Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Жұма, 21 Шілде 2017 13:32

Аралда кеме жүздірген...

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   Бірде Аралға қарай жол жүріп бара жатып купелес екі адамның әңгімесіне еріксіз құ­лақ түруіме тура келді. Ша­масы әңгіменің қиюын келіс­тіріп әрлеп, алма-кезек сөз тізгінін емін-еркін қағыс­ты­рып отырған екеуі де өзім сияқ­ты ұлы теңіздің жаға­сын­да туып-өскен адамдар болуы керек. Кейде сөзге кезек бер­мей құрқылтайдың ұясындай қупе түгіл, вагонды бастарына көтеріп кетеді. Біздің Арал жақта мұндайда "немене ба­лық бөлісіп жатсыңдар ма?" дейтін еді.

Сәл жасы үлкендеуі енді кі­шісін сөзден тұқыртпақ боп тарихқа жүгінуге кірісті.

   - Сен өзі сөзге тоқтамай­тын бала екенсің. Мынаны айт­шы, осы Аралға алғаш кеме түсірген, сонымен теңіздің бұған дейін адамзатқа мүлде беймәлім қойнау-қолтығын, адам ізі түспеген аралшықта­рын картаға сызып, жағрафия­лық жай-жапсарын, судың дең­гейін, ағысының жылдам­ды­­ғын зерттеген алғашқы адам кім?

   - Неге білмеймін, Арал теңізіне алғаш кеме түсіріп, со­нымен жүзген, патшалық Ресей жағрафиялық қоғамы­ның мүшесі, контрадмирал Нико­лай Бутаков. Ол Райым­да екі бірдей шхунаны құрас­ты­рып, теңізге салған. Сұра­пыл дауылдарда асау теңіз тол­қындарынан қаймықпаған ержүрек адам.

   - Бәрекелді, ал, өзіміздің қазақтан шыққан соңғы кеме жөндеу зауытының жоғары бі­лімді директорын білесің бе?

  - Айналып кетейін-ау, оның атына аядай аралдықтар түгіл, теңізбен тел өскен Одес­са, Қара теңіз кеме құрасты­ру­шылары түгел қанық Қайрулла Абылаев ағамыз,- дегені бар емес пе?

  Иә, Қайрулла Шалғын­бай­ұлының есімі Аралдағы ең­бектеген баладан еңкейген қартқа дейін етене таныс. Қа­рапайымдылығына қарап тұрып қызығасың. Білімі те­ңіз­дей терең. Көкірегін күм­бір­леген күй сандық дерсің. Қазақ ақындарынан Қадыр Мырза-әліні қалап оқиды. Орыстардан Сергей Есенин, Александр Пушкин өлеңдері табиғатына жақын. Ағыл­шын­ның Байронына да бүйрегін бұрады. Жастайынан азанғы дене жаттығуларын аттап өт­пейді. Ол үшін салауатты өмір сүру бұлжымас заң.

  Бұл бүгінде 80 жастың төрі­не шығып, төңірегіне баяғы­ның абыздарынша асқақтай көз жүгіртіп отырған Қайрул­ла ақсақалдың біз білетін бір қыры ғана. Аралда ол бас сұқ­паған кітапхана, ол оқымаған әдеби, техникалық, тарихи, жағ­рафиялық кітаптар жоқ­тың қасы. Арманы асыл, жіге­рі алмас жас жігіттей жарқыл­даған ағамыздың өткен өмір жолдарын еске алып, соны аң­сап әңгіме өзегіне айналды­ра­ды. Сондайда Қайрекеңнің бас­тан кешкен жадау-жүдеу ба­лалық шағы, әке соңына іле­сіп колхоздың отар-отар қой­ла­рын қырқымға, мал төлде­ту­ге немесе күзгі қара суықта бүр­сеңдеп қыстауға айдап бара жат­қан балалықтың ашқұрсақ күндері ойға еріксіз оралады.

   Қайрулла аға қойшының отбасында дүниеге келген. Қой­лы ауылда оң мен солын та­нығанша жүре берер ме еді, қайтер еді? Егер молда әкесі Шалғынбай ата арқасынан қа­ғып қойдың соңына емес, бі­лімнің соқпағына сілтемесе. Кеңес үкіметінің діндар адам ретінде түртпегін көп көрген әкесі балаларының бәрін оқы­тып, тоқытты. Жоғары білім алу­ына жағдай жасады. Тұла бойы тұңғышы орта мектепті алтын медальмен тәмамдады. Анасы Қасеннің көзіне қуа­ныш­тан жас үйірілді.

