Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 22 Маусым 2017 06:46

Мұсылманы мол мемлекет

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

      Қиыр асып, шетелге шығатын туристердің қатарында қазақтардың үлес салмағы артып келеді. Елдің салт-санасы, менталитеті, асханасы, туристік жерлерін есепке алатын жиһанкездердің талғамы әртүрлі. Бірінің Еуропаға еті үйренсе, ендігісі Азияның ауасымен тыныстағысы келеді. Азияның алып елдеріне аттанатындар үшін қолайлы мекен Индонезия болып тұр. Әсіресе, жаз шықса жиһан кезетін қазақтар дәл осы Индонезияға жол тартады. Себебі Оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен Индонезия әлемдегі мұсылманы мол мемлекеттің бірі. Халқының 88 пайызы - мұсылмандар. "Алуан түрлі әлем" айдарында туристік тартымдылығы жоғары Индонезияға аялдаймыз.

 

      Үнді мен Тынық мұхитының тү­йістіріп тұрған, Азия мен Ауст­ралия құрлықтарының арасында кө­пір болған Индонезияда 250 мил­лионнан аса халық тұрады. Әлем бойынша жан санынан төр­тін­ші, жер көлемі жағынан он төр­тінші орынға ие бұл мемлекеттің Оңтүстік-шығыс Азияда орны бөлек. Тарих қой­науына енсек, сырын ішіне бүк­кен ин­донезиялықтар кезінде гол­лан­д­тықтар мен ағылшындардың қол ас­тында болған. Содан болар, Индо­не­зияның даму қарқынына осы елдердің ықпалы тиген. 1945 жылы тәуелсіздігін алған индоне­зия­лықтар даму жолында өз күші­мен аяқтан тұрып, бүгінде көп ұлтты ұйыстырып отыр. Тарих қой­на­уын қаз­саң, кезінде Ява аралынан 700 жыл бұрын пите­кантроп дәуірінен жеткен тарихи мұ­ралар мен қазба қал­дықтар қалған деседі. Ұлттық құн­дылықтарды тұмар етер бай­лық­тарды бүгінге жеткізе білген индо­не­зиялық­тар туристерге ұлттық бай­лықтарымен мақтана алады. Мұнда жылына 35 миллионға жуық турист келеді деген ақпарат бар.

      Елдің тайқазанына кіріс кіргізіп отырған салалардың бірі - ауыл ша­руашылығы мен туризм бағыты. Қара жерден нәпақа тауып отырған бұл ел жылына 48 мың тонна кофе, 2 миллион тоннаға жуық пальма­ның ма­йын жинайды. Мұнан бө­лек, тропи­калық өнімдермен халықты қамтып, артығын сыртқа экспорт­тайды. Тіршілігі тоқтаусыз жүретін индоне­зия­лықтарда бәсекелестік қатты сезі­леді. Жер шұқып, бос қа­рап отырған адамның жоқтығы тір­шілік ағынынан байқалады. Ал, та­нымал аралдары арқылы туризмнен тиын құрап отыр. Индонезияны "аралдар елі" деп те атайды. 17000-нан аса аралдардың ішінде Ява, Суматра, Жаңа Гвинеяның орны бөлек. Индонезияда жер сілкінісі жиі болатындықтан вулкандар ат­қы­лайды. Елде 300-ге жуық вулкан бар­лығы мәліметтерде көп кездеседі. Қызық іздеген туристер осы аралар­дар­ды көру үшін ат шалдырып аял­дайды. Жалпы, бұл елге аяқ басқан жиһанкездердің жазбаларына қара­саң, Индонезияда жүру қауіпсіз. Ұр­лық-қар­лық тіптен жоқ деуге келеді. Шари­ғат бойынша ұрының қолы ша­былады. Елде мұсылмандық үрдіс үстем құрған­дық­тан болар, мұнда адал ниетті адам­дар­­дың қарасы қалың. Жағалай шатыр тіккен сауда орын­дарында берілетін тағамның дені халал өнімдері. Саудада үстеме сая­сат ұстанбайды. Себебі дінге берік, ислам кең қанат жайған. Еске­ретін бір жайт, Индонезияға жолыңыз түссе, тағам мәдениетін санаға тоқу керек. Индонезиялықтар күріш пен кеспені тамаққа жиі пай­даланады.

       Ішімдік сатылмайды, тек туристік ортаға бағытталған Бали ара­лында ғана саудаланады. Жергілікті халық дәстүрлі пальмадан жасалған су­сынды шарап есебінде ішеді. Сау­да демекші, индоне­зия­лықтар теңіз өнімдері арқылы табысты еселеп отыр. Теңіз жағасында болғандықтан ба, балық шаруашылығы жолға қо­йылған. Мәселен, балық зауы­тында жұмысшылар балықты сұрып­тап, етін алып түрлі ас өнімдерін даярлап, сатылымға саудалайды.

       Индонезия астанасы Джакар­та­ның өзінде 18 миллион халық тұ­рады. Тұтас Қазақстан халқы дерсіз. Индонезия көптен көш ілгері бол­ғанымен, кейбір аудандарына қарап даму қарқыны жоғары мемлекет деп айта алмайсың. Қолқаны қабатын қалдықтар қоршаған ортаны ғана емес, жалпы ел мәдение­тінің өлше­мін көрсетіп қояды. Әйткен­мен, халқының басым бөлігі меймандос. Үнемі жүздерінен жымиыс кетпейтін мұсылман мемлекетінің ұлтшылдығы мен діншілдігі көп елден даралайды.

        Адалдыққа ант беріп, қарапайым­ды­лықты қағида ету. Ислами Индоне­зия­ның философиясы да осында.

А.ҚАРАКЕСЕК

Оқылды: 331 рет Соңғы рет өзгертілді: Бейсенбі, 22 Маусым 2017 06:51

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C