Газеттің ПДФ нұсқасы

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1680 теңге(қала үшін)

6 айға - 1800 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1560 теңге

Редакцияға хат

Email:
Тақырып:
Текст:
Әлеумет

Әлеумет (75)

          Қазақта өлместің күні деген сөз бар. Дәл осы әрі тарт та, бері тарт дегенді елімізде Үкімет бекітетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарап айтса болар. Билік «бір адамға 24459 теңгеге бір ай ішінде өмір сүруге же­теді» дегенді меңзейді. Бұл қаражат күн­де­лікті азық-түлік пен тұ­тыну та­уар­ла­рына жетіп артылады. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Кәсіподақтар федерациясы «ең төменгі күн­көріс көлемі заман та­лабына сай емес, яғни тө­лем бүгінгі нарық бағала­ры­мен сәйкес емес» дейді. Жұ­мысшылар ара­сында қа­зіргі ең төменгі күн­­кө­рістің деңгейіне қатысты сауалнама нәтижесі осын­дай қоры­тындыға алып келіп отыр. Сауална­масыз-ақ, ойланып қараса­ңыз, азық-түліктің шарық­тап кетуі, базар бағамының тұрақсыздығы 24459 теңгені бір айға жеткізбей тұр.

    Ең төменгі күнкөріс кө­лемі турасында осыған дейін де айтылып келеді. Елбасы келер жылдан бас­тап осы күнкөріс көлемін қайта қа­рауды ұсынған болатын. Енді міне, жақын­да елор­дада журналистерге бри­финг берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ке­лер жылдан ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 %-ға жоғар­ылай­тынын ай­тып, елді қуантып тас­тады.

   Мынаны ескеру ке­рек, ең төменгі күн­көріс көлемі ретінде бекітілген қаржының 60 пайызы азық-түлікке, қалғаны тағамдық емес тауар­ларға бағытталуы керек. Мамандар бұл өлшемді есептеуге өзгеріс енгізу, яғни тағамдық емес та­уарлар үлесін 45%-ға де­йін ұлғайтуды ұсынып отыр. Демек, келер жыл­дан бастап бұл ара­сал­мақ 55% және 45% құ­рай­тын болады. Тиі­сін­ше, ең төменгі күн­көріс көлемі 28284 теңге құ­рамақ. Төлемнің артуы Қазақстандағы 3 мил­лион тұрғынның әлеу­меттік төлемдер мөлшері өсуіне алып келмек.

    Дін мәселесі - ең өзекті де өткір тақырыптардың бірі. Бұл жайында қате яки артық пікір де, ой да айтуға болмайды. Себебі даудың, талас-тартыстың, сан түрлі сұрақтың ортасында қалған ислам діні қыл көпірдің үстінде тұрғанмен пара-пар күйде. Мін­сіз діннің тонын теріс айналдырып, жалған ақпарат таратып жүргендердің әсерінен ислам діні әлемде жағымсыз көрініске тап болуда. Бірақ, битке өкпелеп, тонын отқа жақпайтын қазақ елі мұнымен күрес шара­ла­рын жүргізіп бағуда. Алайда, дәс­түрлі емес дін өкілдерінің ең бірінші әрі тиімді қаруы ол - әлеуметтік желі болғандықтан, онымен күрес шаралары ауқымдылықты қажет етеді.

    Әлеуметтік желінің әуре-сарсаңы үдей түскені көпке үрей туғызып келеді. Рухани дертке айналған айтулы мәселе жаһандану дәуірінде тұтас бір ұлттың бұрынын бұрмалап жіберуге дейін қауқарлы еді. Желінің жетер биігі де, құрығы да біз ойлағаннан әлд­еқайда ұзынырақ. Оның ішіндегі қулық-сұмдықтарға да құрық бойламайтын болып барады. Ақпарат айдынында бірі малтып, бірі құлаш сермей, бірі түрлі иірімдерге ілесе алмай, тұңғиықта тұншығып жатқандар жетіп артылады. Бәрі дерлік виртуалды әлемнің арғы жағында орын алып жатқан олқылықтар. Мамандардың назына құлақ түрсек, бұл кесапаттың жолын кесу мүмкін емес. Керісінше, күн өткен сайын араны ашылып, құрбандықтары мен қолданушылары артып келеді. Игі істердің басы-қасынан табылатындар интернет атты әлемді әлдері келгенше жақсылыққа пайдалануға тырысып бағады. Дегенмен де ата-аналар қапы қалмас үшін ұрпағының қай әлеуметтік желімен әуре болып отырғанын қадағалауда ұстағаны абзал. Cебебі сансыз секталар өз діттегенін ғаламтор арқылы іске асыратын көрінеді.

