Айтарым бар

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

    Бала өз болашағына өзі жауапты. Тиісінше, мамандығын өзі таңдауы керек (бала өзіне не керегін біледі. Егер барлығы жоспар бойынша болмаса, бала ата-анасын кінәлайды). Қазір нарық соны сезген болуы керек, көптеген оқу орталығы “дұрыс мамандық таңдауға көмектесеміз” деген сервис көрсетуді бастады.

   Нарықта қандай мамандықтарға сұраныстың мол екенін анықтап алыңыз. Мамандықты таңдағанда өте ұқыпты болыңыз.

  “ЖОО-ға мектептен соң бірден түсу міндетті” деген психологиядан арылу керек. Шетелде Gap year деген ұғым бар. Gap year бір жыл болуы мүмкін, екі-үш жылға созылуы мүмкін. Бұл уақытты мектепті енді бітірген түлек өзінің не қалайтынын, жасырын потенциалын барынша анықтауға, приоритеттерді дұрыс қою жағын ойлануға пайдаланады. Есесіне, мектеп бітірген бала сол уақыт аралығында есейіп, аз да болса студенттік шақта туындайтын қиындықтарға, стреске дайын болады. Ал біздегідей балаға мектеп бітірген жылы бірден университетке түсуді міндеттеу дұрыс емес.

 

Ұстаз мәртебесін бірге көтерейік!

Бізге жазылыңыз!


Республикалық "Ұстаз мәртебесі" газетіне жазылу құны                      2019жылдың І  жартыжылдығына 

Қазпочта арқылы 6 айға - 1950 теңге (қала үшін)

6 айға - 2150 теңге (аудандар үшін)

Редакция арқылы 6 айға - 1880 теңге

Редакцияға хат

Біз туралы

Редакция құрамы

 Бас редактор – Нұрлан Нұрмахан

Жауапты хатшы –

Абай Тағыберген 

Журналистер

Айдар Сайлауов 

Жүлдызай Қалиева

Абзал Жолтерек

Нұрболат Қоймағанбетов


 Байланыс телефоны:   8(7242) 20-16-19

Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Фейсбуктегі парақша аккаунты: ustaz.martebesi.kz

Email:
Тақырып:
Текст:
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 11:14

ШАЛА ТУЫЛҒАН БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІ КІМДЕРДІ ОЙЛАНДЫРУ КЕРЕК?

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

   

     Елімізде жыл сайын 20 мыңға жуық нәресте айы-күні жетпей дүниеге келеді екен. Статистика бойынша әлемде жыл сайын 15 млн.-ға жуық бала шала туылса, олардың 1 миллионнан аста­мы шетінейді деген дерек бар. Ал, Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының  мәліметі бойынша  2016 жылы 11140 нәресте, ал 2017 жылы 10708 нәресте туылған. Нәрес­телер арасындағы өлім көрсет­кі­ші 2016 жылдың нә­ти­жесі бо­йынша 111 бала шетінеп, 9,9 %-ды, өткен жылы 58 бала шетінеп, 5,4 %-ды құраған. "Өлім көрсет­кіші салыстырмалы түрде 4,5 промильге төмендеген",- дейді мамандар.

    Расында, толық жетілмей жарық дүниеге мерзімінен бұрын келген балалардың саны артуда. Себебі неде? Шала туылған нәрестенің өмірін қалай сақтап қалуға болады? Бүгінгі меди­ци­наның қауқары қандай? Бұл көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдар.

    Әдетте баланың дүниеге дұ­рыс же­тіл­мей келуінің басты себебі, ана денсаулығына байла­ныс­ты деп жа­тады. Шынында да, кө­зіміз кө­ріп, көкейге түйіп жүр­ген жай, қа­зір қыз баласының көп­шілігі денсаулыққа аса мән бере бермейді. Тән сұлулығына алданып, сал­қын ауа-райында жұқа әрі жеңіл киімді киюге әуес келеді. Екінші­ден, күнделікті күй­бең тіршіліктің салдарынан салауатты өмір салтын сақтауды ұмыт қалдырған. Жұ­­мыс пен жанұяның жағдайымен жүргенде өз денсаулығына бей-жай қа­райтын келіншектер­дің бары біз айтпасақ та белгілі. Бұл - қарапа­йым қазақ қоға­мын­да­ғы ана кө­рінісі. Шындығында, бү­гінгі аналар өз денсаулығына қа­лай қа­райды, толығырақ әрі нақ­­тырақ білу үшін "Ана мен бала орталы­ғы" аталған облыстық пе­ри­на­талды орталығының неонатология бөліміндегі мамандардан сұ­рағанды жөн көрдік. Әйелдің қат­ты күйзеліске ұшырауы, көп ұрық­пен жүкті болуы, жүктілік кезінде денесі жарақаттануы жә­не экстрагениталды аурулардың болуы нәрестенің шала туылуына әсер етеді. Аяғы ауыр әйелдер жүкті кезінде дұрыс күтінбейтіні тағы себеп. Сондықтан да әрбір ата-ана өзіне берілген жауапкер­ші­лік­­ті жадында сақтап, орындауы тиіс.

