Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Бейсенбі, 28 Қыркүйек 2017 04:32

Жүзінен шуақ төгілген жан

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

    Жанар Кибекбаева Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тумасы. Кіш­кентайынан білімге құштар болған ол 1985 жылы Жаңақазалы поселкесіндегі В.М.Счастнов атындағы №16 орыс орта мектебінің (қазіргі №266 мектеп-лицей) табалдырығын аттап, мектепті орыс класы бойынша 1995 жылы бітірген. Орта білімді аяқтаған соң 1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетіне түсіп, аталған оқу орнынан 2000 жылы қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп шығады. Алғаш еңбек жолын 2000 жылы Қазалы ауданы, Майдакөл аулының №98 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастайды. Кейін 2006 жылы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицейіне (қазіргі Қазалы аграрлы- техникалық колледжі) орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметіне ауысты.

      Оқу процесінде оқытудың жаңа технологияларын әр кез пайдалана білген Жанар Өмірзаққызы түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иесі атанды. Облыстық "Үздік оқытушы-2008" байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Жыл сайын ашық сабақтар өткізіп, студенттермен шығармашылық жұмыстарын өткізіп отырды.

    Жанардың тағы бір үлкен жетістігі - ТжКББ оқу орындарының "Тамақтандыруды ұйымдастыру", Пісіру ісі", "Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану", "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану", "Ветеринария" мамандықтарының студенттеріне арналған "Кәсіби орыс тілінен практикалық тапсырмалар жинағы" әдістемелік құралы "Өрлеу" БАҰО АҚ Қызылорда филиалы Ғылыми Кеңесінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №5 шешімімен мақұлданып, облыстағы ТжКББ оқу орындарына таратуға ұсынылып, жарыққа шықты.

  Жанар - өзінің ұстаздық қызметінде көптеген табыстарға қол жеткізген жан. Оның ұстаздық тәжірибесі облыс көлемінде таратылып, мақалалары мен баяндамалары, ғылыми жобалары жергі­лікті және облыстық газет-журналдарында жиі жарияланып келеді. Еңбегі бағаланған Жанар 2015 жылы колледж директорының оқу жұмыстары жөнін­дегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бүгінгі таңда осы қызметті абыроймен атқарып келеді.

   Жанар - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін, жүзінен үнемі шуақ төгіліп тұратын ақкөңіл жан. Ол айналасындағы қызметтес әріптестеріне өзінің өнегелі үлгісін, жас мамандарға білгенін еш аянбай үйретіп, жол көрсетуден еш жалыққан емес. Оның осындай шынайы да мінсіз қызметі қай уақытта да лайықты бағасын алып жүр. Жанардың аудандық, облыстық оқу бөлімдерінен, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті әкім тарапынан әр жылдары алған мақтау және құрмет грамоталары өз алдына бір төбе.

      Міне, ұстаздық қызмет барысында үлкен абыройға ие болып жүрген Жанар отбасында аяулы ана, асыл жар, ибалы келін екеніне бір қауым ел куә.

        Мен Жанардың алар биік белестері алда екеніне сенемін.

 Жадыра Алмаева,

Қазалы аграрлы-техникалық колледжі

Оқылды: 556 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C