Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 14 Шілде 2017 12:36

Балық өсірудің білгірі еді

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

  Жерлесіміз Зейнолла Шүкіровтың осыдан елу төрт жыл бұрын жарық көрген "Арал дәптері" атты жыр жинағындағы:

     Каналды өрлеп  барады,

     Қайығым тастап жағаны.

    Өтекең жымың етеді,

   Жадырап демде қа­бағы,- деген Өтеміс Ибра­йымовке арналған жыр шумағы қалам тербер алдында ойға оралған. Бұл жыр жолдары ақын­ның өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңғы кезеңінде жазыл­ған. "Тастақ каналында" атты өлеңінен есімде қал­ғаны еді. Өлең кейіпкері, "Өтеміс" дегені әйгілі қаламгердің аттай төрт жас үлкен ағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Өтеміс көкеміз болатын. О кездері Өтекең Тастақ балық өсіру питомнигінің басшысы, осы саланың саңлағы еді. Ақын жолы Сырдың бір тармағы - Тастақ каналына түскен­де осындағы ағасы Өте­міске сәлемдесіп, теңіздің тыранын, Сырдың саза­нын тіске басатын. Жең­гесі Әнипаның Туланың болыскей самау­рыны­нан бұрқырата құйған шайына қанып барып жазған болар жоғары­дағы өлең жолдарын.

   Кейіпкеріміз Ө.Ибрайымов 1923 жылы Бөген ауылы жанындағы "Қосуақ" атты киелі ме­кен­де туып-өскен. Ұлы Отан соғысының арда­гері. Қанды майданның қасабына 1942 жылдың көктем айларынан бас­тап түскен. Онда да артил­ле­рист есебінде 20-шы ерек­ше құрамдағы ротамен бірге Прибалтика майда­нында, Курск доғасында ерлікпен соғысқанын сарғайған әскери құжат­тары көз алдыңа әкеледі. Бұл жөнінде балалық шағында өзіне әкесінің айтқанын сүйікті ұлы Бақытжан да растайды.

   Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысын жеңіс­пен аяқтаған аға сержант Ө.Ибрайымов туған елге омырауында төрт орден, ондаған жауынгерлік медальдары жарқырап оралады. Орыс тіліне судай ағып тұр. Сонысын аңғарған ел ағалары №20 Бөген орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пә­ні­нің мұғалімі етіп орна­ластырады. Сөйтіп, азғана жыл балықшы ауыл балала­рын Пушкин мен Есенин­нің тіліне епсекті етіп қанықтырады. Сонан соң ұзамай Арал аудан­дық партия комитетіне нұсқаушы қызметіне орна­ласады.

   Уақыт жайлап өте бе­реді. Аупарткомның құл­қын сәріден басталып, қас қарайғанша бітпейтін қағазбасты жұмысы май­дан­гер азаматты ширықты­рады. Көп ұзамай Қосжар­ды қолайлайды. Қосжар балық питомнигінің дирек­торы қызметінде жүріп еңбектен қол үзбей Мәскеу балық шаруашылығы инс­титуын тәмәмдайды.

   Тәжірибесі мен білімін тоғыстыра білген Өтеміс­тің маңайына сол кездегі Аралдың "Сен тұр, мен атайын" дейтіндей өңшең өресі биік азаматтары топ­тасады. Олардың арасынан кең байтақ елімізге кеңінен белгілі болған  бұрынғы республикалық балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржанов, балық колхоздарының төрағалары Дәуқара Айма­ғамбетов, Әбдіғани Жүсі­пов, Берекет Омаров, Жарыл­қасын Әлжанов, Арал аудандық партия комитетінің хатшысы Қозтай Әбуов сияқты бі­лімді, салиқалы азаматтар­дың өсіп шыққаны аян.

    Ол бұл өңірдің өнер­кәсібі өркендеп өндірісі өрге қадам басқан кезеңі еді. Ұлы теңізбен аудан көлеміндегі ондаған көл­дерді балықтандыру үшін Қосжар балық өсіру пи­том­нигінің қазығы сол бір тұста қағылған болатын. Оның басталуы қазір айтуға ғана оңай. Әйтпесе Өтекең осынау игілікті іс үшін қаншама табалды­рықты тоздырды. Баспаған тауы, қақпаған есігі қалма­ған. Әйтеуір, осы күні шаруасы шалқып жатқан тоғанды о кездері ашу, оған мемлекет тарапынан қар­жы бөлдіру қиямет қайым­ның өзі еді. Сол отты өткел­дерден бұрынғы майдан­гер, кешегі бейбіт күннің батыры сүрінбей өтіп, "Қосжар" атты екі жар қабақтың ортасынан балық өсіру питомнигін аштыр­ды. Кеңсе, гараж, клуб, медпункт, сегізжылдық мектеп салдырды. Әуелі питомниктің жұмысшы-қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері үшін он бес-жиырма үй тұрғызды. Радио, электр желілерін жүргізуге қол жеткізді.

   О кездері Қосжар жалғыз көшелі, он бес үйлі кішкентай ауыл болса, қазір округтік әкімшілік орталығы, ұбап-шұбаған үш көшелі үлкен ауыл. Орта мектеп, мәдениет үйі, мыңдаған кітап қоры бар кітапханасы, фельдшерлік-акушерлік пункт ғимарат­тары алыстан көз тартады.