   Ерте босану - ана мен бала үшін өте ауыр жағдай. Себебі, ба­ланың өмірге бейімделіп кетуі ерекше күтімді қажет етеді. Шала туылған нәрестелер мерзімі жетіп туылған балаларға қарағанда бір­шама айырмашылықтары болатыны белгілі. Мерзімінен бұрын туылған сәбилердің салмағы өте жеңіл болып келеді. Мәселен, 500 граммнан 2500 граммға дейін, бо­йы қысқа, 25-45 см шамасында. Те­рісі жұқа, көкшіл түсті, тері ас­тындағы май қабаты жоқ болуы мүм­кін, құлағының шеміршегі жұм­­­сақ, қалқандары қисайып бі­теді. Бас шеңбері кеудеге қарағанда едәуір үлкен болады. Орталық жүйке жүйесінің нашар дамуы, дене жылуы мен тыныс алу орталығының жеткіліксіздігіне байланысты жатырдан тыс өмірге қалыптасуы оңайға соқ­пай­­ды. Ал, ана психологиялық тұр­­ғыдан шаршайды, денсаулы­ғы әлсі­рей­ді. Сондықтан да дә­рігерлер ұсынған кеңестер мен жәр­демдер ана мен бала үшін тиімді болмақ.

    - Қазіргі медицина саласында дүниежүзілік стандартқа сай қол жуу әдістерін меңгеру жолға қо­йылған. Бұл жөнінде елімізде №111 бұйрық бар. Сондықтан да ата-ана үшін де, дәрігерлер үшін де бұл әдіс тиімді. Қол жуудың ал­ты этапы бар. Сол арқылы біз күн­делікті емдеу шараларды жүргізе­міз. Сонымен қатар, жас мамандер мен емделушілерге үнемі қол жуудың маңыздылығы жөнінде ай­­тамыз. Себебі, аурудың 85%-ы қол­ға жұққан вирустар арқылы келеді екен. Екіншіден, тамақ­та­ну­ға аса қатты көңіл бөлу қа­жет. Ана әр кез дәрумені мол, құ­нарлы тағамдармен тамақтануы тиіс. Сә­би үшін ана сүті маңызды рөл ат­қарады. Осындай қарапайым кеңестерді барынша үйретуге тырысамыз,- дейді облыстық пе­ри­наталды орталығы бас дәріге­рінің неонатология жөніндегі орынбасары Жанна Қалдыбаева.

    Облыстық ана мен бала орталығында барлық жағдай жасал­ған. Дер кезінде алғашқы меди­ци­­­налық көмек көрсетіп, жүкті әйел­дің жағдайын қадағалауда ұс­тайды. Жарық дүниеге асығып, мерзімінен бұрын туылған сә­биді жан сақтау бөліміне орна­лас­тырады. Денсаулығы мен салмағы бірқалыпты болмайынша, қажетті ем шараларды жүргізеді. Неонатологтың айтуынша, 500-1000 грамм - дене салмағының қа­уіпті көрсеткіші, 1000-1500 грамм - өте төмен және 2500 граммға дей­інгісі аз салмақты деп аталады. Әсіресе, 500 граммдағы сә­биді аман алып қалу көп жағдайда қиынға соғады. Десе де, медицинаның қарқынды дамуының арқасында соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша шала туыл­ған, яғни, 1 килоға дейінгі сал­мақ­­­тағы сәбидің өмір сүру деңгейі 27 % болса, қазір 47 %-ға көбейген екен. Мұндай жетістікке қол жет­­кізудің басты себебі, заманауи құрылғылардың облыста жеткі­лік­­тілігі. Бұл жөнінде Ж.Қалдыбаева:

     - Қазір орталықтағы ана мен бала үшін қолдан келгенше барлық көмекті ұсынып келеміз. Бү­гін­де шала туылған балаларға арналған өкпені жасанды вентиляциясының аппараты (ИВЛ аппарат) және "Сипап" аппараты бар. Шала туылған сәбилердің дис­тресс-синдромы байқалғанда тыныс алу жолының белсенділігін кө­теруге арналған куросурф дәрі­cін қолданамыз. Сонымен қатар ар­найы "кенгру әдісі" арқылы ем­деу жұмыстарын жүргіземіз. Осы­­­ның барлығы - мерзімінен бұ­рын дүниеге келген шақалаққа жа­салған жедел көмек, әрі өмірін сақтап қалуға арналған таптырмас құрылғылар,- дейді.