   Қызылорда сәулетті қалалар қатарына қосылу үшін талпынып-ақ келеді. Қала тазалығына мән беріп, кедір-бұдыр көшелерді тегістеу үшін тыңғылықты шаруалар атқарылуда. Үстіміздегі жылдың өзінде қала құрылысшыларының күрегі мен кетпенінің басы бір кеппегенін тұрғындар жақсы біледі. Өйткені көшелерді жауып тастап, көптеп орын алған көлік кептелістері мен жолынан шатасқан қоғамдық көлік пайдаланушылары бұл қарбалас кезеңді әлі де болса ұмыта қойған жоқ.

   Қазірдің өзінде 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында мектеп, балабақша, клуб, аурухана, емхана, тағы да сол сияқты көптеген қажетті ғимараттар бой көтеруде. Бүгінгі күні аталған шаруаның ісі шатқаяқтамай шапшаң түрде салынып бітуде. Оған дәлел жоғарыда айтылған 54 нысанның 19-ы аяқталып, халық қажеттілігі үшін қызмет жасауда. Ол аз десеңіз, екі ай ішінде, 2018 жылға қадам баспас бұрын тағы да 7 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек. Жартылай ғана жасалып, іргетасы енді қаланып жатқан қалған 28 нысанның құрылысы келер жылы бір ыңғайланатын болады. Ресми ақпараттарға сенсек, 2017 жылдың 9 айында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына мемлекеттік және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 296 хабарламалар келіп түскен екен. Оның 168-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар болса, 128-і жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар қатарын құрайды. Бұл самсаған сандардың барлығы Сыр елі сәулетін арттыруға жасалынып жатқан ізгі жұмыстар. Сандар осылай сөйлеп тұр. Ендігі мәселе құрылыс нысандарыны сапасы жөнінде. Оған қала әкімінің өзі еш күмән келтірмеумізді сұраған болатын. «Басқарма басшыларының басы екеу емес, сондықтан әр нысанның өз жауаптылары жауапқа тартылатын болады» деп сендірді Н.Нәлібаев. Ендігі жайт қалай болатынын уақыт көрсетеді.

   2017 жылы Қызылорда қаласында салынып біткен құрылыс нысандарына шолу жасап шықсаңыз, бәрі дерлік өңірдегі олқылықтардың орнын жауып тұрғандай. Әрі халыққа ең керекті ғимараттар. Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша автобус паркі мен газ толтыру компрессорлық станциясының құрылысы, Қорқыт ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары және 28 көпқабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілгені ел есінде. Аталған 28 көпқабатты үйдің 5-еуі СПМК-70 тұрғын үй ауданында, 15-сі Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағында, 4-еуі Демесінов көшесінде, 3-еуі Арай-3 тұрғын үй ауданында, 1-еуі Желтоқсан көшесінде орын тепкен. Бұл үйлердің барлығы үй кезегінде тұрған отбасылардың қоныс тойын тойлау қуанышына бөлеген, осы жылдағы ең өзекті мерекелердің бірегейі болып қалмақ.

   Қазақстанда көмекке мұқтаж, жәрдемақы арқылы жан бағып отырған отбасылар аз емес. Көпбалалы отбасылардың күнкөрісіне қажетті берілетін жәрдемақы алатын отбасылар үшін әлеуметтік көмектің берері мол. Газетіміздің өткен санында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы айтқан едік. Жыл аяқталуға екі айдай уақыт қалды. Биылғы жылы қанша отбасы әлеуметтік көмек алды? Тұрғын үй көмегіне қолы жеткендердің саны қанша? Осы сұрақтардың жауабын Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан сұрап білдік.

