Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Руханият

Руханият (32)

     Соғыс... Қандай суық, қандай қор­қы­нышты. Осы сөзді естігенде көз ал­ды­­мызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қор­қынышты көріністер елестері анық. Өкініштісі сол, мұндай зұлмат-зоба­лаң­дар адамзат қауымы өмір сүрген уақыт­тың бері 14500-ден аса рет болған және қа­зір де қайталануда. Ал ХХ ғасырдың ең қантөгісті де қасіреттісі болған соғыс ол - екінші дүниежүзілік соғыс дер едік. Бұл соғысқа әлем халықтарының 80 па­йы­зы қатысып, майдан даласына 61 мем­­лекет тартылды, 40 мемлекеттің жері от­қа оранды, 110 млн. адам соғыс дала­сын­да қолына қару алды. Ұлы Отан соғы­сы 1418 тәулікке созылды. Қазір кім қа­лай десе де, Кеңес Одағы бақайшағына де­йін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктірді, сөйтіп бүкіл әлемді құлдық бұ­ғаудан құтқарып қалды. Кеңес Ода­ғы­ның бұл Ұлы Отан соғысындағы же­ңісі оңайға түскен жоқ. Оған 35 млн. адам қатысты, 27 млн адам опат болды. Біздің қа­зақ елі де осы Ұлы Отан соғысында Ресей мен Украинадан кейін қатты зар­дап шеккен ел еді. 1941-1945 жыл қазақ үшін екінші жұт болды. Адам төзгісіз конц­­­­­­­лагерьде өлген қазақтарда есеп бол­мады. Қазақстанда бұл соғыста тек адам шы­ғыны 1 млн. 366 мың болса, 600 мың­нан астам адам оралмады. Сонымен бір­ге, бәрін соғыстағы жауынгерлерге беру, қазба байлықтарды пайдалану, оны же­ңіс үшін тарату болды. Қажетті шикі­зат­ты, қару-жарақты, астықты Қазақстан­нан тасымалдады. Түнде ұйқы көрмей тер төккен аға-апаларымыз Кеңес Ода­ғы­ның әскерін азық-түлікпен, киім-ке­шекпен қамтамасыз етті. Соғыс жыл­дары Қазақстанға 361 мың неміс, 510 мың кавказдық, 110 мың түріктер, мес­хет­тер, 200 мың татарлар, 400 мыңдай кә­­рістер жер аударылып, қоныс тепті. Соғыс қазақ халқының тұқымдық нә­сіл­дік қорын (генефонд) ортайтты. Со­ғыс­тың зардабынан мыңдаған ошақтар ойран болып, есепсіз балалар жетім қал­ды, атадан балалар айырылып, қаншама ана аңырап тұл болды.

Сәрсенбі, 25 Мамыр 2016 13:16

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

| Автор: 

     Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен сұрапыл жылдар қанша алыстағанымен, сол соғыста ерлік қи­мыл­дарымен, қайрат жігерімен елді жау­дан қорғап қалған соғыс және ең­бек ардагерлерінің сұм соғыстағы сын­дарлы сәті сан мыңдаған халық­тың санасында сақтаулы, еңбектері ел жадында. Заманына қалтқысыз қыз­­мет қылған, өмір жолы еліне өнеге бол­ған майдангер жандардың ұлаға­тын ұлықтап, өткенін өшірмей, бү­гін­­ге боямасыз баяндау - біздің пары­зымыз.

     Расында, уақыт өз дегенін жа­сай­ды. Жылдар жаңғырығы болған Ұлы Отан соғысының аяқтал­ға­ны­на да биыл - 71 жыл. Соғыс өртін тұ­тан­дырған неміс әскерлеріне қас­қая қарсы тұрған майдангерлердің өнегелі өрнектерінен сыр ақтаруды мақ­сат тұттық. Бүгін бейбіт өмірдің отын жаққан, намыс туын биік ұста­ған со­ғыс және еңбек ардагері Сәйпіл Әбді­разақовтың ғибратты ғұмырын сөз етпекпіз.

