Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Руханият

Руханият (32)

Сәрсенбі, 14 Маусым 2017 03:59

Рәміздер ұлықталған күн

| Автор: 

   

    Қазақстанның ең құн­ды дүниелерінің қа­та­рында рәміздер көш бас­тап тұрары сөзсіз. Ширек ғасыр жасаған елдің туы, әнұраны, ел­таңбасы қа­лай құрмет­телсе де жара­сады. "Жиыр­ма бес" деп ән салған сазгерлеріміз де, бура күші бойында тұр­ған жиырма бестегі жігіт те бұл жасты жасам­паз кез деп есептейтіні рас. Ұлттың ұлы қазы­насы рәміздеріміз қазақ елі­нің бет бейнесі іспет­тес. Сондықтан заңмен де, армен де қорғалуға міндетті рәміздері­міз­дің күні қазақ даласын­да тойлануда.

    Биыл Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мем­ле­кеттік Рәміздеріне - 25 жыл. Исі қазақтың кеу­де­сін тік ұстап тұрып той­лайтын мереке бұл. Рес­публиканың түкпір-түк­пірінде шаралар өт­кізі­ліп, құттықтаулар жүріп жатты. Аталмыш мерек­е­ден қызылор­да­лықтар да қалыс қалған жоқ. Қызыл­орда қала­сы­­ның әкімдігі, облыс­тық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық "Жастар ресурс­­тық орталығы" КММ-нің ұйымдасты­р­уы­мен 2017 жылғы 4 мау­­сым күні Қазақстан Рес­публикасының Мем­ле­кеттік Рәміз­де­рінің 25 жыл­дығына орай үлкен деңгейде авто шеру өт­кізілді.

     Көк туды желбірет­кен жастар барлық кө­ліктің терезесінен биік көтеріп тұрды. Белсен­ділер көк тудың қашанда биікте желбіреп тұруын насихат қылған. Алын­ған әсер де керемет. Ақ кө­лік­тер де ақ тілектердің нышаны секіл­ді рәміз­дерді кіршіксіз күй­де Қызылорда қаласы­ның көшелерін аралауды бас­тап кетті.

     Шеру Рәміздер ала­ңы­нан 25 авто көлікпен бас­тау алып, Сұлтан Бей­ба­рыс көшесі арқылы Жібек жо­лы көшесімен жүріп өтті. Әрі қарай ав­то шеру­дің ізімен об­лыс­тық меди­ци­на орта­лығы алдынан жаяу жүр­гін­шілер шеруі бастау алып, автошерумен бірге Абай даңғылы мен А.Бай­тұрсынов көшесі арқылы Қызылорданың орталық ала­ңына келіп табан тіре­ді.

    Қазақстан Респуб­лика­сының Мемле­кеттік Рә­міз­де­рінің 25 жылды­ғына орай ұйымдасты­рылған шеру орталық алаңда 25 авто көлікпен «25» деген жазу жазып, бел­сенді жас­тар барша қазақ елін ме­ре­кесімен құтықтап, ақ-адал тілек­терін жет­кізді.

      Шеру қала тұрғын­да­рының көңілінен шық­ты. Көрініске куә болған Қор­қыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік уни­верситетінің студенті Рамазан Әнапия өз әсе­рімен бөлісті.

     - Барша қазақстан­дық­тарды ең әуелі мере­ке­лерімен құттықтай­мын. Бүгінгі шеру ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, бірыңғай ақ көліктер "жиырма бес" деп жазу жазып тұрғанда таң қал­май көріңіз. Және жоға­рыдан қарағанда көк ту мен елтаңбаның бейнесі отан­ға деген сүйіспен­ші­лігіңді оятады. Өз басым қолдай­мын, осындай ша­ралар легі тоқтамаса деген тіле­гім бар. Қазақс­тан­дық­­тардың қуанышы еш­қа­шан таусылмай, осы сын­­ды игі шаралар көбе­йе бер­гей. Біз тілек­ші­міз. Көк туды көкке кө­теріп тұрған жастар­дың еңбегі өз жемісін бере­ді деп ой­лаймын.

