Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 19 Қыркүйек 2018 12:33

ИМАМДАР АЙЛЫҚ АЛА МА?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

    Көкке де, көпке де топырақ шашпаймыз. Десек те, қазақ біреу­дің ақшасын санағанды жаны сүйетін халық. Қай мамандықта көп айлық болса, баласын сол салаға оқуға түсіргісі кеп жанталасып бағады. Ол енді жасырын емес. ҰБТ тапсырып, мамандық таңдауға келген талапкерлер ақшасы көп, жайлы орынды ойлайды. Соған сай мамандық таңдап, армандаған дүниесіне қол жеткізе алмай, опық жеп қалып жатқандары да бүгінде таңсық болмай қалды. Ол ол ма, біздің қоғам бәрін болып, имамдардың қалтасының қалыңдығына таңырқайтын болған. "Халықтан садақа жинап, байып жатыр" деп ойлайтындар да бар екен. Жалпы, дін жолында жүріп, ақиқаттан айнымайтын имамдар қауымына айлық беріле ме? "Олар бала-шағасын қалай асырап, қалай күн көреді?" деген сауал көптің көкейінде жүр. Иә, бүгінгі нарықтық заманда тәңірден тілеп отыра берсек, аштан қататынымыз аян. Сол үшін қарекет керек. Көпті ойландырып, қызықтыратын да осы сұрақ. Имамдар айлық ала ма?

   Иә, бұл негізінен шешімі табылмаған, оң жолға қойылмаған мәселе. Алайда, жақында ғана Астана қаласында бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті жиналыста дін қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, оларды жалақымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлының шешімімен мүф­тият жанындағы "Қазақстан қажылық қоры" есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы берілетін болды. "Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша 100 ауыл имамына "Қазақстан қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге айлық беріледі. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз",- деп атап өтті бас мүфти.

   

  Айта кетейік, бұған қоса "Уақып" қайырымдылық қоры 300-ден астам дін қызметкеріне орта есеппен 50 мың теңге қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Еліміз бойынша, 2605 мешіт­те 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы - дін қызметкері. Жалпы, дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген. ҚМДБ осылай мәлімдеп отыр.

    Ал, Қызылорда облысының өзін­де 181 діни ұйым, оның ішінде 11 жергілікті діни бірлестік, 170   филиал (166 мешіт, 4 христиандық бағыттағы) қызмет атқарады. "Бұл жердегі діни қызметкерлердің хал-ахуалдары қалай? Тек қор арқылы қаржы алатын имамдардың айлық табысы жақсы өмір сүруге жете ме?" деген сауал өзекті екені рас.