   Кеңестік кезеңнің тәлімін алған со­ғыс және еңбек ардагері Сәйпіл Әбдіразақов 1923 жылдың маусым айы­ның төртінші жұлдызында Қазалы ауданына қарасты Бес­арал жерінде дүниеге келген. Ауыл­дың майлы топырағына ау­нап, нәрлі суын ішкен Сәйпіл Әбдіразақовтың жа­лын атқан жастық шағы ең­бек­пен өрнектелген деуге болады. Се­бе­бі оның еңбекке тым ерте ара­ла­суы өмірлік көзқарасын, түйіні тоқ­сан тіршіліктің түйінін тарқатуға ық­палын тигізді. Олай деп ай­туы­мызға майдангер атамыздың еңбек жолдары дәлел бола алады. Небәрі 13 жасында бастауыш білімін ала жү­ріп, есепке жүйріктігінің арқа­сын­да ауылдағы есепші қызметіне қа­былданады. Оның осы қасиетін көзі тірі тұстас замандастары әлі күнге дейін есіне алып оты­рады. Қыз­метке жасы жетпесе де, жас­тық жалыны, табанды еңбе­гі­мен қол жеткізді. Білімі мен азды-көп­ті көргенін қалтарыста қал­дыр­май, қарқынды қадам жасай білген Сәйпіл Әбдіразақов 1938-1939 жыл­дары бригадир қызметін қоса атқа­рады. Осылайша жас жігіттің жа­­лынды жылдары басталып кетеді.

   Ауылдық қызметте жүріп, тұ­тас ер азаматтардың майданға аттанар шағында Сәйпіл Әбдіразақов 1941 жылы көктемде Түркіменстанға әс­кери оқуға жіберіліп, онда бір жыл­дай білімін көтереді. Сол жерде аға сержант атағын алып, Ұлы Отан соғысына аттанады. Сұм со­ғыс кімді де болмасын, қысылтаяң шақтан қандай да бір шешімді қа­былдауды қажет етеді. Ол соғыста атқыштар дивизиясында барлауға барады. Сол мезетте ротаның бәрін түнгі мезгілде неміс әскерлері бірін қал­дырмай пышақтап кетеді. Бар­лаудан келген бір топ әскерлермен бір­ге Сәйпіл Әбдіразақов басқа ро­тамен бірігіп, соғысты жалғастыра береді. Мұндай жағдайлардың күт­пеген жерден көрініс табуы майдан даласында жиі орын алады.

   Майдангердің көзін көр­­­­гендер оның Польшаны азат етуге қатыс­қанын айтады. 1945 жыл­ғы Жеңісті де Польша жерінде қарсы алған екен. Соғыс аяқталған кезде Сәй­піл Әбдіразақов Беларусь майда­нын­да болып, Жапон мили­та­рис­теріне қарсы соғысқа қаты­сады. Қиыншылық кезеңдерді сол со­ғыс ке­зінде сезінеді. Алайда, шы­­­дам­ды­лық, ел мен жерге деген адал­­дық оны жеңіс жалауын жел­бі­­ре­туге жігер сыйлайды. Осы­лайша ол Жапониядан 1947 жылы ел­ге ора­лады. Заманның шындығы бо­лар, со­ғыстан сау қайтқан май­дан­гер бей­біт өмірге белсене ара­ласты.

    Әңгіме әлқиссасында майдан­гер ақсақалдың есепті иіріп алып ке­тетінін текке айтқанымыз жоқ. Өз замандастары арасында ең­бек­ке ерте араласқан ол Левобе­реж­ный машина трактор станция­сын­да (МТС) бригадир кө­мек­шісі, бри­гадир, есепші, өндірістік бө­лім­нің бас есепші қызметін абырой­мен ат­қара білді.

