешмоб ұйымдастырылды. Екі күн бойына өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - адамдыққа жат, иманға қас қылықтардан өскелең ұрпақтың бойын аулақ ұстап, өмірдің дұрыс жолымен жүруге бала күннен бастап бағыт беру. Көңілді ойындар сипатында өткізілген тренингтер балалардың нашақорлық, шылымқорлық, құмарлық, ерік-жігердің әлсіздігі сияқты дүниелермен күресе білуі қажеттігін санаға сіңірді.

      Орталықтың психологы Самат Сәрсенбаев балалардың өз ойларын ортаға салуларына мүмкіндік беріп, шиеленісті жағдайдан жол табуды, бір-біріне көмек беру арқылы таза қоғамды бірлесе құруды, оның маңыздылығын шәкірттермен бірге дәлелдеп, тренинг түйінін жасады.

   Ал, сурет сайысында балалар нашақорлыққа қарсы пікірлерін майлы бояумен бейнелеп, оралымды ойларымен ұйымдастырушы-ұстаздардың назарын аударды. Кішкентай жүректерінен шыққан таудай тілек-ниеттері қағаз бетінде бірінен бірі озып, сұлу бояумен сайрап тұрды. Ойының бояуы мен суретінің сыры астасқан жүйріктер бұл сайыста жүлделі орындар иеленіп, марапатқа ие болды.

    Айта кететін жайт, бұл сайысқа халық арасында "Пионерлер паркі" аталып кеткен саябақта демалып жүрген барлық балалардың қатысуына да мүмкіндік туды, ата-аналар тарапынан да ризашылық білдірілді.

    Күн сайын мағынасы мен мәні, ең бастысы бала өміріне қажетті дүниені бере алатын іс-шаралардың жазғы демалыс кезінде орталықта өткізіліп жатқан мұндай шаралардың берері мол болмақ.

Б.НАКИШЕВА,

қалалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының педагогы 

    Кемел келешегімізді қазіргі өсіп келе жатқан жаңа буынмен байланыс­ты­ра­тын мемлеке­ті­міз әркезде де білім саласына баса назар аударып келеді. Мейлі қай ел болсын,  өзінің өсіп-өркендеуі жолында білім беру жүйесінің даму ба­ғы­тына көп көңіл бөледі. Әлемдік мем­ле­кетттермен терезесі тең, бәсекеге қа­бі­летті ұрпақ тәрбиелеу жолында елімізде білім берудің жа­ңа жүйесі қалыптасып, даму­дың даңғыл жолына қадам басып келеді.

      Постиндустриялық әлемге аяқ бас­қан ғасырда "Білім-ғылым-инновация" үштігі - жас ұрпақтың білімді болып өсіп, еліміздің өркендеуіне апа­ратын бірден бір даңғыл жол. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" ҚР Президентінің 2010 жылғы Жарлығында "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" қабыл­дан­ған болатын.

   ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген бағдарламаның басты мақсаты экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру болып табылады. Ұс­таздық деген ұлы жолды таңдаған маман иелерінің беделін көтеруді мақсат тұтқан бағдарламаның құрған жоспары да ауқымды. 2011-2015 жылдар мен 2016-2020 жылдар аралығын қамтитын екі кезең бойынша іске асырылып келе жатқан бағдарлама білім беру жүйесін жоғары білікті кадр­лармен қамтамасыз етіп, педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекет­тік қолдау мен ынталандыруды кү­шей­туді міндеттеген.

     Әлемдік деңгейде тәжірибеден өт­кізіліп, оң нәтиже көрсетіп келе жатқан жүйе біздің елімізде де алға дамып келеді. Жоспар бойынша мұға­лім­дер уақытылы деңгейлік курстардан өтіп, меңгерген жаңа технология­ларын, білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін әдістемелік сабақтар өт­кізуі арқылы тәжірибе алмасады. Жуыр­да Жаңақорған ауданы №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінде "Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үдерісін ұйымдастыру" мен "Оқушылардың білімін тиімді бағалау" тақырыбындағы аймақтық семинар-практикумының өткізілуі мұның бір дәлелі.

