Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 10:17

Кітапхана – рухани жаңғыру жолында

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Рухани жаңғыру дегеніміз не? Оны өскелең ұрпақ санасына қа­лай жеткіземіз? Міне, осы сұрақтар №187 М.Шоқай атындағы ор­та мектеп кітапханасында "Кі­тап­хана - рухани жаңғыру жолында" атты семинарда айтылды. Семинарды мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты     А.Мұсабаева ашып, шараның маңыздылығын сөз етті.

     Семинардың мақсаты - ақыл-ой қазынасының мекеніне айнал­ған кітапханада рухани тәрбиені ұлықтау, өткенімізді бүгінгі күн­мен сабақтастыра отырып ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, ұрпақ санасына мәдени мол мұраларымыз арқылы сіңіру. Рухани жаң­ғыру арқылы әлем мойындар ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті байланыстыра отырып, мектеп кітапханасы ру­хани жаңғыруға қатысты ұстанымдарды қолдап, ұлттың кемелденуіне, дамуына бар күшін салады.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласы тәуелсіз елі­міз үшін жаһандану дәуіріндегі ру­ха­ни өрісіміздің жаңа бастауы бол­мақ. Рухани жаңғырумен қа­тар "Туған жер" бағдарламасының да берері, маңыздылығы арта түс­ті. Олай дейтініміз, кең байтақ, ұлаң-ғайыр, қойнауын табиғи байлықтарға толтырған жеріміздің әр өңірінің сайы мен қыры, тауы мен тасы, даласы мен қаласы те­рең мағыналы сыр шертеді. Елі­міз­дің болашағын тізгіндер бүгінгі жас ұрпақ бұлардан хабардар бол­уы тиіс әрі міндетті. Себебі, тари­хы­мыздың тамырына терең бойлай алған ұрпақ отанымызға адал, елімізге талмай еңбек ететін, жауапкершілікті жете түсінетін аза­мат болып өсетіні белгілі. Ал, бұл ретте жастарымыздың бәсекеге қа­білетті білім алуына жағдай жасап, олардың санасына туған елі мен туған жеріне деген ерекше се­зімдерін, айрықша ілтипаттарын оятып, дәріптеу арқылы ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз.

     Семинарда 10-сынып оқушысы Лаура Кенжебек "Туған өлкем - тұнған шежіре" атты көрмеге шолу жасады.

   Рухани жаңғыру - ұлттың жаң­­ғыруы. Халқымыз бақытты ұлт. Себебі көгімізде желбіреген көк байрағымыз, бекітілген шекарамыз, еңселі елтаңбамыз, ақ­тық демі қалғанша қорған болар айбынды әскеріміз, айналымға енген төл теңгеміз бар. Ендігі мақсат - Мәңгілік ел атанып, әлем ал­па­уыттарымен үзеңгі қағыстырып, алты құрлықта алысып жатқан адамзаттың арасынан ойып тұрып орын алу.

     Мәңгілік ел - ата-бабалары­мыз­дың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Шарада 2 "ә" сынып оқушылары бірлікке, ынтымақтыққа шақыратын Әнет баба әңгімелерінен үзінді-көріністі шеберлікпен орындап шықты.

    Болашақта кітапханалар қызметі, келелі келбеті заман талабына сай ақпараттық технологиялармен ұштасуы кітапхана мамандарымен тікелей байланысты. Ең­бек­теген баладан еңкейген қа­рия­ға дейін смартфондар таңсық емес уақытта мобильді кітапхана оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын артырудың жаңашыл әдіс-тә­сілі деп білеміз. Телефонға жүк­теу арқылы бұл қосымша құрал кі­тапсүйер оқырманның қызығушылығын арттырып ғана қоймай, ыңғайлы, тиімді, ұтымды дүние бол­­мақ. Ең бастысы қолжетімді, қол­дану аясы кең, әрі түсінікті. Ол үшін бар болғаны ұялы байланыс құралымызға App Store, Play Market арқылы QR Code Reader қосымшасын орнатсаңыз болғаны. Бұл қосымша арқылы кітап қо­рымыздың барлығына жуық қа­зақ және әлем жазушыларымыздың шығармаларын оқуға жә­не аудио түрінде тыңдауға мүм­кіндік ала аласыз. 9-сынып оқу­шы­сы Менғали Аружан мұндай тың жаңалықты ірі сауда орталықтарымен, аялдамаларда көрумен қатар мектебіміздің фойесінде пайдалануға алғашқылардың бірі болып қолға алып, "100" кітап аясында бірқатар шығармалар код­­талып, мектеп оқушыларына қолжетімді болып отыр дейді.

      Тіл - халықтың ең негізгі бай­лы­ғы. Заман талабына сай үш тұ­ғыр­лы тіл саясатын қолдаймыз. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген халық даналығын естен шығармағанымыз абзал. Жастарымыздан Елбасы үл­кен үміт күтеді. Болашақ - жастардың қолында. Осы ретте 9-сынып оқушылары үш тілде асқан патриоттық жалынмен өлең жолдарын тарту етті.

     Кітапхана - библиографиялық сабақтар оқушыларымыздың, жас оқырмандарымыздың кітап оқуына, оқулықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді деп ойлаймыз. Осылайша, жаңғыру ұлттық дәстүрлердің озығынан жиренбей, жарасымды түрде жал­ғастыруды көздейді. Қоғамның жаңа, тәуелсіз мемлекетіміздің одан әрі қарыштап дамуына жол ашылып отырған тұста болашақ­қа ұмтылу, іздену біздің өміріміздің негізгі қағидасы болуы шарт. Семинар соңында Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының балалар бөлімінің меңгерушісі Маржан Тұрғынбайқызы сөз алып, оқушыларға іс-шара аясында ең­бек етіп, тың жаңалық тарту еткен мектеп ұжымына алғысын біл­дірді.

    Кеш қонақтары қатарында Қызылорда облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының директоры Н.Мыңжасұлы, "Жас Отан" жас­тар қанаты Қызылорда қалалық филиалы басшысы Е.Өткелбаев және қызметкерлері Ә.Қа­һар­ман мен Б.Өткелбаев, "Жастар ресурсы" орталығынан Ж.Кенжебаев, Ә.Әбдрәхим, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекет­тік оқытушылары "Қазақстан тарихы" кафедрасының профессорлары М.Н.Аңсатова, З.Д.Тажиева, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлт­тық орталығы" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша  ПҚБАИ директорының орынбасары С.Серікбаев болды. Мектеп қолөнершілерінің қолынан шыққан естелік гүлдері тарту еті­ліп, семинар қонақтары жаңашыл бас­таманы талқылай отырып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Жайна РАХМЕНОВА,

№187 М.Шоқай атындағы

орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Оқылды: 75 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Ана – өмірдің гүлі» ИМАМДАР АЙЛЫҚ АЛА МА? »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C