       Орталық алаңның көр­­­кі алып туды жайып ұстап тұрған жастардың бейнесімен есте қалар­лықтай болды. 25-рет келген мереке тәуелсіз­дікпен бірге жасап, қазақ елінің мерейін көтере бер­мек. Құндылығы құл­дырамайтын рәміздер же­ңісті күндерде желбі­реп, қазақтың даналы­ғын көр­сетіп жүретін болады. Туы­мыз тек көкте жел­біресін!

 Айдар САЙЛАУОВ

 

    

     Мемлекеттік тілдің шешілмеген мәселелері осыдан бірнеше жыл бұ­рын шаш етектен еді. Тіл­ге қатысты жобалардың сын­ға ұшыраған кездері де көп болды. Сөздік қоры әлемдегі ең үздік тіл­ге баланатын ұлттық құндылығымыз өз құнын сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама жасалу керек болды. Жасалды да. Көп­тіл­ділік көпті шатастырмас үшін де бірізділік біз­ге ауадай керек екенін уақыт көрсеткен. Осы кез­де "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" жасалды. Халық күт­кен заң сол мезетте қа­был­данбағанымен, бұл бағдарлама ұлтжандыларға бағдар бола білген. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзір­ленген-ді.

     Балғын балалық дәу­ренім Қазалы ауданы, Коммунизм колхозында өтті. Сол елді мекенде тай-құлындай тебісіп өс­кен, бірге ойнап, бірге оқы­ған қазір марқұм болып кеткен Қуандық Салимов, Орналы Мыр­за­баев, Сүлеймен Ома­ров достарымды жиі еске алып отырамын.

         Жақында бала күнгі жан жолдасым Қуандық Салимовтың інілері мен жақындары ауылдағы ата-ана, аға-қарын­дас­та­рының рухына арнап Қа­залы ауданында ас берген болатын. Оған мен де қа­тыс­тым. Әрине Қызыл­ор­дадан қанша шақы­рым жүріп, арнайы бар­ған­нан кейін, астан ауыз тиіп қайту үшін емес, өт­кен-кеткен балалық шақ­ты айтып, еске түсірген дұрыс болар еді. Бірақ денсаулығыма байла­нысты мен олай ете алма­дым. Себебі осыдан 13 жыл бұрын басыма ота жа­сатқанмын. Соның сал­дарынан жеткізгім кел­ген ойымды айтып бастаймын да, содан соң сөзімді табан астында ұмытып қаламын. Еске түсіріп ары қарай жалғап алып кету жоқ. Отадан кейін дауысым жай шы­ғатын болды. Оның үсті­не ауыр жолды көтере ал­май, Қазалыға жеткенде даусым мүлдем естілмей, сөз сөйлей алмай қайт­тым. Бірақ сол күннен бері о дүниелік болып кет­кен осы үш азамат ойым­нан шықпай қой­ды. Мұнан соң олар тура­лы естелікті баспасөзге жариялағанды жөн сана­дым.

Сейсенбі, 06 Маусым 2017 09:44

Қаламгерге құрмет

| Автор: 

         Арал ауданының Қа­рақұм ауылында туып- өскен Қази Соңғыбайұлы Данабаев мектеп қабыр­ғасында оқып жүргенде өлең, әңгіме жазумен шұ­ғылданды. Алғашқы туын­дылары Арал аудан­дық «Толқын», рес­пуб­ликалық "Қазақстан пио­нері", облыстық "Сыр бойы" газеттерінде жарық көрген жас автор кейін Қы­зылорда пединс­ти­тутының филология фа­культетінде оқып жүр­генде көпшілік қауымға таныла бастады.

         Сол кездері қазақ әдебиетінің көрнекті өкі­лі, "Қазақтың Ост­ровс­кийі" атанған Зейнолла Шүкіров жас Қазидың қаламгерлік қарымын байқап, облыстық газет бетінде бір топ өлеңдеріне сәт-сапар жариялайды. Талантты талант таниды деген осы да.

        Жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдаған Қази алғашқы еңбек жо­лын туған ауылындағы өзі оқыған №59 орта мек­тепте ұстаз болып бастап, шәкірттерге институтты бірге бітірген жас жұбайы Қуанышкүл екеуі қол ұстасып дәріс береді. Ке­йін екеуі Қызылорда қа­ласына қайта оралып, жұбайы мұғалім, өзі об­лыстық кәсіподақтар ко­митетінде, облыстық ра­диода, 1989 жылдан бас­тап өмірінің ақырына дейін "Сыр бойы" га­зетінде бөлім меңгеру­шісі, бас редактордың ке­ңес­шісі қызметтерін атқа­рады. Шырайлы шығар­ма­шылық қызметі үшін облыс әкімінің 2006 жыл­ғы стипендиаты, М.Шо­қай атындағы сыйлық­тың, "Жалын" баспасы дәстүрлі конкурсының екі мәрте жүлдегері ата­нады.

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 06:57

Жер тарихы – ел тарихы

| Автор: 

Туған жердің ескерткіштері

  1990 жылдары мен бірінші курсты бітірген кезде, ауылға фольклорлық практикаға келдім. Ол кезде ауылда тұратынбыз. Туған жерім - Жаңақорған ау­данындағы "Кеңес" ауылы. Ауылымыз таудың ете­гінде, қасиетті қарт Қаратаудың бойында орын тепкен.

   Бізге халық ауыз әдебиеті, елдің тарихы, үлкен кісілерден естіген әңгіме, шежірелер жайлы жазып ке­луді тапсырған болатын. Біздің ауылдың біраз та­рихымен, ауылдан шыққан атақты кісілердің өмірімен сол кезде таныстым. Сарғайған қағаздарда қанша тарих жатыр, кейінгі ұрпақ білсін деген ниетім де бар.

   Біздің өңірде тарихи орындар көп-ақ. Оларды көнекөз қариялар аңыз етіп айтып отырады. Қазақтың лиро-эпостық жырларын, дастандарын әр зерт­теу­ші өз естігендері бойынша жеткізген. Сол кезде көмек берген кісілер: әкем Әйбеш Басқожаев, ағам Есенғали Кенжеғұлов, ұстазым Қуан Пірмақов, ауыл қариялары Ұзақ Өтебеков, Исатай Топышев. Ол кісілерге алғысым шексіз. Сол кезде жинаған материалдарым бойынша ой бөліспекпін. 

   1.Арыстанбаб. "Арыстанқұлақ". 2.Бүркітші. 3.Шошқалы. 4.Тарсай. 5.Кітан ұшқан. 6.Күйкентай. 7.Мешіт. 8.Құндыз үңгір. 9.Құман үңгірі. 10.Тесік тас. 11.Олжабай кез. 12.Қатпар. 13.Сырлы тас. 14.На­уа тас. 15.Сары тышқан (Кенқорық). 16.Айғыр жал. 17.Дат. 18.Бес құдық. 19.Міртөбе.

   Қаратау қойнауындағы үңгірлер, тастар өзінің тарихы бойынша ел аузында қалып, көп жерлерге тараған.

 

Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017 10:57

Тас мүсіндер – тілсіз тарих

| Автор: 

    Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ел болып қалыптасу ке­зеңіне дейінгі жүріп өткен жол­да­рын ұмытпай оны ұлықтай білу өс­кендіктің белгісі. Халық­тың ке­шегісін келешегімен жалғас­ты­ра оты­­рып, дәуірлердегі дерек­тер­ді ке­­йінгі ұрпаққа дәріптеу де біз­дің міндетіміз. Егемендікке қол жет­кізген жылдардан беріге дейін ата-бабаларымыздың ерлік істерін ес­кі парақтардан ақтарып, ұрпағы­на аманаттап қалдырған мұрасын, оның құндылықтарын қайта жаң­ғыр­­­тып, қастерлеп келеміз. Осы орай­да телеарналардан көрсетіліп жат­қан тарихи фильмдер мен жуыр­­­да ғана көрермендер наза­ры­на ұсынылған "Қазақ хандығы" көп­­сериалы фильмі сөзімізге дә­лел болады. Алайда айт­­пағымыз бұл емес. Хас батыр­лар­дан біздер­ге мұра болып қалған кең байтақ же­­ріміз тәуелсіз еліміз ға­на емес, оның қойнауына жасыр­ған сыры көп тарихи таңбалары, құн­­ды жә­ді­герлері мен қазбалары және өт­кен күннің көзіндей болып қалған тілсіз куәгер тас мүсіндері бар.