    Өткен жылы имамдар айлығы төңірегіндегі мәселе мінберлерде көте­ріле бастады. Тіпті министр­лердің өздері мән беріп, талқыға сал­ған болатын. "Еліміздегі имамдардың жалақысы садақа жәшіктеріндегі табыс көлеміне тікелей байланысты. Мысалы, қалалық және облыстық мешіттердегі имамдардың жалақысы 70-80 мың, ал аудандық мешіттердегі имамдардың айлығы 40-50 мың теңге шамасында. Ауылдық жер­лердегі имамдар 20-30 мың тең­ге жалақы алады",- деген еді Нұрлан Ермекбаев өз тұсында. Министр ҚМДБ имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнайы еңбекақы төлемейтінін айтады. Әкімдіктер өңірлік бөлімшелерге жағдайына қарай қосымша ақша бөліп отырады екен. "Жалақысы тұрақсыз болғандықтан, имамдар қоғамдағы мәселелерді толыққанды шеше алмай отыр. Ауыл мешіттерінде білікті имамдар жетіспейді. Оларды жұмысқа тарту қиын шаруа",- деп түсіндірген еді. Соған сай, имамдардың жалақысы мәселесін шешу үшін арнайы қайырымдылық қоры құрылып, жұмыс жасай бастады. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі бол­ған Нұрлан Ермекбаев мәлім еткен болатын. Содан соң, "Елбасының тапсырмасына сәйкес арнайы корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. Ол Әділет министрлігінде тіркелді. "Бұл қордың басты мақсаттары - мұсылмандық және басқа да көздерден түсетін қайырымдылық қаражатты жинақтау, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және осал топтарға көмек беру, қайырымдылықтан түскен қаржыны және тапқан табысты зайырлы мақсаттарға бағыттау",- деп мәлімдеді Н.Ермекбаев. Оның айтуынша, қазіргі таңда имамдардың жалақысы қайырымдылықтан түскен қаражатқа тікелей байланысты. Егер үлкен қалаларда имамдардың жағдайы салыстырмалы түрде бірқалыпты болса, аудан орталықтары мен шал­­ғай елді мекендерде олардың жағдайы өте тұрақсыз. "Осы жағдай имамдардың ел арасындағы имиджіне нұқсан келтіреді. Себебі бұл жайтты деструктивті діни ағым өкілдері пайдаланып, имамдарды мұқатып, олар­ға жамағатты қарсы қойып, іріткі салу әрекеттерін жасауда. Жалпы, білім мен біліктілігі жоғары имамдарды діни тұрғыда проблемалы аймақтарға тарту және шалғай елді мекендерге қызмет атқаруға жіберу өте қиын болып кетті. Республика бойынша 150-ден астам мешітте имам мүлдем жоқ. Басқаларында жұмыс ауыстыру факті­лері жиі кездеседі. Бүгін біз имамдардың жалақысына тікелей бюджеттен қаражат бөле алмаймыз. Сондықтан бұл қор атал­ған өзекті мәселелерді шеше алады деп үміттенеміз",- деп уәж айтқан еді министр.

    Қордың құрылтайшылары - министр­лікке қарасты Мәдениет және дін халықаралық орталығы, дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы және Дінтанушылар конгресі. Қордың қамқоршылар кеңесі де жасақталыпты. Олар қордың ашықтығын қамтамасыз ететін болады. Рас, басшылық өзгеріске ұшырағанымен қабылданған шешімдер күшін жоймайтыны белгілі. Осылайша жұмыс жасай бастағанына бір жыл­ға жуықтаған қор жайында егжей-тегжейлі Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың пікірін де білдік. Бас мүфти сауа­лымызға кең көлемде жауап берді.

   - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сізді ресми қабылдауында жер-жердегі имамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қор ашылғаны жайлы айтты. Осы қордың жұмыс істеу жүйесі туралы кеңірек айтып өтсеңіз.

     - Иә, елімізде түрлі әлеуметтік жобаларға арнайы қолдау көрсететін "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. "Уақып" қоры жанындағы Қамқоршылар кеңесіне Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, депутаттар, қоғам қайраткерлері және де өзге лауазымды тұлғалар мүше. Кеңес мүшелері қор қаржысына ұдайы бақылау жүргізеді.

     "Уақып" - коммерциялық емес қа­йырымдылық ұйымы. Сондықтан қор есебінен әлеуметтік әлсіз топтар­ға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, кадрлардың кәсіби біліктілігін арттырып, дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады. Қорға алғашқы қаражатты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті­нің қоры аударды.

      Елбасының игі бастамасымен ашыл­ған қордың есебінен шалғай ауыл­дағы өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 250-ден астам мешіт имамдары мен молдаларына қар­жылай қолдау көрсетілуде. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осын­дай үлкен қамқорлыққа айрықша алғысымызды жеткіземіз. Олардың рухани жетекшісі, яғни Бас мүфти ретінде имамдардың әлеуметтік мәселесіне қатты алаңдаймын. Аллаға шү­кір, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі деген үміт бар. Бұл бастаманың өзі қазіргі көңілге медеу болып тұр.

    - Өзіңіз жетекшілік еткен мүф­тият­тың биылғы жылға қойып отырған мақсат-міндетін айта кетсеңіз. Тың бастамаларыңыз да бар шығар.

