Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Руханият

Руханият (28)

    Рухани жаңғыру дегеніміз не? Оны өскелең ұрпақ санасына қа­лай жеткіземіз? Міне, осы сұрақтар №187 М.Шоқай атындағы ор­та мектеп кітапханасында "Кі­тап­хана - рухани жаңғыру жолында" атты семинарда айтылды. Семинарды мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты     А.Мұсабаева ашып, шараның маңыздылығын сөз етті.

     Семинардың мақсаты - ақыл-ой қазынасының мекеніне айнал­ған кітапханада рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күн­мен сабақтастыра отырып ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Рухани жаң­ғыру арқылы әлем мойындар ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті байланыстыра отырып, мектеп кітапханасы ру­хани жаңғыруға қатысты ұстанымдарды қолдап, ұлттың кемелденуіне, дамуына бар күшін салады.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласы тәуелсіз елі­міз үшін жаһандану дәуіріндегі ру­ха­ни өрісіміздің жаңа бастауы бол­мақ. Рухани жаңғырумен қа­тар "Туған жер" бағдарламасының да берері, маңыздылығы арта түс­ті. Олай дейтініміз, кең байтақ, ұлаң-ғайыр, қойнауын табиғи байлықтарға толтырған жеріміздің әр өңірінің сайы мен қыры, тауы мен тасы, даласы мен қаласы те­рең мағыналы сыр шертеді. Елі­міз­дің болашағын тізгіндер бүгінгі жас ұрпақ бұлардан хабардар бол­уы тиіс әрі міндетті. Себебі, тари­хы­мыздың тамырына терең бойлай алған ұрпақ отанымызға адал, елімізге талмай еңбек ететін, жауапкершілікті жете түсінетін аза­мат болып өсетіні белгілі. Ал, бұл ретте жастарымыздың бәсекеге қа­білетті білім алуына жағдай жасап, олардың санасына туған елі мен туған жеріне деген ерекше се­зімдерін, айрықша ілтипаттарын оятып, дәріптеу арқылы ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018 10:47

«Ана – өмірдің гүлі»

| Автор: 

   Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Зал мерекеге сай шарлармен әсем безендірілген және слайд.

    Барысы: «Қара жорға» биімін басталады

    Жүргізуші: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да, ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

   Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен  таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі  «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

    1 Оқушы: Мереке құтты болсын аналарым

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

    2 Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 04:32

Жүзінен шуақ төгілген жан

| Автор: 

    Жанар Кибекбаева Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тумасы. Кіш­кентайынан білімге құштар болған ол 1985 жылы Жаңақазалы поселкесіндегі В.М.Счастнов атындағы №16 орыс орта мектебінің (қазіргі №266 мектеп-лицей) табалдырығын аттап, мектепті орыс класы бойынша 1995 жылы бітірген. Орта білімді аяқтаған соң 1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетіне түсіп, аталған оқу орнынан 2000 жылы қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп шығады. Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Қазалы ауданы, Майдакөл аулының №98 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. Кейін 2006 жылы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейіне (қазіргі Қазалы аграрлы- техникалық колледжі) орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметіне ауысты.

      Оқу процесінде оқытудың жаңа технологияларын әр кез пайдалана білген Жанар Өмірзаққызы түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иесі атанды. Облыстық "Үздік оқытушы-2008" байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Жыл сайын ашық сабақтар өткізіп, студенттермен шығармашылық жұмыстарын өткізіп отырды.

    Жанардың тағы бір үлкен жетістігі - ТжКББ оқу орындарының "Тамақтандыруды ұйымдастыру", Пісіру ісі", "Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану", "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану", "Ветеринария" мамандықтарының студенттеріне арналған "Кәсіби орыс тілінен практикалық тапсырмалар жинағы" әдістемелік құралы "Өрлеу" БАҰО АҚ Қызылорда филиалы Ғылыми Кеңесінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №5 шешімімен мақұлданып, облыстағы ТжКББ оқу орындарына таратуға ұсынылып, жарыққа шықты.