    Сәуір айының соңғы аптасында өткізілген семинардың мақсаты - деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен тәлім алушыларды кәсіби сүйемелдеу, деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игерту. Шара аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен, аудандағы 18 мектептің мұғалімдерінің қатысуымен және №№55, 86, 180, 161, 221 секілді бес мектептің бірігіп ұйымдастыруымен өткізілді.

   Семинардың ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Аширова өткізіліп жатқан шараның мәні мен маңыздылығына тоқталып кетті. Сонымен қатар, деңгейлік курстардан өткен және жалпы орта мектеп мұға­лім­дері мен тәлім алушыларына сәт­тілік тіледі. Шара ұстаздардың шығармашылық жұмыстар көрмесімен басталды.

   Шарада жаңа мазмұндағы бағдарламаға сәйкес біліктілігін арттырып, деңгейлік курстарда білімдерін жетіл­діріп қайтқан ұстаздар жаңалықты үй­рету, тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтарын өткізді. №221 мек­те­бінің ұстазы Назкен Садыбаева 8 "Ә" сынып оқушыларына "Диаграм­ма­­ларды құру, редакциялау және пі­шімдеу" тақырыбында десант сабағын өткізді. Сабақ өткізу барысында ұстаз оқушылармен тығыз жұмыс жасай отырып, біліктілік курстарында үй­ренгенін, түйгенін өзге мұғалімдерге үлгі ете білді.

    "Блокнот және калькулятор" тақырыбында №180 мектебінің мұғалімі Арман Искендиров 5 "А" сынып оқу­шы­ларына десант сабағын, ал №55 мек­тептің ұстазы Айгүл Жиенбаева 5 "Ә" сынып оқушыларына практикум сабағын өткізді. Мұнан кейін, "Тұсау­кесерді безендіру" тақырыбында №55 мектептің ІІІ деңгейлі мұғалімі Айгүл Жиенбаева 6 "Ә" сынып оқушыларына шеберлік сабағын, ал №86 мектебінің ұстазы Шынар Мұстафаева 6 "А" сыныбына десант сабақтарын өт­кізді.

   Жаңа бағдарламаның басты мақсаты жас буынды жаңылыстыру емес, керісінше жаңашылдыққа құштар, бі­лім­нің биігінен көрінуге тәрбиелеу бо­лып табылады. Әрбір сыныптарда өт­кізілген әдістемелік тәжірибелік сабақтардың өзіндік ерекшелігі көп. Білім алушылардың білім деңгейін бағалаудың дәстүрлі емес жаңаша тәсілдері, үш тілділік­ті меңгерту секілді дүниелердің барлығын да жас ұрпақты білімге құштарлық­қа тәрбие­леуді көздейді.

   Семинар-практикум мұнан ары қарай №161 мектебінің І деңгейлі мұ­ғалімі Саржан Әлжановатың "Сыни ойлауды дамыту" тақырыбындағы коу­чин­гімен жалғасын тапты. Мақсаты - cын тұрғысынан ойлауға үйрету туралы түсінік беріп, оны тәжірибеге енгізуге ық­пал ету, пайымдап, өз бетінше тұжырым жасау арқылы мәселені шешуді үй­ренуге бағытталған. Коучинг бары­сын­да тренингтер мен ойын түрлері ұйым­дастырылып, тапсырмалар талқы­ланды. Тыңдаушылар тапсырмаларды орындау барысында өз ойлары мен ішкі сезімдерін білдіріп отыр­ды. Жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолында ұс­таздар қауымын табысты еңбек етуге да­йындау және жаңа әдістерді тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауын көздеген коучинг өз мақсатына жете орын­дал­ды.

   "ХХІ ғасыр - АКТ заманы" тақырыбында өткізілген №55 мектебінің І деңгей мұғалімі Эльмира Қарабаева коу­чинг барысында ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Мақсаты - ақпараттық коммуникациялық технологияларды күнделікті сабақ барысында қолданысқа енгізуді және сол құралдардың көмегі арқылы балалар әле­мін танып білуге бағыттау. Ал, мұ­нан күтілетін нә­тиже, АКТ-ды қол­дану ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қо­йылатын негізгі та­лаптардың бірі екендігін біліп, өз тараптарынан АКТ-ды иге­руге бағыттал­ған стратегиялық жоспарларын айқындап алады.

