Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 26 Қыркүйек 2018 06:23

Абай дана, Абай дара қазақта

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

   Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы қоғамдық өмірде айрықша орын алады. Ұлы ұлттың салт-дәс­түрін, тілімізді, әдебиетімізді, ұлт­тық рухымызды жаңғырту болашақ ұр­пағымыздың бойында қазақы өркениеттің негізін қалаудың игі бастамасы болып табылады. Қазақ халқының мәңгі өшпес те өлмес асыл мұраларының көмбесі саналатын Сыр елі­нің бас ордасы - Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы ұлттық құндылығымызды ұлықтау мақсатында қалалық кітап­ха­налар жүйесі қазақтың классик ақы­ны, әлем халықтарының рухани өміріндегі жарық жұлдызы, қазақтың біртуар ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арнал­ған "Абай дана, Абай дара қазақта" ат­­ты әдеби-жыр марафонынын өт­кізді.

    Абай есімі қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы қасиеттерін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны байытты, жаңа биікке шығарды. Абай өз мақсатын, ел арманын, ойын, зор ақындықпен әсерлі, көркем тілмен түсіндірді. Ақын өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебірент­кен сансыз ойларын тамаша шығармаларымен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді.

  Шараға облыстық "Таным", "Абай­тану" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Абат Жолдасова, балалар ақыны Рахат Наурызбаева, ақын Мұхамеджан Нұрханов, жазушы Несібелі Рахмет, №253 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пә­­нінің мұғалімі Қадиша Қорғано­ва­лар қатысып, ұлтымыздың ұлы ақыны туралы келелі әңгімелер айтып берді. "Осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын ойшыл ақынның халқының өзге елден қалмай, оқ бо­йы озық тұруын қалағаны, Абайды біз толық меңгерсек, оның ілімін іліп, бойымызға сіңірсек, біздің рухани жаңғырғанымыз" деп те атап көрсетті шараға қатысушылар.

   Белсенді жас оқырмандар Ш.Сұл­­танбек, Б.Смағанбет, А.Умир­бай, Г.Ерлан, А.Әлиакбарова, М.Рысбек, З.Жандос ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жыр додасының сәнін келтірсе, Ж.Қалдыбай, К.Тыныштыкбек, Ж.Кәрбоз үш тілде ақынның өмірбаянын оқыды. Абайдың халықты білімге, ғылымға өнерге, еңбек етуге шақырған, ар, намыс, адамшылыққа үндеген қара сөздерін К.Талғатқызы, А.Ақша­-нова, Д.Қадірхан, Т.Тұрсынбай тебірене оқыды. Ақын Рахат Наурызбаеваның "Абай - менің ұлы атам" атты арнау өлеңін оқушы Ж.Қалдыбай мә­нерлеп жатқа оқып, А.Болатқызы ақын­ның "Көзімнің қарасы" әнін әуелете шырқады.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдыр­ған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай жар­қын бейнесімен де, жалынды жы­рымен де халқымен бірге мәңгі жасап келеді. Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады.

А.Әділжанұлы

Оқылды: 61 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ИМАМДАР АЙЛЫҚ АЛА МА? ЖУСАН ЖЫР »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C