       Ойын - ойды жетілдіріп, жоспар құра білуге үйрететін ақысыз қызмет. Әрине, құмар ойынның жөні бір басқа. Қазақ халқының тектілігі әрі кез келген іске ептілігі ұлттық ойынның үдесінен бой көрсеткен. Жастар "рухани жаңғырушымыз" деп қаншама мақтанғанымен, ұлттық спорттың қалай ойналатынынан бейхабар болып жатады. Ойын жайлы ойда жоқта сұрақ қоя қалсақ ойын онға, санасын сан саққа жүгіртсе де, абдырап қалады. Бұлай болатын себебі мектептегі ұлттық спортқа бөлінген сабақ сағаттары тым аз. Мұғалімдердің өздері осылай уәж айтады. Ендеше аты мәлім болғанымен қалай ойналатынына халық әлі толық қанық болмай жүрген бірнеше ұлттық ойындарға тоқталып өтейік.

   Ердің сенімді серігі - сәйгүлігі және иығына асқан садағы. Қорамсаққа қол салған, бір сал­ғанда мол салған бабала­рымыз­дың мергендігі тіршілік үшін қалыпты жағдай секілді болған. Аңшылықта көздегеніне дөп тигізіп, жау-шылықта дұш­панын осы садақ қаруы арқылы жайра­тып салған. Бүгінде бұл спорт­тың бір түріне еніп, ұлттық ойын­дар сапынан орын алған. Бұрынғының батырлары соғысқа жаттығарда жамбы атып, мер­гендіктерін сынасатын, сол атау жаңа заманда атауын жаңғыртты. Жылқының жүйрігінің үстіне мініп алып, тұлпар тебініп, жүйт­кіп бара жатқанда нысанаға жебе­сін дәл тигізуі шарт. Иә, осылай ойнауды "Жамбы ату" спорты дейді.

   Жетпіс жыл бойы жібі түзу бір де бір сайысы өтпеген бұл спорт түрін Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауым­дас­тығы қайта қолға алған.

Жұма, 21 Шілде 2017 13:32

Аралда кеме жүздірген...

| Автор: 

   Бірде Аралға қарай жол жүріп бара жатып купелес екі адамның әңгімесіне еріксіз құ­лақ түруіме тура келді. Ша­масы әңгіменің қиюын келіс­тіріп әрлеп, алма-кезек сөз тізгінін емін-еркін қағыс­ты­рып отырған екеуі де өзім сияқ­ты ұлы теңіздің жаға­сын­да туып-өскен адамдар болуы керек. Кейде сөзге кезек бер­мей құрқылтайдың ұясындай қупе түгіл, вагонды бастарына көтеріп кетеді. Біздің Арал жақта мұндайда "немене ба­лық бөлісіп жатсыңдар ма?" дейтін еді.

Сәл жасы үлкендеуі енді кі­шісін сөзден тұқыртпақ боп тарихқа жүгінуге кірісті.

   - Сен өзі сөзге тоқтамай­тын бала екенсің. Мынаны айт­шы, осы Аралға алғаш кеме түсірген, сонымен теңіздің бұған дейін адамзатқа мүлде беймәлім қойнау-қолтығын, адам ізі түспеген аралшықта­рын картаға сызып, жағрафия­лық жай-жапсарын, судың дең­гейін, ағысының жылдам­ды­­ғын зерттеген алғашқы адам кім?

   - Неге білмеймін, Арал теңізіне алғаш кеме түсіріп, со­нымен жүзген, патшалық Ресей жағрафиялық қоғамы­ның мүшесі, контрадмирал Нико­лай Бутаков. Ол Райым­да екі бірдей шхунаны құрас­ты­рып, теңізге салған. Сұра­пыл дауылдарда асау теңіз тол­қындарынан қаймықпаған ержүрек адам.

   - Бәрекелді, ал, өзіміздің қазақтан шыққан соңғы кеме жөндеу зауытының жоғары бі­лімді директорын білесің бе?

  - Айналып кетейін-ау, оның атына аядай аралдықтар түгіл, теңізбен тел өскен Одес­са, Қара теңіз кеме құрасты­ру­шылары түгел қанық Қайрулла Абылаев ағамыз,- дегені бар емес пе?