  Адам жастық шақта арман­шыл болады. Албырт жүрек алып ұшып кеудені бұзып шы­ғардай бұлқынады. Бір кездегі алыс түкпірдегі қойшының ба­ласы Алматыны былай қойып, Ленинград қаласына тура тарт­ты. Мектепте мерейін тасыт­қан алтын медалы абыройын ас­қақтатты. Ленинград қала­сын­дағы бүкілодақтық М.Ка­ли­нин атындағы жо­ғары дә­ре­желі политехни­калық инсти­тут­тың инженер-механик фа­куль­тетіне емтихансыз қабыл­данып, қасқа бас орыс оқы­ту­шыларын еріксіз ойландырды. Ау, Азияның түкпіріндегі айда­ладағы сауатсыз қойшының қара баласы анау-мынау емес, іштен жану двигатель маман­ды­ғын жүрегімен қалап емти­хан­сыз оқуға түсіп, елдің жаға­сын ұстатқанын қарашы.

   Нева өзенінің жағасындағы бас қалада тарихи орындар көп-ақ. Соның бірі қаңтарулы тұр­ған әйгілі "Аврора" крей­сері. Маңайында қара-құра көп. Ылғи осы. Сабақтан бос уақытында Қайрулла студент осында келеді. Арал теңізінде жүзіп жүрген "Коммуна" кеме­сін аралдықтар "біздің Авро­ра­мыз" деп жер-көкке сиғыз­бау­шы еді. Оған қарағанда мынау төбешіктің жанындағы таудай екен. Палубадағы ескі зеңбі­ректері от шашатындай еріксіз үрейлендіреді. Онан басқа қаладағы патша сарайы, Сенат сарайы, басқа да үлкенді-кі­шілі ескерткіштер ежелгі орыс тарихынан сыр тартқан­дай.

   1961 жылы аталмыш оқу ор­нын үздік тәмәмдаған Қайрул­ла Шалғынбайұлына Қазақ ССР Ғылым академиясының адамдары "құда түсе" келеді. "Ал­матыға кел, академияға қызметке қабылдаймыз" десе де Қайрекең қайырылмады. Институттың жолдамасымен Қарағанды облысындағы Семіз­­бұғылы кенішіне тартып тұрған. Кеншілер қаласы Қара­ғандыдан 200 шақырым жерде­гі бұл кеніштен руданы қоры­татын материал алынатын.

   Сол жылдың мамыр айы­нан бастап әуелі кеніште тәжі­рибеден өтуші механик болып еңбек жолын бастаған Қайре­кең көп ұзамай Қарағанды қа­ла­сындағы автомобиль транс­порты басқармасының бас ин­женері Г.В.Воробьевке кезде­сіп, оның ақыл-кеңесімен за­уытқа мамандығы бойынша ше­бер болып жұмысқа орнала­сады. Бастапқыда бензинмен жанатын двигатель жөндейтін зауыт дизельді двигательге енді ғана кірісіп жатқан екен бұл кел­генде. Осы зауытта екі жыл қызмет атқарып, кейі­нірек бас механик қызметін 1965 жыл­дың қыркүйегіне дейін абы­рой­лы атқарған ағамызды ту­ған жері Аралдың түтіні тарт­ты да тұрды. Әйгілі қаламгер Сәбит Мұқановтың:

   Туған жер, сенде туып, сенен ұштық,

    Дүниеде не бар екен сенен ыстық,- деген жыр шумағы ерік­сіз ел жаққа атбасын бұрғызды.

   1909 жылы ағайынды іскер Лапиндер алғаш кеме жөндеу шеберханасы ретінде ашқан бұл кәсіпорын келе-келе за­уыт болып керегесін кеңейт­ті. Атағы Баку, Одесса, Севас­то­поль, Чаржау сияқты теңіздер­ді тел емген қалалардан асып, бүкілодақтық сипатқа ие болғанын аға буын өкілдері жақсы білсе керек. Бұл зауытта Қайрулла Шалғынбайұлының өмірінің ең бір қызықты кезе­ңі өтті. Ол осы зауытта отыз бес жыл үзіліссіз еңбек етті. Оның ішінде жартылай авто­мат­ты дәнекерлеу цехында шебер, жаңа техникалардың инженері, прораб-құрылыс­шы, цех басшысы, бас инже­нер сияқты қыруар қызмет өткелегінен қара нардай қа­йыспай өткенін кім білмес.

  Жаңашыл Қайрекеңнің өнертапқыш екенін теңіз жаға­лауындағылар жақсы біледі. Жаңалыққа жаны құмар. Бұл саладағы авторлық табыстары әлденеше куәлікпен бірге бүкіл­одақтық халық шаруа­шы­лығы көрмесінің күміс медаль­дарымен атап өтілгенін, оқта-текте ойға түсіреді.