    Жалпы 9 ай ішінде атқарған жұмыстары нәтижесін сарапқа салатын болсақ, басқарма маманы Ләззат Әлжікованың мәліметіне сү­йенсек, облыс бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жергілікті бюджеттен 64028 аз қамтамасыз етілген азамат­тар­ға 1236,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арнал­ған жәрдемақы төленген. Тарқатып айтар бол­сақ, биыл мемлекеттік атаулы әлеумет­тік көмек көрсетуге нақ­тыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Тиісінше, 538 адамға, яғни 129 отбасыға әлеуметтік көмек берілген. Мамандар кө­мек алатын адамдардың қатары азайып бара жатқанын алға тартады. Мәселен, атаулы көмек алушылар 257 адамға азайған.

   Бүгінде кез келген адамды тұрғын үй жа­йы алаңдатады. Бұл рет­те тоқсанына берілетін тұрғын үй көме­гінің берері мол. Осы жылы бюджеттен тұр­ғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралыпты. Аталған қаржыға 7517 отбасына 290,3 млн. теңгеге тұрғын үй көмегі тө­ленген.

   Мектеп жасындағы балаларға берілетін жәр­демақы төлемдері де тұрақты беріледі. Мәселен, биыл 18 жасқа де­йін­гі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржы 17196 отбасыға, яғни 55973 балаға беріліп отыр. Әлбетте, бала күтімімен отырған аналарға бұл көмектің аз да болса күнкөруге ық­палы бар. Мұнан бөлек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі негізінде берілетін көмектің де түрі бар. 9 ай ішінде жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9591 адамға 677,3 млн. теңгеге әлеуметтік төлемдер төленген.

         Екі айдан кейін 2018 жылға аяқ басамыз. Әдетте, жыл басында билік басында отырған атқамінерлер ауысып, елдегі салалардың әрқайсысында жаңалықтар болатыны белгілі. Халық өмірі­мен қабысып жатқан әлеуметтік жәрдемақы төлемдеріне қатысты да өз­геріс­тер болады. Қазірден бел­гілісі, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек көрсету жүйесінің құрылымы өзгереді, яғни жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек енгі­зілмек. Бұл қалай болмақ?

   Мамандардың сөзіне сенсек, атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартсыз қаржылай көмекті отбасында еңбек етуге жарамсыз және еңбекке жарамды бола тұра ең­бек­пен қамтуға белгілі бір себептерімен қатыса алмаған отбасылар ала алады. Бұл тізімге мектеп жасына дейінгі балалары бар жалғызбасты аналар да кіреді.

   Ал, шартты ақшалай көмек үй ішінде еңбекке жарамды кемінде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісім ар­қы­лы реттеледі. Айта кету керек, бұл кезеңде отбасындағы барлық мүшелері ең­бекпен қамту шараларына толық қатысқан жағдайда берілмек. Атал­ған көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысына жетпейтін табысы бар азаматтарға беріледі. Ескеретіні, көмек алты айға беріледі. Негізінде, аталған көмек осы уақытқа дейін "Өрлеу" жобасы аясында да беріліп келді. Ендігі уақытта атау­лы көмек жүйеленіп, әрі жаңа бағытта өзгеріп отыр. "Өрлеу" жобасы 2015 жылдан бері бірнеше облыстарда, 2016 жылдан бастап барлық аймақтарда ен­гізілді.

   Атаулы көмек бұрыннан бері берілетін жәрдемақылардың же­тіл­ген түрі. Қазіргі уақытта көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 3 түрі, атап айтқанда, арнайы мемлекет­тік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атау­лы әлеуметтік көмек бірыңғай жәрдемақы тү­рінде берілмек. Тиісінше, төленетін қаржысы да ұлғаймақ.

    Атаулы әлеуметтік көмек жұ­мыссыз отырған отбасылардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталмақ. Әлеуметтік кө­мектің бұл түрі туралы толыққанды мәлі­меттерге жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жауапты.

