Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 10:28

ЖУСАН ЖЫР

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

Ақжол ТҮМЕНБАЙ:

     - Қазыналы Қазалы - жыр кеніне бай ел. Өзім Ақтан батыр ауылында дүниеге келдім. Осы топырақтың, мына аймақтың тұмса бейнесі мені ақын етті. Арда ақын Абдулла Сапардың шәкірті болғасын ба, өлең дейтін дүниеге атүсті қарауға дәтім бармайды. Өйткені ол менің күретамырымда ағып жатқан қаным іспетті. Өлең - өмір. Ал, ол жерде өмір сүру үшін үлкен батылдық керек.

 





Қасиетті Сыр Ана

Абыз бабасы түнерген.

Аңыз даласы бұйра да бұйра құм өрген.

Жүз бір жыраудың сынығы қалған дүр елден.

Шежіре тұнған Сыр Ана сенің төсіңнен.

Таудай батырлар әруақтанып күш алып,

Тұрмағамбеттер жыр емген.

 

Тереңге тартқан тамыры.

Сыйынары да, ұйығаны да Тәңірі.

Запыран құсып, заманда қалған зар үні.

Өлі тасына тірі тарихын таңбалап,

Жырланып жатыр қасиет қонған қара жер,

Нұрланып жатыр әруақтардың қабірі.

 

Күмбір де күмбір күй ақты.

Тұлпары дүлдүл, сұңқары ұшқан қияқты.

Ұлына намыс, қызына беріп ұятты.

Өлермен болған өр кеуделерін оқ қажап,

Есіл бойын ен жайлаған көп қазақ,

Ақмешітін сағынатын сияқты.

 

Құдайдың халық егізі.

Құдайдан ғана фәнидің бұлақ негізі.

Көзсіз батырдың, сөзсіз ақынның көп ізі.

Том-том тарихын парақтап,

Бетпақдаладан күңіренеді адақтап,

Қорқыттың кейде қобызы.

 

Сөзімнен кетсе тайып мән.

Жыртығын жамап жүдеу жырымды байытқам.

Бодан дертімнен жарамды жалап айыққам.

Қалың жұртым-ау, қабырғаң қаусап түңілме,

Жоғалтқандарым оралатындай түбінде,

Ботпанов кеткен ғайыптан.

 

Он сегіз мың ғаламат.

Туған топырағыңа татымайды екен обал-ақ.

Көшпелі жұрттан көне заманға салауат.

Ит болып тусам итаяғындамын көп елдің,

Ер болып тусам ел кегін қуып өлермін,

Аллаға бәрі аманат.

 

Демеңдер мені дүбәра.

Бабамнан қалған ата-жұртым ғой бұл ара.

Әр төбесінде жәдігер қалған мұраға.

Топырағында Тәңір ұлдары туылып,

Атырабында ұялап жатқан ұлылық,

Қасиетті ғой Сыр Ана.

Өгей ғұмыр

Шарасыздың күйін кешсем дәл бұлай,

Панасызбын демес едім бар Құдай.

Өгейлігі әлсін-әлсін жылатып,

Туғанындай көре алмаған тағдыр-ай.

 

Шарпып өткен шақалақ нұр шала мұң,

Тауқыметтен тоз-тоз болған бала күн.

Қайда маған басқалардай тәтті өмір,

Қайда менің қасіретсіз ғаламым.

 

Ғазиз бастан мұң аунайды не түрлі,

Ғаріп қайғы қаратпайды бетімді.

Кедейліктің тұзын сорған тағдырда,

Өгейліктің өші кеткен секілді.

 

Қанатына іліп алып құс қайғы,

Құдайыма алып неге ұшпайды.

Қарттар үйі, жетім жанар, жесір мұң,

Мейірімсіз ғаламшарға ұқсайды.

 

Туды тағы көкке керді ай төсін,

Шалқаяды шаруаға, әй несін.

Тастан ауыр тағдырларға Тәңір-ау,

Тас төбемнен тас атқылап қайтесің?!

 

Қабырғамды қажытқанда құса мұң,

Өксіп-өксіп өкінішті тұсадым.

Мешіттердің ауласынан іздеймін,

Адамдардың мейірімді құшағын.

Оқылды: 101 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 17 Қазан 2018 12:59
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абай дана, Абай дара қазақта

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C