   - Жоспарлы алға қойған жұмысымыздың ең бастысы - ағартушылық. Осы мақсатта қабылдаған тұжырымдамамыз бар. Дін қайраткерлері бүгінгі уақыт талабына жауап бере алатындай білімді де білікті, жан-жақты болуы тиіс. Тек діни біліммен шектеліп қалмай, ғылыми-зерттеу жұмысында да белсенді болған абзал. Биік мақсаттар қойып отырған көп этносты, көпконфессиялы қоғамның ортасында жақсы идеялар мен дұрыс насихат жүргізудің бәсекелестігі жүріп жатқан кезеңде елге білім үйретіп, жол көрсететіндей ортаны қалыптастыру міндеті тұр.

   Сонымен бірге бір жақсы бастаманы қолға алып отырмыз. Қазіргі уа­қытта Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасына қарасты 2600-ден астам мешіт бар. Бұл мешіттердің қызметі халықтың алдында ашық. Дегенмен, қаржылық ашықтықты қамтамасыз етудің бірден-бір оңтайлы жолы - мутауалли қызметін қалыптастыру. Ол қаржылық-шаруашылық жұмысқа жауап береді. Екі ай сайын, бәлкім тоқсан сайын жамағат алдында мешіттің түсімі мен шығындарын, болмаса мешіттің басқа күнделікті тыныс-тір­шілігін жамағатқа жеткізіп отырады. Ал, ақ шапан мен сәлде киген имамдар қаржылық-шаруашылық іске мүл­дем араласпайтын болады. Діни басқарманың жарлығына өзгеріс ен­гізу үшін қазір жұмыс істеп жатырмыз. Ме­нің осы бастамам әріптестерімнің тарапынан қолдау тауып отыр.

     - Бастама қашан іске асырылады?

    - Бастама биыл сәуір айында толыққанды жүзеге асты. Бір айта кететіні, бұл ойдан табылған дүние емес. Орта Азия дін басқармасы кезінде мутауалли қызметі болған. Осыны қайта қалыптастырсақ, ел ортасында өзара сенімді арттыру үшін жақсы септігін тигізеді деген ойдамын. Қазір қаржы-шаруашылық мәселелерін қо­са алып жүру имамдарға кәдімгідей салмақ болып отыр. Елімізде дінге бет бұрушы жамағат саны өсіп келеді, олардың арасында жүргізілетін уағыз-насихат жұмыстары бар. Діни ғибадаттар мен рәсімдерді жүргізудің өзі бөлек дүние. Мешіттер жанындағы сауат ашу курстары мен елдің сұрақ-жауап мәселесіндегі жауапкершілік те имамның мойнына жүктеледі.

    Былтыр елімізде "Уақып" қорының құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда 350-ге тарта имамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл көрсеткішті жыл сайын ұлғайтуды көздеп отырмыз. Діни оқу орындарында тәлім алып жатқандарға шәкіртақы тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Имамдардың әлеуметтік мәселесін шешіп, еш нәрсеге мұқтаж қылмай, олардың алаңсыз діни қызметін, ағартушылық жұмысын жүр­гізуіне жағдай жасауымыз керек.

    Түйін. Көпшілік "имам" деп мешітте жамағат болып намаз оқуды басқаратын жетекшіні атайды. Имам қызметін үнемі бір адам атқара беруі мүмкін, алайда имам дәреже де, кәсіп те емес. Имам беделінің мойындалуы оның, шын мәнінде, намазға басшылық етуіне тікелей байланысты. Қалалық, аймақтық және ауылдық мешіт­терде имам қызметін, әдетте, қарапайым діни білімі бар адамдар атқарады. Орталық мешіттер имамының арнаулы діни білімі және діндарлар алдында үлкен беделі болуға тиіс. Ислам діні таралуының алғашқы жылдарда имам қызметін Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарымыздың өзі атқарып, ол қайтыс болған соң бұл қызметті халифалар жалғас­тырды. Олар тек намаз кезінде алда тұрушы адамдар ғана емес, сонымен бірге мұсылман қауымдастықтарының басшылары болғандықтан имам жоғары діни және саяси бедел иесі болып саналады. Сондықтан да олардың қоғам алдындағы беделі түспеуі керек. Оған қаржы мәселесі де қолбайлау болмағаны абзал.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 59 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C