    Тас мүсіндер - тастан жасалған адам бейнесі. Олар Қазақстан аумағында өмір сүрген адамдар­дың діни танымдық, салт-дәстүр­лерін көрсетеді. Бұл ұлы даладағы ұлы ескерткіштер болып табы­ла­ды және мұның құпия сырлары әлі күнге толық зерттеліп, ашыла қой­маған. Ал тарихқа көз салар бол­сақ, тас мүсіндерге табыну ғұрпы VII-XII ғасырлар аралығында Түр­кі және Қарлұқ қағанаттары­ның, Оғыз, Қыпшақ және Қара­ха­нид мемлекеттерінің құрамына кір­ген тегі түркі тілдес тайпалар­дың ара­сында таралған. Түркі дә­уі­рінен қал­ған тас мүсіндер қы­лыш, қан­жар сияқты әскери қару­мен, сусын ішетін сауытпен өрнек­телген. Мұндай тілсіз жәдігерлер Қазақ­стан аумағының барлық аймақ­та­рында бүгінгі күнге дейін сақ­тал­ған десек. Және Жамбыл об­лысы­ның маңындағы жазық да­лаларда да жиі кездеседі. Оның тари­хын ғы­лыми тұрғыда Әлкей Хай­дарұлы Марғұлан түбегейлі зерт­теген. Дегенмен оның Ұлытау тө­ңірегін­де көне тас мүсіндерге қатыс­ты жа­сыл­ған еңбегі қазақ тілінде бол­ған­дықтан көптеген ғалымдардың назарына ілікпей қалыпты. Ал, Ұлытау ескерткіш­тері қазақ жерін мекендеген тай­па­лардың рухани мәдениетін, тұр­мысын, салт-са­насын, өнер тари­хын көрсететін бірден-бір дерек болып табылады.

Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017 10:48

АЛАШ АРЫСТАРЫН АРДАҚТАДЫ

| Автор: 

 Қызылордада  Мұстафа Шоқай ескерткіші бой көтерді

    Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай биыл жер-жер­лерде Алаш қайраткерлерін ұлық­тауда, олардың еңбектерін ұрпақ жадында қалдыруда әр түрлі шаралар ұйымдасты­ры­луда. Солардың бастысы Қы­зыл­орда қаласында өтті. Осы күнге дейін Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған еңселі ес­керт­кіш орнату мәселесі күн тәртібінде тұрған-ды. Сәті осы күнмен орайласты. Жер-жер­лер­ден құрметті қонақтарды, қоғам қайраткерлері мен ғалымдарды жиған Қызылордада алты Алаш­тың әрі Түркі әлемінің ардақ­ты­сы Мұстафа Шоқайға арналған ес­керткіштің ашылу рәсімі сал­та­натты түрде өтті. Қызылорда об­лыстық Н.Бекежанов атын­да­ғы қазақ музыкалық-драма теат­ры­ның әртістері Рахымжан Отар­ба­ев­тың "Мұстафа Шоқай" спек­таклінен үзінді қойып, сол сәтте радиодан Түркістан жастарына арнаған Мұстафаның өз даусы естіліп, көпшіліктің бойын шы­мырлатып кетті. Іле-шала Қы­зыл­орда облысының әкімі Қырым­бек Көшербаев Қызылор­да тұрғындары мен қонақтарын ескерткіштің ашылуымен құт­тықтады:

    - Мұстафа Шоқай - кез келген ірі тарихи құбылыс секілді біржақты сипаттауға болмайтын, үйреншікті қалыпқа салуға кел­мейтін тұлға. Ол сол замандағы аса күрделі ғаламдық тарихи процесстің бел ортасында эпи­центрінде жүріп, Түркі әлемі­нің, өз ұлтының мүддесін қор­ғау­ға тырысты. Сондықтан да Мұс­тафа Шоқай ақ пен қызылға не­месе қоңырға жақ, я қарсы болды деген қарабайыр түсінікке сый­майды. Ол өзінің бүкіл ғұ­мы­рын, күллі қажыр-қайраты мен ақыл-ойын туған халқының, түбі бір тұтас түркі жұртының бірігіп өркендеуіне арнады,- деді облыс басшысы.

   Салтанатты шараға ҚР ҰҒА академигі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт­тық техникалық зерттеу университе­ті­нің профессоры Досмұхамбет Кіші­бе­ков, Қазақ гуманитарлық заң уни­вер­ситетінің профессоры Әбдіжәлел Бәкір, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов қатысты.

    - Осыдан 90 жыл бұрын Мұстафа Шоқай: "Менің барлық күш-жігерім түр­кі тілдес халықтарының дауысын ең алыс қиырларға жеткізуді мақсат ете­ді, халқымыздың атынан "Түркі ха­лықтары толық мемлекеттік тәуел­сіз­дікті талап етеді" деп барлық даусыммен айқай салуға кез келген мүмкін­дік­ті пайдаланамын. Ей, менің на­мыс­ты жерлестерім, сендерге өмір бо­йы қызмет етуден басқа біздің еш­қандай да бір ойымыз жоқ екенін біл­гейсіздер" деген еді.

   Бүгінгі азат қазақ елінің қасиетті төрі, алты Алаштың анасы атанған туған топырағында халқының азаттығы жолында азап пен тауқымет тартып, ең көп қиямет көрген, ұлт жүрегінен мәңгілік орын иемденген Алаш көсе­мі Мұстафа Шоқайдың туған жерінің тұғырына қайта қонып, арман-тілегіне жеткен халқының азат дәуреніне құтты болсын айтып, елдік пен бір­лік­ке, жарастық пен жасампаздыққа шақырып, қыран көзімен алысты шолып тұрған мүсінінің қазір шымылдығы түрілмекші,- деп, Мұрат Бақ­тиярұлы тебірене сөйледі.

   Осыдан кейін ескерткіштің жа­мыл­ғысы түсіріліп, гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар гранит тұғырын қо­са есептегенде 12 метрлік алып тас мү­сінге тамсана қарап, бір-бірін құт­тық­­тап жатты. Ескерткіштің авторы Қа­зақстан Суретшілер одағының мү­шесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Мүсінші ескерткішті қоладан құйып жасағанын айтты.

 

Дүйсенбі, 03 Сәуір 2017 10:26

Мектептегі домбыра үйірмесі

| Автор: 

    Халқымыз ерте заманнан әндері мен күйлерін, асыл мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, көзінің қара­шы­ғындай сақтап келген. Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңлағы, ең әулеттісі де - халық өнері. Яғни, жылдар өтсе де мұқалмай сыны қашпай сақталып келе жатқан - халық қазынасы. Халық қа­зынасы, ол - домбыра мен қобыз - егіз өнер, қос өнер. Халқы­мыздың ішкі жан-дүниесінің, арман мүддесінің, болмысының сырын үнімен жеткізетін мол мұрасы.

     Мектебімізде домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, оқушыларды рухани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге деген қызығушылығын арт­тыру мақсатында домбыра үйірмеcі жұмыс істейді.

  Мектепте өткізілетін му­зыка пәні - оқушылардың қызығушылықтарын ту­ды­ратын, шығармашылықтарын арттыратын, ақыл-ойын да­мы­татын, әсемдік әлеміне жете­лейтін пәндердің бірі. Музыка сабағында оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Музыка тыңдау, музыка сауатын мең­геру, ән айту, тақырыпқа лайық шығармашылық жұмыстар. Осы аталған жұмыстардың бірі - аспапта ойнау. Оның ішінде қазақ халқының басты аспабы домбырада күй тартуды меңгерту.