   Семинардың күн тәртібінде жос­пар бойынша өткізілген тың тә­сілдері мен тә­жірибелік сабақтары бағдарламаның қорытынды бөлімінде талқыланды. Дөңгелек үстелді №195 мектебінің ұстазы, координатор Г.Боранбаева жүргізді. Әр мектептен келген ұстаздар түйген ойларын ортаға салып, оң өзгерістердің тиімді жақтарын және әлі де толықтыруды қажет ететін тұстарын еркін айтып жеткізе білді. Сабақ өткізілуі бары­сында жаңаша бағыттағы әдістерді оқу­шы­лардың қалай қабылдағандығы, сонымен қатар олардың белсенділік таны­тып, қызығушылықпен атсалыс­қандығы турасында сөз қозғалды.

   Бағалаудың жа­ңа жолдарын енг­ізу ол  - білім берудегі жаңаша ба­ғыттың негізі. Аудандық білім бөлімінің әдіс­кері Нұргүл Ашированың айтуынша, ау­дан бойынша бү­гінге дейін 400-ге жуық мұғалім деңгейлік курстан өткен. Жаңа тәсілдерді оқу тәжірибесіне енгізуде біршама қиындықтармен күресе білген ұстаздар қауымы, айтарлықтай табыстарға да қол жеткізгендігі байқалады. Сабақ өткізу барысында мұғалімдер алдымен әрбір білім алушының нені жасай алатындығына және қандай қиындықтары барына аса мән беріп, бақылап отыратындықтарын айтады. Сабақ үстінде қабылдауы жақсы озат оқушылардың қатарластарына қолдау көр­сетіп, бірге игеруі мақсатында топтық жұмыстардың міндетті түрде жүргізіліп тұратыны да сөз етілді.

   - Атқарылып жатқан жұмыстар аз емес десек те, атқарылуға тиістісі қаншама. Бүгінге дейін деңгейлік курстардан өтіп келген ұстаздар өздерінің жи­нақ­таған тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Біз осы еңбектің оң нәтижесін кү­теміз. Жаңа технологияны, жаңа маз­мұ­нды игерту мақсатында жұмыс жасап жатқандықтан біз балалардың са­палы білім алғанын қалаймыз. Әри­не, өз­­герістердің қандай көр­сет­кішті көр­се­тетіні уақыт еншісінде. Се­бебі, аз ға­на мерзімнің ішінде білімнің сапалық дең­гейін бірден арттырып жіберу мүм­­кін емес. Өзінің кезеңімен, ұс­таз­дар­­­дан  жақсы нәтижелерді талап ете­­тін боламыз, - дейді аудандық бі­лім бө­лімінің әдіскері Нұргүл Аширова.

   Иә,білім саласындағы сан алуан өзгерістердің еліміздің ертеңі болатын білімді ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар екендігі баршамызға аян. "Ұстазы мықтының ұс­танымы мықты" болатыны секілді, са­налы жастарға сапалы білім беру үшін ұстазының біліктілік деңгейі жоғары болуы қажеттігі тағы бар. Ал, ұстаздардың деңгейлік курстардан өткі­зі­ліп, тәжірибе алмасуы осындай жетіс­т­іктерге жете білуге жетелейді.

Нұрболат ҚОЙМАҒАМБЕТОВ

    Бүгін біліммен қаруланған жас ұрпақ қана ертеңгі еліміздің тірегі бола алады. Мұның айқын дәлелін соңғы уа­қыттарда білім саласына енгізіліп жатқан өзгеріс­терден байқау қиын емес. Ал, білімді ұрпақты қалыптастырудың ал­ғашқы баспалдағы бү­гінгі таңда балабақшадан бастау алады. Бала тәр­биесі асқан ұқыптылық пен жоғары жауап­кер­шілікті талап ететіні белгілі. Сол себепті де мек­теп мұғалімдері мен ба­лабақша тәрбиешілері тәрбиеде бабалардың дәстүрін тың тәсілдермен сабақтастыра отырып, балғындарды болашаққа бейімдеуге жұ­мыс жасауда.