А.ҚАРАКЕСЕК

  Бензин бағасы бір жүйеленбейінше, елдің көңілі алаң күйінде қала бермек. Жанармайсыз жарты жолда қалып қойғандар да, көліктері от алмай, көшеге шыға алмай жүргендер де бензин бағасы мен тапшылығын алға тартуда. Халықтың қалтасын қағатын қымбаттаулар эстафетасы мұнай өнімдеріне де келді. Әуелгіде "бензин қымбаттады" деген сөз құлаққа жеткенде елдің бәрі дүрлігіп, кәсіпкерлерге айыппұл да салынып үлгерген еді. "Тиісті шаралар жасалынып енді тұрақталады ғой" дегенде жығылғанға жұдырық болып бензин бағасы тағы қарыштап кетті. Ай басындағы жағдайлар қазірмен салыстырғанда жер мен көктей. Соңғы бір аптаның өзінде АИ 92 маркалы бензин бағасы едәуір өсті. Нақтырақ айтқанда, 10 қазан күні 150,6 теңге болса, 13 қазанда 151,5 теңге болды. Содан соң 17 қазанда мониторинг мәліметтері бойынша бензиннің орташа бағасы 154 теңгеге дейін көтерілген.

    Осылайша күн сайын көтеріліп жатқан бағаның өсу себебіне де үңіліп көрдік. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Досжановтың мәлімдемесі бойынша, Қазақстандағы бензин өндіретін екі бірдей зауыт күрделі жөн­деу­ден өтуде екен. Ал, жанар-жағар май болса, Ресей елінен тасымалданып жатқанын тілге тиек етті. Бағаның бой бермей кетуі де шеттен келетін өнімнің құнына байланысты болып отырған көрінеді. Одан бөлек бас пайдасын ойлап бензин бағасын негізсіз шарықтатып жібергендер жазадан құтылмайтынын айтып өтті. Себебі жақында ғана Қызыл­орда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен "ТS Оңтүстік жанар май" ЖШС-не ірі көлемде айыппұл салынған еді. Бұл іс бойынша әлі де тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған мекеменің 18 жанармай құю бекеті бар. Мұнан бөлек тексеру жұмыстары "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС-терімен бірге "TS Оңтүстік жанармай" ЖШС-теріне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты жүргізілген еді. Бәрібір баға өсуін тоқтатар емес.

        Өмір болған соң адам­ның басына небір қиын сәттер, жағдайлар туып тұратыны мәлім. Бірінің аяқ астынан қан қысымы кө­теріліп жатса, бірінің басы ауырып жа­тады, енді бірінің сәбиі­нің жағдайы бол­май шы­рылдайды. Тіпті өмірі­міз­де, өкінішке орай, көп белең алатын жол апат­та­рын көргенде жанымыз жан алқымға келіп, жедел жәрдем телефон нөмірін қолымыз қалтырап әрең теретіндігіміз бар.

   Міне, осындай сәт­тер­де әрине ең бірінші жанұшы­рып жанымыздан табыла­тын «Жедел жәрдем» дәрігер­лерінің көмегіне жүгі­ніп, келетін сәттерін тағатсыздана күтеміз. Әрбір минут, секунд дәрі­герлер үшін де санаулы әрі аса маңызды.

    Қазіргі таңда медицинаның қарыштап дамып жатқанына қарамастан әлі күнге кең етек алып келе жатқан аурулардың бірі ол - обыр. "Жаман ауруға" шалдығыпты дегенді естісек, бойымызға қор­қыныш ұялап "о дүниеге" үмітсіздікпен аттандырып жібергендей сезімде болатынымыз жасырын емес. Алайда, "Обыр - үкім емес" дейді Қызылорда облыстық онкологиялық аурулар орталығының мамандары. 2017 жылдың 11-қазан мен 11-қараша аралығында осы ұранмен ашық есік күндерін ұйымдастырып жатқан сала мамандары жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 2017-2020 жылдар аралығына арналған "Жол картасының" онкологиялық ауруларды басқаруда интегралды әдістерді енгізу арқылы жұмыс жасап келеді.

