Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Шілде 2017 13:21

Көше мәдениеті көңіліңнен шыға ма?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   "Әр елдің салты басқа" демекші, өркениетке ерте жеткен, дамыған, өркендеген халқы құмырсқадай құжы­наған мұхиттың аржағындағы АҚШ, бержағын­дағы Батыс, Шығыс Еуропа елдері тіпті өзімізбен бір құрлықта күн кешкен Орта Азия қалаларында көше мәдениеті қаншалықты көңілден шығады?

    Басқасын айтпағанда, 200 жылдық тарихы бар өзіміздің суын ішіп, ауасын жұтып жүрген Қызылорда қаласында адами мәдениетіміз, әлеуметтік ахуалымыз ХХІ ғасырда қай дәрежеге жетті? Қаладағы үлкен-кішінің бір-бірімен амандасуы, көше көліктерінде бір-біріне ілтипат көрсетуі сенің көңіліңнен шыға ма? Қазір туған қаламыз жыл санап өсіп-өркендеп, керегесін кеңге салып келеді. Енді аз ғана жылда асау Сыр өзенінің аржағында жаңа қала - "Ақмешіт-сити" бой көтеріп, жаңа ғасырдағы жаңалығымыз болмақ.

 Бүгінгі таңда қалада 400-ден астам көшелер мен даңғылдар бар. Ең бастысы, бала туу көрсеткіші соңғы жылдары бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлде­қайда жоғары. Қала халқының саны шамамен 300 мың­ды еңсеріп барады. Бұл әрине, дамудың көрсеткіші. Тәуелсіздіктің нәтижесінде әлі де көбейіп, басымызға бас қосыла бермек. Айтайын дегенім, біздегі көше мәдениетіне, кісілік мәдениетімізге көңіліміз тола ма?

   Алдымен адамгершілік ахуалымыз, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету жайын аз-кем сөз етсек. Көзіміз күнделікті көріп жүр. Көше көліктеріндегі орындықтарда сіресіп отырған кейбір жастар түрегеп тұрған үлкен кісілерді көрсе де көрмегенсиді. Екі құлағын тығындап, телефондарын шұқылап көзін жұмып отыра береді. Біздің ұлтымызда бұрын-соңды мұндай оғаш қылық бар ма еді? Мүлде жоқ еді ғой. Тәрбиесіз білім білім болмайды деген осы шығар. Кейбір көшелердегі үйлердің жа­нындағы қоқыс салатын жәшіктердің айналасы ұшқан қа­ғаз, пакет, сынған, шашылған шөлмектерге толы. "Қы­зылорда тазалығы" ЖШС-ның жұмысшылары ер­телі-кеш, күнбе-күн тазалап-ақ кетеді. Алайда, тұр­ғындарымыздың ішкі мәдениетінің мәз еместігі қол­дарындағы қоқыс салынған дорбаларын қалай болса солай лақтыра салатындарынан байқауға болады. Қыс­қасы, қаламыздағы көше мәдениетіне көңіліміз қашан толар екен? Мәдениетке бет бұру - өз қолымызда.

Т.НҰРЖАН-БАЛТА

 

 

Оқылды: 256 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Балық өсірудің білгірі еді Аралда кеме жүздірген... »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C