Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 14 Маусым 2017 06:31

Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуі

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

  Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы ширегін сәтті қорытындылап, жаңа кезеңге аяқ басты. Жаңа дәуір қарсаңында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жаңа Жолдауы жол тартты. Осылайша 25 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктер жаңа мақсаттарға жол ашты. Жолдау соңында Мемлекет басшысы "жаңа кезеңдегі кездесетін кез келген қиындықты басты күшіміз бірлікпен еңсере аламыз" деп Қазақстан халқына сенім білдірген-ді. Жолдауда: "Уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ" деген Елбасының мұнан соң "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы жарық көрді. Салиқалы ой, салмақты жүгі бар аталмыш мақала жарияланған сәттен кейін қоғам тарапынан қолдауға ие болып, жан-жақты талқылана бастады.

   Мақаланың ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы бөлімінде Мемлекет басшысы: "Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай",- дейді. Мұндағы "Ұлт­­тық код" қазақ халқына тән ізгі қасиеттердің бірі екенін ұғамыз. Алайда, сол аталмыш ұғым қайдан шықты және оны сақтау үшін ха­лық нені білуі шарт? Мақа­ла­ны оқып шыққаннан ке­йін көкейде туындаған осы бір сауалға жауап іздеп, қо­ғам белсенділерінің мақалаға қатысты пікірлеріне көз жүгірттім. Тақырыбына Ел­ба­сының жаңа мақаласын ар­қау еткен бағдарламаларды бақыладым. Осылайша ұлттық сана тақырыбын өмір бойғы еңбектерінде қозғап келе жатқан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов "Ұлттық код" ұғымына байланысты тереңінен тоқталып берген түсінігінен ой қо­рыттым. Мемлекеттік телебағдарламалардың ("Айтуға оңай") бірінде:

   - Ұлттық кодқа ерекше мән беру керек, бұл шешуші мәселе. Мысал келтіре отырып түсіндірейін. Ерте кезде біздің бабаларымыз "Бір жылдығын ойлаған адам бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған адам ұрпағына ізгілік егеді" деген. Осы ізгіліктің астарын іздейік. Біле­тініміздей, қиын-қыстау заманда қа­зақ жеріне қаншама халық қоныс аударып келсе, солардың барлығы да қазақ халқына ал-ғысын айтады. Себебі, қазақ өзі аш отырса да, қо­лында бар асын солармен бө­лісе жеген. Мен оны бала кезімде өзім де көзбен көр­генмін. Олар қазақтың мұндай жақсылығын ұмытқан жоқ. Ал, бұл ізгілік бізге қайдан келді? Бас­қа халыққа қарағанда қазақ неге ерекше бауырмал, ерекше мейірімді, рахымды, - деген Мекемтас Мырзахметов оның біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырдан бастау алып келе жатқан игі қасиет екендігін айтып, тарихына тоқталыпты.

   Ғалымның айтуынша, сол кезеңнен бастап біздің жерімізде адамгершіліктің ілімі жасалған және оны бүгінде әлемдегі ешбір адам оны жоққа шы­ғарып, талас туғыза алмайды. Б.з.б. 626 жылы Алып Ертоңғаны парсылар у беріп өлтірген. Сонда Алып Ертоңға: "Мені мәрт деп санаңдар. Ол менің жалпы атым болсын" деп ақтық сөзін айтып, көз жұмады. Осы оқи­ғадан кейін бұл іске еліктеп түрік халықтары арасынан кәсіпкерлер шыға бастайды. 10-20 шақты кәсіпкерлер бір­ле­сіп жұмыс істеп, ақша табады. Тапқан табысының өз от­ба­сына қажетті мөлшерін ғана алып, қалған бөлігінің барлығын мәрттік жасап елге таратып отырады. Осыдан "ақи" де­ген сөз шығады, бұл "жомарт" деген ұғымды білдіреді-мыс.

   Мұндай жомарттығымен біздің заманымыздан бұрынғы  VІІ ғасырдан ХІ ғасырға дейін түркі халқы бүкіл әлемді мойындатқан екен. Сол кезеңде-ақ "Мәрттік жасап, халыққа барыңды бер, өзің қанағат ет" деген қағида қалыптасады жә­не бұл "Ақи ілімі" деп аталған. Сонымен қатар, уақыт ілгерілеп заман ауысқан сайын бұл ұғым жандатып, атауы да жаңарып отырған. ХІ ғасырда Баласағұн "Құтты білікті" жазып, мәрттіліктің 4  негізін енгізді. Олар: ақыл, әділет, рақым жә­не дәулет. Аталған төрт негіз қалыптасқаннан кейін бұл "жә­уан мәрттілік" деген атау­ға ауысады. Яғни, ұлттық код ерте кезеңнен бабалар ізін салып кеткен және беріге дейін жалғасып келе жатқан ұлтқа тән игі қа­сиет. Бертін ке­ле халықтың бойындағы мұндай ізгіліктің азайып, сү­йекке таласқан итше билікке таласқан қазақтарға ашынған кемеңгер Абай халықты одан аман алып қалудың жолын іздейді. Солайша жоғарыда атал­ған ілімдердің негізінде ол "Толық адам" ілі­мін жасап шығарады.

   - Лай суды арнайы аппарат арқылы тазалап алатыны секілді, адамның мінез-құл­қын осы "Толық адам" ілімі ар­қылы рухани тазалап шы­ғуға болады. Оны мектеп, жоғары оқу орындарында оқытсақ, балалардың барлығын рухани жаңартып аламыз. То­бықтай түйінін айтқанда, жас ұрпақ ұлттық кодты Абай­дың философиялық лирикасынан табады,- деп қорытындылайды Мекемтас Мырзахметов.

   Иә, қай кезде де келе­шек­тің иесі болатын жастар­ға артылатын сенімнің жүгі ауыр және ол үшін кейінгі буынға жағдай жасалынып та келеді. Тәуелсіздік жылда­ры­ның бас кезінде жаңа реформалар жасалынып, дүние жүзіне танылуға енді ғана мүмкіндіктеріміз ашылып, мемлекет қадамын тәй-тәй басып жатты. Осы ал­ғашқы ширек ғасырдың ішін­дегі аз уақытта та мемлекет алыс-жақын шетелдермен берік байланыс орната алды. Мемлекет дүниежүзіне өзге салалардан бөлек ғылым-білімі арқылы да таныла білді. Өйт­кені, бәсекеге қабілетті елдер­дің қатарына қосылу үшін білім беру сапасын көтеру қажет. Бүгінде дәл осы жүйеге жаңа реформалар енгізіліп, білім саласына баса назар аударылып келеді. Ал, жаңа реформалар ұлт­тық сананың кемелденуі мен рухани жаңғыруға жол бас­тайды.

Майра БОЛАТОВА

 

Оқылды: 538 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Рәміздер ұлықталған күн Мұсылманы мол мемлекет »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C