  Иә, Қайрулла Шалғын­бай­ұлының есімі Аралдағы ең­бектеген баладан еңкейген қартқа дейін етене таныс. Қа­рапайымдылығына қарап тұрып қызығасың. Білімі те­ңіз­дей терең. Көкірегін күм­бір­леген күй сандық дерсің. Қазақ ақындарынан Қадыр Мырза-әліні қалап оқиды. Орыстардан Сергей Есенин, Александр Пушкин өлеңдері табиғатына жақын. Ағыл­шын­ның Байронына да бүйрегін бұрады. Жастайынан азанғы дене жаттығуларын аттап өт­пейді. Ол үшін салауатты өмір сүру бұлжымас заң.

   "Әр елдің салты басқа" демекші, өркениетке ерте жеткен, дамыған, өркендеген халқы құмырсқадай құжы­наған мұхиттың аржағындағы АҚШ, бержағын­дағы Батыс, Шығыс Еуропа елдері тіпті өзімізбен бір құрлықта күн кешкен Орта Азия қалаларында көше мәдениеті қаншалықты көңілден шығады?

    Басқасын айтпағанда, 200 жылдық тарихы бар өзіміздің суын ішіп, ауасын жұтып жүрген Қызылорда қаласында адами мәдениетіміз, әлеуметтік ахуалымыз ХХІ ғасырда қай дәрежеге жетті? Қаладағы үлкен-кішінің бір-бірімен амандасуы, көше көліктерінде бір-біріне ілтипат көрсетуі сенің көңіліңнен шыға ма? Қазір туған қаламыз жыл санап өсіп-өркендеп, керегесін кеңге салып келеді. Енді аз ғана жылда асау Сыр өзенінің аржағында жаңа қала - "Ақмешіт-сити" бой көтеріп, жаңа ғасырдағы жаңалығымыз болмақ.

  Жерлесіміз Зейнолла Шүкіровтың осыдан елу төрт жыл бұрын жарық көрген "Арал дәптері" атты жыр жинағындағы:

     Каналды өрлеп  барады,

     Қайығым тастап жағаны.

    Өтекең жымың етеді,

   Жадырап демде қа­бағы,- деген Өтеміс Ибра­йымовке арналған жыр шумағы қалам тербер алдында ойға оралған. Бұл жыр жолдары ақын­ның өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңғы кезеңінде жазыл­ған. "Тастақ каналында" атты өлеңінен есімде қал­ғаны еді. Өлең кейіпкері, "Өтеміс" дегені әйгілі қаламгердің аттай төрт жас үлкен ағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Өтеміс көкеміз болатын. О кездері Өтекең Тастақ балық өсіру питомнигінің басшысы, осы саланың саңлағы еді. Ақын жолы Сырдың бір тармағы - Тастақ каналына түскен­де осындағы ағасы Өте­міске сәлемдесіп, теңіздің тыранын, Сырдың саза­нын тіске басатын. Жең­гесі Әнипаның Туланың болыскей самау­рыны­нан бұрқырата құйған шайына қанып барып жазған болар жоғары­дағы өлең жолдарын.

   Кейіпкеріміз Ө.Ибрайымов 1923 жылы Бөген ауылы жанындағы "Қосуақ" атты киелі ме­кен­де туып-өскен. Ұлы Отан соғысының арда­гері. Қанды майданның қасабына 1942 жылдың көктем айларынан бас­тап түскен. Онда да артил­ле­рист есебінде 20-шы ерек­ше құрамдағы ротамен бірге Прибалтика майда­нында, Курск доғасында ерлікпен соғысқанын сарғайған әскери құжат­тары көз алдыңа әкеледі. Бұл жөнінде балалық шағында өзіне әкесінің айтқанын сүйікті ұлы Бақытжан да растайды.

   Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысын жеңіс­пен аяқтаған аға сержант Ө.Ибрайымов туған елге омырауында төрт орден, ондаған жауынгерлік медальдары жарқырап оралады. Орыс тіліне судай ағып тұр. Сонысын аңғарған ел ағалары №20 Бөген орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пә­ні­нің мұғалімі етіп орна­ластырады. Сөйтіп, азғана жыл балықшы ауыл балала­рын Пушкин мен Есенин­нің тіліне епсекті етіп қанықтырады. Сонан соң ұзамай Арал аудан­дық партия комитетіне нұсқаушы қызметіне орна­ласады.

Сейсенбі, 27 Маусым 2017 09:39

Көзі қарақты, сөзі қанатты еді

| Автор: 

   Айдынды Аралмен ежелден төсекте басы, төскейде малы қосылған көршілес Қазалы ауданы тума таланттардан кенде болған емес. Тіпті, ке­ше­гі өткен Байназар Өте­пов­тың, Мәскеуде жоға­ры әдеби біліммен су­сын­даған, атақты қалам­гер "Адамзаттың Айтма­товы" атанған Шыңғыс Айматовтың "Жәмила" повесін алпысыншы жыл­дары қазақша тәржі­ма­лаған сындарлы сын­шы Қалжан Нұрмаха­нов, Әлмәмбет Әліш, Сейіл Боранбаев, Балта­бай Тәжімбетов, Бекділ­да Алдамжаров, Әнес На­рымбетов, Рүстем Жа­­наев, Сейітқұл Ос­пан, қазір арамызда жүр­ген Мол­дахмет Қаназ, Арал мен Қазалының төл пер­зенті іспеттес, халық­ара­лық "Алаш" сыйлығы­ның иегері Қуаныш Жиен­бай, Серік Асыл­беков есім­дерін кім біл­мейді?! Со­лармен қанат­тас, қабат­тас, тал бесік­тен талпы­нып түлеп, жер бесікке жамбасы ти­генше Қаза­лының май топырағын мекен еткен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-журна­лист Жетіскен Мәкенә­лінің бұл жал­ғаннан өткеніне де жыл то­лып­ты. Оның есімін қазалы­лықтар лайықты мақтан тұтатын еді.

    Қазалы ауданында адамдары аузын ашса жү­регі көрінетін Аранды атты ауыл бар. Жетіскен осы ауылдың түлегі еді. Ақын кіндік қаны там­ған топырағына ұқсайды де­ген қанатты сөз бар. Рас шығар. Бір көргенде Жетіскен тұйық азамат сияқты көрінуші еді. Таныса, сөйлесе келе оның көпшіл, сыршыл екенін аңғарасың.

    Иә, Аранды ауылын­дағы әкесі Мәкенәлі мен анасы Күләйдің құтты шаңырағында 1952 жыл­дың 7 маусымында жа­рық дүниеге келген Жетіскен орта мектеп­тен соң Қызыл­ор­да қа­ласындағы медучи­ли­щеге оқуға түсіп, оны 1971 жылы фельдшер ма­мандығы бойынша тә­мам­дайды. Сөйтіп, бі­рінші санатты фельдшер дәрежесімен денсаулық саласында он екі жыл абыройлы қызмет атқа­рады. Бірақ, өмірдің өз дегені болады екен.

    Жетіскен достың ба­лалық шақтан ақын бол­сам, журналист болсам деген асқақ арманы бо­лыпты. Жүрек түкпіріне ұя салған сол балапан арманы күндердің бір күні қанат қағып, енді оның екінші тынысы ашы­лады. Мектеп қа­быр­ғасында оқып жүр­генде Қазалы аудандық "Ленин туы" (қазіргі "Қа­залы"), респуб­ли­ка­лық "Қазақстан пио­нері" (қазіргі "Ұлан") га­зеттеріне мектеп қабыр­ға­сында оқып жүргенде алғашқы өлең, мақала­ла­рын жолдап, о жақтан тасқа басылған хат алып жүргенде кластастары бұған кәдімгідей таңыр­қап қараушы еді. Әсі­ресе, хаттың басындағы "Ж.Мәкенәлиев жол­дас!" деген алғашқы жо­лын оқыған, көрген пар­та­лас достары бір сәт Жетіскеннің алдында қыздай сызылып қала­тын. Арман алдамайды екен. Сөйтіп 1983 жыл­дың 5 мамырында (бұл сол кездегі кеңестік бас­пасөз күні болып мере­ке­ленетін) Қазалы ау­дан­дық "Ленин туы" газеті редакциясының қасиетті табалдырығын имене аттаған-ды.