   Бір кездері Өтеміс Ибрайымов басқарған питомник балық өсіру­шілері шабақты уылды­рық­тан қолдап шайқап өсірсе, қазір мұндағының бәрі дамыған. Лабора­ториялық зерттеулер, уыл­дырық шайқау, оны жас мөлшеріне қарай айыру, т.б жұмыстар түгелдей автоматтандырылғанын екінің бірі біледі.

   Бұл жөнінде қырық жылдан астам Қосжар балық өсіру питомнигінің бұрынғы аға балық өсіру­шісі, бүгінгі зейнеткер Шарап Байбосынов былай дейді:

   - Өтеміс ағамыз білім­ді, парасатты басшы болған еді. Осы ауылдағы аға буын өкілдері о кісінің питомник үшін, тұрғындар үшін жасаған еңбегін жақ­сы біледі. Мен о кезде жас болдым. Қайда жұмсаса сонда сөз айтқызбай тарта беретінбіз. О кісі жұмыс­шыға талап та қоя білетін, сенім де арта білетін, керек кезінде жастарды қолдап, қорғап отыратын...

   Шарап ағамыз Ө.Ибра­йы­мовтың балық өсірудің нағыз шебері екенін де тілге тиек етті. Жоқтан бар жасауға тура келген кез­дері де аз болмағанын, өзінің отбасынан бұрын питомник жұмысшы­лары­ның жағдайына алаңдай­тынын, сол мақсатта өмір сүрген жан екенін жеткізді.

  Өтекеңнің сол кездегі аудан басшыларымен ынты­мақтаса қызмет ат­қар­ғанының жемісі болар, осылайша көгілдір Қамбаш көлінің жағала­уын­дағы Қосжар елді мекені бас-аяғы бірер жылдың көле­мінде көркейіп, көріктеніп шыға келген. Өткен ғасыр­дың алпысыншы жылда­рының аяқ шенінде ауыл келбеті өңірдегі көп ауыл­дардың көш басында болуы питомник дирек­торы, жергілікті кеңес­тердің бірнеше шақыры­лы­мында үздіксіз депутат болған Өтеміс Ибрайы­мовтың өрелі іскерлігінің жемісі еді.

   Арал теңізі мен ондағы көлдерді балықтандыруда, елдің сол кездегі эконо­микасын көтеруде іргелі істер атқарған азаматтың жарқын бейнесі жұрт жадында. Артында өмірдің ащы-тұщы біраз кезеңін бірге өткізген қосағы Әнипа апайды әлпештеп бағып, жақсыдан қалған тұяқтай Сәбиті (Әлжаны) Гүлсарасымен, Бақыт­жаны Айымторысымен (Әлім атты екінші ұлы ертерек қайтыс болған), Амангелдісі Зәмзәгүлімен, Айгүлі Оңталабымен, Жалғасы Жанатымен, Теміршісі Зәурешімен, Бақытгүлі Үсенханымен тату-тәтті өмір кешуде. Олардан өрбіген ұрпақта­рының өзі бір-бір ауыл. "Отан - отбасыдан баста­лады" деген осы да.

   Адам өмірі қуанышпен басталып, қайғымен аяқта­латыны аян. 1970 жылдың 5 қарашасында Қосжар балық өсіру питомнигінің негізін қалаған, осы шаруа­шылықтың өрге басуына, ауылдың көркейіп, көрік­тенуіне лайықты үлес қос­қан, басшылық жасаған алғыр ойлы, жалын жүректі ақиық азамат Өтеміс Ибрайымов бар болғаны 47 жасында қайтпас сапар­ға аттанды. Жарқ етіп сөн­ген жарық жұлдыз сияқты.

   Айтпақшы, Қызылорда қаласының тұрғыны, ардагер ұстаз Тағыберген Өтепов ағамыз былайша еске алады.

  Өтеміс ағамыз балық қорғау инспекторы болып жүрген тұсында қолына ауылдас туысы, ұлағатты ұстаз Әлимұрат Нұреке­шовтің қорғалымдағы суға салған ауы түсіпті. Өтекең бермейді. Әлекең болса ертелі-кеш "ауымды қайта­рып бер" деп айта беретін көрінеді. Сонда осы оқи­ғаға куә болған ақын Зейнолла Шүкіров:

   "Әлекең айтып отыр "ариясын",

    Өтекең бермейді ауды, не қыласың" деген екен.

  ... Биылғы жазда балық­шылардың республикалық слеті бір кездері Өтеміс көкеміз тұнығына шомы­лып, толқынымен алысқан, еңбек еткен Қамыстыбас көлінің жағасында дүр­кіреп өткен. Сонда облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев өткен ғасырдың алпысын­шы жылдары Ө.Ибрайымов негізін қалаған Қосжар питом­нигінде өсірген кішкентай қаяз тұқымдарын сырға салып көлге жіберу рәсі­міне қатысты. Кім білсін, бірер жылдан соң Елбасы­мыз Н.Назарбаев­тың тіке­лей қамқорлығымен жүзе­ге асырылған, Арал балық­шыларының үкілі үмітіне айналған Кіші Арал айды­нында әлгі қаяз балықтары көпшілік көзайымына айналар. Лайым, солай болғай!

  Т.АБЫЛАЕВ

 

 

Оқылды: 250 рет Соңғы рет өзгертілді: Жұма, 14 Шілде 2017 12:46

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C