    Жуырда қалалық бі­лім бөлімі №4 әдістемелік аймаққа қарасты "Ақ Алан" балабақшасында "Шығармашылық білім беру саласы" бойынша қалалық семинар өткізілді. Жиынға ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бақылап, тәжірибе алуға әр ба­лабақшадан тәрбие­ші­лер жиналды. Шараның мақсаты - балаларды дәстүрден тыс әдіс-тә­сілдер түрлерімен та­ныс­тыру және олар туралы білімдерін кеңейту, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту болып табылады. Сонымен қатар, бал­ғындарды жапсыру өнеріне әртүрлі құрал-жабдықтарды қолдану арқылы қызығушылығын оята отырып, өз ер­кі­мен жұмыс жасауына бағытталған.

    Күн тәртібіне енгі­зіл­ген жоспарға сәйкес "Шығармашылық" білім беру саласының "Жапсыру" бөлімі бойынша "Балдырған" ортаңғы тобының тәрбиешісі Айнұр Нұрсұлтанова "Тоқты - менің сүйікті жануарым" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізді. Сабақтың мақсаты - баланың өнерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық ой-қиялын дамытып, тоқтыны дәс­түр­ден тыс әдіс-тәсілдер ар­қылы жапсыруға дағдыландыру. Тәрбиеші ұйым­дастырылған оқу іс-әрекетінде көрнекілік құралдарын ретімен әрі үйлесімді қолдана білген.

    Мұнан кейін, жоғарыда аталған саланың "Аппликация" бөліміне сәйкес "Айгөлек" ортаң­ғы тобының тәрбиешісі Рымгүл Бабашева "Весеннее настроение" тақырыбында орыс тілінде сабақ өткізді. Мақсаты - бүлдіршіндерді табиғатта болып жатқан өзгеріс­терді өз ойларымен жеткізе білуге, көктем мезгіліне тән ерекшеліктерін атауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.

     Ұйымдастырылған екі оқу іс-әрекетінде бал­ғындардың тапсырманы орындау барысында оған бейімделгені және мұның олар үшін таңсық дүние емес екендігін байқауға болады. Сабақ өткізу барысында тәрбиешілердің балалармен, ал балғындардың топ болып жұмыс жасауға дағдыланғандығы көрінеді. Алға қойған мақсаттары айқын тәрбиешілер өздеріне берілген уақытты да тиімді пайдалана білді.

    Шара мұнан кейін мерекелік концертпен өз жалғасын тапты. Келген қонақтарға көтеріңкі кө­ңіл-күй сыйлауға балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері де жақ­сы дайындалған. Кеш­­те балаларға ән жаттатып, би қимылдарын меңгеруге жұмыс жасаған ән-әуез жетекшісі Гүл­наз Мукееваның ең­бегі ерекше байқалды.

  Се­минардың қорытынды бөлімінде балабақшалардан келген тәр­биешілер ұсы­ныс-пікір­лерін ортаға салып, семинардың айрықша тұс­тарына тоқталып өтті. Кеш соңында №4 әдістемелік аймақ жетекшісі Раушан Жәдігерқызы жә­не жетекшінің орынбасары Бибігүл Барсай­қызы қалалық семинардың жоғары деңгейде өт­кен­ді­гін айтып, оң бағаларын берді.

     Өткізілген шараның барысына тоқталып, қо­рытынды сөз сөйлеген "Ақ Алан" балабақшасының меңгерушісі Нұргүл Қаламбаева ұжым қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы ізденістері жоғары қызметкерлерге қолдау білдіріп келе жатқан балабақша құрылтайшысы Нұрбол Сапиевтың еңбегін де атап өт­ті. Мұнан кейін, меңге­ру­ші Н.Нұрділдәқызы бала бойына жақсы қасиеттерді дарытып, оның саналы өсуіне тәрбие­шінің атқарар рөлі жоғары болатынын және де атқаруға тиісті жұмыстардың әлі көп екендігін тілге тиек етіп, сөзін тү­йіндеді.