   1979 жылдан 1996 жылға дейін зауыт директоры қызме­тін абыройлы атқарған Қайре­кең­нің осынау он жеті жыл ішінде бұл саладағы жетістік­те­рі, табыстары аудан акти­ві­нің көз алдында. 1996 жылы құр­метті демалысқа біржола бет бұрған Қайрекеңді арада 3-4 жыл өткенде зауыт директо­ры­ның кеңесшілігіне шақы­ра­ды. Әншейінде тыным тап­пай­­тын аға бұл жолы қуана келісті.

     Қоғамдық қордың көп жыл құрылтайшысы әрі басшысы болып қыруар қызмет атқар­ды. Талай жыл аудандық ке­ңес­тің депутаты, аупарт­ком­ның мүшесі, партконфе­рен­ция­лардың делегаты болып сайланған ағамыздың артында қаншама ізгілік іздері сайрап жатыр. Соның бірегейі кеме жөндеу зауытындағы тыным­сыз жылдары. Одақтың тұс-тұ­сынан келген кемеге қажетті құрал-жабдықтарды құрас­ты­рып, онан кеме жасап айдынға шығару аса абыройлы іс бо­латын. Қайрекең ұжымдас­та­ры­мен бірге сол биіктен кезін­де көріне білген басшы. Кеме жөндеу зауытының іргесіндегі қойнау суына түсірген кеме сәлден соң айдында жүзген аққудай гудогын гуілдетіп ұлы теңізге беттейтін, сол кездері зауыт директоры Қайрулла Шалғынбайұлы Абылаевтың жүрегі атқақтай соғушы еді. Өздері құрастырған кеме енді тіршілік толқынымен ұлы өмір айдынына бағыт алса, үміт пен күдік қатар арпалы­сып, қашан көзден ұзағанша қа­рап тұратын.

     Қайрекең зауыт басқарған он жеті жыл ішінде қаншама кеме құрастырылып, Арал те­ңі­зіне түсірілмеді десеңші. Бұған Өтемұрат Досжанов, Шыман Ердіхалықов, Талап Шал­манов, кеме құрастыру­шы­лар бригадирі, аупарт­ком­ның бюро мүшесі Сағидулла Таласбаев, Қайыпназар, Марат Сексенбаев, Нұрлан Әлібаев, Бөрі Сәңкібаев, Жұбатқан Бай­назаров, Қосаналы Талас­баев, Қожағұл Әбішев, Нұр­ғожа Қашақбаев, Төлеген Әби­буллаев және басқалары Қай­ре­кеңмен кеме жөндеу зау­ы­тында ұйымшылдықпен еңбек еткен елге танымал жандар. Бұ­лардың арасынан депо бас­шысы, зауыт, фабрика дирек­торлары аз шыққан жоқ.

    Жоғарыда Қ.Абылаев жаңа­шыл, өнертапқыш басшы бол­ған адам дедік қой. Бір кездері Қарағандының мотор жөндеу зауытында алған тәжірибесі кейін өмірлік азығына айнал­ды. "Аралдың Аврорасы" атан­ған "Коммуна" теплоходының валын жаңаша іске қосуда әлгі тәжірибесі жүзеге асқанын бұрынғы құрастырушылар әлі күнге тамсана айтады.

  1985 жылы көтеру транс­пор­ты атанып, бір кездері Орта Азия пароходствосына қараған бұл зауыт бұдан былай Мәскеу жаққа қарай мойнын созды. 1992 жылы аралдықтар әр кезде кеме жөндеу, кеме құрас­тыру зауыты атандырып ала­қан­дарына салған іргелі меке­ме вагон жөндейтін зауыт дә­режесіне түсті. Бұл Кеңес ода­ғы ыдырап, тәуелсіз қазақ елі өз азаттығын жариялаған жыл­дармен тұспа-тұс кезең бола­тын. Сөйтіп, 1996-2000 жыл­дары Батыс Қазақстан темір­жол басқармасына вагон жөн­деу шеберханасы болып бағын­ған ол нағыз "шөре-шөренің" күйін кешкен.

   Қайрекеңнің үйде жатып бұрынғы үлкенді-кішілі ұжым­дас­тарының басындағы жағ­дайды ойлап қабырғасы қатты қайысты. Енді қайтсін. Бір нанды бөліп жеген, жұмыс десе жанып тұратын жайсаң жігіт­тердің жүні жығылып қалды-ау деп ой теңізіне шомады ерте-кеш. Сөйтіп жүргенде Аралға сол кездегі Қазақстан Респуб­ли­касының Транспорт ми­нист­рі Нығметжан Есенғарин атбасын тіреді. Министр ға­сыр­дан астам тарихы бар за­уыт­тың тағдырына ұжым мү­ше­лерімен сөйлесе келе шы­нымен алаңдады. Өйткені, ке­ме жөндеу, құрастыру зауыты атанып, 100 жыл ішінде өскен-өнген мекеме енді бірде көтеру транспорты, ролл трейлер, ен­ді міне вагон жөндеу шебер­ха­на­сы болды да. Қазір зауыт қаң­қасын қара құлып күзетіп тұр.

