Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 06:22

«Жамбы ату», «Теңге алу», «Есімде» есіңізде ме?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)

       Ойын - ойды жетілдіріп, жоспар құра білуге үйрететін ақысыз қызмет. Әрине, құмар ойынның жөні бір басқа. Қазақ халқының тектілігі әрі кез келген іске ептілігі ұлттық ойынның үдесінен бой көрсеткен. Жастар "рухани жаңғырушымыз" деп қаншама мақтанғанымен, ұлттық спорттың қалай ойналатынынан бейхабар болып жатады. Ойын жайлы ойда жоқта сұрақ қоя қалсақ ойын онға, санасын сан саққа жүгіртсе де, абдырап қалады. Бұлай болатын себебі мектептегі ұлттық спортқа бөлінген сабақ сағаттары тым аз. Мұғалімдердің өздері осылай уәж айтады. Ендеше аты мәлім болғанымен қалай ойналатынына халық әлі толық қанық болмай жүрген бірнеше ұлттық ойындарға тоқталып өтейік.

   Ердің сенімді серігі - сәйгүлігі және иығына асқан садағы. Қорамсаққа қол салған, бір сал­ғанда мол салған бабала­рымыз­дың мергендігі тіршілік үшін қалыпты жағдай секілді болған. Аңшылықта көздегеніне дөп тигізіп, жау-шылықта дұш­панын осы садақ қаруы арқылы жайра­тып салған. Бүгінде бұл спорт­тың бір түріне еніп, ұлттық ойын­дар сапынан орын алған. Бұрынғының батырлары соғысқа жаттығарда жамбы атып, мер­гендіктерін сынасатын, сол атау жаңа заманда атауын жаңғыртты. Жылқының жүйрігінің үстіне мініп алып, тұлпар тебініп, жүйт­кіп бара жатқанда нысанаға жебе­сін дәл тигізуі шарт. Иә, осылай ойнауды "Жамбы ату" спорты дейді.

   Жетпіс жыл бойы жібі түзу бір де бір сайысы өтпеген бұл спорт түрін Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауым­дас­тығы қайта қолға алған.

   Бүгінде жамбы атудың бір­неше түрлері айтылып та, ой­на­лып та жүр. Солардың ішінде ең көп тараған түрі тай-тұяқ (көлемі тай тұяғындай) жамбыны ату. Мұнда жамбы ату жарысы көлемі 300 метрге дейін келетін жазық алаңда өтеді. Мәреден 100 метр қашықтыққа орналасқан биіктігі 3-4 метр келетін бағанаға көлемі тайдың тұяғындай жамбы орна­лас­тырылады. Жам­быны спорт­шы ат үстінде шауып келе жатып көздейді. Егер атының басын тежеп көздесе, ұпай есептел­мейді. Жарысқа қаты­сушы ша­бандоздар жеребеде алған кезе­гі­мен, төрешінің "Алға!" деп нұс­қаған бұйрығы бойынша, арнайы жасалған жолмен шаба жөнеледі. Шауып келе жатып сол қапта­лын­дағы жамбының тұсынан өте бере садақпен нысананы атады. Оғының дарып-дарымағанына қарамай, сол шапқан бойы мәре сызығынан өтеді. Нысана бекі­тілген діңгектен құлап түссе, оқ тиген болып есептеліп, спортшыға ұпай жазылады. Нысана мен тұлпар шабатын аймақтағы сызықтың арасы 35-45 метр шамасында бо­лады. Ойынға сақадай сай мер­гендерге садақ ату үшін неше мәрте кезек берілетіні алдын ала келісім бойынша анықталады.

   Жамбы атудың басқа: айқабақ, мылтықпен ату түрлері немесе қа­тар-қатар қойылған бірнеше ны­сананы ату түрінде де кездеседі. Бүгінгі таңда жамбы ату жарысы құзырлы органдардың арнайы бекіткен ережесі бойынша ғана өткізіледі. Ал, ауылдық аймақтар мен малшы елді мекендерде ежелгі ойын дәстүрі әлі де сақталып қалған болуы мүмкін. 

  Елдіктің нышанындай ұлттық ойындар қайта тіріліп, жанданып келеді. Осы жерден ойымызды бір түйіндеп, келесі ұлттық спорттың жайына тоқталайық.