    - 2017 жылдың тоғыз айында үлкен жұмыстар атқарылды деуге болады. Яғни, онкологиялық науқастардың өлім-жітім көрсеткіштер саны 10%-ға төмендеп отыр. Тағы да бір басты көр­сет­кіштердің бірі - бес жылдық өмір сүру ұзақтығы бойынша көрсеткішіміз 46%-дан 48%-ға дейін көтеріліп отыр. Бұл дегеніміз, науқастарға уақытылы диагноз қойылып, сапалы ем алуының нәтижесі. Сондай-ақ, науқастарды І және ІІ сатысында анықтау арқылы да 58,4%-ға  жеткізіп отырмыз. Бұл да қуантарлық, жақсы көрсеткіш.

   Орталықта 2015-2016 жылдары 16 адамдық паллиативтік бөлім ашылған болса, биыл ол бөлімше 30 орындық болып кеңейтіліп жатыр. Облыстық бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар алынды және тағы да басқа біздің орталық үшін аса маңызды, заманауи аппарат­тарды күтіп отырмыз. Қазіргі таңда біздің барлық бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету, емдеу мекемелерінде онколог, маммолог мамандары жұмыс жасайды. Ал, бүгінгі жасап отырған ашық есік акциясының басты мақсаты - халқымызға онкологиялық науқастардың алдын алу шараларын түсіндіріп, профилактикалық тексеруден өтуіне жағдай жасау. Ауру түрі барынша ерте анықталған жағдайда, емнің 90-95% өте жақсы аяқталады деген сенім бар,- дейді орталықтың бас дәрігері Сәкен Серғазиев.

Бейсенбі, 12 Қазан 2017 10:16

Бензин бағасы неге тұрақсыз?

| Автор: 

    Жанар-жағар май құны жолда жүргендердің жағасын ұстатқалы қашан?! Жанар-жағармай бағасының өсуі себепті қоғамдық көлікте жүру құны көтеріліп кетті, салмақ халықтың қалтасына түсті. Сатылап бағасы өсіп жатқан жанар-жағармай құнына бақылау, тексеру жүргізілген. Әт­те­генайы сол, әлі нәтиже жоқ.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын корғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Аи-92/93 маркалы бензинді бөлшек сау­дада өткізуші нарық субъектілеріне, яғни "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС, "Sinooil" ЖШС-терімен бірге "TS Оңтүстік жанар май" ЖШС-теріне қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

        Медицина мамандарының әрбір күні қауырт. Ем алуға келген тұрғын­дардың тілін тауып, қажетті ем жасап, дұрыс диагноз қою сала маман­да­ры­ның күнделікті жұмысы. Қоғам та­рапынан жиі сынға ілігетін дәрі­гер­лердің кәсіби қызметіне бір сәт үңі­луге мүмкіндік алдық. Медициналық қызметтің ішкі әлеміне ену үшін ар­найы пресс-турға барып қайттық. Өңір­­лік коммуникациялар қызметі өңір журналистеріне арнап Сыр хал­қына медициналық көмек көрсететін облыстық медицина орталығының қызметімен таныстырды. Өнегелі та­рихы, өз алдына тәжірибесі бар орта­лық 63 мамандық бойынша қызмет жасайды. Жылма-жыл салалық дең­гейде қызмет аясын кеңейтіп келе жат­­қан орталықта 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс жасайды.

   Көпсалалы орталықта медици­на­лық көмектің барлық түрін көрсе­теді. Мамандардың жұмысы уақыт­пен өлшенбейді. Себебі орта есеп­пен күніге 200 науқас келеді, әртүрлі деңгейдегі 40-50 ота, уақытпен санас­пайтын жедел түрдегі 15 ота жасалы­нады екен. Демек, дәрігерлерді апта­сына кемінде 180-200 ота күтіп тұр де­ген сөз. Жылына 15 мыңнан астам қы­­зылордалық ем алып шығады. Қа­зіргі бағыт сырттан ем алуға мәжбүр нау­қастарды орталықта емдеудің тетігін табу.

Page 1 of 6

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Серіктестер