    Негізінен Сәйпіл Әбдіразақов­тың еңбек жолының басым бөлігі осы машина трактор станциясында өте­ді. Сатылап биіктеген ол араға жыл­дар салып кадр жөніндегі инс­пек­тор, бас механик, реттеуші-қыз­­мет­ші, есепші, бас бухгалтер қыз­­мет­­теріне дейін көтеріледі. Қыз­мет­ке адалдығы болар, ман­сап­ты ойлап биіктен бедел табам деген ние­ті бол­ма­ған, қарапайым­ды­­лы­ғын қыз­мет­­керлеріне деген қам­қор­­лығынан кө­руге болады. Біл­генін бө­лісіп, ізінен ерген кіші буынға аға­лық ақылын үнемі айта­тын көрінеді.

   1958 жылдан Қазалы трактор жөндеу станциясына ауысып, ол қыз­­­­метте де қарымды жұмыстар ат­­­­қара жүріп, саланы серпілтеді. Ке­йіннен Қазалы ауданындағы "Бір­лік", "Бозкөл" ауылдарында бас есеп­ші қыз­­метіне ауысады. Тұрақ­тылықты темірқазық ет­кен ол осы қызметтен зейнетке шығады.

    Еңбек ескерусіз қалмайды. Әсі­ресе, майдан қыл суырғандай қа­жыр­лы еңбек биік марапаттарға сөз­­сіз жетелейді. Майдан дала­сын­дағы еңбектеріне орай Сәйпіл Әбді­ра­зақов КСРО Жоғарғы Президумы Ке­ңесінің жарлығымен Ұлы Отан со­ғысы жылдарында неміс-фашист әс­керлерін талқандағаны үшін ІІ дә­режелі Отан орденімен наград­талған.

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғына қатысушы мемлекет бас­шы­лары кеңесінің 1995 жылғы шешіміне сәйкес Сәй­піл Әбдіраза­қов Кеңес Одағының Мар­шалы Г.Жуков медалімен, шы­дам­дылық, ұрыс­тағы ерен ерлік­те­ріне орай бір­не­ше медальдармен ма­ра­патталған.

   Сондай-ақ, майдангер Социа­лис­тік біріншілікте өндірістік тап­сыр­маларды тиянақты орындау, қыз­мет­тік міндетін абыроймен ат­қар­ғаны үшін Құрмет грамота­сы­мен мара­пат­талған.

   Сәйпіл Әбдіразақов әулеттің бас­шысы, жары Ұлмекенмен то­ғыз бала тәрбиелеген. Бүгінде арты­нан ерген ұрпақтары әулеттің отын жа­­ғып, бір-бір отан болып отыр.

  Майдангер Сәйпіл Әбді­ра­зақов жарық дүниеде алшаң ба­сып жүр­генде бейбіт өмірдің береке-бір­лігін, Ұлы Отан соғысының жемісті жыл­дарын халқымен бірге тойлар еді. Алайда бұл фәниде мәңгілік тіршілік болмайтыны белгілі. 2002 жылдың 29 наурызында 79 жасында жарық дүниемен қош айтысты.

   Бітімі бөлек, болмысы дара Сәй­піл Әбдіразақовтың рухына ұр­пақтары  жыл сайын құран бағыш­тап, еске алып ке­леді. Майдангер жан­ға жатқан жері жайлы, топы­рағы торқа болсын демекпіз.

 Абай ТАҒЫБЕРГЕН

 

        "Қазір біздің қазақ хал­қында оқудың жаңа дәс­түрі басталған кез. Біздің қазақта шын қазақша мек­тептің керектігін біле бастаған шақ",- деп М.Дулатов ХХ ғасырдың бас кезінде оқу-ағарту ісі арқылы ұлт намысын ойлай­тын ұлтжанды азамат тәр­биелеу мектептен бастау алатындығын кемеңгер­лікпен айта білді. Мемлекетіміз жан-жақты дамыған білімді ұрпақ тәрбиелеуде, жалпы орта білім беру мазмұнын жаңғыртуда оқу үрдісін кеңейтуге ықпал жасап отыр. Білім беру жүйесінің жаңару жо­лындағы жетістіктері мен табыстары бүгінгі таң­дағы қазақ мектепте­рінің көбейе бастауымен ерекшеленеді.

