Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018 10:47

«Ана – өмірдің гүлі»

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Зал мерекеге сай шарлармен әсем безендірілген және слайд.

    Барысы: «Қара жорға» биімін басталады

    Жүргізуші: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да, ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

   Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен  таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі  «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

    1 Оқушы: Мереке құтты болсын аналарым

Мәпелеп,еркелеттің,аяладың

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

    2 Оқушы: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

  3. Оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

   Ән: «Аналар алтын» Нұржан

   Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздардың арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді аналар мен қыздар     арасында өтетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз.

   Жүргізуші: Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

1. Қосбармақова Бибігүл апа мен Темірбай Гүлфайруз

2. Жиенбаева Дина апа мен Кеңесбек Аружан

3. Алдашева Күнжамал апа мен Айменова Мадина

    Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары.

1) Таныстыру

2) Мақалды жалғастыр

3) Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.

4) «Шешеге қарап-қыз өсер». –қолөнер сайысы

Жүргізуші:

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

4. Оқушы: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

5.Оқушы: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

6. Оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

    Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып аналар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсеке түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін, - деп кезекті таныстыруға берейік.

1-ші жүргізуші: Тамызып мақал тілінің

Білімді болсаң жарарсың.

Ұшқыр ой, талап, біліммен

Әлемді жаулап аларсың, - дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында

Мақалдарды жалғастырыңдар.

1) Ауылдан асқан байлық,

--------- қымбат қазына жоқ. /кітап/

2) Талапсыз жас,

Қанатсыз-----. /құс/

3) ------- қылығымен көркем. /қыз/

 

1) Білім – теңіз, ------ кеме. /мектеп/

2) -------- көңілі балада. /ананың/

3) Сөз тапқанға - --------- . /қолқа жоқ/

 

1) Жақсы сөз - ------------. /жарым ырыс/

2) Ине көзінен сынады --------- . /шешен сөзінен сынады/

3) Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,

Адал сөйлеп, --------- . / жұртқа жақ /

 

1) Балаға өз тіліңмен сөйлеме, --------- . /өз тілімен сөйле./

2) Жолдасы жоқ жігіттің --------- . / Олжасы жоқ. /

3) Тұр-тұрдан хабар келсе, --------- . /Ұйкыдан маза кетеді./

 

1) -------- бар үйдің жеңгесі сүйкімді. /Кызы /

2) Екіаяқтыдабажа тату, --------- . / төрт аяқтыда бота тату./

3) Бас жарылса, бөрік ішінде, --------- ./Қол сынса, жең ішінде./

 

1) Өле жегенше, --------- ./бөле же./

2) Туажаманжок, --------- . /Жүре жаман бар./

3) Ағаш тамырымен мықты, --------- ./Адам досымен мықты./

 

    Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге борыштармыз. Сіздерге балалық жүрекпен алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп «Алатау» әнін қабыл алыңыздар

    Жүргізуші: Келесі сайыс түрі әр түрлі жағдаяттардың шешімін табу керек. Ол үшін арнайы қатысушыларға сұрақтар қойылады.

7 оқушы: Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

    Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер,- дей отырып, аналарымыз бен кыздарымыз қолөнер сайысында ою ойып, бұйымдарымен таныстыру.

8 оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

9 оқушы: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

10 оқушы: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.

Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын.

Еске алғандай таң сайын ән ұранды.

11 оқушы: Рая апай басшылардың бірі ғой,

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атанып жүргені

Осы апайдың арқасында біліп қой

   Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.

    Номинациялар:

1. Биязы ана

2. Мейірімді ана

3. Парасатты ана

   Жүргізуші: Ана – тіршілік ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

11 оқушы: Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

    Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық асыл жандарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз.

12 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде

Бақ дәулет шалқи берсін жерімізде

Аман сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ желбірей түс көгімізде.

Лаура Тоғызбаева,

Әбдікәрім Оңалбаев атындағы №117 орта мектебінің мүғалімі.

Жалағаш ауданы

Оқылды: 109 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C