Майра БОЛАТОВА

 

Жақында Ы.Алтынсарин атын­дағы №10 мек­теп-лицейінде "Ин­но­вациялық технологияларды пай­да­лана оты­рып оқушылардың білім са­пасы мен шы­ғар­машылық дең­ге­йін арт­ты­ру" атты қалалық семи­нар өт­кі­зілді.

Семинарға қатысушылар білім бе­рудің жаңа технология­ла­ры мен әдіс­терін қолдана оты­рып, оқу­­шылардың білім сапасы мен шы­ғар­машылық қабілетін арт­тыруда за­ма­­науи сабақ үлгілерін көрсете оты­рып өзара тәжірибе ал­масты. Келер ұрпаққа қоғам тала­бына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мұға­лім­дер­дің инновация­лық іс-әрекетті, ғылы­ми-педаго­ги­калық не­гіз­дерін мең­гер­уі - ма­ңызды мә­се­лелердің бірі. Осы орай­да, ІІІ дең­гейлі бас­тауыш сынып мұ­ғалімі Л.Басанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Оспа­но­ва, та­рих пәнінің мұғалімі Г.Ша­жан­ба­ева, ұстаздары­мыз ағыл­­шын тілі пәні­нің мұғалімі А.Тай­­жанова, орыс ті­лі мен әде­биеті пәні­­нің мұға­лімі Г.Тусе­ке­­ева, геог­рафия пәнінің мұғалімі  Ә.Ка­­ленова, математика пәні­нің мұға­лімі Г.Дос­ма­ғанбетова ашық сабақ, ше­­берлік саға­ттарын өткізсе, тарих пәні­нің мұға­лімі М.Ораз­ба­хова "Ді­ни сауат­тылық негізі - діни ағым­дарға көз­­қа­расты қа­­лыптас­ты­ра­ды" тақы­ры­бында де­бат ұйымдас­тыр­­ды. Соны­мен қатар І деңгейлі ұстаз орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  С.Үм­бет­баева "Оқушы­лар­­дың білім сапа­сын жақсартуда тәрбиенің алатын ор­ны" атауында ата-аналармен коу­­­чинг өткізді.

Дебатта ғаламдық проблема діни ағым­дардың таралуына бөгет жа­сауға бағыт беру жайлы Қызыл­орда облыстық ішкі саясат басқар­ма­сы­ның дін мә­се­лелерін зерт­теу орта­лы­ғының дін­тану ғылымда­ры­ның магистрі Б.Оспа­нов, об­лыс­тық іш­кі істер депар­та­ментінің діни экс­т­ре­­мизмге қарсы кү­рес басқар­ма­сы­ның же­дел уәкілі, по­ли­ция ма­йо­ры С.Хан­за­даұлы оқу­шы пікір­ле­рі­мен бай­ла­ныс­тырып, өз ой­­ларын айт­ты. Дең­гей­лік бағдар­ла­ма­лар орта­лы­ғы­­ның тре­не­рі М.Ор­ма­­нова, орыс тілі пәні­нің мұғалімі Г.Тусе­ке­ева 5 "ә" сы­ны­бында "Имя ­при­­­­­­­­­­ла­­­­­­га­­тель-ные" та­қы­рыбында са­бақ өткізді. Са­бақта пай­дала­ныл­ған "Венн диаг­рам­масы", "Миға шаб­уыл", оқу­шы­лар­дың топ­тық, жұп­тық жұ­мыс­та­ры сабақты жан­дан­дырды.

