Айтарым бар

   

Жанболат Ошақбаев, жас кәсіпкер: 

    Кәсіп бастайтын адам үшін қаржылық сауаттылықтың маңызы зор. Қазіргі таңда екінің бірі кәсіпкер болып кетті ғой. Алайда, барлығының еңбегі жемісті болып жатқан жоқ. Кәсіпкерде әрқашан «Б» жоспары болуы керек. Есеп білмеген адам қарапайым сауданың да жөнін біле бермейді. Сондықтан, бизнес бастамас бұрын қаржылық сауаттылықты меңгеріп алу керек. Себебі, алғаш кәсіп бастаған адамның бухгалтерге, сатушыға, кассирге жеке-жеке жалақы төлеуге шамасы жетпейді. Осы қызметтің бәрін өзі атқарып, кәсіптің басы-қасында жүрген адам ғана жоғары жетістікке қол жеткізе алады.

baribar.kz


Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны

Қазпочта арқылы 6 айға - 1740 теңге (қала үшін)

6 айға - 1920 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1680 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Толыбай Абылаев 

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 06:21

ЖАТАҚХАНАЛАР ЖАҒДАЙЫНА БИЛІК ЕНДІ МОЙЫН БҰРДЫ

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Сыр өңіріндегі жатақханалардың ахуалын жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Оның кем-кетігін көріп, біліп те жүр. Студенттер де барар жері болмағаннан соң амалсыздан оқу орындарының жатақханасын паналағанды жөн санайды. Студенттер жатақханасынан басқа да қарапайым тұрғындар күнін көріп жатқан жатақ үйлердің барын жергілікті билік кеше білгендей сыңай танытты. Тозығы жеткен ғимараттардың алды уақыт сынына шыдас бере алмай, табиғаттың тосын мінезіне төзбей опырылып құлағанынан бүкіл ел хабардар болды. Абырой болғанда, адам шығыны болмаған. Мамандар Қызылорда қаласында 22 жатақхана бар екенін, олардың негізінен өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынғанын айтады.

   Расында, Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі тұтастай аударылып түскені көптің көңіліне кү­дік ұялатқан еді. Өзге бөлігінде тұр­ған 46 отбасы эвакуацияланып, қа­уіпсіз жерге орналастырылды. Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындар 6 ай­ға уақытша баспанамен қамтамасыз етілмек. Ал, оған кететін қар­жы жергілікті бюджеттен бөлін­бек. Бір-екі күннің ішінде зардап шеккен тұрғындар пәтерлерге толықтай көшірілді. Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң та­лаптарына сәй­кес баспанамен қам­ту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Со­нымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылдан­ған.

   Болар іс болды. Таяқтың екінші ұшы басқа тиген соң барып, тозы­ғы жеткен жатақханалардың жайын анықтайтын арнайы топ құрылды. Қаладағы жатақханалардың жағдайын анықтайтын арнайы комиссияның арқасында қалған 21 жатақхананың жайы жақсарар деген үміт бар. Аталған комиссия жұ­мысының нәтижесі осы жылдың 12 наурызында белгілі болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы бас­қармасының басшысы Марсбек Молдабаев ашып айтып берді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов төрағалық ететін комиссия құрамына тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс салаларының жауапты мамандары енген. Төраға өз сөзінде: "Облыс әкі­мінің тапсырмасына сәйкес жатақханалардың техникалық жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құ­рылды. Бүгін комиссия мүшелері жұ­мысқа кіріседі. Комиссия 10 күн бо­йы жұмыс істеп, 12 наурызда нәти­же­сін ұсынатын болады",- деді. Көк­темнің жайма шуақ кү­нінде, жердің тоны жібіген шақта апаттың алдын алу үшін жауаптылар жа­ны қалмай жұмыс жасауы тиіс. Себебі ендігі ат­қа­рылар жұмысты облыс әкімі өзі қадағалауына алмақ.

   Тұрғындарға арналған жатақханалардың барлығы тексеруден өткен соң да олардың қандай күйде тұрғаны жария етілмек. Тым ескі, жөндеу­ге келмейтін апатты жағдайдағы жа­тақханаларды қабырғасы құламай тұрып анықтау шығынды да үнемдер еді. Сонда ғана адамдар өміріне тө­нетін қауіп те сейілмек. Түсінген адамға еш­тен кеш жақсы.

Айдар САЙЛАУОВ

Оқылды: 110 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

ҰБТ кезіндегі сынақ кітапшалары қаншалықты білімді таразылай алады?

Алдын ала межені байқау үшін - 27.9%
Ұлттық тестілеуге дайындықты пысықтау жолы - 37.2%
Ақша табудың амалы - 11.6%
Оқушының пәндік сабақтардағы бейінін байқатады - 23.3%

Total votes: 43
The voting for this poll has ended on: 07 Мам 2018 - 00:00

Күнтізбе

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C