   Айтайын дегеніміз Қ.Абы­лаев басқарған жылдары кеме құрастыру зауытының атағы бүкілодақтық дәрежеде дүбір­леді. Болат жол арқылы кең байтақ Кеңестер одағының тұс-тұсынан келген кеме бөлшек­тері осы Аралдағы кеме құрас­тыру зауытында құрасты­ры­лып, теңізге дайын қанша кеме түсірілді десеңші.

  Зауыт мамандары сексенін­ші жылдары Ресей мен Украи­надағы Ильичевск, Одесса, Киев, Мәскеу маңайындағы жерлерге аттанып, қатты ма­шық­танды. Соның нәтиже­сінде баға жетпес тәжірибе жинақталды. Ол жылдары зауыт тек қана өз жоспарын орындап, өз өнімдерімен өзге­шеленген жоқ. Аудан шаруа­шылықтарына, балабақша­ларға, денсаулық мекеме­леріне талай рет қолдау көрсетілді. Шефтік көмекке алды.

   Өткен ғасырдың жиырма бірінші жылы Лениннің тап­сыр­масы бойынша зауытқа жөнелтілген токарьлық және фрезерлік станоктардың қазір мекеме ауласында тек қана алғашқысы көненің көзіндей болып ескі тұғырдың үстінде тұр. Маңайына адам ізі түс­пегелі қаншама жыл өтті. Темір тозады, өмір озады. Тек қана адамдардың ел-жұрты үшін жасаған игілікті істерін, ізгілікті іздерін уақыт та өшіре алмайды екен.

   Бір заманда мектебі жоқ медиен далада ақтылы қой өргізген қойшының баласы қайда оқымады десеңші. Чкалов колхозынан басталған білім сапары Шижағаның аржағындағы Дөңгелек сорда, Тәуіпте, Сексеуіл теміржол стансасында жалғасып, ақы­рында орта білім туралы аттес­татты сонау Қостанай­дағы іргетасын 1882 жылы қазақ халқының тұңғыш педа­гогы Ыбырай Алтынсарин қалаған мектеп-интернаттан алуына тура келген. Ауыл баласы осы білім ұясын алтын медальмен бітіргенде жинал­ған бүкіл қауым бас шайқа­ғаны есте.

   Қазақ білімінің қара ша­ңырағы іспеттес осынау тари­хи мектепті бірге тәмамдаған сыныптас достары Қайназар, ұлттық қауіпсіздік комитеті­нің полковниктері Ғалихан, Ершат, техника ғылымдары­ның докторы, профессор Көбеген Досымов, Жоғары Сот­тың мүшесі болған Жәми­ла Байжанқызы, "Байқоңыр" ғарыш айлағында жауапты қызмет атқарған, Ленинг­радта бірге оқыған полковник Мұхит әлі күнге хабарласып, хал-жағдай білісіп тұрады.

   Бір кездері айдынды Арал­дың ақжал толқыны ойнақ­таған айдында ақ кемелер құрастырып, аққудай жүздір­ген Қайрулла Абылаев жасы сексенге келсе де, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. Өмірлік қосағы Алтын Әлімжанқызы екеуінің тұр­мыс құрғандарына ағым­дағы жылы тура жарты ғасыр. Кеме жөндеу зауытында өзімен қол ұстасып ұзақ жылдар бірге еңбек еткен. Жеті баласының бәрі жоғары білімді. Тәуелсіз еліміздің тұс-тұсында, халқы­мыздың игілігі жолында тер төгуде. Бір қызығы, төрт бір­дей перзенті әке жолын қуған жоғары білімді инженерлер. Немере, шөберелердің өзі бір ауыл.

  Жоғарыда атап өткені­міздей, Қайрулла Абылаев талай мақтау-мадақтан кенде емес. Соның ішінде ол "Еңбек ардагері", "Астанаға 10 жыл", "Конституцияға 10 жыл" ме­даль­дарымен қоса "Қазақстан Республикасы транспортына еңбек сіңірген қызметкер" "КСРО теңіз флотының құр­метті қызметкері" атақтарын тонның ішкі бауындай жақын тұтады. Өйткені, соңғы қос атағының өн бойында өткен еңбек жолдары сайрап жатыр. Сағынышқа толы еңбек жолдары ол.

Толыбай АБЫЛАЕВ

Оқылды: 333 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C