Г.Шажанбаева 9 "ә" сы­ны­бында өт­кен "Ауыл шаурашылығының дамуы. Тың игеру" тақырыбында жа­­ңа әдіс-тә­­сілдерді жүйелі қол­дан­ды. Та­қы­рыпта ашу барысында қи­ма су­рет­­тер құрастырылып, тақы­рыпты тал­дады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - білім са­пасын айғақтайтын негізгі көр­сет­­кіш­. 11 "ә" сыныбында мате­­ма­ти­­ка пәнінің мұғалімі Г.Дос­ма­ғанбе­то­ва "Логарифмдік теңсіз­дік­тер" атауында ҰБТ-да кезде­сетін есеп­тер­ден сөз­жұмбақ құрастырып, оқу­­­­шы­лардың қызығушылығын арт­­тырды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Ос­па­нова "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақ­­та­рын­да тіл дамытуды жүргізу әдістері" та­қырыбындағы шеберлік сағатында "Сөздер, сөйлемдер" әді­сі­мен топтас­тырды. Тіл дағдыларын (ай­­ты­лым, жа­зылым, оқылым, тың­да­лым) түсін­діре отырып, тыңдау ар­қылы мәтінді сауатты жазуға, көр­кем бейнелеу түрлерінде түсінуін, мұға­лім­дермен жоба қорғап, сол мәтінді "Фишбон не­месе Балық қаң­қасы", "Жүк жур­на­лы", "Екі жақты күн­­делік" әдістеріне са­лып талда­уына ықпал етуге машық­танатын­дарын дә­лел­деді.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Үм­бет­баева "Оқушылардың білім сапа­сын жақсартуда тәрбиенің алатын ор­ны" тақырыбында өткізген саба­ғын­да ата-аналар топтық тапсырма орын­дау барысында бала тәрбиесін ұс­­таз ғана емес, отбасының да тіке­лей жауапты екенін ұғынды. Ой бө­лісу сәтінде ата-аналар өз бала­ларын қаншалықты жетік біле­тін­дерін көр­се­те алды.

Ғ.А.СКАКОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы

№10 мектеп-лицейі  директорының

 ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Мектебімізде 2015-2016 оқу жы­лы­ның ІІ жар­ты­жыл­ды­ғы­на арналған магниттік мек­тептермен жұмыс жос­­парына сәйкес №166, 164, 242 мектеп­тер­дің бір­лесе атсалысуымен жаңа қадам, жаңа баста­ма­мен "Жаңаша оқыту бағ­дарла­ма­сы негізінде өтілетін са­бақтардың ерек­шелігі" ат­ты тақыры­бын­да­ғы семи­нар болып өтті. Төрт мектеп магнитше тар­ты­лып, басқа мек­теп­тер­ді де қатар­ларына қо­сып, жұмылған жұды­рық­тай жұмыс жаса­ды. Шара­да тағы бір ерек­шелік, іс­кер­лік пен ше­бер­лікті, із­де­ніс пен ең­бек­ті керек ете­тін, ұтқыр ой, ұтымды ұсы­ныстарын, бала бойына қалай оқу қажеттігін қа­лып­­тастыру ба­рысын­дағы өз іс тәжі­ри­бе­ле­ріндегі ең бір үздік тұс­та­рын паш ете­тін "Идеялар аук­ционын" өт­кізді. Ой тар­қатып, сыр бөлісу, ке­ңе­су, ше­ші­мін таппай жат­қан мә­селе­лер­дің түйі­нін тар­қатуда "aШе­бер­лік пен көш­бас­­шы­лық", «Ай­туға оңай» сыр-сұх­баты ұйым­дас­тырыл­ды.

Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Н.Аширова, Д.Айдарова бас­тап келген 18 мектептің көшбасшы мұғалімдері, Шиелі ауданы №181 орта мектебінің ұстаздары қа­тысқан семинар "Еңбек үз­діксіз үйренгендіктің арқа­сында жеңілдей түседі" дегенді өз кредоларына айнал­дырғандай әсер етті. "Идеялар аукционы" үш мәселені қамтыды. Қысқа мерзімді сабақ жоспары, сабақта қолданылатын жа­ңа­ша әдіс-тәсілдер, ресус­тар, яғни көрнекілік, ке­ректі құрал-жабдықтар.