  Бүгінде ұлттық спорттардың ішінде шоқтығы биік болып қалыптасып келе жатқан ойын түрі - теңге ілу. Тарихы тереңде жатқан ойын заман талабына сай икем­делген. Теңге ілу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Шабандоз желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желі­сін баяулатпастан төменге тез иі­ліп, сол және оң жағынан орамал­мен оралған теңгені көте­ріп, артқа қарай лақтырып отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Тең­гені көп ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу ала­ңының ұзын­дығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны 5-еу. Теңгелердің ара қашық­тығы 10 метрден. Жарысқа бекітіл­ген ережеге сай спорт­шының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылатын болады.

   Теңге ілу ойыны туралы аңыздар да ел аузында жиі айтылады. Соның бірі Қаңлы руында болған оқиға. Қаңлы сарбаздары жауын жеңіп той жасап жатқанда, ру көсемінің жиырмаға жаңа толған үрімдей қызы әкесіне тұрмыс құрғысы келетінін айтады. Және де өзінің өмірлік жарына қоятын талабында  жасырмайды.

   Көсемнің Қармыс деген ерке қызы шартын сол жиында жариялап, былай дейді. "Ер азаматтар араларыңыздан үш шарт бойынша жар таңдаймын. Бірінші омырауымдағы қалың күміс сөлкебайымның бірін үзіп алып, анау биік ағаштың бұтағына байлап қоямын. Маған жар болғысы келетін жігіт соны жетпіс қадам жерден ат үстінде тұрып, атып түсіруі керек. Екінші, мына омырауымда қалған жеті күміс сөлкебайды үзіп алып, жеті жібек орамалға орап, жеті жерге көміп қоямын. Маған жар болғысы келген жігіт соны тұлпарымен шауып бара жатып бір-бірден іліп, менің алақаныма әкеп салу керек. Үшінші, осы екі сыннан өткен жігітке өз қолыммен жалау байлаған жеті қада беремін. Соны жылқы үстінде шауып бара жатып, жеті жерге әрі түзу, әрі аралықтарын бірдей қылып шаншып беруі керек. Міне, осы шартымды қайсы жігіт мүлтіксіз орындаса, мен сол жігітке өмірлік жар боламын", - депті ару.

  Сан түрлі сарбаздар бұл сыннан сүрініп, көсем қызынан құр қала­ды. Әрең дегенде он мың жасақты басқаратын батыр өз ептілігімен қойылған талаптардың бәрін орындап, бойжеткенді қалыңдық қылған. Содан соң, сол елдің сұлу­лары тұрмысқа шыққысы келсе, сүйгендеріне осы шартты қою дәстүрге айналады. Кейін бұл үрдіс қалың қазаққа таралып, спорт түріне айналған көрінеді.

  Мен қозғағалы отырған үшінші ойынды әлемде қазақ ғана ой­найды. Бірақ, арнайы чемпио­наттар ұйым­дастырылып немесе дүбірлі дода өткізуді қажет етпейді де. Себебі той- томалақта немесе үлкен кездесулерде ойналады бұл ойын. Мұны кей жерде "Тобық", ал кей жерлерде "Есімде" деп атайды. Атаулары бөлек болғанымен ойналу ережесі бірдей. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жа­ңыл­мауға, ұмытшақтыққа жол бер­меу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мер­зі­мі қысқа болса, тобықты қол­ға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ бол­са, қалтаға салып жүруге де болады.

   Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. "Бұл екеуі кез келген уақытта жолыға қалса, бірін­ші ойыншы: "Есімде" деп әңгімесін бастайды.

   "Есімде!" демесе, ол ұтылады. Ал, екінші ойыншы тобықты көр­сетуге тиіс, егер тобықты көр­сете алмаса, онда екінші ойыншы ұты­ла­ды. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.

   Тобық ойыны өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақта­ған жақ оны бәс тігіскен кісіге көр­сетуі қажет. Ешқайсысы жаңыл­маса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырған­ша ойын тоқтал­майды.

  Қазақта салт-дәстүр де, соған лайықталған ойындар да жетіп артылды. "Жамбы ату", "Теңге ілу", "Есімде" сынды ойындар естері­ңіз­де жүрсін деп шолу жасап шық­тық. Ойын баласы ғана емес, ойлы азаматтар айналысатын қазақ ойындары - ұлттық спорт түрлері мәң­гілік ұлт жадынан ұмытыл­масын десек өткенімізді естен шығармаған абзал.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 226 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 11:26
Осы категориядағы басқа материалдар: « Аралда кеме жүздірген... Жүзінен шуақ төгілген жан »

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C