   Сан ғасырлар бойы еге­мендікті армандап, елдіктің көк байрағын жоғары көтеруді мақса­тына айналдырған қазақ халқы өткен ғасырдың аяқ жағында сол асыл арманға қол жеткізді. Әрине, ата-бабалары­мыз аңсаған бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тә­уелсіздік жолында ел бастаған ұлы тұлғала­ры­мыз­бен бірге қаншама өрімдей жастар өмірден өтті. Та­рих­тың қойнауына көз жіберсек, мұндай саяси оқи­ға­лар ел негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бас­тау алса, берісі 1986 жылдың ызғарлы желтоқса­нын­да құрбан болған Қайрат, Ләззат сынды қазақтың ұл-қыздары жалғастырды. Олардың елім, ұлтым үшін деп жасаған ұлы істері біздің жадымызда мәңгілікке қал­­мақ. Қазіргі таңда Туымыз желбіреп, Ел­таң­бамыз жарқырап, Әнұранымыз шырқалып, еге­мен­­­дігіміздің 25 жылдығын өткен жылы ғана атап өттік.

   Ал, үстіміздегі жылы тәуелсіздіктің ең үлкен белгісі болып табылатын мемлекеттік рәміздерге де ширек ғасыр толғалы тұр. Мемлекеттік рәміздер еліміз тә­уел­сіздік алған сәтте бірден пайда бола қалған жоқ. Кеңестік атрибуттардан құтылып, тәуелсіз еліміздің нышандарын жасау үлкен күш пен уақытты талап етсе, екінші жағынан, тұтас бір елдің өткен тарихын сипат­тайтын мәнді, мағыналы белгіні жасап шығару да оңай тірлік емес.

   Мемлекеттік рәміздердің бірі Елтаңба екендігі бә­ріне аян. Көпшілік қауым Елтаңбаның бейнесін көріп, оны жасап шығарған авторды таныса да, Елтаңбаның жасалу тарихын біле бермеуі мүмкін. Жоғарыда айт­қан­дай, биылғы жылы мемлекеттік рәміздерге 25 жыл то­латынын ескере келе, сол тарих тереңіне кеткен өт­кен күндер белесімен таныстыруды жөн көрдім. Мем­ле­кеттік Елтаңбаның авторы Ж.Мәлібеков еке­нін бар­шамыз білеміз. Айта кетер бір жайт, Елтаң­баны жасаған тұста Ж.Мәлібековтың жасы ел ағасы атанатын уақыт 50 жаста болса, биыл рәміздерге 25 жыл толып, Жандарбек аға 75 жасқа аяқ басты.

    "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал  еңбек, мінсіз  ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді" - деген Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз. Бүгінгі күн жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Бала саналылықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз отбасында бойына сіңіреді. Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен өз отбасында танысады. Мұхтар Арынның сөзіне сүйенсек: "Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп - отбасы. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Отбасынан кеткен қателікті ешбір мектеп түзете алмайды…". Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата-анасы.

    Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше. Әр­бір баланың дүниеге келгенінен бастап өмірінің соңғы арқауы болатын, әрине ол - ата-ана. Яғни, өмірдегі қорғаны - әкесі мен өмірдегі жан шуа­ғы - анасы. Әке мен ана де­ген үш-ақ ауыз сөздің дүниеге келген перзенттің өмірінде алар орны ерекше. Отбасының тіре­гі, отбасының жүрегі болған әке мен ананың бала тәрбиесінде де алатын орны өте зор. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын дүние жұм­бақ­тарын танытып, тағылым - талғамға, әдеп­тілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күн­де­­лікті өмір тіршілігіндегі ең­бегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қа­рым-қатынасы - балаға үлгі. Ата-ананың бойындағы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті. Әрбір ата-ана өз баласы үшін - басты тұлға. Сондықтан да кез кел­ген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жы­лы ақылды сөздер айтып өне­ге бола білсе, тәрбие де табыс­қа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C