Оқыту әдістерін же­тіл­діру бүгінгі күннің басты мә­­селесі. Сабақтың қалай өтілетіндігі, қол жеткізер нәтиже сол сабаққа жаса­лы­натын жоспарға бай­ла­нысты. Осы мәселе бо­йынша №164 орта мек­те­бінің ІІІ деңгейлі мұғалімі Ж.Кеңесқызы сабақты БЛУМ таксономиясы ар­қылы жоспарлау ең тиімді, жүйелі, баланың оқу, ойлау қабілеттерінің дамуына оң ықпал ететіндігіне тоқта­лып, өз тәжірибелерімен, жет­­кен жетістіктерімен таныстырды. Ал, №242, 166 орта мектебінің көшбасшы мұғалімдері М.Тайшықов пен Ж.Омарова жаңаша оқыту бағдарламасы негі­зін­де жаңаша әдіс-тәсіл­дер­ді баланың жас ерек­ше­лігіне қарай таңдаған идея­ла­рымен бөлісті. №194 орта мектебінің ІІІ деңгейлі мұ­ға­лімі Г.Сәрсенбекова өз мектебінде қолданыстағы "Ашық журнал", жаңаша сипаттағы флипчарт­тар­мен, т.б. таныстырды. Әр таныстырылым аяқталған соң дауыс берілді. Соның нәт­ижесінде ұсынылған идея­лар қолданысқа жа­рамды, үздік деп табылды.

"Кәсібилік пен көш­бас­шылық" «Айтуға оңай» сыр сұх­баты да өте жоғары деңгейде, тартымды өтті. Сыр-сұхбат қонақтары  Ш.Кан­сейтова, М.Аман­баева, А.Торғаева, Р.Ахме­това аталмыш та­қырып төңірегінде өз ой­ларымен, естеліктерімен бөлісті. Се­минардың жо­ғары деңгейде өтуіне №194 орта мектебінің директоры М.Шалыс­баев­тың, І дең­гей­лі көшбасшы мұғалім Ш.Кансейтованың, ІІ дең­гейлі М.Торғаевтың еңбек­тері атап өтуге тұрар­лық­тай. Семинарға қатысу­шы­лар теорияны прак­ти­ка­мен ұштастырудың қыр-сы­­ры­на қанығып, көптеген жа­ңа дүние үйреніп, көп нәр­сені көңілге түйді.

Г.БОРАНБАЕВА,

№195 мектеп гимназиясы магниттік мектептер кардинаторы

 

Қазіргі ақпаратқа сү­йен­сек, дүниежүзінде 1-5 жас аралығындағы 41 мил­лион бала семіздік ауруына шалдыққан. Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Балалардың семіз­дігін жою комитеті жариялаған есептен белгілі болғандай, бұл мәселе қо­ғам­да өз мәнін жойған емес.

 

Қазірдің өзінде семіз­дікпен алысып жатқан ба­ла­лар саны өркениетті ел­дер­де 26 жыл бұрынғы көр­сет­кішке қарағанда екі есе­ге артқан. Нақтырақ айт­қан­да, 1990 жылы артық сал­мақтың зардабын тап­қан балалар саны 7,5 мил­лион болса, 2014 жылдың со­ңында 15,5 миллионға жет­кен. Комитеттің мәлім­де­уінше, артық салмақтың зар­дабын тартып жүрген ба­лалар өсе келе қант диа­бетіне немесе жүрек-қан­ та­мыр­лары ауруларына шал­ды­ғуы мүмкін. Сарапшы­лар­дың айтуына қарағанда, балалар мен жасөспірім­дер­дің семіздігі мәселесі бар­лық елдерде ауқымды қатерге айналып отыр. Есеп жүргіз­ген комиссия өкілдері семіз­діктің түрлі себептері бар екен­дігін айтады. Артық сал­мақ азық-түлік өндірісі, жар­нама, дене қимылы мәде­ние­тіне тікелей қатысты. Құрамында майы, тұзы және қанты көп, дайындалуы қа­ра­пайым әрі арзан азық-тү­ліктің кең насихатталуы жә­не дене қимылының аза­юы жас ұрпаққа қауіп төн­ді­ріп тұр. Бұл - тексеру жүр­гіз­ген сарапшылардың пікірі.

 

Page 2 of 2

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C