     "Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы мектебінің қандай негізде болуына барып тіреледі" дегендей, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухани мұраны жас ұрпақтың бойына қалыптастыруда мектептің ролі зор. Тә­уелсіз мемлекетіміздің болашақ ұрпақтарының бі­лім­ді болуына ұлттық тәр­биенің елдігіміз үшін қым­­­бат екеніне көз жеткі­зу - бүгінгі күннің өзекті мә­­селесі. Ұлтымыздың жас ұрпағының бойына адам­­гершілік қа­сиеттерді да­рытуға, ізгі­лік­ке, адамгершілікке, адал­дыққа тәр­биелеуге, ар-ұжданды қастерлеуге халқымыз ерек­ше көңіл бө­ліп отырған. "Жаным - арымның са­дақасы" деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санағандығын мектеп оқу­шыларына ұғын­ды­руға халық педагогикасының тигізер ықпалы зор. "Ха­лық педагогикасы адам­­­ның жан дүниесін тәр­­биелейтін және зерттейтін ілім",-деп жазушы ғалым С.Ғаббасұлы айт­қандай, адамгершілік құн­ды­лықтарды оқушы бойына дарытудағы ата бабалар­ымыздың ұрпақтан-ұр­паққа ауызша жеткізген өсиет-өнеге, нақыл-ақыл, тәлім-тәрбие беру тағылымы - тұнып тұрған халықтық педагогика. Ауыз әде­бие­тінің мақал-мәтел, жұм­бақ, жаңылтпаш т.с. асыл үлгілерін оқу үрді­сінде орынды қолдана отырып, оқушының адамгер­шілік сезімдерін оятуда халықтық тәрбиенің тигізер ықпалы орасан зор.

      Халықтың біртуар пер­зент­тері Абай әжесі ­Зе­ре­ден, Бейімбет әжесі Бой­дастан халық ауыз әде­биетінің үлгілерін тыңдап өс­кен, халқының жү­ре­гінен орын алған шығармаларына асыл мұраны арқау еткенін білеміз. Әже мектебінен қиялына қанат бітіріп, өнегелі тәрбие, ұлағатты өсиет алған ғұлама ойшылдар қаншама? Бү­гінгі таңда ұлтжанды азамат тәрбиелеуде халықтық тәрбие негізі атанған ата мен әже мектебіне көңіл бөлінбей келеді. Мектеп табалды­ры­ғын аттаған балалар ұс­та­зының бақылауында болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы ынтымақтастық педагогикаға сай болса, жариялылық, еркіндік жүзеге асады. Бұл  тұлғаның бо­йында өзіне  сенімді­лі­­гін қа­­лып­тас­ты­рады, ойын еркін айтуға жетелейді.

   Педагогикалық жаңа тех­­нологияларды оқу үрді­сіне енгізе отырып, халық педагогикасының эле­мент­терін пайдаланудың тұл­­ғаның танымдық қабі­лет­терін дамытудағы маңызы зор. М.Жанпейісованың модульдік оқыту тех­но­логиясындағы оқытудың белсенділік түрлерінде, Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясында халық ауыз әде­биетінің үлгілерін мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды, шешендік сөздерді, ырым-тыйым сөз­дерін, ұлттық ойындарды пай­далану-ана тілін қадірлей білуге, елі­не деген сүйіс­пен­шілік се­зі­­­мін арттыруға ықпал етеді.

      Ақын Қ.Мырзалиев: "Әр сабақтан қазақтың қа­зақи исі мүңкіп тұ­руы керек",-деп айтқандай, білім беру үрдісінде ба­ланы иман­дылыққа, кі­ші­­пейіл­ді­­лікке, ұлтжанды­лық­қа, адамгершілікке тәр­­­бие­леу­де маңызы орасан.

       Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениет­тілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білім­ділігін талап етеді. Қазақстан Республикасының тә­уелсіз мемлекет тізгініне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі, білім туралы, жастар саясаты туралы заңдардың қа­былдануы-келешек ұр­пақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді.Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңарту қажет. Тәрбиені жаңарту мәні - адамның биологиялық табиғаты мен ішкі мүмкіндіктері арқылы же­ке тұлғаның азамат ретінде дамуына және жалпы адам­заттық, ұлттық қазыналардан нәр алуына жағдай тудыру.

      Қоғамымыздың іргесін нығайту мақсатында ең ал­дымен адамгершілік, ізгі­лік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет. Оның не­гізгі мұраты-баланы жастайынан әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үл­кен­ді сыйлау, кішіге ізет көр­сетуге, елжандылыққа баулу. Ендеше, атаның қа­нымен, ананың сүтімен бойымызға енген ұлағатты да ұлттық тәрбиені жас ұрпақтың бойына сіңіруден жалықпайық!

Гүлнар Күзембаева,

Қазалы көлік-техникалық колледжі директорының

оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Жұма, 11 Наурыз 2016 05:48

ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ БІЛІМ БЕРУ

| Автор: 

Алғашында балықты тек күнделікті тұрмыста азық ретінде тұтынған Арал өңірінің тұрғындары ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан оны кәсіп тү­ріне айналдырады. Балық шаруа­шы­­лығымен айналысқан кәсіп иелері ты­ным­сыз еңбектің арқасында жақсы нәти­желер көрсетіп, табысқа кенеле бас­тайды. Мұнан соң балық аулайтын және өңдейтін ірі шаруашылықтар іс­ке қосылып, шаруашылық жоғары қар­қын­да дами түседі.

        Осы кезеңдерде Арал өңіріндегі тағы бір жағымды жаңалық, 1927 жылы балық аулау артелі құрылып, жергі­лік­ті тұрғындардан балықшылар брига­дир­лерін, ау құралдарын септеп-тоқи­тын мамандар даярлай бастайды. Ке­йін­нен оқу орны тұтынушылардың сұра­нысын қанағаттандыру мақса­тында балықтарды қайықпен аулау үшін 1937 жылы "Юнга" мектебі бо­лып қайта құрылады және кіші қайық­тарға матрос, мотористерді оқытады.

         Қосымша қайық радистерін және бөшке жасау мамандарын оқыта бастаған білім ошағы 1943 жылы ФЗО мектебі аталады. Бұл тұста балық­тар­ды аулап, оны өңдеп, СССР-дың бас­қа қалаларына, облыстарға сатып және ішкі рыноктың сұранысына сәйкес жұ­мыс жасайды. 1955 жылы қолөнер учи­ли­щесі болып атауын өзгерткен білім мекемесі қайықтың матрос, моторис­терін даярлаумен қатар, ағаш, темір ұс­таларын да тәрбиелей бастайды. Ал, 1963 жылы Арал теңізінің жағала­уы­нан аса қашықтықтан балық аулау мақ­сатында №68 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгеріп, мұндай білім алушылар балық өсіру­ші, өңдеуші, кеме жүргізуші, кеме ме­ханигі, электромонтажшылар маман­дық­тарын игеріп, шыға бастайды.