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 06:46

Мұсылманы мол мемлекет

| Автор: 

      Қиыр асып, шетелге шығатын туристердің қатарында қазақтардың үлес салмағы артып келеді. Елдің салт-санасы, менталитеті, асханасы, туристік жерлерін есепке алатын жиһанкездердің талғамы әртүрлі. Бірінің Еуропаға еті үйренсе, ендігісі Азияның ауасымен тыныстағысы келеді. Азияның алып елдеріне аттанатындар үшін қолайлы мекен Индонезия болып тұр. Әсіресе, жаз шықса жиһан кезетін қазақтар дәл осы Индонезияға жол тартады. Себебі Оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен Индонезия әлемдегі мұсылманы мол мемлекеттің бірі. Халқының 88 пайызы - мұсылмандар. "Алуан түрлі әлем" айдарында туристік тартымдылығы жоғары Индонезияға аялдаймыз.

  Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы ширегін сәтті қорытындылап, жаңа кезеңге аяқ басты. Жаңа дәуір қарсаңында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жаңа Жолдауы жол тартты. Осылайша 25 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктер жаңа мақсаттарға жол ашты. Жолдау соңында Мемлекет басшысы "жаңа кезеңдегі кездесетін кез келген қиындықты басты күшіміз бірлікпен еңсере аламыз" деп Қазақстан халқына сенім білдірген-ді. Жолдауда: "Уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ" деген Елбасының мұнан соң "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы жарық көрді. Салиқалы ой, салмақты жүгі бар аталмыш мақала жарияланған сәттен кейін қоғам тарапынан қолдауға ие болып, жан-жақты талқылана бастады.

   Мақаланың ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы бөлімінде Мемлекет басшысы: "Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай",- дейді. Мұндағы "Ұлт­­тық код" қазақ халқына тән ізгі қасиеттердің бірі екенін ұғамыз. Алайда, сол аталмыш ұғым қайдан шықты және оны сақтау үшін ха­лық нені білуі шарт? Мақа­ла­ны оқып шыққаннан ке­йін көкейде туындаған осы бір сауалға жауап іздеп, қо­ғам белсенділерінің мақалаға қатысты пікірлеріне көз жүгірттім. Тақырыбына Ел­ба­сының жаңа мақаласын ар­қау еткен бағдарламаларды бақыладым. Осылайша ұлттық сана тақырыбын өмір бойғы еңбектерінде қозғап келе жатқан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов "Ұлттық код" ұғымына байланысты тереңінен тоқталып берген түсінігінен ой қо­рыттым. Мемлекеттік телебағдарламалардың ("Айтуға оңай") бірінде:

   - Ұлттық кодқа ерекше мән беру керек, бұл шешуші мәселе. Мысал келтіре отырып түсіндірейін. Ерте кезде біздің бабаларымыз "Бір жылдығын ойлаған адам бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған адам ұрпағына ізгілік егеді" деген. Осы ізгіліктің астарын іздейік. Біле­тініміздей, қиын-қыстау заманда қа­зақ жеріне қаншама халық қоныс аударып келсе, солардың барлығы да қазақ халқына ал-ғысын айтады. Себебі, қазақ өзі аш отырса да, қо­лында бар асын солармен бө­лісе жеген. Мен оны бала кезімде өзім де көзбен көр­генмін. Олар қазақтың мұндай жақсылығын ұмытқан жоқ. Ал, бұл ізгілік бізге қайдан келді? Бас­қа халыққа қарағанда қазақ неге ерекше бауырмал, ерекше мейірімді, рахымды, - деген Мекемтас Мырзахметов оның біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырдан бастау алып келе жатқан игі қасиет екендігін айтып, тарихына тоқталыпты.

Page 1 of 2

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C