    Қазір орталықтың нәрестелер патологиясы бөлімінде 50 сәби емделіп жатыр, ал жан сақтау бө­лі­мінде 11 нәресте дәрігерлердің қадағалауында. Үй күтіміне шыққан балалар саны өз алдына. Сә­бидің оңалып, қалыпты жағдайға келуі маңызды жайт. Ақ халатты абзал жандардың жанашырлығы мен бүгінгі қызметіне жауапкершілікпен қарауының арқасында көп­теген ананың өмірге құштарлығы қайта оянып, баласының бо­лашағы үшін күш-жігерін қай­та жинап жатады. Шала туылған баланың өмір сүруге мүмкіндігі арта түскенде ана­­ның қуанышы ерекше болатыны сөзсіз. Себебі, бала - бауыр етің. Осы орайда екі ай бұрын босанған ана­мен тілдесудің сәті түсті. "Қаңтар айында денсаулығым нашарлағаннан кейін ана мен бала орталығына келдім. Же­дел ота жасау арқылы баланы дүниеге әкелдім. Салмағы - 1320 грамм. Дәрігерлер шала туылғандығын ескертті. Содан бас­тап маған да, балама да қажетті кө­мектің бар­лы­ғын көрсетті. Бір айдан аса уа­қыттан кейін өз-өзімізге кел­дік. Қа­зір баламның денсаулы­ғы бірқа­лып­ты, алға жылжу байқалады. Қа­зір­гі салмағы 1808 граммға көтеріл­ген. Ана сүтімен қажетті мөл­шерде тамақтандырып жүрмін. Өз тарапымнан ризашылығымды білдіре­мін",- дейді Сырдария ауданы, Шір­кейлі ауылының тұрғыны М.Тәжіқожаева.

    Антына адал дәрігерлердің мақсаты мен міндеті де осы: жасаған жұ­мысының жемісін көру, емделушісінің дені сау болып, сырқатынан айығуына жағдай жасау. Осы мақсатта орталық тағы да жа­ңа құ­рылғымен толықты. Соңғы уа­қытта шала туылған балалар кө­зінің на­шарлауы, тіпті туа пайда болатын көз көрмей қалу жағдайы жиі орын алуда. Сондықтан да нә­ре­стелердің офтольмологиялық скри­нинг сапасын жоғарылату ая­сында жабдықталған құралдың бірі Shuttle ретинальды камера аппараты іске қосылып үлгерген. Бұл аппарат арқылы гестациялық жасы 34 аптаға дейін және салмағы 2000 граммға дейінгі барлық шала туылған нәрестелер және барлық ас­қын­ған перинеонаталды анамнезімен, ауыр сомати­ка­лық жағдайда туылған салмағы 2000 граммнан жоғары нәрестелер тексеріледі. Осы құ­рылғы арқылы же­дел түрде көз­дегі аурудың диаг­но­зын анықтап, бейнені суретке тү­сіре алады. Медицинадан бөлек қа­ра­пайым қала тұр­ғындары да шала туылған нәрес­те­лерге қол ұшын беріп келеді. Облысымызда мерзімінен бұрын туыл­­­ған балаларға ме­йі­рімділікпен қам­қорлық жасайтын "28 ілмек" ат­ты еріктілер тобы құ­рылған. Бұл ретте еріктілердің ең­бегін айтпай кету мүмкін емес. Өз қалтасынан қар­­жы шығарып та­биғи тоқыма жіп­терін пайдалана отырып, түрлі бұйымдарды тоқиды. Дайын бол­ған өнімді шала туылған шақалаққа сыйлайды. Бұл ата-бабаның көне дәстүрін жаңғыртса, екіншіден, тоқыма нәресте үшін пайдалы екен.

    Қолдағы дерекке сенсек, бүгінгі күні қоғамның алаңдауына себеп болған шала туылған балалар саны төмендеп келеді. Айы-күні жетпей жарық дүниеге келген балаларға дер кезінде қамқорлық көрсетіледі. Ол жағынан мәселе шешілген. Тек бала тууды жоспарлағаннан бастап сәбиді уақытылы дүниеге әкелуге ата-ана жауапкершілігінің күшейгені керек болып тұр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Оқылды: 230 рет

Сайт бойынша іздеу

Сауалнама

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Серіктестер

 

Бұлтты

2°C

Қызылорда

Бұлтты

Құрғақ 93%

Жел 1.61 km/h

  • 5 Нбр 2015

    AM Fog/PM Clouds 6°C 0°C

  • 6 Нбр 2015

    AM Clouds/PM Sun 7°C 3°C