         Уақыт жүйрік зымырап алға жыл­жып, оқу ошағында біршама өзгерістер орын алады. Арал теңізінің тарты­луы­на байланысты және білім сала­сын­дағы оңтайландыру кезеңінде учи­лище бұрынғы "кеме жүргізуші", "кеме механигі", "балық өсіруші", "балық өңдеуші" мамандықтарын дайын­дау­ды тоқтатады. 1984 жылы №4 орта кә­сіптік-техникалық училищесі атауын иеленіп, сол жылдардан бастап то­карь, электромонтажшы, тігінші, сле­сарь-жөндеуші, құрылысшы маман­дар­ды оқытады. Білім беру бағыты өз­гер­генімен, мақсаты сол қалпында қал­ған оқу орнының мұнан кейін де ата­уы бірнеше рет ауысады. 1996 жылы №4 кәсіптік-техникалық мектеп бо­лып өзгеріп, мектепте токарь, элек­тро­монтажшы, тігінші мамандықтары бо­йынша мамандар әзірленген. Ал, 1997 жылдан бастап №16 кәсіптік-техникалық мектеп болуына байла­ныс­ты мектеп қаланың өндіріс орын­да­рына, кәсіпорындарға токарь, тігінші, құрылысшы, электромонтажшы, газ­бен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша мамандар оқытты. Мұнан соң, 1998 жы­лы №16 кәсіптік мектебі болып өз­гер­ген уақыттан тігінші, токарь, сле­сарь-жөндеуші мамандарын даярласа, 2003 жылы №16 кәсіптік мектеп тігін­ші, слесарь-электрмонтажшы, электр­газ­бен пісіруші, теңіз өнімдері мен ба­лық­тарды өңдеуші мамандықтары бо­йынша жастарды оқытады.

        2002 жылы материалдық-тех­ни­ка­лық базаны түбегейлі жақсарту мақ­са­тында облыс  және аудан әкімшілігінің бастамасымен КМК "Арал вагон жөн­деу" зауытына қарасты "Сауда орталығы - Асхана" және "Электр цехы" ғима­рат­тары колледждің балансына беріледі. Ғи­маратқа күрделі жұмыстар жүргі­зі­ліп, 12 теориялық оқу кабинеті, 6 оқу ше­берханасы, 2 зертхана, спорт залы, кітап­хана, 80 орындық асхана, әдісте­ме­лік және тағы басқа қосымша бөл­мелер жасалынып шығады. Білім беру стандартына сай жабдықталып, оқу кабинеттері бар ғимарат пайдалануға бе­ріліп, ұжым оқу жылын жаңа ғима­ратта бастайды.

          Білім мекемесі 2012 жылы тамыз айының 7 жұлдызындағы Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдас­тыру туралы №527 қаулысымен "Арал ин­дустриалды-техникалық колледжі" болып қайта құрылды. Тарихы тереңге бойлаған колледж қазіргі таңда "Тігін­ші", "Электрогазбен дәнекерлеуші", "Ағаш ұстасы", "Токарь", "Құрылыс элек­трослесарі", "Балық өңдеуші", "ЭЕМ операторы" секілді маман иеле­рін оқытады.

       Ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақ бүгінде Нұралы Қалиұлы Әбі­шов­тың басшылығымен жаңа бағытта білім­нің көкжиегіне қанат­та­нып, бірле­сіп жұмыс жасап келеді.

        Білім беріп, маман даярлаумен қатар колледж ұжымы аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, оқу­шылар арасындағы құқық бұзушы­лық­тың, қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып оты­рады. Сондай-ақ, оқушылар мен ішкі істер бөлімі, прокуратура және сот қыз­меткерлері арасында кездесу өткізіліп, кешкі уақыттарда бірлескен рейд жүр­гі­зіліп тұрады. Шәкірт бойына мәде­ниет­тілік пен өнегелі қасиеттерді сіңі­руді мақсат еткен колледж оқытушы­ла­ры айына екі мәрте ата-аналармен жүз­десіп, жиналыс ұйымдастырады. Колледж абыройына нұқсан келтіретін қылықтардан аулақ болу мақсатында әр оқушыға қоғамдық тәрбиеші бекітіледі және уақытылы олардың есеп жұмыс­та­ры тыңдалып, кемшілікті жою жолдары да қарастырылып отыра­ды.

Page 3 of 3

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C